Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauapby_biletter_geografia_9_synyp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.61 Кб
Скачать
  1. Қазақстанның жер асты сулары

Қазақстанның жер асты сулары — Қазақстан Республикасында жер асты суларының едәуір қоры бар. Оның пайдаланылатын болжамды қоры 55 млрд м3/жыл деп есептеледі. Барланған 456 кен орны мен 122 телімнен жылына 16 млрд текше метр тұщы және тұздылығы аз су қорларын пайдалануға болады деп белгіленген. Жер үсті сулары секілді жер асты сулары да өте-мөте әркелкі болып бөлінген. Бұл қорлардың 70%-нан астамы еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында. Жер асты суларының барланған жалпы қорынан 261 кен орны (57%) мен 71 телім (58%) пайдаланылады. 1996 ж. мөлшермен есептегенде жер астынан алынған 1,5 млрд текше метр судың 66%- ы шаруашылық-ауыз су қажеттеріне, 23%- ы өндірістік-техникалық қажеттерге, жүйелі суармалауға 3,7 және жайылымдарды суландыруға 7,3%-ы пайдаланылды. Тұщы және тұздылығы аз жер асты суларынан басқа Қазақстан Республикасының аумағында минералды сулардың 45 кең орны барланған, оның тиянақталған қоры жылына 11 млн текше метр деп есептеледі. [1][2]. Қазіргі таңда жер асты сулары пйдаланатын елді-мекендер бар мәселен Жаңақорғанның 70% жер асты суы құдықты пайдаланады

  1. Қазақстанның металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсіптерінің салаішілік және салааралық байланыстарының сызбасын жаса

12-билет:

  1. Мұхит суының қозғалысы. Мұхит ағыстары

Толқындар.ауа райы тынық кезде теңіздің беті тып-тыныш,шайқалғаны болар-болмас қана біледі.Жел соға бастағанда,теңіз үстінде толқын көтеріледі.

Толқын көтерілген кезде теңізге қарасақ,толқындар теңіздің бетінде бірін-бірі қуып бара жатқандай әсер етеді.Ал сонымен бірге сол толқындардың үстінде қалқып жүрген нәрселердің өзінің орнын өзгертпей,біресе жоғары көтеріліп,біресе төмен түсіп тұрғанын көресің.Дұрысында ,толқындағы судың бөлігі тек бір орында ғана толқу қозғалысын жасайды .

Толқынның көлденең қимасынан оның пішінін көруге болады.Тынық су беті деңгейінен жоғары көтерілген толқынның ең биік бөлігі толқынның қыры немесе жалы деп аталады .Су бетінің деңгейінен ең төмен жатқан бөлігін толқынның табаны деп атайды.

Толқын ұзындығы мен биіктігі арқылы сипатталады.Толқынның ұз дегеніміз-көршілес екі толқын арасындағы ара қашықтық.Толқынның биіктігі-оның табанынан қырына дейінгі қашықтық.

Мұхиттың орасан зор кеңістігінде толқын аса биікке көтеріледі.Ең күшті дауылдарда толқын 10-15 м биіктікке жетеді.

Толқынның күші 9 балдық шкаламен анықталады.

Мұхит ағыстары .жер шарындағы мұхиттар мен теңіздердің суы бір орында қалмай,ұдайы бір жерден екінші жерге ауысып барып жатады.Су массасының белгілі бір ізбен горизанталь бағыттағы қозғалысы мұхит немесе теңіз ағыстары деп аталады.

Ағыс тудыратын басты себеп-тұрақты желдер.бұған мұхит ағыстарының картасын басым желдер картасымен салыстыру арқылы оңай көз жеткізуге болады.

Суының температурасына қарай ағыстың жылы және суық түрлері ажыратылады. Картада жылы ағыс қызыл,суық ағыс көк түспен көрсетіледі.Ағыс бұлайша салыстырма түрде бөлінеді.Төңірегіндегі судың температурасына қарағанда жылы ағыстың суының температурасы жоғары,суық ағыстікі төмен болады.

Мұхит ағыстары картасынан Атлант мұхитынан Гольфстрим ағысын таб-р. Ол бүкіл Жер шары бойынша аса ірі ағыстардың бірі.Оның пайда болуы экватор маңында тұрақты соғатын шығыс желдерімен байланысты.Атлант мұхитының үстімен африка жағалауынан батысқа қарай соғатын жел қатты жылыған суды Орталық африкадағы орасан зор шығанаққа айдап тығады. Жиналған су Мексика шығанағынан енсіз тасқын түрінде шығып,материктердің жағалауымен солтүстікке қарай ағады.Ағыс бұл бөлігінде Гольфстрим деп аталады.онан әрі ағыс Солт Атлант ағысы деген атпен Еуропа жағалауына жетеді.

Мұхит ағыстарының материк жағалауларының климатына әсері өте үлкен.Олар ауа массалары сияқты жылу мен суықты тасымалдайды, сөйтіп жағалаулардың климат ерекшеліктерін тудыырады.Поляр шеңберінен солтүстікке орналасқан қатпайтын Мурманск порты,Нью-Йорк қаласынан байқалатын қысқы төмен температуралар осыған мысал бола алады.Ағыстар жауын-шашынның да мөлшеріне әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]