Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauapby_biletter_geografia_9_synyp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.61 Кб
Скачать

1) Қазақстанның климаты. Ауаның қысымы және желдер

Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.

Радиация

Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақтығы жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңт-ке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70 – 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 – 30%-ға дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солт-те 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солт-те 3,5 – 4,5 ай (қараша – наурыз), оңт-те – 1 ай.

Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлшері солт-тен оңт-ке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемиді. Шөлді өңірдің қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлшері турбулентті жылу алмасуға кетеді. Тек топырақтың көктемгі ылғалға қаныққан кезінде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететін жылу мөлшері ауаны турбулентті жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебінен күндізгі ауа темп-расының қала төңірегіне қарағанда төменірек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерісі ауа темп-расын өзгертеді. Қаңтар айының орташа темп-расы Қазақстанның солт. және шығыс аудандарындағы – 18°С-тан оңт. аудандарында 3°С-қа дейін көтеріледі. Шілденің орташа темп-расы бұл аудандарда тиісінше 19°С-тан 28 —30°С-қа дейін. Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен шілденің орташа темп-расының айырмашылығы 41°С-қа жетеді. Оңт. аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік темп-ра 0°С-тан жоғарырақ болады. Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45°С-тан –50°С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35°С-тан 45°С-қа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін.

Қазақстанның оңт. аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа темп-расының ең жоғ. деңгейі 15 – 20°С-қа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір күндері –30 – 35°С, тіпті –40°С-тан да төмен аяздар байқалады. Республиканың қиыр оңт-нде көктемгі соңғы үсік сәуірдің аяғында, алғашқы үсік қыркүйектің 2-жартысында түсуі ықтимал. Оңтүстік Қазақстанның таулы өңірінен тыс бөлігінде жаз тым ыстық әрі ұзақ. Кейбір жылдары ауа темп-расы 45 – 47°С-қа, топырақтың беткі қабаты 70°С-қа және одан да жоғары қызуы мүмкін. Күн энергиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкіндік береді.

Ауаның қысымы

Климат қалыптастырушы факторлар бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, атмосфералық қысымның таралуына, ауа массаларының сипаты мен бағытына және соғатын үстем желдерге ықпал етеді. Қазақстанның ұлан-байтақ аумағында атмосфералық қысым бірдей таралмаған. Әсіресе республиканың жазық бөлігі мен таулы аймактарында ауа қысымының таралуы әр түрлі.

Қысымның әр түрлі болуына жер бетіне күн жылуының әркелкі таралуы себепші болады. Сондықтан республика жерінде қысымның маусымдық өзгеруі жақсы байқалады.

Ауа қызған кезде көлемі ұлғайып, жеңілдей түседі. Сондықтан жоғары көтеріліп, өрлеу қозғалысына ұшырайды. Мұндай жағдайда жер бетінде жаз айларында төмен қысым орнайды. Қыста керісінше, ауаның қысымы жоғары болады. Қазақстан жерінде кыста ауа қысымының жоғарылауы күннен келетін жылудың азаюына, ауа температурасының төмендеуіне, арктикалық ауа массасының енуіне және Сібір антициклонының орналасуына байланысты болады. Жаз айларында ауаның қызуынан қысымның азаюы жазғы қапырық ыстықтан калыптасады. Мұндайда төменгі қысым анық білінбейді. Жылдың өтпелі кезеңдерінде, мәселен, көктемде ауаның жылынуымен Сібір антициклоны кайтады. Ал күзде қапырық ыстық жойылғанда, Қазақстан аумағында циклондар артады. Бұл үлкен иірімді ауа көлемінің ортасында атмосфералық қысым төмен болады. Сонымен жазда және жылдың өтпелі маусымында жылы ауаға байланысты қысымның төмен болатыны байқалады.

Қазақстанның жазық бөлігінен жылдың суық мезгілінде шамамен 50° с.е. бойымен жоғары кысымды алап Воейков белдеуі өтеді. Ол Сібір антициклонының оңтүстік-батыс тармағы жылдың басым бөлігінде осы параллель бойы жоғарғы қысым сақталады. Жазда, төсеніш бетінің жылынуына байланысты Сібір антициклонының тармағы солтүстікке қарай ығысады. Қазақстан аумағында ауа райы Азор антициклонының шығыс тармағының әсерінен қалыптасады. Сондықтан солтүстік және оңтүстік шеткі аудандардан басқа жерлерде негізінен антициклондық ауа райы байқалады. Осы алаптан солтүстікке және оңтүстікке қарай атмосфералық қысым біртіндеп азаяды. Тауларда атмосфералық қысым биікке көтерілген сайын заңды түрде азая береді. Оны климаттық карталарда изобар сызығының таралуынан байқаймыз. (Изобарлар ауа қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық). Ауа қысымын мб бойынша есептейді.

Орташа жылдық ауа қысымы Астанада - 977 мб болса, Атырауда - 1022 мб, Қызылордада - 1003 мб. Тауларда ауа қысымы аз. Алматыда (теңіз деңгейінен 848 м биіктікте) - 920 мб, Жоғарғы Күйгенсайда (Горельник 2253 м) - 776 мб.

Қыста Сібір максимумы (жоғарғы қысымды аймақ) орнаған кезде ауаның қысымы артады. Мысалы, Астанада - 983 мб, Атырауда - 1026 мб. Жазда шілде айында ауаның қысымы азаяды. Астанада - 943 мб, Атырауда - 1012 мб.

Жел

Желдің таралуы, атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты. Желдің климатқа әсері зор. Ол ауа массаларын қозғалысқа келтіреді, сонымен бірге жылу мен суық, ылғал әкеледі. Қазақстан жерін шығыстан батысқа карай шамамен 50° с.е. бойымен жоғары кысым (Воейков белдеуі) кесіп өтеді. Қыста да, жазда да қалыптасатын бұл жоғарғы қысымды белдеу республиканың жазық бөлігіндегі негізгі жел айырық болып есептеледі. Қыста осы жоғарғы қысымды белдеуден солтүстікке карай оңтүстік және оңтүстік-батыс желі, ал оңтүстікке қарай солтүстік және солтүстік-шығыс желі басым соғады. Жоғарғы қысымды белдеуден алыстаған сайын желдің жылдамдығы баяулайды. Қаңтар айында Орталық Қазақстанда желдің орташа айлық жылдамдығы 4-6 м/сек, ал оңтүстігінде ол 2-4 м/сек-қа дейін баяулайды. Жазда желдің жылдамдығы баяулайды. Олардың орташа айлық жылдамдығы шілдеде солтүстік аймақта 2-3 м/сек., оңтүстікте 1-2 м/сек.

Қазақстанда ең күшті желдер Жетісу кақпасымен соғатын және Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы желдер. Олардың орташа жылдамдығы 6-8 м/сек.

Қазақстанның биік таулы аймақтарында қыста да, жазда да желдің екпіні біршама жоғары болады. Сендер өткен курстан Жердегі ауаның тұрақты ағымы қалай пайда болатынын және Қазақстан орналасқан ендікте батыс желі тұрақты және басым екенін білесіңдер. Тауларда желдің негізгі бір түрі — жазда соғатын және тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын (таңертең жазықтан, кеш бата таудан) жел түрлері басым. Бұларды may аңгарлық жел деп атайды.

Тау аралық аңғарларда және қазаншұңқырларда, мысалы, Жетісу қақпасы мен Іле аңғары сияқты жерлерде соғатын жергілікті жел де бар. Жетісу қақпасы арқылы жергілікті сайқан және Ебі желі, Іле аңғарымен шілік желі соғады. Жылдамдығы 15-20 м/сек-тан немесе сағатына 72 км/сағ-тан асатын қатты соққан желді дауыл деп атайды. Жылдамдығы 30 м/сек-тан жоғары болатын қатты желдерге тоқталайық.

Ебі желі — Жетісу Алатауының оңтүстік шығысында Қытайда орналаскан Ебінұр көлі қазаншұңқырында, жоғарғы қысым пайда болғанда соғады. Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да, Қазақстан аумағындағы Алакөл көліне карай соғады. Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады. Жетісу кақпасы ені тар тектоникалық жарық, ені 20 км-ден 40 км болатын, ең тар жері 10 км шамасында. Ауа тау жоталарының арасымен қысылып, үйкеліске ұшырап өтеді, жылдамдығы секундына 60-80 м-ге жетеді. Қыс кезінде қысылып өткен ауаның температурасы қоршаған ортасынан 8-10°С жоғары болады. Сондықтан ол жылы желге жатады. Жалпы бұл жел жыл ішінде орта есеппен 70-100 күндей соғады. Жазда Еуразия материгі қызған кезде Ебінұр қазаншұңкыры үстінде жоғары қысым сирек кездеседі. Ебі желі де баяулайды. Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов. Жетісу кақпасынан ескен күшті жел Алакөл көлі маңынан балық аулауды қиындатады, жол қатынасына, басқа да шаруашылыққа зиянын тигізеді.

Сайқан желі Ебі желіне кері бағытта Жетісу қақпасы аркылы Орталық Азияға карай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда, антициклон тұрақтап күшіне енген кезде, Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады. Желдің жылдамдығы 5060 м/сек. Алакөл ойысында температура — 30-37°С-қа дейін төмендейді. Сайқан жоталарын бойлай соғатын болғандықтан Сайқан желі деп аталады. Жел қыркүйек пен сәуір айлары аралығында күшті соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Қатты соққан кезде Алакөлдің су деңгейі 1 м-ге дейін көтеріледі. Табиғат жағдайына желдің тигізер зияны көп. Сайқан желі 2-3 тәулікке созылуы мүмкін. Жауған қарды ұшырып, топырақты қүрғатады, мал басын шығынға ұшыратып, жол қатынасын қиындатады, балық аулауға зиянын тигізеді.

Шілік желі Шілік өзені бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады. Жел өзен аңғарын бойлап, күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа, түнде керісінше бағытта соғады. Жыл бойғы жылдамдығы 8-10 м/сек. Қыста үдей соққан жел қарды ұшырып, жол қатынасын қиындатады.

Арыстанды-Қарабас желі Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады. Жел Мойынқұмның үстімен өткенде құм түйіршіктерін суырып, құмды қара бұрқасын тұрады, жолдың көріну қашықтығы азаяды. Сондықтан бұл желді халық «Қарабас желі» деп атаған. Оның күшті болу себебі, біріншіден, ауа ағыны Қызылту және Шақпақ арасындағы тау асуынан өткенде ауа ағынының жылдамдығы артады, екіншіден, Арыстанды өзенінің аңғарында оның екпіні одан да күшейе түседі. Арыстанды-Қарабас желі солтүстіктен үзбей соғып тұрады. Оның жылдамдығы 35 м/сек.

Қордай желі — Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғатын жел. Қазақстан жерінде кыста Сібір антициклоны орнаған кезде жылдамдығы 40 м/сек-қа (сағатына 144 км-ге) жетеді. Бұл өңірде жылына шамамен 55 күн күшті жел соғады.

Мұғалжар желі Мұғалжар тауынан соғады, әсері Маңқыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде байқалады. Мұғалжар желі күзде осы өңірге солтүстік-батыстан және батыстан келетін циклонға Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы ойпаттар ауасының сорылып-тартылуынан пайда болады. Жылдамдығы секундына 50 м-ге жететін қатты дауыл түрінде оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғады.

Қазақстан жеріндегі жел жылдамдығының географиялық таралуын талдағанда 4 м/сек-тан күшті желдерге ерекше көңіл аударылады. Өйткені ондай желдер жел диірмендерін қозғай алатын күші бар. Қазақстанда Арал-Балқаш ендігінен солтүстікте желдің жылдамдығы 4 м/сек-тан артық. Бұл желдердің энергетикалық коры 1 млрд квт. Жел күшін Қазақстанда құдықтардан су тартуға, жел диірмендерін жүргізуге пайдалана бастады

3.Орталық және Шығыс Қазақстанның өнеркәсібіне салыстырмалы экономикалық-географиялық сипаттама бер

9-билет:

  1. Еуразия материгінің табиғат зонасы

Еуразия солтұстік жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жарты шарға тән барлық табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.

Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зоналарына дейін табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатыр. Ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады.

Еуразия материгінің табиғат зонасы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Онда табиғат зоналарының барлық белгілері бар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, субтроиктік, субарктикалық, арктикалық.

Табиғат зонасы Табиғат жағдайы Жануарлары мен өсімдіктері

1 Арктикалық шөл Жазы өте суық әрі қысқа. Қысы -40ºС Мүк, қына, балдыр, ақ аю, ақ түлкі

2 Тундра мен орманды тундра Жауын-шашын аз, температура төмен, климаты қатал, күшті жел, қарлы боран жиі болады. Мүк, қына, бұталар, бұғы, бұлан, қоңыр аю, кеген, құр.

3 Тайга Жазы біршама жылы әрі ұзақ. тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі, топырағы күлгін батпақты. Ағаш текті өсімдіктер, қылқанжапырақтылар, қарағай, шырша, май қарағай, самырсын, балқарағай, зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан.

4 Аралас және жалпақ жапырақты ормандар Таига мен жалпақ жапырақты ормандары арасында жатыр. Қылқанды, ұзақ және жалпақ жапырпақты орман, емен және амур барқыт ағашы, лианалар, корей самырсыны. Зубр, аю, кедра.

5 Орманды дала және дала Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде Алтайға дейін Жалпақ жапырақты ағаштар, емен, үйеңкі, қайың, көктерек, селеу. Қасқыр, қарсақ, түлкі, тышқандар.

6 Шөлейт және шөл, шөлейтті Каспий маңы ойпатынан басталады. Қыста мин.-40ºС, жазда мак.+50ºС. Жусан, селеу, бетеге, бұйырған сексеуіл, қызғалдақ, қаңбақ. Жабайы түйе, құлан, ақбөкен.

7 Қатты жапырақты мәңі жасыл ормандар Жазы ыстық, құғақ, қысы жылы , жаңбырлы. Емен, тығын емені, қарағай, лавр, грек жаңғағы, зәйтүн.

8 Субтропикті дала Жазы өте ыстық Цитрус, анар, жүзім, жер жаңғағы.

9 Субтропикті ылғалды, муссондық ормандар. Жазы ылғалды, қысы біршама құрғақ. Магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, емен, шамшат, шегіршін. Жолбарыс, қабылан, Гималай аюы, бамбук аюы-панда, маккака, гиббон, тоты құстар, үйректер.

10 Тропиктік шөлдер Ең ыстық, ең құрғақ климат. Құрма пальмасы, бөкендер, онагр, таргыл қорқау қасқыр, шиебөрілер.

11 Саванналар, сирек ормандар Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Пальмира пальмасы,сандал ағашы, тик, майлы ағаш.

12 Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар Аса құрғақ емес, жаңбырлар саваннадан көбірек жауады Жабайы, пілдер, маймылдар.

13Экваторлық белдеудегі ылғалды ормандар Жауын-шашын мол, температура тұрақты жоғары. Ротанг пальмасы, лианалар, орхидеялр. Мүйізтұмсықтар, бұқалар, макакалар, ит басты маймылдар, ірі орангутандар, жолбарыс, қабылан, тауыс.

14 Биіктік белдеулер Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температурасы төмендейді Қодас, қар барысы, ұлар, аюлар, арқарлар, буволдар, жабайы пілдер, қабылан, жолбарыс.

1) Батыс Қазақстанның ЭГЖ, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы

Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.

Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 617,6 мың адам (1999). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев.

Батыс Қазақстан облысының аудандары

Ақжайық ауданы

Бөкейорда ауданы

Бөрлі ауданы

Жаңақала ауданы

Жәнібек ауданы

Зеленов ауданы

Казталов ауданы

Қаратөбе ауданы

Сырым ауданы

Тасқала ауданы

Теректі ауданы

Шыңғырлау ауданы

Табиғаты

Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктік 10 — 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45 — 65 м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі — құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110 — 260 м, ең биік жері — Ақтау (Бортау) тауы (263 м).

Геологиясы және кен байлықтары

Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий маңы ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник. құрылымдар (Сантас (Батыс Қазақстан облысы)|Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ газ конденсаты кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.

Қазба байлықтар

Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды. Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм – қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солт. және оңт. бөліктеріндегі аудандарда таралған : пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген ; бұлардың жиынтық қоры 16081 мың метр куб. Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1106482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка с – ның жанынан ашылды, қоры 2042 мың метр куб.

Өзендер

Облыстың негізгі су көзі – Жайық өзені болып табылады. Облыс шегіне Елек поселкесінің батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солт. Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы – 761 км, су жинайтын алабы – 116678 км квадрат. Жайықтың облыс аумағындағы салалары – Елек, Шыңғырлау (Утва), Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка. Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,54 км/км квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 км/км квадрат. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 км/км квадрат, Жайықпен қосып есептегенде 0,040 км/км квадрат коэффицентпен сипатталады.Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 - і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі мен ғна ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К – 1,4, Шолаңқаты – К -1,04, Жақсыбай – 1,07, Ащыөзек – К – 1,75, Мұқыр – К – 1,4 – ке тең келеді.

Көлдері

Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды есепке алмағанда) ; жалпы 150 – ге жуық көл бар, олардың айдындарының аумағы 1532 км квадрат. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су (қарасу) айдындары көп. Мыс Шежін жайылмасы 2200 км кадрат ауданды алып жатыр. Дүре – 700 км квадрат, Қараөзен – 600 – 700 км квадрат, Сарыөзен – 200 – 300 км квадрат, ал Бұлдырты – 100 км квадратқа жуық жерге жайылған. Облыс аумағында көлдер әркелкі орналасқан : Елек алабында – 5, Өлеңті алабында – 1 - 2, Бұлдырты алабында – 10 – нан аса, Қалдығайты алабында – 20 – дан аса (оның ішінде жазда тартылып қалатын Итмұрын тұзды көлінің шарасы – 112 км квадрат), Жақсыбай алабында 5 – 6 шағын көл бар. Ойыл сағасындағы Аралсор (Өзенсор) көлінің ауданы – 112 км квадрат. Бұл көлдердің бәрі Жайықпен ұласпайтын өзендердің алаптарында орналасқан. Облыстың оңт. – батыс бөлігі көлді келеді. Олар Дүре – Шежін жайылма суларының оңт. бөлігінде, Көшім және Мұқыр өзендерінің сағалық жағында Қараөзен, Сарыөзен сағаларында (Қамыс – Самар көлдері) шоғырланған. Бұлардың арасында 200 км квадрат ауданды алып жатқан Балықты Сакрыл, Сарай, Қамыс – Самар көлдерін бөліп атауға болады. Облыстың осы бөлігінде су айдыны 1 – ден 4 км квадратқа дейін тұзды, кеуіп қалатын көлдер көп, олардыңда ауданы 72 км квадрат тұзды Боткөл бар. Оның ең терең әрі уқымды су айдыны Шалқар көлі, ауданы – 242 км квадрат.

Жануарлар дүниесі.

Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310 – ға жуық, рептилияның 19, қос мекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді. Сүтқоректілерден өздерінің алуан түрлілігімен ерекшелінетін кеміргіштер де бар. Олардың ішінде әсіресе кішкентай сарышұнақ, кәдімгі сұртышқан, дала алақоржыны, кеңінен таралған. Қамысты – қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде аңдатр (су тышқаны) мекендейді. Жайықтың ескі арналарында қайтадан құндыз кездесе бастады. Орқоян кең таралған, ал облыстың солт. бөлігінде аққоян мен дала шақылдағы кездеседі. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, аққұлақ, аққіс мекендейді, сондай – ақ қарсақ, дала мен борсықты, кейде шұбаркүзенді көруге болады, оңтүстік – батыстағы адырлы құмдарда жабайы мысық бар, кейде бұл ауданда жанат тәрізді ит кездеседі. Оқта – текте тоғай тауығы, кәмшат, еуропа қара күзені, тіпті сілеусінді ұшырастыруға болады. Жәндік қоректілерден кәдімгі және құлақты кірпі, жертесердің бірнеше түрі, жұпартышқан кеңінен таралған, жарқанат едәуір көп (8 түрі бар). Тұяқтылардан киік көп тараған. Жайылмалық орман – тоғайларда бұлан мен елік мекендейді. Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер (120 – ға жуық түрі бар). Орман – тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сарышымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі. Орман алаңқайларында сұлусары, бақторғай сұр мақтанторғай, өзен жағалауларын, ескі арналарды бойлай өскен бұталарда құрқылдақторғай, жасымықторғай, Жайын жайылмасының солт. бөлігінде шырылдақторғай, сарықасторғайлар бар. Облыста бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің 10 түрі, жыландардың сегіз түрі және тасбақа (батпақты) бар. Облыстың өзендері мен көлдері өздерінің балыққа байлығымен және әр алуандығымен ерекшелінеді. Ең көбі тұқы тәрізділер (28 түр), олардың ішінде әсіресе жерсінгендері – ақамур мен дөңмаңдай. Тұщы суларда табан, мөңке, сазан, ақбалық, көксерке, т.б. кездеседі. Жайық өзені аса бағалы бекіре тұқымдастарға (шоқыр, бекіре, қортпа) бай. Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер (2,5 мың түрге жуық) көп және қоңыздар басым болып табылады (1,2 мың түрге жуық). Көбелектер отрядының 400 – ге жуық түрі бар, екі қанатты және жарғақ қанаттылар 150 – 200 түрден саналады. Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың – 10 – 15, өрмекші, кенелердің 100 – ден астам түрі бар. Су түбін мекендеушілерден, әдетте, әр түрлі құрттар, буынаяқтылар мен олардың дернәсілдері (шамамен 100 түрден), сондай – ақ молюскалар кездеседі. Планктонның негізгі массасын шаян тәрізділер (дафния, циклоптар), қарапайымдар (инфузория, арцелдер), жәндіктердің дернәсілдері, хиромид және басқалары құрайды.

Өсімдіктер дүниесі.

Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300 – ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді (220), атбас бұршақты (139), астық тұқымдас (118), көкпек (113), зиягүл (104) түрлері бар. Өсімдіктерді эндимиктік түрлері : Талиев гүлкекіресі, қатты жапырақты келерия, майысқақ боз, Еділ майқарағайы және т.б. Облыстың өсімді жамылғысында үш белдем (зона) элемент кездеседі. Солтүстіктен нағыз дала белдем өтеді, орталықтың едәуір бөлігі шөл дала немесе шөлейіт белдемге енеді, ал оңт. аудандар шөлдің солт. шегіне ұласады. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте – бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Негізінен нағыз дала зонасы облыстың солт. бөлігін алып жатыр және бұл өңір боз әрі бетегелі дала болып табылады. Боз даланың оңт. шегі Еруслан бастауынан Қараөзен және Сарыөзен арқылы, Ершов кентінен 2025 км оңтүстікке, одан әрі Жалпы Сырт сілемдерімен Красный кентіне дейін, Дарьинск арқылы Шалқар көлінімен солт. жағалаумен, содан соң Елек және Қобда су айырығын бөле шығысқа қарай өтеді. Бұнда далалық боздың әр алуан түрлерімен қатар қылтанақсыз арпабас, бедетүнгі шегіргүл, дала шиесі, талбұршақ және т.б. кездеседі.Облыстың шөптесін қорының бсты түрі – жайылмалық шалғындар. Жайықтың төңірегінен биіктеу белесті – жады келетін жайылмаларында бидайық тектес және жусанды – бидайық аралас өскен шалғын көп кездеседі. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайық, сұлыбас өседі. Жайылмалардың ең төмен учаскелерін өлең шөбі басым батпақты шалғындар алып жатыр. Облыстың орман – тоғай өсімдіктерін зерттеген кезде дала тоғайларының негізінен қосымша ылғалды белдемдерге ұштасып келетіні анықталды. Облыстағы орман алқаптары – жайылмалық орман – тоғай, құмайт масивтердегі бұталы алқап және көлтабан ойпандарындағы массивтер түрінде өскен ; жайылмалық тоғай көбіне өзен аңғарларымен байланысты. Мұнда аралас өскен бұталы үйеңкі, қара және ақтерек, шегіршін, көктерек, қайың, емен ағаштары ұзақ уақыт суда қалуға бейімделген.Құмайт массивтердегі тоғай шегі оңтүстікке қарай сұғына түсіп, 49 градус солт. ендікке дейін жетеді.

Климаты

Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — 14 °С, кейде —40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 — 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 190 (оңт-те) — 350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 — 20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 — 170 тәулік.

Гидрографиясы

Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңт-ке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі Ұзындығы 500 км-дей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Батыс Қазақстан облысы-нда 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км²-ден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан.

Топырағы мен өсімдік дүниесі

Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр. солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі.

Жануарлар дүниесі

Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңт-ндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өзенінде қызыл балық түрлері (бекіре, шоқыр) кездеседі.

Шаруашылығы

Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден Қарашығанақ газ-конденсат комбинаты, “Металлист”, “Зенит”, “Металл өңдеу”, “Омега” зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде “Надежда” тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім з-ты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра з-ты, нан комбинаты, сондай-ақ, “Жайықжылужарық”, Оралоблгаз, “Диана”, “Орал-Алма”, “Нұржанар”, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысы-нда республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы а. ш.-на тиімді жер 13,9 млн га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, тех. дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал ш-нда сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997). Облыстағы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 2467 (1997). Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға (25), ұжымшарларға (3), серіктестіктер мен өндірістік кооперативтерге (400-ге жуық), акцион. қоғамдарға (21) және шаруа (фермер) қожалықтарына (2017) біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да (17) жұмыс істейді (1997). Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі дамыған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомобиль жолдарының Ұзындығы 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Олармен 4,8 млн т жүк тасымалданған (1997). Негізгі автомагистралдары: Орал—Атырау, Орал—Ақтөбе, Орал—Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар

Халығы

Қазіргі Батыс Қазақстан облысының терреториясын ерте дәірлерден қазақ халқының құрамына кіретін Кіші жүз қлысы, соның ішінде Байұлы, Жетіру тайпа бірлестіктері, сондай-ақ Әлімұлының кейбір рулары жайылады. Байырғы тұрғындар негізінен мал бағы, егін егумен айналысты. Ел билеушілердің алауыздығы мен бақталастығы салдарынан әлемге айбынын асырған Алтын Ордан құлап, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін өлкеге жатжұрттықтар келе бастады. XVI ғасырдың орта шенінде Ресейде жерсіз, кәсіпсіз қалып, қаңғып жүрген еркін қауымдастықтар мен қарақшы топтар Жайық бойны жетіп, құнарлы жерлерге қоныстана бастады. Үш ғасырға созылған Ресей империясының отарлау саясатының негізінде, өлкенің бастапқы бет-бейнесі өзгеріп, байырғы тұрғындар - қазақ ұлты экономикалық-әлеуметтік қысымшылыққа ұшырады, құнарлы қоныстарынан қазақтарды шөл-шөлейт аймақтарға ығыстырды. Әсіресе XIX ғасырдың 2-жартысында Ресей империясының әкімшілік реформасының нәтижесінде, дәстүрлі саяси-билік еркіндігінен айырылып, отар елге айналған қазақ өлкесіне, Батыс Қазақстан облысына орыс және украин шаруасы ағыла бастады. 1871 жылғы халық санағы бойынша облыс жеріндегі қазақтардың үлесі 71,3%, орыстар 14,9% болды. 1897 жылы облыс тұрғындарының жалпы саны 678 мың адамға, Орал қаласы бойынша 45,5 мың адамға жеткен. Саяси-әлеуметттік құқылар қорғаусыз қалған қазақтардың ұлттық мүдделері ескерілмей, ғасырлар бойы қоныс тепкен мекендерінен күшпен қуытылды. Орыс әкімшілік озбырлығына қарсы шығып, қару көтерген бірнеше ұлт-азаттық көтерілістер аяғы қанға боялып тыңды. 1890 жылдың соңында 100 мыңнан астам қазқ, өзінің құнарлы жерінен айырылды, облыстың оңтүстігіндегі қуаң далаға көшті. Босаған барлық жерге орыстар қоныс етті. Ресей мемлекетінің озыбырлығы мен отарлау әскерінің, сондай-ақ Кеңес өкіметінің асыра сілтеу саясатының салдарынан облыс тұрғындарының, оның ішінде қазақтар саны өсудің орнына, күннен күге азайып отырған. Мысалы,

1920 жылы облыс халқы 500 мың,

1926 жылы осы көрсеткіш 325 мың адамға кеміп кеткен

1959 жылы облыс тұрғындарының саны 23,8% -ке қазақтар саны 43,1% -ке кеміген.

1950 жылдардың ортасынан бастап қала тұрғындарының саны көбейе бастады. Оған халықтың тұрмысқа қолайлы қалалық жерлерге қоныс аудару әсер етті.

1960 жылдарына дейін ауыл тұрғындарының саны кеми берді.

Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде ауыл тұрғындары азадап көбейгенмен, 1970-жылдары қайта төмендеп кетті. Қала халқының механикалық өсімінің негізгі бөлігін ауылдан келгендер құрады.

1920 жылы лблыстағы қала тұрғындарының үлес салмағы 9,9% болса, 1992 жылы бұл көрсеткіш 35,7%-ке көтерілді.

Жалпы, облыс тұрғындарыкөп ұлтты. Мұнда қазақтармен, орыстамен қатар өзгеі – украиндер, белорустар, татарлар, немістер және тағы басқа ұлт өкілдері дұрады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, жергілікті тұрғындардың 64,9%-ын қазақтар, 28,1%-ын орыстар құрайтыны анықталды. Қазақтар негеізінен облыстың оңтүстік ауданында мекендейді.

XX ғасыр басына дейін облыс аумағында халықтың ұдвйы өсу көрсеткіші де, сондай-ақ өлім-жітімі де жоғары деңгейде болды. Бұл жағдай 1940 жылға дейін сақталды, кейінгі кездерде ахуал біршама жақсарып, әсіресе оңтүстік аудандарда халықтың ұдайы өсімі жоғарылады, бірақ Теректі, Зеленов, тағыда басқа аудандары мен облыс орталығына әлі төмендеу. 1950 жылдардағы туу коэффицентінің төмендеуі де халықтың табиғи өсуіне елеулі түрінде кері әсерін тигізеді. Жалпы облыста ер адамдарға қарағанда, әйел адамдар саны көбірек болды. Некегк отырушылар қатары жыл сайын кеми түсуде. Облыстағы 170792 отбасының 49,9%-ы қалада, 50,4%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Отра есеппен әр отбасында - 4 адам, ал қалада – 3,4; Сырым, Казталов, Қаратөбеаудандарында 5 адамнан бар. Соңғы мәлімет бойынша, облыста 100-ге жеткен 24 адам бар. Облыс тұрғындарының білім деңгейін көтеру мәселесіне тұрақты қамқорлық жасалған. XIX ғасырдың аяғында облыста сауат ашып, арнаулы білім алғандар 10% шамасында болды. Қазіргі таңда мұнда базалық әмбебап білм беретін 1 универститет және бірнеше жоғары оқу орнының жергілікті бөлімдері, 11 арнаулы білім ошағы, 21 кәсіптік мектеп, 524 жалпы білім беру орындары жұмыс істейді

  1. Кескін картаға Қазақстанның басты өзендердің аттарын жаз, алаптарын белгіле

10-билет:

  1. Гидросфера. Гидросфера туралы ұғым

Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр. Су айналымы 2-ге бөлінеді. 1.Кіші су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы. 2.Үлкен су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері: 1.Теңіз-мұхит суының қасиетімен жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі. 2.Шығанақ-мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі. 3.Бұғаз-екі жағы құрлықпен шектескен енсіз су айдыны. Теңізер арал, су асты жоталары, түбектер арқылы бөлініп тұрады. Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі теңіздер тек Еуразияда кездеседі:Жерорта, Қара, Азов,Каспий, Арал теңіздер Ең терең теңіз-Филиппин Ең үлкен шығанақ-Гвинея шығанағы. Д.ж ең үлкен бұғаз-Дрейк бұғазы, ені-5248км Ең ұзын бұғаз-Мозамбик, ұзындығы-1670км, ені-950км Мұхит суының қасиетіне тұздылығы мен температурасы жатады. Судың температурасы географиялық ендікке, тереңдікке байланысты өзгереді. Д.ж мұхит суының орташа температурасы-17,4 градус Жердегі жылу жинақтаушы-Мұхит Мұхит суының қату температурасы- -2 градус Тұздылықтың өлшем бірлігі-промилле Судың тұздылығы дегеніміз-бір литр суда еріген әр түрлі заттардың граммен алынған мөлшері. Д.ж мұхит суының орташа тұздылығы- 35 промилле Д.ж ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз 41 промилле Өлі теңіздің тұздылығы-270 промилле Тереңдікті өлшейтін құрал-эколот Тереңдікті дыбыстың көмегімен өлшейді. Дыбыс бір секундта 1500м жетеді. Д.ж мұхит суының тереңдігі-3700м 20 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін тереңдікті өлшейтін құрал-қарапайым лот Д.ж ең терең шұңғыма- Мариан 11022м Мұхиттағы тіршіліктің таралуы 3-ке бөлінеді: 1.Планктон-грекше-кезеген ағысқа қарсы келе алмайтын өте ұсақ микроорганизмдер мен балдырлар Киттер қоректенеді-планктон 2.Нектон-грекше-қалдық мұхиттың негізгі бөлігінде өмір сүретін балықтар, жыландар, тасбақалар 3.Бентос- грекше-тереңдік теңіз шаяндары, маржандар, балдырлар. Теңіз сүтқоректілері-дельфиндер, киттер Тіршілікке бай тереңдік-200метр Тіршілікке бай аудан-қоңыржай ендік. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;

2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).

2) Қазақстанның көлдері және бөгендері

Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Жайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр (таблицаны қара).

Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшелігі көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі таралмаған. Әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде көлдер көп. Мысалы, солтүстікте ормандыдала және дала зоналарында 25 287 көл бар, ал шөлейт және шөл зоналарында 20 000 жуық көлдер кездеседі.

Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе-теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зонаға тікелей байланысты. Ылғалы мол аудандарда көл көбірек және суы тұщырақ болады. Құрғақ климатты аудандарда көлдер аз, су деңгейі төмен әрі ағынсыз, көбісі біразы тартылып қалады, тұзды. Жалғыз ғана ағынды көл - Жайсан көлі Қазақстанның шығыс белігіндегі қазаншұңқырда орналасқан. Мысалы, орманды дала зонасында көлемі 1 шаршы км-ден астам 740 көл бар, олардың ішінде тұщы көлдер тұзды көлдерден 6 есе көп. Оңтүстікке қарай тұщы көлдер азайып, тұзды көлдер көбейе түседі. Дала зонасының сондай 1875 көлінің тұщылары тұзды көлдерден 4 есе, шөлейт зонасының 216 көлінің тұщылары 1,3 есе көп болады. Шөл зонасындағы 142 көлдің көпшілігі тұзды болып келеді.

Жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100- 350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. Көлдердің орналасуында байқалатын тағы бір ерекшелік — олардың топ-топ болып шоғырлануы. Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір жазықтарында, сондай-ақ аласа таулы Сарыарқада және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда да көп.

Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі - жасының әр түрлі болуы. Көлдер әр кезеңде пайда болған. Орманды дала, дала зоналарының көлдері біртіндеп шөгінді жыныстарға толып, оларда өсімдіктер қаптап өсуде. Шөлейт, шөл зоналарының көлдері тұз тез байланатын көлдерге айналады. Мұнан әрі ол көлдер сорға айналады. Сөйтіп, олардың көпшілігі жойылудың әр түрлі дәрежесіне жеткен. Қазақстанның биік таулы аймақтарының көлдері шығу тегіне қарай жас көлдерге жатады. Олардың өздері де біркелкі таралмаған, негізінен 1400- 2800 м биіктік аралығында орналасқан. Олардың саны жоғары және төмен қарай кеми түседі. 1400 м-ден төменде су эрозиясының қарқынды болуы көлдердің пайда болуына мүмкіндік бермейді.

Көлдеріндегі су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. Оларда су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан, деңгейі жиі ауытқуға ұшырайды Қазақстан көлдерінің көпшілігінің деңгейі көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. Жаз бойы олардың деңгейі баяу төмендейді, бірақ нөсер жаңбырлар әсерінен аз уақыт қайта көтеріледі. Кейде су деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық, тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады. XX ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936-1940 жылдары болды. Сол жылдары Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі көлдердің 70%-ы құрғап қалды.

Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді.

Тектоникалық көлдер

Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Мұндай көлдер Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралған. Жайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжың тобы, Көкшетау тобы (Бурабай, Зеренді, т. б.), бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі, т.б. су айдындары осы топқа жатады.

Реликті (қалдық) көлдер

Ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш-Алакөл ойысындағы кейбір көлдер калдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері. Бұлар жер қыртысының майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасты.

Мұздың көлдер типі

Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б. мұздық көлдері жатады.

Қар көлдері

Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Қар ойыстарының пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда қар көлдері құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.

Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер

Оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында мұндай көлдер өте көп.

Ескі арна көлдері

Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нөтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер. Өзен жайылмаларында орналасады.

Бөгендер

Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді: 50 км²-ге дейін - кіші, 250 км²- ге дейін - орта, 1000 км-ге" дейін - ірі, одан үлкендері - аса ірі бөгендер.

Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км². Оларда 90 км3 тұщы су жиналған. Республикада екі өте ірі, біреуі - ірі және алтауы орта бөгендер бар, калғандары кіші бөгендер . Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Молодежное, Шерубай-Нұра, Кеңгір, Өскемен, т.б. Осы аймақтың 20 бөгенінің су айдыны (акваториясы) 8,7 мың км²-ді (барлық бөгендердің 87%) құрайды, ал су көлемі 86 км3- ден (барлық бөгендердің 95%) артық. Бөгендердің шаруашылық маңызы зор. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау бағдарламаларында пайдаланады

3.Қазақстанның отын базасын сипаттау және салыстыру

11-билет:

  1. Оңтүстік-Батыс Азия елдері

Жер шарындағы ең ірі дүние бөлігі болып саналатын Азия дүниенің төрт бұрышымен шектесіп жатыр. Оның жерінің ауданы 44 млн км², халықының саны 3,5 млрд-тан асады. Азия – қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы.

Табиғаты мен шаруашылығының сипатына қарай Азия бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді: Оңтүстік-батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Солтүстік Азия, оңтүстік-шығыс Азия.

Оңтүстік-Батыс Азия, Еуропа, Азия, Африка дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр құрамына Түркия , Кипр, Иран , Ирак, Ауғанстан, Араб әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп атайды.

Таулардың ең биігі – Гиндикуш таулары. Таулы қыраттардың ең биігі – Армян таулы қыраты. Жер қыртысындағы күшті жарыллар әсерінен жанартау атқылауларына ұшыраған. Қазіргі кезде жанартаулық әрекет бәсеңдеген, бірнеше сөнген жанартаулар бар. Ең ірісі – Үлкен Арарат (5165м). Армян таулы қыратының солтүстігінде Кавказ таулары орналасқан. Түбектің Жерорта теңізі жағалауы арқылы терең тектоникалық жарылыс өтеді. Осы жарылыс бойында Жер шарының теңіз деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі – Өлі теңіз (–403 метр) орналасқан.

Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағнаны білдіреді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді. Оңтүстік–Батыс Азия тас көмірмен түсті металдарға бай. Жерорта теңіз жағалауында субтропиктік жерортатеңіздік. Кавказға ылғалды және құрғақ субтропиктік, ал кіші Азия түбегінің ішкі аудандарымен Иран таулы қыратына құрғақ субтропиктік климат тән. Оңтүстік Батыс Азия – қазіргі әлемдік ислам, христиан, иудаизм діндерінің бесігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]