Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauapby_biletter_geografia_9_synyp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.61 Кб
Скачать

2) Қазақстан шаруашылығының құрамы мен құрылымы

Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы. Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) құрайды. Бұл жерде адамдар (жұмыс күші) өндіріс құралдарымен байланысқа түседі. Еңбек құралы (адам немен жұмыс істейді) және еңбек өнімі (нені өңдейді). Осындай байланыс нәтижесінде - азык-түлік, өнер-кәсіп тауарлары, әр түрлі қызмет ету түрлері пайда болады.

Сонымен, шаруашылық дегеніміз - халықты тіршілік ету көзімен қамтамасыз ету.

Біздің еліміз жоспарлы экономикадан нарыққа ауысканын білесіңдер. Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет керсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады. Дегенмен, оның өз кемшіліктері де бар. Олардың негізгісі - ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі ендірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады. Одан баска заңмен шектелмейтін нарық құбылысы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық елдердің экономикалық өмірін мемлекет реттеп отырады. Оның қол астында мемлекет бюджеті және қорғаныс, азаматтардың кауіпсіздігі, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салалармен қатар, көп жағдайда ірі компаниялар да болады. Олардың барлығы экономиканың мемлекеттік секторын құрайды. Біздің еліміздің мемлекеттік секторының құрамында 25 мыңдай мекемелер мен кәсіпорындар бар. Онда жұмыс күшінің 1/4 бөлігі жұмылдырылып, ұлттық кірістің 15%-ы жасалады. Бұл - дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер сияқты, Қазақстанның экономикасының да аралас екендігін көрсетеді. Бірақ ол нарық заңдары бойынша жүмыс істейді. Мемлекет еркін бәсекелестікті қолдай, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістердің даму бағдарламасын жасайды. Шаруашылықтың ерекше секторын көлеңкелі (бақылаусыз) экономика құрайды. Ол фирмалар мен азаматтардың заңды бұзып, салық төлеуден жалтарған жене тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысқан кезде пайда болады. Ол Қазақстан экономикасының 20%-ға дейінгі бөлігін құрайды. Көлеңкелі экономика мемлекет пен қоғамға үлкен зиянын тигізеді.

Қазақстан шаруашылығы: кәсіпорындар - салалар - салааралық кешендер

Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші деңгей - кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар — экономикалық «құрылыстың» өзіндік «кірпіштері» болып табылады. Олардың саны казір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар.

Нарықтық экономикада меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастыру өзінше сипат алады. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді.

Олардың акционерлік қоғам (АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтары бар.

Екінші деңгей - экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін камтамасыз етеді. Біреулері өндіріс тауарларын шығарумен, екіншілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады.

Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру - оқу орындарының, ал денсаулық сақтау — медициналық мекемелердің жиынтығы болып саналады.

Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Бұл елдің экономикасының үшінші деңгейі.

Сонымен, салааралық өндірістік кешен дегеніміз - бір-бірімен тығыз байланысқан және ортақ ақырғы өндіріс нәтижесі бар салалардың үйлесімі.

Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік, энергия, металл, машина, үй) жасайтын барлық қызмет түрлерін қамтиды. Өндірістік емес сала әр түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Олардың біреулері - халыққа, екіншілері - кәсіпорындар мен мекемелерге, ал үшіншілері екеуіне де қызмет көрсетумен шұғылданады.

Материалдық емес өндіріс мекемелері ірі және тез дамып келе жатқан қызмет саласы, ол министрлер қызметінен (елді баскару) шаштараз бен даяшының қызметтеріне дейінгі түрлерді қамтиды.

3) «Жер қыртысының құрылымы» картасын пайдаланып, кескін картаға жанартаулар мен апатты жер сілкіну аймақтарын түсір

5-билет:

1) Атмосфера және климат

Атмосфера— жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады. Атмосфера Атмос-ауа, сфера-шар Атмосфера 3 қабаттан тұрады. 1.Тропосфера-грекше-тропос-бұрылыс, өзгеріс дегенді білдіреді.Бүкіл ауаның 4\5 бөлігі Ауа райы жасалатын орын-тропосфера Қалыңдығы-1. Экваторда-17-18км

2. Қоңыржай ендіктерде-10-12км

3. Полюстерде- 8км

Орташа қалыңдығы-11км Тропосфера-ауаның жер бетіне жақын ең тығыз шоғырланған қабаты. 2.Стратосфера-50-55км, грекше-қабатталған, ауа өте құрғақ болады. 3.Ионосфера- 80-90км температура- -1000- -2000 градус Атмосфераның орташа қалыңдығы-150км. Стратосферада Озон қабаты түзіледі. Ауаның құрамы-78%-азот, 21%-оттегі, 1%-инертті газдар. Радиозонд-35-40км дейінгі тропосфераның жоғарғы қабатын зерттейді. Ауа массасы-қасиеті біртекті, зор көлемді ауа. Ауаның қасиетіне:температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі, шаң -тозаңдылығы. Ауаның массасы 4-ке бөлінеді: 1. Экваторлық 2. Тропиктік 3. Қоңыржай 4. Арктикалық Ауа температурасы күннің түсу бұрышына қарай экватордан полюстерге қарай төмендейді. Изотерма дегеніміз-температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. Температураның өлшем бірлігі-градус цельсий. Температура 100м-де 0,6 градус төмендейді, 1000метрде 6 градус. Температура ауытқуының тәуліктік амплитудасы дегеніміз-тәулік ішіндегі ең жоғарғы, ең төменгі температураның айырмашылығы. Тәулік ішіндегі ең төменгі температура-таңертең күн шығар алдында байқалады. Атмосфералық қысым-ауаның жер бетіне оның барлық заттарға түсіретін күші. Ауа 1см кв. жерге 1кг 33г күш түсіреді. Қысымның өлшем бірлігі-миллиметр. Қысым 10м-де 1мм-ге төмендейді. Қалыпты атмосфералық қысым-760мм Қысымды өлшейтін құрал-барометр, грекше-барос-салмақ. Изобара дегеніміз-қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық. Инверция-қыста, тауларда, биіктікке байланысты қысымның төмендеуі. Қысым 2-ге бөлінеді: 1.Төменгі қысым-циклон 2.Жоғарғы қысым-антициклон Қысым белдеулерінің жалпы саны:7-еу Төменгі қысым-3 Жоғарғы қысым-4 Жер бетіндегі басым желдердің бағыты мен таралуының тәуелділігі-қысым белдеулері.

Атмосфераның құрамы және маңызы

Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.

Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.

2) XV-XIX ғ. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

3) Картадан Қазақстан халқының орналасуы, облыстар бойынша халықтың табиғи өсуі, урбандалу және көші-қон деңгейіндегі заңдылықтарды анықтау

6-билет:

  1. Литосфералық тақталар туралы ұғым Литосфералық тақталар -Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоникасы, немесе жаңа жаһандык тектоника деп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысы астеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі). Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық рифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын сығымдалу белдеміне қарай жылжиды. Аталған белдем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астына қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды. Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен ажырау шекаралары "дивергенттік шекаралар" деп аталса, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекара" деп аталады. Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоникалык белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жылу ағымдарының жоғары мөлшері, цунами толқындары және т.б.) тек қана осы литосфера шекараларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л.т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 1—2 см-ден 10—12 см-ге дейін жететіндігі анықталған.

  2. Латынша литос-тас,сфера-шар Жер қыртысы 8 ірі тақталардан тұрады. 1.Еуразия 2. Солт.Америка 3. Оң.Америка. 4.Африка 5. Антарктида 6. Үнді-Аустралия 7.Тынық мұхиттық 8. Неаска тақтасы

  3. Орталық Қазақстанның ЭКЖ, табиғат ресурстары, халқы

Литосфералық тақталар -Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоникасы, немесе жаңа жаһандык тектоника деп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысы астеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі). Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық рифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын сығымдалу белдеміне қарай жылжиды. Аталған белдем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астына қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды. Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен ажырау шекаралары "дивергенттік шекаралар" деп аталса, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекара" деп аталады. Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоникалык белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жылу ағымдарының жоғары мөлшері, цунами толқындары және т.б.) тек қана осы литосфера шекараларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л.т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 1—2 см-ден 10—12 см-ге дейін жететіндігі анықталған.

Латынша литос-тас,сфера-шар Жер қыртысы 8 ірі тақталардан тұрады. 1.Еуразия 2. Солт.Америка 3. Оң.Америка. 4.Африка 5. Антарктида 6. Үнді-Аустралия 7.Тынық мұхиттық 8. Неаска тақтасы

  1. Кескін картаға негізгі тектоникалық құрылымдар мен пайдалы қазбалардың кен орындарын белгіле

7-билет:

  1. Евразия материгінің географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары

Ауданы 53,3 млн. км² (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км²-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен — Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізіне шығады. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азия дүние бөліктеріне бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде —Челюскин мүйісі (77º43’ с.е. ), оңтүстігінде —Пиай мүйісі (1º16’ с.е.), батысында Рока мүйісі (9º34’ б.б.), шығысында —Дежнев мүйісі (169º40’ б.б.) Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың км-ге созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан біршама қашық жатыр. Шпицберген, Франц Иосиф жері және Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі асады. Малай топаралдары оңтүстік жарты шарға өтіп, 11º о.е-ке дейін барады. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия — барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық) және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік шеттерін көбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына байланысты құрлықтың ішкі бөліктері теңіздер мен мұхиттардан мыңдаған км қашықта орналасқан.

Геологиялық сипаттама

Құрлықтың негізін Еуразия плитасы құрайды. Плитаның басқа литосфералық плиталармен түйіскен жерінде күшті тау түзілу әрекеттері өткен және олар қазіргі кезде де жалғаса түсуде. Ондай жерлерде аса биік тау жүйелері қалыптасып, күшті жер сілкінулер және жанартау құбылысы орын алған. Еуразияның жер құрылымдары — ежелгі платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай, Үнді, Араб) аралықтарын жас платформалар бөліп жатады. Құрлықтың қазіргі жер бедері, негізінен, неоген мен антропогендегі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Жаңа тектоникалық қозғалыстар, әсіресе, Альпі — Гималай және Шығыс Азия геосинклинальдық белдеулерінде қарқынды жүрген. Бұл белдеулерді аса көлемді тау жүйелері қамтиды. Сонымен бірге неоген мен антропогендегі көтерілулердің нәтижесінде Гиссар — Алай тау жүйесінен Чукча түбегіне дейін созылып жатқан таулардың жер бедері қайта түзілген. Жас қатпарлы белдеулер мен жасарған таулы құрылымдарға күшті жер сілкінулер тән. Жер бедерінің түзілуіне жанартау құбылысы да қатынасады. (Исландия аралдары, Армения таулы үстірті, Жерорта теңізі аймағы, Камчатка түбегі, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары). Еуразияның солтүстік және бірқатар таулы аудандарында жер бедеріне ежелгі мұз басу үлкен әсерін тигізген. Ол аудандарда мореналар мен мұз суы шөгінділері аса кең алқапты қамтиды.

Еуразия құрылымының негізгі элементі болып бесежелгі платформалары табылады:

Балтық және Украин қалқандарымен бірге ШығыЕуропа платформасы. Алдан қалқанымен бірге Сібір платформасы. Қытай-Корей платформасы. Оңтүстік Қытай платформасы. Үнді платформасы, және Нубия-Аравия қалқанының бөлігі.

Гидрологиялық сипаттамасы

Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Еуразия өзендері төрт мұхит алабына жатады. Ең ірілері: Янцзы, Обь, Енисей, Лена, Амур, Хуанхэ, Меконг, Брахмапутра, Ганг, Инд, Тигр, Евфрат, Еділ, Дунай. Құрлықтың орталық бөлігінде дүние жүзіндегі ең аумақты ішкі ағын аймағы (Каспий мен Арал теңіздерінің, Балқаш пен Лобнор көлдерінің алабы) орналасқан. Ең терең Байкал көлінде жер бетіндегі тұщы судың 1/5-і шоғырланған. Ірі және терең көлдер тектоникалық жолмен пайда болған (Байкал, Ыстықкөл, Севан, Үлі т., т.б.). Төрттік кезеңінің мұзы басқан аудандарда мұздық (Ладога, Онега) және көптеген ұсақ мореналық көлдер таралған. Төрттік (антропогендік) кезеңдегі және қазіргі жанартау құбылысы дамыған аймақтарына жанартаулық көлдер тән. Әктасты аудандарда карст көлдері көп (Қырым түбегі, Кавказ таулы аймағы, Загрос таулары, Тянь-Шань және Юньнан таулы қыраты, Балқан түбегі).

Жер бедері

Еуразия — Антарктидадан кейінгі биік құрлық (орташа биіктігі 840 м). Жерінің 2/3-сі таулар мен таулы үстірттер. Дүние жүзіндегі ең биік шың — Джомолунгма (8848 м) осы Еуразия құрлығында орналасқан. Еуразия тауларындағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Негізгі тау жүйелері: Гималай, Альпі, Карпат, Кавказ, Гиндукуш, Қарақорым, Памир, Тянь-Шань, Куньлунь, Алтай, Саян, Орал, Солтүстік-шығыс Сібір таулары, Алдыңғы Азия және Тибет тау қыраттары, Декан және Орта Сібір таулы үстірттері. Жазықтары мен ойпаттары мыңдаған км-ге созылған. Ең ірі жазықтары: Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг.

Еуразияның маңызды тау жүйелері:

Гималайлар, Джомолунгма (Эверест) - жер бетіндегі ең ірі тау орналасқан тау жүйесі

Альптар

Кавказ

Гиндукуш

Каракорум

Тянь-Шань

Куньлунь

Алтай

Оңтүстік Сібір таулары

Солтүстік Шығыс Сібір таулары

Ілгергі Азия жоталары

Памир

Тибет жоталары

Саян-Тува жоталары

Декан белесі

Орталық Сібір белесі

Еуразияның негізгі жазықтықтары және ойпаттары:

Шығыс Еуропа жазығы

Батыс Сібір жазығы

Тұран ойпаты

Ұлы Қытай жазығы

Үнді-Ганг жазығы

Климаттық белдеулер

Еуразияда Арктикадан бастап экваторға дейінгі барлық климаттық белдеулер таралған. Құрлықтың біртұтас және аумағының үлкен болуына байланысты климаттың континенттік типтері басым. Шет аймақтарда мұхиттық (шығысында және оңтүстігінде муссондық) климат орын алады. Климат ерекшеліктерінің пайда болуына тұрақты (Азор және Гавай антициклондары, Исландия және Алеут минимумдері) және маусымдық (қыстағы Азия антициклоны және жаздағы Оңтүстік Азия минимумы) атмосфералық қысым орталықтарының үлкен мәні бар. Мұхиттың климатқа әсері, әсіресе, Батыс Еуропада айқын байқалады. Одан шығысқа қарай атланттық ауа бірте-бірте құрғай түседі де, континенттік ауаға ауысады. Тынық және Үнді мұхиттарының ауасы құрлықтың ішкі бөлігіне жылдың жеке маусымдарында ғана муссон түрінде және циклондармен өтеді. Солтүстіктен қыста келетін арктикалық ауа құрлықтың түкпіріндегі тауларға жеткенше еркін таралады. Еуразияның орталық аудандарында континенттік ауа массалары қалыптасады. Кейде кереғар климаттық жағдайлар да орын алады. Құрлықтың солтүстік-шығысында, Оймякон таулы қыраттарында солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі орналасқан (абсолюттік минимум –70ºС). Араб түбегі — Жер шарындағы ең ыстық аудандардың қатарына жатады. (абсолюттік максимум 53ºС). Шығыс Үндістанда ең көп жауын-шашын түседі. ( Черапунджиде, жылына 12000 мм).

Табиғат белдеулері

Еуразияның көпшілік бөлігі флорасы мен фаунасының құрамы жөнінен Голарктика облысына жатады. Оңтүстігі Палеотропика флоралық және Үнді-Малай фауналық облыстарына кіреді. Топырақты-өсімдікті жамылғысы мен жануарлар дүниесі, негізінен, 2 бағытта — ендік бойынша және мұхит жағалауынан құрлықтың ішіне қарай өзгереді, тауларда олар биіктік бойынша таралған. Арктикалық белдеу — арктикалық шөл белдемінен тұрады. Субарктикалық белдеуде тундра мен орманды тундра белдемдері өтеді. Қоңыржай белдеудің континенттік бөлігінде белдемдер ендікті бойлай орналасқан. Олар: тайга, аралас орман, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, дала, шөлейт белдемдер. Мұхиттарға жақын бөлігінде олардың шекаралары ендіктен біраз ауытқиды. Қоңыржай белдеудің оңтүстік шетінде жазықтық белдемдер батыстан шығысқа қарай алмасып отырады. Атлант мұхиты маңында орман, Карпат таулары маңында орманды дала, Шығыс Еуропа жазығының оңтүстігінде дала мен шөлейт, Қазақстан мен Орталық Азияда шөлейт пен шөл, Моңғолияда дала мен орманды дала, Манчжурия мен Жапонияның солтүстігінде қайтадан орман белдемдері орын алған. Белдемдер субтропиктік белдеуде де батыстан шығысқа қарай алмасады (Жерортатеңіздік қатты жапырақты ормандар мен бұталар, Кавказ сырты мен Кіші Азияның субтропиктік далалары мен шөлейттері, Иран таулы қыраты және Орталық Азияның оңтүстігінің субтропиктік шөлдері). Бұл белдеудегі құрлықтың ішкі бөлігінде шөлейт, Памир мен Тибет тау қыраттарында биік тау шөлі таралған. Тропиктік белдеуге жататын Араб түбегі, Месопотамия және Инд өзенінің алабында тропиктік шөлейт пен шөл орын алады. Шығысындағы тропиктік ендіктерден солтүстік субэкваторлық белдеу өтеді (ауыспалы ылғалды субэкваторлық ормандар мен саванна белдемдері). Экваторлық белдеу Малакка түбегі мен Филиппин аралдарының оңтүстігін, Цейлонның оңтүстік-батысын, Үлкен Зонд аралдарын қамтиды (мұнда ылғалды экваторлық орман — гилея таралған). Кіші Зонд аралдарын оңтүстік экваторлық белдеудің ормандары мен саванналары алып жатады. Топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлардың белдемдік таралуына таулар күрделі өзгеріс енгізеді. Еуразияның қоңыржай белдеуінің ішкі үлкен бөлігін қамтитын тау жүйелерінде ендік белдемдік биіктік белдеулердің құрамына кіреді. Құрлықтың жеке бөліктерінің табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде әр түрлі дәрежеде өзгерген. Бір жағынан, қалалар мен өнеркәсіп көп шоғырланған (Батыс Еуропа), екінші жағынан, егіншілікке ертеден пайдаланылып келе жатқан, әрі ауыл халқы тығыз қоныстанған (Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия) аудандар өзінің табиғи қалпынан мүлде айырылған. Ондай жерлерде антропогендік ландшафт қалыптасқан. Оған керісінше, Орталық Азия мен Тибеттің шөлдік таулы үстірттері, экватор маңындағы ылғалды орман жауып жатқан кейбір аралдардың табиғаты алғашқы қалпынан өзгермеген. Морфотектоник. құрылымның бірлігіне, жаңа тектоникалық қозғалыстардың ұқсастығына, климат түзуші факторлардың және климатының ерекшеліктеріне, табиғат белдемдерінің жиынтығына байланысты Еуразияны мынадай ірі табиғи аумақтық кешендерге бөлуге болады: Арктиканың Еуразияға қарасты бөлігі — Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Азия, Жерорта теңізі маңы және Алдыңғы Азия таулы қыраттары, Оңтүстік-батыс Азия, Орталық Азия, Биік Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия және Оңтүстік-Шығыс Азия.

Халқы

Еуразия — Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың 3/4-і). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Муссондық Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 км² жерге 1000 — 1500 адамнан келеді. Қиыр Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық Азия және Батыс Азияның шөлді аудандарында халық өте сирек. Араб түбегінің, Иран таулы қыратының ішкі аудандарында, Орталық Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ. Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы Қосөзен аралығы (Тигр, Ефрат), Жерорта теңізі жағалауы, сондай-ақ, Қытай мен Үндістан ежелгі мәдениеттері, грек-рим өркениеті, т.б. Ұлы Қытай қорғанынан Орталық Еуропаға дейін созылып жатқан ұлы далада көшпенділер әлемі үстемдік құрып, Батыс пен Шығыс өркениеттерін өзара байланыстырып тұрды. Қазіргі кезде де Еуразия құрлығы суперконтинент болып есептеледі. Әлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында тұрады, әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрлықта орналасқан. Республикалық және монархиялық мемлекеттер бар.Республикалық мемлекеттер социалистік,капиталистік,дамушы елдер болып бөлінеді. Ал монархиялық мемлекеттер абсолюттік және кониституциялық болып бөлінеді.90 жылдарда социалистік мемлекеттер күрт кеміді. Оған себеб КСРО-ның ыдырауы, шығыс еуропалық мемлекеттердің басқа бағытқа көшуі. Еуразия материгінде әр түрлі діндер ұлттар орналасқан

1) Шығыс Қазақстанның ЭКЖ, табиғат жағдайлары, халқы

  1. Шығыс Қазақстанның ЭКЖ, табиғат жағдайлары, халқы

Алтай таулы жүйесінің картасы

Алтай тауларындағы Қатын өзені

Шығыс Қазақстан облысының жер бедерінің құрылысы өте күрделі. Таулары мен жоталары

Алтай тауларын

Ертіс өзенінен шығысында:Кенді Алтай, Тікирек, Черный, Оба, Становой, Көксу, Иванов, Қоржын, Үлбі, Қызылқарағай, Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай, Оңтүстік Алтай, Күршім және Азутау жоталары мен олардың сілемдері

Ертіс өзенінен батыста:Қалба жотасы, Семей, Арқалық, Мыржық, Қараадыр таулары, Ханшыңғыс, Шыңғыстау, Ақшатау жоталары

Зайсан көлінің оңтүстігінен: Тарбағатай, Сауыр және Маңырақ жоталары.

Ертіс өзенінің екі жағындағы жоталар аралықтарында оқшаулана орналасқан таулар мен шоқылар: Майлықара, Белтерек, Айыртау, Арқат, Көксеңгір, Сандықтас, Жағалбайлы, Көктас, Атбас, Арасантау, т.б.

Облыстың оңтүстік мен оңтүстік-шығысына Сасықкөл, Қошқар және Алакөл көлдері орналасқан Балқаш – Алакөл ойысының солтүстік-шығыс бөлігі мен Зайсан көлінің қазаншұңқыры орналасқан.

Облыстың қиыр солтүстік-батыс бөлігін Бесқарағай ауданының бүкіл аумағын қамтитын Балапан жоны алып жатыр.

Пайдалы қазбалар

Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.

Климат

Облыстың климаты тым континенттік.

Температурасы:

Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы

жазық өңірінде –17°С

биік тауаралық тұйық қазаншұңқырларында –26°С-қа дейін барады

Шілдеде 19 – 23°С.

Жауын-шашын:

солтүстік-шығысында 350 – 380 мм

оңтүстік-шығысында 250 – 300 мм

батысында 200 – 250 мм аралығында

Кенді Алтайдың батыс бөлігінде 1000 – 1500 мм

Облыс бойынша вегетациялық кезең 175 – 200 тәулікті құрайды.

Су ресурстары

Балқаш

Марқакөл

Облыстың, әсіресе Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай. Олар Ертіс өзені мен Балқаш – Алакөл алаптарына жатады және негізінен өзендерден тұрады.

Семейдегі Ертіс өзені үстінен өтетін аспалы көпір

Өзендер

Ертіс (республикадағы ең үлкен өзені):Ол облыс аймағын Қытай Халық Республикасы шекарасынан бастап солтүстік-батыс бағытта қиып өтеді. Зайсан көліне дейінгі бөлігін Қара Ертіс деп атайды. Ертіс өзенінің ең ірі салалары: Қытай, Қалжыр, Қалғұтты, Күршім , Нарын, Қайыңды, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шүлбі, Жарма, Құсты, Еспе, Шорға, Боғас, Жүзағаш, Бөкен, Манат, Тайынты, Абылайкит, Ұлан, Дресвянка, Жартас, Құрық, Қызылсу, Шар, Шаған.

Балқаш – Алакөл көлдерінің алабындағы ең үлкен өзендері (Еміл, Қатынсу, Үржар, Үлкен Текебұлақ, Қарақол, Ай, Аягөз, Бақанас) бастауын Тарбағатай, Ақшатау, Шыңғыстау, Ханшыңғыс жоталары мен Көкшетаудан алады.

Көлдер

Облыс көлдерге онша бай болмаса да, мұнда Қазақстандағы ірі көлдер – Зайсан мен Марқакөл, оңтүстік-шығысында Алакөл мен Сасықкөл орналасқан. Басқа көлдері ұсақ және олар облыстың оңтүстік-батыс жағында, көбінесе Шар мен Шаған өзендерінің және Аягөз бен Ай өзендерінің ұсақ шоқылы, жазықтау келген суайрықтарында орналасқан.

Облыста Ертіс өзені мен оның салалары суының өнеркәсіп пен халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Сондықтан оларда ірі Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендері мен СЭС-тер салынған. Бұларға қоса Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба және Шүлбі өзендері ағаш ағызуға кеңінен пайдаланылады. Өзендер мен көлдердің (Зайсан, Алакөл, Марқакөл, т.б.) балық аулауда да едәуір маңызы бар. Облыстың Алтай аймағында минералды шипалық көлдер көп. Шығыс Қазақстан облысы жер асты суына да бай. Ол халықтың тұрмыстық қажетін өтеу және мал суаруға ғана емес, онымен бірге сан-алуан кеніштер мен кәсіпорындарды да сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.

Топырақтар

Облыстың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ жамылғысы оңтүстіктің қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға ауысады. Ертістің оң жағалауындағы құмдақ топырақта таспалы қарағай орманы, ал оңтүстік қара топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктер тараған. Қызғылт қоңыр топырақ Шыңғыстау жотасының етегінде бозғылт қоңыр топыраққа ауысады. Бұл топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктермен аралас жусан да көп өседі. Қалба мен Шыңғыстау жоталарының гранитті қыраттарында кішігірім қарағайлы және қайыңды-теректі ормандар кездеседі. Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында шөлдің сұр, сұрғылт және далалық топырағы (сұр топырақ) тараған. Зайсан қазаншұңқырында бұл топырақ арасында аздап сор және сортаң топырақ кездеседі. Ал Алакөл қазаншұңқырында олар әдетте сортаңданған. Зайсан қазаншұңқырында бозғылт қоңыр топырақ пен құмды алқаптар (Бозайғыр және Ақжан) тараған. Қазаншұңқырлардағы өзен жайылмаларында шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Зайсан қазаншұңқырында өсімдіктерден шашақты селеу, жусан, ал шағын өзен аңғарларында далалық шалғындар, Зайсан көлі мен Ертіс өзенінің жағаларында қамыс-құрақ көптеп кездеседі. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарының топырақ және өсімдік жамылғыларында биіктік белдемдер айқын байқалады. Кенді Алтайдың төменгі биіктіктеріндегі далаларда ауыр саздақ және саздақ қара топырақ тараған. Олардан жоғары сұр топырақ пен күлгінденген қара топырақ, ал одан биікте таулық сұр күлгін топырақ тараған. Келесі белдеуде таулық шалғынды топыраққа, одан кейін таулық тундраға ауысады. Оңтүстік Алтай мен Сауыр таулары жоталарының төменгі бөліктерінде (тиісінше 600 – 800 м-ге және 1200 – 1300 м-ге дейін) түпкі жыныстардың және саздақ шөгінділердің үстінде таулық күрең топырақ тараған. Олардан жоғары қаратопырақ белдеуі, тау беткейінде таулық қарашіріндісі аз және шымтезекті топырақ, тауаралық қазаншұңқырларда таулық қошқыл қаратопырақ қалыптасқан. Ең биік жерлерде таулық тундра топырағы орын алған. Тарбағатайда қызғылт қоңыр және қаратопырақпен бірге шөптесін өсімдікті таулық шалғынды және орманды телімдерде орманның сұр топырағы тараған.

Өсімдіктер

Тянь-Шань шыршасы

Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал жоғарырақта қайыңды-теректі шоқтоғай аралас шөпті-селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу жерлерде астық дақылды аралас шөпті шалғын алмасқан қылқан жапырақты орман белдеуі басталады. Кенді Алтайда самырсынды-шыршалы-қара самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда олармен сібір қара самырсыны аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Кенді Алтайда орманды белдеуден жоғары субальпілік, альпілік шалғындар өседі, одан биікте олар қыналарға ауысады. Тарбағатайда алма ағаштары және теректі ормандар тараған.

Жануарлар

Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі өте бай. Мұнда табиғатының әр түрлі болуына байланысты таулық жануарлармен бірге қарағайлы ормандар, далалар және шөлейт жануарлары көп тараған. Алтай мен Сауырдың және Ертіс маңы ормандарында тиін, ақтышқан, кәмшат сияқты қымбат елтірілі аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы бар. Алакөл мен Зайсан қазаншұңқырларының су қоймаларында ондатра жақсы жерсіндірілген. Ертіс пен оның салаларында, Марқакөл, Зайсан және Алакөлде, Ертіс бойындағы Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендерінде балықтың көптеген түрлері, оның ішінде стерлядь, таймень, хариус сияқты бағалы балықтар көптеп кездеседі. Олардың негізінде балық аулау мен балық өңдеу кәсіпшілігі ұйымдастырылған.

Халқы

Облыста Қазақстан халқының 9,4%-ы шоғырланған.

59,4%-ы қалалық жерлерде

40,6%-ы ауылдық жерлерде

Адамдардың саны

Өскемен - 288,0 мың

Семей - 277,0 мың

Риддер - 52,0 мың

Зырянов - 40,1 мың

Аягөз - 36,6 мың

Зайсан -15,2 мың

Шемонаиха -16,1 мың

Шар - 7,5 мың

Курчатов - 10,1 мың

Серебрянск - 0,3 мың

Глубокое, Үлбі, Шүлбі, Жезкент, Белоусовка, Жаңа Бұқтырма, т.б. кенттерде, өнеркәсіптік маңызына қарай тұрғындар саны 0,3 мыңнан 10,0 мыңға дейін жетеді.

Тығыздығы

Облыс халқының орташа тығыздығы әр 1 км2-ге шаққанда 5,1 адам. Халықтың ең жиі қоныстанған жерлері – Ертістің оң жағалауы, әсіресе Кенді Алтайдың тауаралық жазықтары. Глубоков, Бородулиха және Шемонаиха ауданында бұл көрсеткіш 9-дан 12,7 адамға, ал Өскемен қаласының төңірегінде 186 адамға, Семей қаласының төңірегінде 133,5 адамға дейін барады. Ауылдық жердің қоныстануы да әркелкі.

Ұлттық құрамы

қазақтар - 49% астам

орыстар - 44% астам

басқа ұлттар - шамамен 5,5%

Экономика

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. 2006 ж. облыс өнеркәсібінің барлық салалары 399,1 млрд теңге көлемінде өнім өндірді, бұл бүкіл ел өнеркәсібі өндірісінің 6,2%-на тең.

  1. Кескін картаға жазықтарды түсір

8-билет:

  1. Атмосфераның құрамы. Атмосфералық қысым

Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.

Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.

Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен (Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді. Теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа алғанда 1013,25 гПа-ға (760 мм сын. бағ.) тең. Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым азаяды. Жер бетіндегі қысыммен салыстырғанда 5 км биіктікте атмосфералық қысым 2 есе, 10 км биіктікте 4 есе, 15 км биіктікте 8 есе кемиді. Астана қаласының атмосфералық қысымы Алматыға қарағанда жоғары.[1] Жер шарын коршап тұрған атмосфера өзінің салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық қысым деп атайды. Қазіргі кезде атмосфералық қысымды гектопаскальмен (гПа) көрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа көрсеткіші (1013 гПа) алынады. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар деп атайды. Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр — анероидпен өлшейді.

Атмосфералық қысым Жер шарының кез келген бөліктерінде үздіксіз өзгеріп отырады. Тропиктік белдеуде қысымның тәуліктік өзгерістері айқынырақ байқалады. Кейде тәулік ішінде қысым айырмашылығы 20—30 гПа-ға жетуі мүмкін. Атмосфералық қысымның жылдық өзгерістері материктердің орталық бөлігінде күштірек байқалады. Мәселен, Гоби шөлінде бұл көрсеткіш тіпті 40 гПа-ға жетеді, мұнда қысым максимумы қаңтарда, минимумы шілдеде байқалады. Материктер шетіндегі муссонды облыстарда және мұхиттардың жоғары ендіктерде жатқан бөліктерінде атмосфералық қысымның жылдық ауытқулары едәуір болады. Владивостокта бұл көрсеткіш 14 гПа, ал Мумбайда (Бомбей) 10 гПа шамасында (картадан бұл қалаларды тауып, географиялық орнының ерекшеліктерін атаңдар).

Атмосфералық қысым биіктікке қарай да өзгереді, бұл, ең алдымен, ауа температурасының биіктікке қарай таралуына байланысты. Мәселен, Еуропада қысымның орташа жылдық көрсеткіші теңіз деңгейінде 1014 гПа болса, 5 км биіктікте — 538 гПа, 10 км биіктікте — 262 гПа, ал 20 км биіктікте бар болғаны 56 гПа ғана. Жер шарының басқа аудандарында да атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгерістері шамамен осындай болады.

Атмосфералық қысымның географияльщ таралуы өте күрделі сипат алады. Өйткені ол географиялық ендікке, құрлық пен мұхиттың арасалмағына, жергілікті физикалық-географиялық, жағдайға байланысты болады. Жалпы Жер шарында географиялық ендіктерге байланысты 3 темен қысым белдеуі және 4 жоғары қысым басым белдеу ажыратылатынын білесіңдер. Бірақ жеке материктер мен мұхиттар бойынша бұл белдеулердің жергілікті айырмашылықтары болады. Мәселен, қыс кезінде қоңыржай ендіктерде қалыптасатын максимумдардағы қысым Канада жерінде 1020 гПа болса, ал Азияда 1035 гПа-ға жетеді.

Қысымның географиялық ендіктер бойынша таралу заңдылығы материктер мен мұхиттардағы қысым айырмашылықтарының болуына байланысты бұзылады: жазда материктердің қоңыржай ендіктерінде де төмен қысым байқалады. Қысымы төмен аймақтарды қысымдың минимум немесе циклон деп атайды. Қысым жоғары болатын тұйық изобаралар жүйесін қысымның максимум немесе антициклін дейді (оларға мысал келтіріңдер).

Ауа массалары үнемі қозғалыста болатындықтан, қасиеттері әртүрлі ауа массалары шектескен аймақтарда өте кең алқапты қамтитын (ені 500—900 км, ұзындығы 2000—3000 км-ге дейін жететін) өтпелі зоналар — атмосфералық фронттар қалыптасады. Фронттар ауа массаларының қозғалу сипатына қарай жылы және суық фронтцеп бөлінеді, Жылы фронт кезінде жылы ауа салқын ауаны тез арада ығыстырып, жинақталған жылы ауа құйын тәрізді өрлеген ауа ағынын түзіп, циклондық әрекеттер күшейеді. Соның нәтижесінде бұлттылық күшейіп, жауын- шашын көбейеді. Жазда температура төмендеп, қыста керісінше жоғарылайды. Ал суық фронт кезінде салқын ауа жылдам қозғалатындықтан антициклондық жағдай қалыптасып, ауаның құйын тәрізді төмендеген ағыны түзіледі. Сондықтан суық фронт кезінде жауын-шашын біршама аз түседі.

Жалпы алғанда атмосфералық фронт өткен кезде ауа райы кенет өзгеріп: температура мен қысымның ауытқуы, жауын-шашын түсуі, желдің бағытының өзгеруі мен жылдамдығының күшеюі сияқты құбылыстар жиі байқалады. Ауа массалары арасындағы осындай фронттар жиынтығынан климаттық фронттар қалыптасады. Оларға арктикалық, полярлық және тропиктік фронттар мысал болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]