- •2) Солтүстік Қазақстанның халқы
- •2) Қазақтың ғұлама ғалымы ш.Ш. Уәлиханов
- •2) Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі
- •2) Қазақстан шаруашылығының құрамы мен құрылымы
- •1) Қазақстанның климаты. Ауаның қысымы және желдер
- •Қазақстанның жер асты сулары
- •Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
- •Оңтүстік Қазақстанның эгж, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы
- •Қазақстанның биік, аласа таулы өлкелері
- •Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша сипаттама бер
- •2. Халықтың діни құрамы. Халықтың ұлттық құрамы мен
- •3) Еуразияның бір еліне қысқаша кешенді сипаттама бер.
- •1)Солтүстік Қазақстанның қалалары
- •2) Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі
- •3)Африканың бір еліне қысқаша кешенді сипаттама бер.
- •1)Батыс Қазақстан қалалары
- •2) Қазақстанның мұздықтары. Көпжылдық тоң
- •3) Австралияның бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Шығыс Қазақстан қалалары
- •2)Тұран жазығы
- •3) Солтүстік Американың бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Орталық Қазақстан қалалары
- •2)Солтүстік Қазақ жазығы. Сарыарқа
- •3)Оңтүстік Американың бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Қазақстанның геосаяси жағдайы, экономикалық ықпалы
- •2)Орал, Алтай, Жетісу Алатауы
- •3) Антарктика материгіне сипаттама бер
- •3)Қазақстанның қорықтарын кескін картаға түсір
3) Антарктика материгіне сипаттама бер
Антарктика(гр. ἀνταρκτικός — Арктикаға қарама-қарсы) — жердің ең оңтүстігінде орналасқан құрлық. Антарктиканың ортасы шамамен оңтүстік полюспен сәйкес келеді. Құрлықтың ауданы 14,4 млн км². Антарктика ресми түрде 16(28) қаңтарда 1820 ж. Фаддей Беллинсгаузен және Михаил Лазарев басқарған орыс экспедициясымен ашылды. Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны "Арктикос"- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады. Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк.Оңтүстік жарты шар және АнтарктидаЕжелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиданың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материгіне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен түсіндіріледі. Антарктида басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр. Антарктида - Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысы мен қоса есептегенднгі орташа биіктігі 2040 м. Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн . км бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды. Антарктида- Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарларымыздағы ең терең температура (-89,2 С) тіркелген; Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері Бентли ойысы (-2555 м); Антарктида сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794м); Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.
Антарктика- Антарктида материгі мен ұсақ аралдары бар, оны коршаған мұхит кеңістігін қамтитын оңтүстік полюс атырабы. Антарктиканың шекарасына, негізінен, 48° және 60° о.е. арасындағы солтүстік жылылау және оңтүстік суық беткі сулардың түйіскен зоналары қамтылады. Антарктикаға соңдай-ақ осы сызыққа таяудағы Принц-Эдуард, Козе, Макуори және басқа аралдар да жатады. Ол антарктикалық және субарктикалық екі географиялық белдеуді қамтиды
25-билет:
1)Қазақстан дүние жүзілік экономикада, экологиялық картасында
2)Сауыр Тарбағатай, Тянь-Шань
Сауыр-Тарбағатай Жайсан ойпатының оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі. Бұл жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді.
Жайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қытайдан, Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті - Қоңыр тауы Қытай жерінде. Қазаншұңқыр кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған. Ол Жайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады. Сауыр жотасының солтүстік етегі Жайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі. Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады. Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады. Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мүзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады. Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі кұз жар-тасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км2) бар.Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді - массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м ғана. Ең биік нүктесі - Тастау (2992 м). Онда мұздықтар жоқ. Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа карай қуаңдау.
Таудан басталатын өзендер көп. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Жайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сиякты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Ұржар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балкаш көліне жетеді.
Тянь-Шаньның орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Іле аңғары, Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырына сәйкес келеді. Ең биік жері – Жеңіс шыңы (7439 м.). Тянь-Шань ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады. Орографиялық құрылысы жөнінен Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс және Оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Солтүстік Тянь-Шань жоталары 4,5 мың метрден биік: Теріскей Алатауы (5218 м), Іле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м). Кейбір жоталар тауаралық қазаншұңқырларда доға тәріздес иіліп орналасқан. ңтүстік-батыс Тянь-Шаньның сұр топырағында көктемдік бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер басым (қоңырбас, құмқияқ, таспа, т.б.). Шығыс Тянь-Шаньда қылша, кей жерлерінде сексеуіл тоғайлары, қалған бөлігінде жусан мен сораң өседі. Тауалды өңірінің жоғары бөлігін солтүстікте 1600 – 2100 м, Шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі. Батыс Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерін 1000 – 1200 метрден 2500 – 2600 метрге дейін, шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерін 1800 метрден 3000 м биіктікке дейінгі аралықтағы қызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу, бетеге, өлеңОңтүстік-батыс Тянь-Шаньда шоқ-шоқ болып өскен жаңғақ, жеміс ормандары таралған. 2000 мтерден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі. Тянь-Шань табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішінде Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылы Алматы маңы Іле Алатауының ұлттық паркі кұрылды.
