Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauapby_biletter_geografia_9_synyp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.61 Кб
Скачать

2) Қазақтың ғұлама ғалымы ш.Ш. Уәлиханов

Ш.Ш.Уәлихановты (1835-1865) география саласындағы саяхатшы әрі географ-ғалым ретінде ерекше түрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар . Шындығында да , біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан аумағының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектелсек , ал Ш.Ш. Уәлихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі тұңғыш отандық географ-саяхатшы ретінде қараймыз .

Міне сондықтан да Ш. Уәлихановтың өзі зертеген аймақтың табиғаты мен физикалық – географиялық ерекшеліктерін танып ьілуге ғана емес , сонымен қатар олардың әлеуметтік әдет-ғұрпына , салтына , тіліне , көне аңыздарына да қызыға зер салды .

Жүріп өткен жерлерінің зерттеу деңгейіне және олардың танып білуге қолайлылығына қарай Шоқан өз саяхаттарын екі кезеңге бөледі:бірінші кезең Жоңғарды аралап Жетісі , Іле өлкесі арқылы Ыстықкөлге барған жолды қамтиды . Бұл жерлердің физикалық-географиялық сипаты орыс саяхатшыларының зерттеулері бойынша белгілі деп есептеген Уәлиханов өз еңбектерін олар елемей немесе аңғармай кеткен деректермен толықтырды . «Менің саяхатымның екінші кезеңі Сырдария өзінің негізгі саласы болып табылатын Нарын өзенінің жоғарғы сағасынан басталады . Бұл ара осы меридианда Семенов сапарының ең шырқау шегі . Одан әрі менің алдымда әлі зерттелмеген , адам аяғы баспаған мүлде меңіреу өңірі жатты , - деп жазды . Ш.Уәлиханов саяхатының бұл кезеңі өте-мөте жемісте әрі географиялық жаңалықтар ашты .

3) Глобустан Алматының ендігі мен бойлығын анықта

3-билет

1) Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?

Физикалық география – қоршаған ортадағы табиғаттың құрамдас бөліктерін зерттейтін, оны іс жүзінде пайдалану жолдарын көрсететін ғылым. Ол – қазіргі жаһандық деңгейде көтеріліп отырған “Жаратылыстану” білімінің негізін салушы. Табиғат – Жер мен Әлем кеңістігі аралығын жалғастырушы, тұрақтандырушы болмыс. Оның құрамдас бөліктері: Әлем кеңістігі, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера. Бұл аталған төртеуі – қоршаған ортаны құрайтын, бірімен бірі сабақтас, бір-бірімен әрекеттес, бір-бірінен туындайтын табиғат болмысы. Оларды зерттейтін ғылым – география. Табиғатты тану – қоршаған орта мен адамның арақатынасын және де олардың дамуын, өзгеруін зерттейтін ғылымдар жүйесі. Қоғамның дамуымен байланысты адамның табиғатты игеруі де біртіндеп күрделене түседі.

2) Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі

Халық саны және динамикалық өсу қарқыны

Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 403 мың адамға жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті.Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп отырды.

Елдің, аймақтың, елді мекеннің халкының саны екі түрлі себептерге (факторға) байланысты. Бірінші фактор - туу мен өлудін, нәтижесінде ұрпақ, ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), оны халықтың механикалық қозғалысы (көші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады.

Халықтың табиғи қозғалысы: екі демографиялық революция

Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық керсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері - туу (туғандар саны), өлу (өлгендер саны),туғандар мен өлгендер санының айырмасы табиғи өсімді керсетеді. Егер де өлім туудан артық болса, халықтың табиғи азаюы (депопуляция) пайда болады. Демографиялық, көрсеткіштерді абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады, бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы (%о белгісімен) көрсетеді. Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты 2 типке бөледі: байырғы және қазіргі. Байырғы табиғи өсім 12%о-ден артық болатын, ал қазіргі өсім бойынша 12 %о-ден төмен. Халық қозғалысының бір типтен екінші типке өтуін демографиялық революция дейді.

Халықтың көші-қоны (миграция)

Халықтың көші-қоны, -адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде:

1) Шетелдегі қандастарымыздың елге қайта оралуы (оралмандар);

2) Халық санының көбеюі және жетіспейтін жұмысшылар орнының толықтырылуы;

3) Аумақ бойынша тиімді орналастыру.

Бұл мәселелердің шешімін табу мемлекетті модернизациялаудың алғышарттарының бірі, яғни эқономикалық әлуетті толық пайдалану. Көші-қон - халықтың табиғи қозғалысына және құрылымына әсер етеді. Мигранттардың көбісі жастар, әсіресе әйел адамдар. Сондықтан көшіп келушілер көп аймақтарда туған балалардың саны артады, сыртқа кетушілер көп аймақтарда керісінше болады. Көшіп келушілер көбейсе, әйел адамдардың саны артып, көшіп кеткен жағдайда ер адамдар кебейеді. Туу деңгейі төмен аудандардан халықтың кешуі карт адамдардың санын арттырады. Халық қартайып, өлім жоғарылайды, табиғи өсім төмендеп, аяғында депопуляцияға ұшырайды.

Бағыты бойынша оны ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы көші-қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция немесе репатриация (лат. patria - отан) (көшіп кеткендердің елге қайта оралуы) жатады. Көшіп келгендер мен көшіп кеткендердің арақатынасы халықтың механикалық өсімін анықтайды. Оны көші-қон сальдосы (итал. caldo - қалдық) деп атайды. Оң белгілі сальдо - халықтың өсімін көрсетеді, ал теріс белгілі сальдо - халықтың азаюын көрсетеді. Адамдардың қоныс аударуының ең көп таралғаны экономикалық-әлеуметтік себептер, яғни олардың өмір сүру деңгейі жоғары жерлерді іздеуі, окуға бару, отбасылардың туысқандарына барып косылуы, т.б. Ірі көші-қон барысы саяси себептерге, атап айтқанда соғыс, мемлекеттік шекара өзгерісіне байланысты. Мысалы, мемлекеттің құлауы немесе бірігуі нәтижесінде ауқымды репатриацияның пайда болуын жатқызуға болады.

Экологиялық көші-қонға - халық қоршаған ортасы лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға - вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды игеру аймақтарына тән. Келесі мысал — маусымдық, құрылыс және ауыл шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады. Формасына қарай - ерікті және еріксіз деп бөлінеді.

Ерікті түрде көшу - өз еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан көші-қон) жағдайда болады. Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.

Еріксіз көші-қон - сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937-44 жылдар аралығында Қазақстанға корейлер, поляктар, немістер, чечендер, ингуштар, балкарлар және басқа халықтар күшпен кешіріліп әкелінді. Барлығы 1 млн адамға жеткен Сыртқы көші-қонның бірдей деңгейдегі 3 ағымы бар.

Біріншісі - ұлғаюшы ағым. Шетелден қандастардың көшіп келуі (репатриация). Ол көрші елдерде қалыптасқан. Бұл елдерде 3,5 млн қазақ бар. Көшіп келушілердің 9/10 бөлігі Өзбекстаннан, Ресейден, Қытайдан және Моңғолиядан келуде. Олар барлық аймақтарға

бөлінгенімен, көбінесе оңтүстік-батыс аймақтарда қоныстануда.

Екінші - саябырсыған ағым - орыс және украиндардың Ресейге, немістердің Германияға көшуі. Олар көбінесе Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан тұрғындары. Олардың 9/10 бөлігі Ресейде орналасуда.

Үшінші - еңбек күші ағымы (гастарбайтерлер). Батыстағы мұнай-газ өндірісіне жұмыс істеуге келгендер. Ішкі көші-қонның масштабы сыртқы көші-қоннан үш есе

артық. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап халықтың 1/3 бөлігі мекенжайын ауыстырған. Қазақстан халқы дүние жүзіндегі ең икемді халықтың бірі болып шықты.

Облыс ішіндегі көші-қонның екі ағымы бар:

1) ауыл халқының қалаға көшуі;

2) кіші-гірім қалалардан үлкен қалаға көшу.

«Қаладан - ауылға», «ауылдан - ауылға» ағымдарының мөлшері әте аз. Облысаралық көші-қон арасында 2 көшбасшы қала бар, олар - Астана және Алматы. Көшіп кеткендердің жартысы осы қалаларға қоныс тебуде. Даму әлуеті жоғары болғандықтан, бұл қалаларға көшіп келушілер саны болашақта да арта бермек. Мемлекеттің көші-қон саясаты екі мәселені шешуге бағытталған.

Бірінші мәселе - көші-қон көлемін төмендегі жағдайлар бойынша көтеру:

1) репатрианттар - қандастар;

2) реэмигранттар - бұрынғы Қазақстан азаматтары;

3) экономикалық және экологиялық жағдайы қолайсыз аудандардан көшіру.

Екінші мәселе - мемлекетті модернизациялау үшін халықты тиімді орналастыру және емір сүру сапасын жоғарылату. Бұл шаралар жаңадан шыққан «Нұрлы көш» бағдарламасында қарастырылған.

3) 45˚ с.е. пен 60˚ ш.б. нуктенң тап

4-билет:

1) Литосфера. Жердің құрылысы

Литосфера— жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) —жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген.

Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қанажер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың дамаңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температураснан жоғары болады. Ал жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді.

Көптеген планеталар массаларының Жерге қарағанда азырақ болуына байланысты, тартылыс күші де кем болады да, тығыз даәлді атмосфера қабатын ұстап тұруды қамтамассыз ете алмайды. Планета өмір сүру уақытында оның табиғаты бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Әр кезеңдерде тектоникалық іс-әрекет белсенді көріністер берген: құрлықтар мен мұхиттардың көлемі мен келбеті өзгерген, Жер планетасына космостық денелер құлаған, бірнеше рет мұз жамылғылары пайда болып, жоғалып кетіп отырған. Бұл өзгерістер органикалық дүниенің дамуына түпкілікті әсер ете қоймаған.

Географиялық қабықтың құрамына: литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера кіреді. Бақылауға мүмкін, космостық кеңістікте Жерге ұқсайтын басқа аспан денелерідәл қазірге дейін байқалмайды.

Жердің пішіні мен өлшемі

Күн жүйесінің ішінде Жер планетасы да шар тәріздес пішінге ие. Жердің шар тәріздес екендігі туралы алғаш айтқандар қатарында грек ойшылы Пифагор болды. Ал Аристотель Айдың тұтылуына бақылау жасау арқылы Жер көлеңкесінің Айға түсуінен қорытынды шығарған, яғни Жер шар тәріздес деп айтқан. Келе-келе бұл ойлар, болжамдар, есептеулер арқылы да дәлелдәнген. XVII ғасырда И.Ньютон мынадай жобалау жасаған : Жер өз білігінен айналуына байланысты полюсте арақашықтық кішірейіп, сығылады. Сөйтіп, ғалым Жер шар тәріздес пішінде деп қорытынды шығарған. XVІІІ ғасырдың ортасында полюс пен экваторға жақын жатқанмеридиандарды өлшеуде бірдей еместігін дәлелдеген. Онда экваторлық радиус полюстік радиустан 21 км-ге ұзын екендігі анықталған. Бұдан біздің Жер дәл шарға емес, эллипстік түрге ие екендігін көреміз. Ертедегі саяхатшылар да Жер шарын айналу саяхаттарында Жер шар тәріздес деген ойлар айта бастаған. Олар оны теңіздің жағасынан алыстаған сайын көкжиектің алыстан көрінуімен байланыстырады. Жердің шар тәріздігінғылыми түрде космостан түсірген суреттер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]