Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauapby_biletter_geografia_9_synyp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.61 Кб
Скачать

3)Оңтүстік Американың бір еліне қысқаша сипаттама бер

Бразилия, Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км². Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні. Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады. Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі), субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі. Өзендер көп. Бразиль қыратының оңтүстігі Уругвай мен Парана өзендері, шығысы Сан-Франсиску бассейніне жатады, солтүстік шығысында Атлант мұхитына құятын ұзын емес өзендер орналасқан (мысалы Парниаба). Парана өзенінің қасында Игуаса сарқ. орналасқан. Бразилияда басқа мемлекеттерге қарағанда, омыртқалылар мен омыртқасыздардың көп түрі бар деп есептелінеді. Маймылдардың 77 түрі, тұщы су балықтарының 3000 түрі бар. Бразилия дүние жүзінде қосмекенділерден 2-ші, құстардан 3-ші және бауырмен жорғалауыштардан 5-ші орында тұр.

24-билет:

1)Қазақстанның геосаяси жағдайы, экономикалық ықпалы

Геосаяси жағдай - елдің стратегиялық маңызы бар шет елдік мемлекеттерге, олардың одақтарына және дүние жузінің аудандарына қатысты алғандағы саяси картадағы орнын анықтайды. Бірак «елдің орны » дегенде, оның географиялық мекенжайы туралы түсінік қарастырылмайды. ГСЖ-ға баға беру - қоршаған әлемге елдің мемлекеттік(ұлттық)мүддесі тұрғысынан қалыптасатын көзқарас болып табылады. Бұл үшін ұлттық мүддені «көре білу», мүмкін болатын қауіп-қатерді айқындау және оларды болдырмауды қамтамасыз ету қажет.Қазақстанның геосаяси ерекшеліктер:

Біріншіден - минералдық ресурстар байлығы. Барланған пайдалы қазбалардың құны бойынша Қазақстан дүние жүзінде алтыншы орында.Бұл—біздің еліміздің үлкен артықшылығы,оның әлемдік позициясының негізі.Осы жағдай біздің елімізге ірі шетелдік компаниялардың келуіне әсерін тигізді.

Екіншіден, жер көлемінің ауқымды болуы немесе аумағы мен тұрғын халық санының арасындағы сәйкессіздік. Экономикалық қызметтің шағын мөлшері - елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлетін қаржының да аз көл емде болуына әсерін тигізеді.

Қазақстанның 2008 жылы қорғаныс шығыны 185 млрд теңгеден аспайды (қазіргі 6 соғыс ұшағы «Стелс» құнындай ғана).Біздің армиямызда әскери қызметкерлердің саны бар болғаны 74 мыңдай ғана.

Сондықтан ел ішіндегі «Қазақстан-2030» стратегиясы халық санын 25 млн адамға жеткізуді көздейді.

Сыртқы саясат елдің қауіпсіздігін саяси құралдар арқылы шешіуге бағытталған. Осыған байланысты Қазақстан шет елдермен қарым-қатынасын дамытып, кептеген халық аралық ұйымдарға қатысуда. Шекара бойы толығымен достас мемлекеттер белдеуіне айналды. Біртіндеп ел қауіпсіздігінің көп деңгейлі жүйесі калыптасуда. Оның бірінші деңгейінде - ЕурАзЭҚ жәнө ШЫҰ,екіншісінде - Азиядағы қарым-қатынас пен сенім шаралары жөніндегі Кеңеске(АҚСШК)мүше елдер бар.

АҚСШК-і еліміздің. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен жұмыс істейді.Оған 20-дан астам елдер катысады, оның ішінде Қытай, Ресей,Үндістан жөнө Пәкстан бар.

Қазақстанның ГСЖ төмендегідей негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады.

Біріншісі - құрлықішілік жағдайы (ашық теңізге шығу жолының болмауы).Мұның өзі елді көрші мемлекеттерге тәуелді етеді.Қазақстан осы тәуелсіздікті бәсеңдету үшін әлемдік нарыққа шығаратын жаңа қөлік «коридорларын» жасауға қатысуда.Олар барлық бағыттар бойынша - Ресей, Қытай ,Орталық,Оңтүстік—Батыс (Иран, Түркия)және Оңтүстік (Пәкстан) Азия арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Трансазия темір жолын салуға, Қазақстан - Қытай мұнай құбырларын жүргізуге қатысты.Біздің елімізде Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы Жерорта теңізіне қарай мұнай құбырын тартуға қызығушылық туып отыр.

Екінші ерекшелігі - әр түррлі мәдениеттердің, атап айтқанда -ислам (Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия),орыс және қытай мәдениеттерінің түйіскен жерінде орналасуы. АҚШ пен Еуропаның геосаясаткерлері, мәдениеттер арасындағы күрес адамзат болашағына әсер ететінін тұжырымдайды. Еліміздің үкіметі өз ішіміздегі Бейбітшілікті қамтамасыз етіп, мәдениеттердің бір-бірін толықтыруына жағдай жасауда.Үкімет халық аралық деңгейде әлемдік және ұлттық діндер Форумын өткізді.

Үшінші ерекшелігі - Еуропа мен Азияның арасында орналасуы.Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасындағы өзгеше көпі р тәрізді.Үкімет аумақтың, транзиттік мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысуда. Осыған байланысты аумақта көліктік құрылыс басталды.Қазақстан арқылы шет елдік үлкен тауарлар ағынының өтуі олардың, республик аның қауісіз болуына тәуелділігін арттырады.

Төртінші ерекшелігі - екі ірі державаның - Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы.Бұл елдер Қазақстан мен бірге ШЫҰ мүше болып табылады. Олардың елдің егемендігі мен біртұтастығының кепілі ретіне маңызы зор. Бұл ар біздің ірі сауда серіктестеріміз. Аталған мемлекеттерде 2 млн қазақ этносы тұрады. Осындай көршілік жағдаға байланысты Қазақстан екі мемлекеттің де мүдделерімен санасып, келісімге келіп отыруға тырысады.

Бесінші ерекшелік - Қазақстанның шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының(«ыстық нщтелердің») пайда болуы. Олардың ішіндегі ең қауіптісі - Ауғанстан(халықаралық террор, есірткі саудасы).Қырғызстан мен Тәжікстанда ғы(ішкі кақтығыстар), Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат) күрделі жағдайардың болуы.

Алтыншы ерекшелігі - Каспий теңіз- көлінің статусы туралы келісім жасалмаған Каспий бойы аймағындағы жағдай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]