Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauapby_biletter_geografia_9_synyp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.61 Кб
Скачать

2)Тұран жазығы

Тұран - Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді. Жер бедері мен оның пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес. Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптаскан эпигерциндік платформалық құрылым - Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонатты терриген жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген. Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-триас құмтастары мен әктастарынан, тағы басқа жыныстардың қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы - биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын қаратау. Оның ең биік нүктесі - Бесшоқы (556 м). қаратау беткейлері шатқалдармен, жыралармен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді. Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен қатарласа оның солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік және оңтүстік Ақтау созылып жатады. Олар жоғарғы бор дәуірінің әктасынан тұрады. Ақтау деп аталуы да осыдан. Биіктігі 300 м шамасында. Ақтаудан оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді Дала басталады. Ол түгелдей ұлутасты-оолитті әктастардан, Каспий жағасына таяу беті саз балшықтарынан түзілген. Олардың астында пермь-триас және одан да ежелгі дәуірлердің қатпарлығы жатыр (тереңдігі 2 - 3 км). Олардан төмен теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұңқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені - Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Маңқыстау түбегіндегі суларының көбі өте ащы, тіпті тұзды болып келеді. Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазыгы жатыр. Оның биіктігі 200-300 м. Ауданы 170 мың км². Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км. Үстірттің Қазақстанға солтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Үстірттің жер бедері тегіс, ұлутасты-оолиттік әктасы мең тұзды мергель және саз араласқан ашық түсті әктастан түзілген. Әр жерінде көлді ойысты қазаншұңқырлар кездеседі. Олар құрғап, айналасын құм (Сам, Асмантай – Матай құмдары) басқан. Мұнда да өзендер жоқ. Тұран жазығында пайдалы қазбалардан мұнай мен газ, құрылыс материалдары, ас тұзы, сода мол өндіріледі. Маңғыстау еліміздің мұнайлы аймағының бірі. Ондағы Өзен, Жетібай кеніштерінде өндірілген мұнай Қазақстаннан тысқары жерлерге де теңіз порттары арқылы тасымалдануда. Маңғыстауда және баска аймақтарда темір, мыс, фосфорит, марганец кендері ашылған. Торғай мен Іле аймақтарынан да қоңыр көмір табылған. Тұран жазығында өзен жүйесі нашар дамыған. Сырдария өзені басын Қазақстаннан тысқары жерден алады да, жолшыбай суын Орта Азия республикаларының шексіз мақта плантацияларына тартып алынып, Арал теңізіне мардымсыз су барады. Сырдария кейінгі жылдары теңізге жетпей қалып жүр.

Шу мен Талас өзендерінің жағдайы да осыған ұқсас. Олар да Қазақстан жеріне талмаусырап жетіп (суының көп мөлшерін Қырғызстан елі бөгеп алады), Мойынқұм мен Бетпақдаланың қажетін өтей алмай отыр. Торғай үстіртінің өзендері Торғай (180-бет), Ырғыз, Жыланшық жазда Қарасуларға, ұсақ көлдерге бөлініп тартылып қалады. Бұл өлкеде Обаған, Шалқар, Шалқартеңіз, Аққөл, Қопа сиякты көлдер бар. Бірақ олардың көбі тұзды. Жетісу өзендері -Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек қана тұщы. Бірақ олардың да жылдық ағыны жылдан-жылға кемуде. Тұран жазығы өзендері суының азаюы Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайын шиеленістіруде. Оларда Тұран түрлері мен Орта Азия және Орталық Азия шөлдеріне тән түрлер (қызыл жусан, теріскен, еркекшөп, жүзгін, жыңгыл, шағыр, итсигек, баялыш, сексеуіл, қара сексеуіл, қара жусан араласкан. Тұранның саздақты шөлдерін ақбөкен, қарақұйрық мекендейді, Үстіртте үстірт қойы (муфлон) кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, шағыл мысығы, қарақал мекендейді. Шөлді зонаға тән түрлерден қосаяқ, тышқан, кесіртке, құм тасбақасы, жылан да жиі ұшырасады. Іле өзені бойында ондатр жерсіндірілген. Табиғаты шөлді аймақ болғандықтан Тұран жазығының экологиялық жағдайлары тұрақсыз болып келеді. Мұнда аңызақ желдер көбірек болып, олар жердің шаңын аспанға көтеріп тұрады. Арал теңізінің тартылуы құрғаған теңіз түбінің тұзы мен сортаңы айналасын басып, жарамсыз ясерлердің көлемін ұлғайтуда. Мұндай жағдайлар жан-жануарлардың өміріне де қауіп төндіруде. Ақбөкендер мен қарақұйрықтардың қырылуы жиі кездеседі. Табиғатты осындай апаттардан қорғау мақсатында қорықтар ұйымдастырылған. Олар - Барсакелмес, Үстірт қорықтары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]