Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauapby_biletter_geografia_9_synyp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.61 Кб
Скачать

2) Қазақстанның мұздықтары. Көпжылдық тоң

Қазақстан аумағындағы мұздықтар — жер суару мен гидроэнергетиканың басты көзі. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы - Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы - 2033,3 км². Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Ол - Қазақстан жерінде жиналатын өзен ағындарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры. Қазақстан мұздықтары әдетте шағын болып келеді, Ұзындығы 1-2 км-ден 3-4 км-ге дейін, аудандары да сол шамалы. Мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталады. Қазақстандағы ең үлкен мұздық Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы, ұзындығы 14,4 ауданы 36,8 км², мұздың қалыңдығы шамамен 300 м-дей. Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы 50-100 м, ал тау беткейлерінің мұздықтары 10-30 м.

Үлкен мұздықтар республиканың ірі өзендерінің басталатын жерлерінде орналасқан. Сондықтан мұздықтардың суы тау өзендерінің қоректену көзі. Тау өзендерінің басталар жерінде суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегі 35%-ы мұздық суынан құралады.

3) Австралияның бір еліне қысқаша сипаттама бер

Австралия, ресми атауы - Австралия Одағы (ағылшынша 'Commonwealth of Australia' - латын тіліндегі australis - оңтүстік деген сөзінен шыққан) - Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 7 686 850 км², осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде алтыншы орынға ие. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон Аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Австралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары - Сидней, Мельбурн, Халқының саны 21 миллион адам. 2007 жылдың 1 шілдесіне сәйкес Австралия халқының саны 20 001 546 адам болған. Австралияның негізгі халқы Еуропадан, Америкадан қоныс аударған ағыл¬шын тілділер, оларды австралиялықтар деп толық айтуға болады, өздеріне тән құндылықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қалыптасқан.

22-билет:

1)Шығыс Қазақстан қалалары

Шығыс Қазақстанда 10 қала мен 3 кент бар.Олардың дамуы пайдалы қазбалардың игерілуімен байланысты.Қалалар Кенді Алтайда(Өскемен, Риддер, Зырян,Серебрянск) көбірек шоғырланған.Кейбір елді мекендердің іргесі ауыл шаруашылық орталықтары негізінде (Семей, Аягөз)қаланған. Өскемен - Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және әкімшілдік орталықтардың бірі. Қала негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзенінің құйылысында қаланған. - Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 % құрайды), оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі.Өскемен-түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі.Қалаға жақын маңда титан-магний комбинаты жұмыс істейді.Комбинаттың негізгі энергия көзі-Өскемен және Бұқтырма СЭС-і.Қалада металл өңдеу және машина жасау кәсіпорындары, тамақ, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсіптері бар.

Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.

Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрылығының Географиялық орталығы анықталған.

Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.

Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді.Қала халқы 300 мың адамнан астам. Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.Қалада ет комбинаты, шұға комбинаты, тігін, тоқыма және шұлық фабрикалары бар.

Риддер — Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы қала (1932 жылдан), темір жол станциясы. Іргесі 1784 жылы орыс инженер-технигі Ф.Риддер осы маңнан полиметалл кенін ашуына байланысты қаланды. 1941 жылға дейін Риддер, 1941 — 2002 жылы Лениногорск деп аталған. 1917 жылға дейін қала шетел капиталистерінің қолында болған. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы 1786 жылы Риддер кенті ретінде негізгі қаланған және кен орнын бірінші ашқан инженер Филипп Риддердің есімі берілген. ХХ ғасырдың басында кенттегі халық саны 4 мың адам болды, ең көп шоғырланған кезең 70-ші жылдары- 72 мыңнаң артып түсті. Бүгінде қалада 61,5 мың адам тұрады. Қазіргі Риддер қаласының аумағы 3387220 шаршы километрді құрайды. Тұрғыны 51,9 мың адам. Мұнда қорғасын, күміс, алтын өндіретін және түгелімен қол еңбегіне негізделген бірнеше ұсақ кеніштер мен қуаты шамалы балқыту зауытыты жұмыс істеді. Кеңес үкіметі және 2-дүниежүзілік соғысы жылдары жаңа техникамен жабдықталған қуатты кеніштер мен байыту және балқыту зауыттары салынды. Риддер Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі. Қалада “Қазмырыш” АҚ-на қарайтын қорғасын, мырыш және сирек металдар өндіретін кеніштер (Сокольный, Быструшин, Андреев, Тишинский), екі байыту комбинаты, балқыту зауыты жұмыс істейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]