- •2) Солтүстік Қазақстанның халқы
- •2) Қазақтың ғұлама ғалымы ш.Ш. Уәлиханов
- •2) Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі
- •2) Қазақстан шаруашылығының құрамы мен құрылымы
- •1) Қазақстанның климаты. Ауаның қысымы және желдер
- •Қазақстанның жер асты сулары
- •Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
- •Оңтүстік Қазақстанның эгж, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы
- •Қазақстанның биік, аласа таулы өлкелері
- •Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша сипаттама бер
- •2. Халықтың діни құрамы. Халықтың ұлттық құрамы мен
- •3) Еуразияның бір еліне қысқаша кешенді сипаттама бер.
- •1)Солтүстік Қазақстанның қалалары
- •2) Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі
- •3)Африканың бір еліне қысқаша кешенді сипаттама бер.
- •1)Батыс Қазақстан қалалары
- •2) Қазақстанның мұздықтары. Көпжылдық тоң
- •3) Австралияның бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Шығыс Қазақстан қалалары
- •2)Тұран жазығы
- •3) Солтүстік Американың бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Орталық Қазақстан қалалары
- •2)Солтүстік Қазақ жазығы. Сарыарқа
- •3)Оңтүстік Американың бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Қазақстанның геосаяси жағдайы, экономикалық ықпалы
- •2)Орал, Алтай, Жетісу Алатауы
- •3) Антарктика материгіне сипаттама бер
- •3)Қазақстанның қорықтарын кескін картаға түсір
3) Еуразияның бір еліне қысқаша кешенді сипаттама бер.
Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан —Еуразияда орналасқан мемлекет.2014 жылдың 1 наурызында елдегі тұрғындар саны - 17 202600 адам бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі. Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[5]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларна дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 63.1%, орыстар - 23.6%, украиндар - 2.9%, өзбектер - 2.8%,немістер - 1.5% ұйғырлар - 1.4%, татарлар - 1.3%, басқа халықтар - 4.3%.[7] Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[8]
Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
20-билет:
1)Солтүстік Қазақстанның қалалары
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда 23 қала мен 12 кент бар.Мұнда республикалық маңызы бар және ліміздің астанасы- Астана қаласы орналасқан.Ақмола облысының құрамында облыстық дәрежедегі 2 қала бар, олар-Көкшетау мен Степногорск. Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты..Астана-республикамыздың ірі өндірістік, ғылыми орталық.Қалада ауыл шаруашылығы машиналарын шығару, сонымен бірге тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.Павлодар — Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Тұрғыны 304,5 мың адам (2004). Қала Құлынды даласының оңтүстік-батыс шеті саналатын Ертіс өзенінің оң жағасында, теңіз деңгейінен 135 м биіктікте орналасқан. Іргесі 17 ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің маңындағы көлдерден тұз өндіруге байланысты қаланған. Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл өңдеу, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде. Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен. Электр қуатын өндіру саласында құрамында Екібастұз көміріне негізделген қуатты 3 ЖЭС және ЖЭО жұмыс істейді. Павлодар – республикадағы темір жол, өзен, автомобиль және әуе жолдары түйіскен ірі жол тораптарының бірі. Ертіс өзені арқылы Семей мен Омбы (Ресей), Өскемен және басқа қалалар арасындағы жүк және жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады.Павлодар республикадағы мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен кадрлар даярлаудың маңызды орталықтарының бірі.Петропавл (қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзененнің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 204,8 мың адам.Қалада мұнай –газ өнеркәсібі, отын-энергетика, құрал жабдық шығаруға маманданған машина жасау кәсіпорындары мен ет комбинаты бар. Қостанай — қала, Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі.
Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан.
Жерінің аумағы 8991 гектар. Тұрғыны 205,5 мың адам (2003). Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж.қаланған. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері заттары, т.б. пайда болды.Бүгінгі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комбинаты, «Большевичка» тігін, аяқ киім фабрикалары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комб-тары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон комбинаттары мен қызыл және силикатты кірпіш заттары, құрылыс-монтаж құралымдар комбинат, машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің авиақозғалтқыш, автомобиль және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу зауыттары, химия өнеркәсібінің химиялық талшық зауыты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу зауыты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комб., т.б. жұмыс істейді.
