- •2) Солтүстік Қазақстанның халқы
- •2) Қазақтың ғұлама ғалымы ш.Ш. Уәлиханов
- •2) Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі
- •2) Қазақстан шаруашылығының құрамы мен құрылымы
- •1) Қазақстанның климаты. Ауаның қысымы және желдер
- •Қазақстанның жер асты сулары
- •Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
- •Оңтүстік Қазақстанның эгж, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы
- •Қазақстанның биік, аласа таулы өлкелері
- •Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша сипаттама бер
- •2. Халықтың діни құрамы. Халықтың ұлттық құрамы мен
- •3) Еуразияның бір еліне қысқаша кешенді сипаттама бер.
- •1)Солтүстік Қазақстанның қалалары
- •2) Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі
- •3)Африканың бір еліне қысқаша кешенді сипаттама бер.
- •1)Батыс Қазақстан қалалары
- •2) Қазақстанның мұздықтары. Көпжылдық тоң
- •3) Австралияның бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Шығыс Қазақстан қалалары
- •2)Тұран жазығы
- •3) Солтүстік Американың бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Орталық Қазақстан қалалары
- •2)Солтүстік Қазақ жазығы. Сарыарқа
- •3)Оңтүстік Американың бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Қазақстанның геосаяси жағдайы, экономикалық ықпалы
- •2)Орал, Алтай, Жетісу Алатауы
- •3) Антарктика материгіне сипаттама бер
- •3)Қазақстанның қорықтарын кескін картаға түсір
1-билет:
1) География ғылымы және оның салалары
География-ең ежелгі ғылымдардың бірі . Грек тілінде гео-жер , графо-жазу . Сонымен "география" сөзі " жерді сипаттап жазу" дегенді білдіреді . Бұл атауды біздің заманымыздың бұрын ежелгі грек ғаымдары қолданған .
Ұзақ уақыт бойы география Жер бетінің табиғатын , халқын және оның шаруашылығын сипаттайтын біртұтас ғылым ретінде дамып келді . Ол тек ХІХ ғасырда ғана өзінің зертейтін бөлек нысаны бар физикалық және экономикалық география салаларына бөлінеді .
Физикалық география табиғат денелері мен құбылыстарының Жер беінде таралу заңдылықтарын және олардың себептерін зерттейді .
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы түрлерінің , көліктің , халықтардың орналасу заңдылықтарын зерттеу экономикалық географияның міндетіне жатады .
Өз кезегінде физикалық география жалпы және аймақтық салаларға бөлінеді . Жалпы физикалық география Жер беті табиғатының бүкіл Жер шарына тән жалпы ерекшелікерін зерттеумен айалысады . Ал аймақтық физикалық география Жер беті табиғатын жеке бөліктерге (материктерге , материк бөліктеріне , елдерге) бөліп қарастырады .
2) Солтүстік Қазақстанның халқы
Республика халқының 22% -ы Солтүстік Қазақстан ауданында тұрады.Еңбек ресурсы жоғарғы аудан . Экономикалық белсенді халықтың үлесі 75%, жұмыссыздардың үлесі орта есеппен 5,4% .
Қала халқының үлесі басым (63 %) . Солтүстік ауданның урбандалу деңгейі төмен (41%) және оған Ақмола облысы да (47%) жатады .
Мемлекетіміздің басқа аймақтарына қарағанда халықтың орналасуы біркелкі , орташа тығыздығы 1 км 2-ге 6,6 адамнан келеді . Ірі өзен аңғарларында халықтың орналасу тығыздығы жоғарыласа , қиыр оңтүстігіндегі ауданыдарда халық сирек қоныстанған . Аудан жеріндегі ұсақ ауылдар көбірек кездесіп , арақашықтығы бір-біріненондаған км-ге алысырақ орналасқан .
Халықтың өн діріс пен құрылыста істейтін ең көп бөлігі Павлодар обл-да , негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатындар Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрады .
3) Кескін картаға Қазақстанның аласа тауларын белгіле
2-билет:
1) Антарктика. Антарктиканың географиялық орны, зерттелуі
Антарктика-жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк . Антарктика атауының өзі «арктикаға қарама-карсы» деген мағынаны білдіреді , яғни материктің солтүстік поляр аймағына карама-қарсы орнын дәл бейнелейді . материк ауданы 12,4 млн км2 , ал қайраңдық мұздықтар мен көршілес аралдары қосып есептегенде 14 млн км2-ге жұықтайды . антарктиканың географиялық орнына байланысты мынадай табиғат ерекшеліктері бар:
Жерінің 99-ын қалың мұз жауып жатыр , мұздың орташа қалыңдығы 1720м-ге , ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы)
Антарктика-Жер шарындағы ең биік материк , оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі2040м
Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн км3 , бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80-ын құрайды .
Антарктика-Жер шарының суықтық полюсі , мұнда 1983 жылы , ғаламшарымыздағы ең төмен температура (-89,2С) тіркелген .
Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы , ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері –Бентли ойысы (-2555м)
Антарктика да сөнбеген жанартаулар бар,олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794м)
Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.
Географиялық орны:Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан , Антарктиканың қазіргі батиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа метериктеріне ұқсамайды . Ал айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен байланысты түсіндіріледі . Антарктика басқа материктерден алшақ орналасқан , олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр . Антарктика жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды . Антарктикаға жалғасып жатқан Тынық , Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатыр . Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы , тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттирдан үлкен айырмашылық жасайды . Сондықтан Антарктика жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады . Материк пен оның жағалауыдағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдық мұздықтармен құрсалған .
Қайраңдық мұздықтардң ең үлкен бөлігі Уэдделл және Рос теңіздерінде жатыр . Антарктика жағауын бойлай жіңішке материктік қайраң созылып жатыр .Қалың мұз жамылғысы әсерінен жер қыртысы қатты майысқан , қайраңдардың тереңдігі 500 метрге жетеді . Антарктика жағалаулары биік , тік мұзды жарлардан тұрады , онша тілімденбеген . Мұнда бір ғана Антарктика түбегі орналасқан . Материк пен жалғасып жатқан үш мұхиттың шеткі сулары аралдарымен қоса Антарктиканың құрамына кіреді .
Ашылу және зерттелу тарихы . Антарктика-ең соңғы ашылған материк . Белгісіз оңтүстік жердің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған . Дегенмен еуропалық теңізшілердің осы бағытта жасалған көптеген саяхаттары сәтсіздіктерге ұшырап , мақсатына жетпеген . 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп , саяхатқа шыққан . Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Дж . Кук Антарктика жағалауына біршама жақындап барған , бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан . Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса ,тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған . Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ .
Антарктиканың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор . 1819-1821 жылдары Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П.Лазарев басқарған «Восток» және «Мирный» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс энспедициясы антарктика материгі жағалауына бес рет жақындап барып , көптеген аралдары ашты . Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиканың ашылған күні болып табылады .
ХХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ , Ұлыбритания , Аустралия , Норвегия және басқа көптеген елдер Антарктиданы зерттеу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырды . Ол зерттеулер тек жағалаулармен ғана шектеліп отырды , материктің ішкі аудандары беймәлім қалпында қалып қойды . Жүйелі зерттеулер Халықаралық геофизикалық жыл (1957-1958 жылдар) бағдарламасы негізінде Ресей мен 11 ел материк пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып , бірлесе жүргізуінен басталды . Әр ел ғалымдрының басшылығымен ұйымдастырылған экспедициялар материкті бірнеше рет кесіп өтіп ,Оңтүстік полюс пен геомагниттік , « Аяқ жетпес» полюстерге жорықтар жасады , тұрақты зерттеулер мен байқаулар жүргізді . Қатал климат жағдайында зерттеушілер бір жылдан артық жұмыс жасай алмайды . Соңғы жылдары Антарктикада жүзден астам ғылыми –зерттеу орталықтарында 16 елдің зерттеушілері өзара байланыста бүкіл жыл бойы және маусымдық жұмыс жүргізуге . Халықаралық келісім бойынша Антарктика материгінде ешқандай әскери сипаттағы шаралар , ядродық қаруларды сынау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған . Антарктика табиғатты халақаралық заңдар негізінде қорғауға алынған . Сондықтан Антарктиканы ғылым мен бейбітшілік материгі деп атайды . Материк пен оның жағалауын зерттеген батыл да табанды , жігерлі де ер жүрек зерттеушілердің аттары олардың құрметіне қойылған жер атауларында мәңгіліксақталады . Антарктика табиғатын зерттеп-білу ғаламшарымыздағы тіршілік дамуыныңөткені мен болашағын түсінуге мүмкіндік береді .
