- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1.Аллергология және иммунология
- •3.Гематология
- •4.Жұқпалы аурулар
- •5. Кардиология
- •6. Клиникалық зертханалық диагностика
- •7. Клиникалық фармакология
- •8. Неврология
- •9. Нефрология
- •10.Психиатрия және наркология
- •11. Пульмонология
- •12.Реанимация және қарқынды терапия
- •13. Ревматология
- •14. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •15. Фтизиатрия
- •16. Эндокринология
- •1 Вариант
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
- •01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.
- •01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика
- •01_03_Қаз. Клиникалық фармакология
- •01_05_Қаз. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •2 Вариант
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
- •01_01_08_Қаз. Ішкі ауруларн. Нефрология, қа.
- •01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Клиникалық зертханалық диагностика, қаз.
- •01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Клиникалық фармакология, қаз.
- •01_05_Рус. Ішкі аурулар, Визуальды диагностика, қаз.
- •19 Жасар, н. Науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін:
- •01_01_01_Внутренние болезни_каз
- •01_01_02_Внутренние болезни_каз
- •01_01_03_Внутренние болезни_каз
- •01_01_04_Внутренние болезни_каз
- •01_01_05_Внутренние болезни_каз
- •01_01_06_Внутренние болезни_каз
- •01_01_06_Внутренние болезни_каз
- •01_01_07_Внутренние болезни_каз
- •01_02_Клиническая лабораторная диагностика_каз
- •01_03_Клиническая фармакология_каз
- •01_04_Реанимация и интенсивная терапия_каз
- •01_05_Визуальная диагностика_каз
- •01_06_ Фтизиатрия _каз
- •01_07_ Неврология_каз
- •01_08_Психиатрия және наркология_каз
- •01_09_ Инфекционные болезни_каз
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
- •01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.
- •01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика
- •01_03_Қаз. Клиникалық фармакология
- •01_05_Қаз. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •01_09_Инфекционные болезни рус
- •38 Жасар науқас д, белгісіз себепті анемия диагнозымен госпитализацияланған. Қанда: Нв- 42 г/л, ретикулоцит 1%, лейкоцит-0,8·109/л, тромбоцит-10·109/л. Қандай диагноз сәйкес келеді:
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_09_Жұқпалы аурулар қаз
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика
- •01_03_Қаз. Клиникалық фармакология
- •01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_05_Қаз. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •19 Жасар, н. Науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін:
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
$$$001
Бронх демікпесінің ұстамасы және демікпелік статустың бірінші сатысы арасында ажыратпа диагноз жүргізгенде неғұрлым маңызды белгі:
A) айқын цианоз
B) экспираторлық тұншығудың ауырлық дәрежесі
C) науқастың мәжбүрлік қалпы
D) эуфиллинді көк тамырға енгізудің нәтижесіздігі
E) бета 2-агонистерге рефрактерлік
{Дұрыс жауап}= Е
$$$002
Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқас қатты жөтелгеннен кейін кенеттен кеуде клеткасының оң жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Қарағанда: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алуда қалыңқы және қабырға аралықтары томпайған; перкуссияда - тимпанит. Неғұрлым мүмкін асқыну:
A) Өкпе ателектазы
B) Пневмоторакс
C) Өкпе инфаркты
D) Өкпе эмфиземасы
E) Экссудациялық плеврит
{Дұрыс жауап}= В
$$$003
48 жастағы науқасты мөлшері тәулігіне 50 мл дейінгі шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, аурудың өршуі соңғы 2 жылда жылына 3-4 ретке дейін жиілеген. Өкпесінде әлсіз тыныс, барлық алаңында құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Неғұрлым мүмкін диагноз:
A) Пневмония
B) Өкпе туберкулезі
C) Бронхоэктаз ауруы
D) Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
E) Созылмалы іріңді бронхит
{Дұрыс жауап}= Е
$$$004
Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, тез оң нәтижелі динамика неғұрлым тән:
A) Саркоидозға
B) Пневмокониозға
C) Ошақты пневмонияға
D) Милиарлы туберкулезге
E) Инфильтрациялық туберкулезге
{Дұрыс жауап}= А
$$$005
Әйел адам, 25 жаста, жүктіліктің 8-10 аптасы, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37° дейін көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Сол жақ жауырын аралығында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:
A) Ципрофлоксацин, амброксан
B) Метрогил, гентамицин
C) Лазолван, теплое питье
D) Амоксиклав, бронхолитин
E) Бромгексин, тетрациклин
{Дұрыс жауап}= С
$$$006
Науқас 53 жаста, жоғарғы бөліктің пневмониясы диагнозы қойылған. Қақырықта алтынды стафилококк анықталған. 2 апта өткенде науқастың қызуы көтеріліп, мөлшері 100 мл дейінгі жағымсыз иісті қақырық шыға бастаған. Рентгенде оң жақ өкпенің барлық жоғарғы бөлігін қамтыған деструкциялық үдеріс анықталған. Оң жақ өкпенің зақымданған бөлігінің резекциясы жасалынған. Опреациядан кейінгі кезеңде неғұрлым тиімді препарат:
A) Эритромицин
B) Экстенциллин
C) Метронидазол
D) Левофлоксацин
E) Амоксициллин
{Дұрыс жауап}= D
$$$007
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас ентігудің, жөтелдің күшейе түсуіне, жасыл-сары түсті қақырық көлемінің көбеюіне, субфебрильді температураға шағымданады. Объективті: ТЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ – минутына 92 рет. Аускультацияда: қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді тағайындау:
A) Гентамицин б/е
B) Кларитромицин per os
C) Сальбутамол к\т
D) Вентолин ингаляциялық
E) Сальбутамол ингаляциялық
{Дұрыс жауап}= В
$$$008
Өкпе тінінің іріңді-деструкциялық ыдырауы, қабырғасы жұқа ішінде сұйықтығы жоқ қуыстардың пайда болуы тән пневмонияның қоздырғышы:
A) Микоплазма
B) Клебсиелла
C) Аденовирус
D) Пневмококк
Е) Стафилококк
{Дұрыс жауап}= Е
$$$009
М. атты науқас, 38 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, әлсіздікке, дене қызуының 38°С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИ болған. Қарағанда: мойын, қолтық асты, шап аймағы лимфа түйіндері 1,5 см дейін үлкейген, ауырсынбайды. Кеуде клеткасы терісінде – түйінді эритема. Рентгенде бронхопульмональды және медиастинальды лимфотүйіндердің үлкейгендігі анықталады. Қанда: ЭТЖ-35 мм/сағ, АЛТ– 128 ед/л, АСТ–78 ед/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:
A) Саркоидоз
B) Өкпе амилоидозы
C) Ауруханадан тыс пневмония
D) Фиброздаушы альвеолит
E) Өкпенің қатерлі ісігі
{Дұрыс жауап}= А
$$$010
Науқас 55 жаста, кезеңді тұншығу ұстамаларына, айқын әлсіздікке, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» симптомдары, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорапты өкпелік дыбыс, аускультацияда – әлсіз везикулярлы тыныс. Неғұрлым мүмкін диагноз:
A) Пневмония
B) Пневмоторакс
C) Жіті бронхит
D) Өкпе эмфиземасы
E) Созылмалы бронхит
{Дұрыс жауап}= D
$$$011
Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскенде кенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімі пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін аебебі:
A) Сепсис
B) Кардиогенді шок
C) Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы
D) Инфекциялық-токсикалық шок
E) Жіті респираторлық дистресс-синдром
{Дұрыс жауап}= D
$$$012
Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:
A) Тетрациклин + метрогил + лазолван
B) Амоксиклав + гентамицин + бромгексин
C) Кларитромицин + преднизолон + бромгексин
D) Кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид
E) Цефуроксим + амброксол + ипратропиума бромид
{Дұрыс жауап}= D
$$$013
Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің рентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:
A) Ампициллин + гентамицин
B) Плазмаферез курсы + цефтриаксон
C) Ошақты санациялау + қуысқа моксофлоксацин енгізу
D) Өкпе бөлігінің резекциясы + цефтриаксон
E) Левофлоксацин + инфузиялық терапия
{Дұрыс жауап}= С
$$$014
43 жастағы науқаста 4 ай бұрын субфебрильді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу үдейтін ентігу, әлсіздік пайда болған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу барысында науқастың ентігуі күшейіп, жағдайы нашарлаған. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігінің белгілері. Неғұрлым мүмкін этиологиялық фактор:
A) Вирус
B) Саңырауқұлақ
C) Токсин
D) Паразит
E) Бактерия
{Дұрыс жауап}= В
$$$015
Гистиоцитарлық гранулеманың морфологиялық негізі болып табылады:
A) Эпителиодты клеткалар және Пирогов - Лангханс алып клеткалары.
B) Березовский – Штернберг клеткалары
C) LE-клеткалары
D) Макрофагтар
E) Эозинофилдер
{Дұрыс жауап}= E
$$$016
50 жастағы науқаста үдемелі ентігу, цианоз, «дабыл таяқшалары» тірәзді саусақтары, өкпеде крепитация анықталады. Рентгенологиялық суреті - «торлы өкпе». Болжам диагнозын қойыңыз?
A) Өкпе гистоплазмозы
B) Өкпе карциноматозы
C) Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
D) Х өкпе гистиоцитозы
E) Силикоз
{Дұрыс жауап}= С
$$$017
60 жастағы науқасты қол басы буындарының ауырсынуы мазалайды, «дабыл таяқшалары» тәрізді саусақтар анықталады. Соңғы айда құрғақ жөтел пайда болған. Рентгенограммада ұсақ ошақты милиарлық диссеминация анықталған. Бронхоальвеолярлық лаваж сүйықтығында – атипиялық клеткалар анықталады. Болжам диагнозын қойыңыз:
A) Өкпе гистоплазмозы
B) Өкпе карциноматозы
C) Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
D) Өкпе саркоидозы
E) Силикоз
{Дұрыс жауап}= В
$$$018
Пневмококктық этиологиялы пневмонияда жоғарғы белсенділікке ие антибактериялық препараттардың ішіндегі ен тиімділері:
A) Гентамицин, амикацин
B) Офлоксацин, ципрофлоксацин
C) Бензилпенициллин, экстенциллин
D) Фузидий қышқылы, ко-тримоксазол
E) Азитромицин, амоксиклав
{Дұрыс жауап}= Е
$$$019
Кондиционермен жабдықталған ірі қонақүйде жұмыс жасайтын қызметкерде дене температурасы 40°С-қа дейін жедел жоғарлаған, қалтырау, қақырықты жөтел, қан қақыру, тыныс алған кездегі кеуде клеткасының ауырсынуы, миалгия, жүрек айну, іш өту пайда болған. Рентгенографияда екі өкпеде инфильтрациялық өзгерістер анықталады. Бірнеше күн бойы бірге жұмыс жасайтын қызметкер пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Тиімді антибактериялық терапияны таңдаңыз:
A) Рифампицин+фторхинолон
B) Ванкомицин+ампицилин
C) Амоксиклав+пенициллин
D) Клиндамицин+фторхинолон
E) Цефалоспориндердің II ұрпағы
{Дұрыс жауап}= А
$$$020
61 жастағы науқас аздаған жүктеме кезіндегі ентігуге, құрғақ жөтелге шағымданады. 40 жыл бойы тәулігіне 1 қорап шылым шегеді. Қараған кезде – дене бітімі астеникалық, кілегей қабаттарының цианозы, дене салмағын жоғалту байқалады. Өкпеде қорап реңді перкуторлы дыбыс, аускультацияда – тыныстың айқын әлсіреуі, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ең тиімді бронходилататор:
A) Эфедрин
B) Аминофиллин
C) Ипратропия бромиді
D) Астмопент
E) Флинизолид
{Дұрыс жауап}= С
$$$021
45 жастағы науқас А., пневмонияға байланысты амбулаторлық ем қабылдаған,антибиотиктер қабылдаған, бірақ науқастың жағдайы жақсармаған, дене температурасы 39°Сқа дейін жоғарлаған. ЖҚА: көлемді нейтрофильдік лейкоцитоздың солға ығысуы, ЭТЖ 40 мм/сағ. Рентгенограммада: анық горизонтальдық деңгей және оның үстіндегі қараю. Науқасты емдеу тактикасын таңдаңыз:
A) Санациялы бронхоскопия, муколитиктер, антибиотиктер
B) Жүргізіліп отырған антибактериальды терапияны жалғастыру
C) Иммуностимулятор тағайындау
D) Бронходилататор, антибиотик, муколитик
E) Саңырауқұлаққа қарсы терапияны тағайындау, массаж
{Дұрыс жауап}= А
$$$022
Бронхоэктазия ауруының диагностикасында ең тиімді әдіс:
A) Кеуде клеткасының рентгеноскопиясы
B) Бронхография
C) Спирография
D) Флюорография
E) Трансторакальдық биопсия
{Дұрыс жауап}= В
$$$023
32 жастағы науқас М, бірнеше ай бойына үдемелі тентігу,дене температурасының жоғарлауы, шаршағыштық, әлсіздік мазалайды. Тексеру кезінде мойын және медиастинальдық лимфотүйіндерінің ұлғаюы анықталады. ЭТЖ – 30 мм/сағ. Болжам диагнозын анықтаныз:
A) Лимфа түйіндерінің туберкулезі
B) Саркоидоз
C) Инфекциялық мононуклеоз
D) Лимфогранулематоз
E) Бейспецификалық лимфоаденит
{Дұрыс жауап}= В
$$$024
Аурудың жедел дамуы, ылғалды сырылдар, интенсивтілігі орташа ошақты инфильтративті көлеңке, тез оң динамиканың болуы тән:
A) Саркоидоз
B) Пневмокониоз
C) Ошақтық пневмония
D) Миллиарлық туберкулез
E) Инфильтративті туберкулез
{Дұрыс жауап}= C
$$$025
38 жастағы, науқас А. дәрігерге жөтелге,соңғы 2 жылда шырышты-іріңді қақырыққа шағым айтады. 15 жасынан бастап темекі шегеді. Соңғы 3 айда жүгірген және 3 қабатқа көтерілген кезде пайда болатын ентігу мазалайды. Аускультацияда: қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар. Тиффно индексі 55%. Болжам диагнозын қойыңыз:
A) Қалталанған плеврит
B) Ошақтық пневмония
C) Созылмалы обструкциялық бронхит
D) Өкпе саркоидозы
E) Тыныс түншықпасы
{Дұрыс жауап}= C
$$$026
32 жастағы науқас М, бірнеше ай бойына ентігудің үдеуіне, дене температурасының жоғарлауы , шаршағыштыққа, әлсіздікке шағым айтады. Тексеру кезінде мойын, медиастинальды лимфоутүйіндерінің ұлғаюы анықталады. ЭТЖ – 30 мм/сағ. Квейм сынамасы оң мәнді. Преднизолон қандай дозада тағайындалады:
A) 20 мг тәулігіне
B) 30мг тәулігіне
C) 40 мг тәулігіне
D) 50 мг тәулігіне
E) 60 мг тәулігіне
{Дұрыс жауап}= А
$$$027
Стационарға 23 жастағы Е. атты курсант жеткізілді. температурасының 38,5°С дейін жоғарлауына, «тотық түсті» қақырықты жөтел, терең тыныс алғанда, жөтелгенде кеуде клеткасының ауырсынуына шағым айтады. Рентгенограммада – оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі біртекті емес қараю анықталады. Осы жағдайда эмпирикалық терапияны таңдаңыз:
A) Тетрациклин
B) Гентамицин
C) Ровамицин
D) Бисептол
E) Кефзол
{Дұрыс жауап}= С
$$$028
СПИД-пен ауыратын науқас құрғақ жөтелге,ентігуге және дене температурасының жоғарлауына шағым айтады. Рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі және екі жақты көбіне ортаңғы бөлікте орналасқан ұсақ ошақты көлеңкелер анықталады. Осы жағдайда таңтамалы препарат болып табылады:
A) Пенициллин
B) Ампициллин
C) Сульфометоксазол/триметоприм
D) Стрептомицин
E) Рокситромицин
{Дұрыс жауап}= С
«Реанимация және қарқынды терапия» пәні«Терапия» бағыты бойынша:
01_04_каз
$$$001
Қан тоқтаудың негізгі түрі:
А) қарышалар фибрилляциясы
B) қарыншалық тахикардия,пульсі бар
С) қарыншалық тахикардия,пульсі жоқ
D) асистолия
Е) электромеханикалық диссоциация
{Дұрыс жауап}= A
$$$002
Кардиогенді өкпе ісінуін емдегенде нитратар қандай мақсатпен қолданылады:
А) седативті мақсатта
B) көбік басу мақсатта
С) тырысудың алдын алу
D) жүректің оң бөлігіне қан келуді азайту
Е) жүректің оң бөлігіне қан келуді көбейту
{Дұрыс жауап}= D
$$$003
Толық атриовентрикулярлы бөгеуде дамуы мүмкін ең ауыр асқыну:
А) Фредерик синдромы
B) Уотрехауса-Фридериксенсиндромы
С) Морганьи-Адамса-Стокссиндромы
D) Клайнфельтерсиндромы
Е) Алговерсиндромы
{Дұрыс жауап}= C
$$$004
Аталған жағдайлардың қайсысында перфузионды тыныс жеткіліксіздігі дамиды:
А) жіті пневмония
B) 3 км асқан биік тауда болу
С) ӨАТЭ
D) массивті қан кету
Е) жоғары тыныс жолдарының обструкциясы
{Дұрыс жауап}= C
$$$005
60 жастағы науқаста клинико-инструменталды деректер бойынша S-T сегменті көтерілуімен жіті коронарлы синдром. Тромболитиктер тағайындалған. Препараттың дұрыс мөлшерін және атын көрстіңіз:
А) клопидогрель 75 мг
B) курантил 100 мг
С) альтеплаза 100 мг
D) гепарин 5000 ед.
Е) аминокапронқышқылы 100 мл
{Дұрыс жауап}= C
$$$006
44 жастағы науқас жүрек қағуына, қол треморы, ентігуге шағымданады. Объективті: есі анық, қалқанша безі ұлғайған. Өкпесінде тынысы барлық бөлііктерінде естіледі, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия 140 рет минутына, АҚ 100/70 мм. сын.бағ. Қабылдау бөлімі дәрігері тиреотоксикалық криз диагнозын қойды. Кризді тоқтату үшін таңдау препаратын көрсетіңіз:
А) амиодарон
B)пропроналол
С) супрастин
D)корвалол
Е) атропин
{Дұрыс жауап}= B
$$$007
Наркотикалық анальгетиктердің антагонисті болып табылады:
A)кофеин
B)кордиамин
C)налорфин, налоксон
D)бемегрид
E) пропроналол
{Дұрыс жауап}= С
$$$008
Электроболжамға көрсеткіш болып табылады:
A)синустытахикардия
B)түйінді брадикардия
C)қарыншалытахикардия
D)электро-механикалық диссоциация
E) Гиса шоғының оң аяқ блокадасы
{Дұрыс жауап}= С
$$$009
Қарыншалы фибрилляциясы өзгерісіндегі өмірге қауіпі өте жоғары аритмия:
A)қарыншалықэкстрасистолалар 20дан көп минутына
B)қарыншалық тахикардия
C)аритмия, қарынша ішілік өткізгіштіктің ұзаруымен және Гис шоқтың сол аяқтары қоршаумен қосылып
D)жыпылық аритмия
E) синусты тахикардия
{Дұрыс жауап}= А
$$$010
Клиникалық өлімнің негізгі белгісі:
A) патологиялық тыныс ырғағы, құрысу, цианоз
B)естің болмауы
C)қарашықтың кеңеюі
D)қарашық жауабының болмауы
E) АҚҚ болмауы, ұйқы артериясында тамыр соғысының болмауы
{Дұрыс жауап}= Е
$$$011
Жүрек дефибрилляциясына негізгі көрсеткіш?
A) ұйқы артериясында тамыр соғысының болмауы
B) жабық жүрек массажының 1 мин ішінде тиімділігінің болмауы
C) максимальді қарашық кеңеюі
D) ЭКГде жүрек фибрилляциясының тіркелуі
E) естің және тыныстың болмауы
{Дұрыс жауап}= D
$$$012
Жүректің тоқтауында мына дәрілер қосындысы қолданылады:
A) атропин, мезатон, гидрокарбонат натрия
B) адреналин, атропин, гидрокарбонат натрия, кальция хлорид
C)строфантин, кальция хлорид, норадреналин
D) эуфиллин, калия хлорид, гидрокарбонат натрия
E) кальция хлорид, лидокаин, мезатон
{Дұрыс жауап}= B
$$$013
Біріншілік (ерте) гемостаз ненің сақталуымен қамтамасыз етіледі?
A) Қантамырлық компоненттің және қалыпты қызмет атқаратын тромбоциттердің
B) Тіндер тургорының
C) Гемоклагуляция факторларының
D) Фибринолизиннің
E) Антикоагулянттардың
{Дұрыс жауап}=A
$$$014
Адам организмінде несепнәр синтезі қайда жүреді?
A) Бұлшық еттерде
B) Бүйректерде
C) Бауырда
D) Ішектерде, соңынан қанағысқа сіңірілуімен
E) Организмнің барлық тіндерінде аз мөлшерде
{Дұрыс жауап}=С
$$$015
Жүрек-өкпе-ми реанимациясы (ЖӨМР) бойынша шараларды науқастың қандай жайында жүргізген орынды?
A) Қырына (жанына), ұзынына жату
B) Арқасына жатқызып, бас жағын көтеру
C) Арқасымен, ұзынына жату
D) Арқасына жатқызып, бас жағын түсіру
E) Науқастың жату жайы маңызды емес
{Дұрыс жауап}=D
$$$016
Жүрек фибрилляциясы кезінде қандай шаралар ең нәтижелі болып табылады?
A) Преднизолонды көктамыр ішіне жіберу
B) Лидокаинді көктамыр ішіне жіберу
C) 1500-2000В тікелей дефибрилляция
D) Атропин сульфатын көктамыр ішіне жіберу
E) 3000-5000В тікелей емес дефибрилляция
{Дұрыс жауап}=Е
$$$017
Бүйрек жетіспеушілігінің ерте белгілерінің бірі болып табылады
A) Қанда азот, мочевина деңгейінің жоғарылауы
B) Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі
C) Зәрде эритроциттердің болуы
D) Сағаттық диурез 20 мл/сағ және тәуліктік диурездің 500мл төмендеуі
E) Зәрде лейкоциттердің болуы
{Дұрыс жауап}=D
$$$018
Фторотанмен анестезия жүргізгенде АҚҚ-ның төмендеу себебі не болып табылады?
A) Миокардқа тікелей депрессивті әсері
B) Веноздық қанның кері ағуының төмендеуі
C) Шеткі қан тамыр кедергісінің төмендеуі
D) Жүрекке рефлекторлы әсері (кезбе нерв арқылы)
E) Шеткі қантамыр кедергісінің жоғарылуы
{Дұрыс жауап }=А
$$$019
Шашыранды тамырішілік қан ұю синдромы ненің нәтижесі болып табылады?
A) Гемофилияның
B) Әртүрлі себепті гиповолемияның
C) Әрбір аса ауыр жағдайдың
D) Тамырішілік гемолиздің
E) Уланудың
{Дұрыс жауап}=В
$$$020
Натрий оксибутиратын енгізуге қандай көрсеткіш қарсы болып табылады?
A) Жарақаттық шок
B) Гипертензия синдромымен бірге жүктілік токсикозы
C) Эпилептикалық құрысу
D) Гипокалиемия
E) Миастения
{Дұрыс жауап}=D
$$$021
100%-дық оттегін 3-4 атм. қысыммен ұзақ қолдану:
A) ОЖЖ бұзылуын және тырыспаны тудырады
B) Ешқандай зиянды әсер етпейді
C) Қандай улануда болмасын жеткілікті және сенімді қорғаныс жасайды
D) 4-6 сағат бойы қауіпсіз
E) Гипоксияның барлық түрлерінде зиянды әсер етпейді
{ Дұрыс жауап }=А
$$$022
Айқын тыныс жеткіліксіздігі бар пациентке трахеостомия жасап, 100- дық оттегімен дем алдырады. Нәтижесінде дамиды:
A) Гипертензия және брадикардия
B) Тек тахикардия
C) Қысымның кенет көтерілуі және апноэ
D) Гипотензия және апноэ
E) Тырыспа
{ Дұрыс жауап }=D
$$$023
Эритроциттердің дефициті жоқ жағдайда клеткадан тыс дегидратациясы бар науқасқа төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындар едіңіз?
A) Қайнатылған тұздың гипертониялық ерітіндісі+
B) Глюкозаның изотониялық ерітіндісі
C) Консервіленген қан
D) Эритроцитарлық масса
E) Қайнатылған тұздың изотониялық ерітіндісі
{ Дұрыс жауап }=A
$$$024
Инфузионды терапия нәтижесінде науқаста гипергидратация пайда болғанда қандай препараттар қолданылады?
A) Полиглюкин
B) Лактасол
C) Стабизол
D) Салуретиктер
E) Дисоль
{ Дұрыс жауап }=D
