Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_promezhutochnye_1-1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.99 Mб
Скачать

10.Психиатрия және наркология

$$$001

Науқас М – 42 жаста. Аурулы жағдайы 18 жыл бұрын басталған. Галлюцинаторлы – сандырақ синдромы клиникасымен бірнеше рет психиатриялық ауруханада емдеуде жатқан. Ауруханадан шыққан кездерінде жұмыс істемеген, ата-анасының қамқорлығында болған. Соңғы рет психиатриялық ауруханада 2 жыл бұрын жатқан. Бастапқы кезде тұйық, қабырғаға қарап күбірлеп сөйлейді. Ал соңғы кездері мінезі біркелкі, басын төмен түсіріп, халатпен бүркеліп палатаның бұрышында отырады. Сұрақтарға сыбырлап жауап береді, жауабы жиі сұрақтың аясында ғана, кейде дәрігердің соңғы сөздерін қайталайды. Мәжбүрлеп тамақтандырғанда ғана ас ішеді. Диагноз қойыңыз.

А) Шизофрения. Қарапайым түрі.

В) Шизофрения. Гебефрендік түрі.

+С) Шизофрения. Кататониялық түрі.

Д) Маниакалды-депрессивтік психоз. Депрессивтік фазасы.

Е) Пик ауруы.

$$$002

Науқас Б, 44 жаста, 4 жыл бойы стационарлық емдеуде жатыр. Стационарға түскен кезде науқаста актуалды сандырақтың галлюцинаторлық аурулы жағдай басым болды. Дәрігердің бөлмесіне жиі келіп, «Бұл қорлауыңызды тоқтатыңыз, менің ойымды ауыстырып, бөтен адамның ойын менің басыма салып отырған аппараттан ажыратыңыз»,- деп айқайлайды. Жаңағы аппараттың қожайыны өзін аңдуға жіберді деп ойлап, қасындағы палаталас көршісін соққыга жыққан. Галоперидолмен емдегеннен кейін жағдайы жақсарған, тәртібі түзелген, дәрігермен сыпайы амандасатын болған. әңгіме кезінде әлі де оның ойын түсініп, диктофонға жазып жатқаны туралы білетінін айтады. Кейде экспериментаторлардың өзі туралы айтып жатқан дауыстарын естиді. Бірақ барлығына бей-жай қарайды, енді ол жағдайларға назар аудармайтын болғанын айтады. Диагноз қойыңыз.

А) Шизофренияның қарапайым түрі. Үздіксіз-прогредиенттік ағым. Толық емес медикаментоздық ремиссия «С» типі

+В) Параноидтық шизофрения. Үздіксіз прогредиенттік ағым. Галлюцинаторлы-сандырақтық синдром. Толық емес медикаментоздық ремиссия «С» типі

С) Инволюциялық параноид. Сандырақ синдромы

D) Параноидтық шизофрения. Эпизодтық ағым, параноидтық синдром

Е) баяу ағымды шизофрения. Неврозтәріздес түрі. Параноиялдық синдром.

$$$003

Науқас П.-22 жаста, ЖОО студенті

Психиатриялық клиникада үш мәрте емделген. Ұстамалар кезінде қудалау туралы сандырақ ойлар айтқан, көңіл күйі төмен, ауыр күналар жасағаны туралы дауыстар естіген. Емдеуден шыққаннан кейін институттағы оқуын жалғастырған, алайда, курстастары оның бойынан оғаш қылықтар байқайды: ешкіммен қатынаспайтын болған, тез ренжігіш, өте жоғары ойларға бейім. Мысалы: топ старостасы оны аңдып жүр деп ойлайды, деканатқа ол туралы жаман ақпарат беріп жүр деп санайды. Кей пәндерден үлгерімі жақсы, ал кейбір пәндерден нашар. Өзінің құлақтарын ұсқынсыз деп санағандықтан үнемі дәрігердің бас киімін киіп жүреді, түнде басына қалпақ киіп жатады. Ойлау қабілеті сіреспелі, өз ойларын қорғау кезінде дес бермейді. Диагноз қойыңыз. Клиникалық типін анықтаңыз.

А) Параноялды психопатия. Декомпенсация фазасы

В) Баяу ағымды шизофрения неврозтәріздес түрі.

С) Жабысқақ жағдайлар неврозы. Обссивтік фобиялық синдром.

+D) Параноидтық шизофрения. Тұрақты дефектімен толықтай ремиссия.

Е) Параноидтық шизофрения үздіксіз – прогредиенттік түрі, галлюцинаторлы–сандырақтың синдромы.

$$$004

Науқас Я-25 жаста, автобус жүргізушісі шұғыл көмек көрсету мақсатында психиатриянық ауруханаға жеткізілген. Ауруханаға түскен кезде: аты жөнін, жасын дұрыс айта алады. Уақыт пен орындары бағдары жоқ, өзін гаражда жүрмін деп – санайды, айналасыңдағыларды өзінің жолдастарының атымен атайды. Шеткелі шығып бір түрлі стереотиптік қимылдар жасайды. Дәрігердің одан істеп жатқан қимылы туралы сұрағанда, ол аузынан шаш алып шығып жатқанын айтады. Қасындағы адамдардың айтуынша, науқас ауырар алдында 4 сағат бойы автобус жөндеген, автобустың детальдарын бензинге салып жуған 3 күннен кейін психоздан шыққан, болған жағдай есінде жоқ. Басы ауыратын,ұйқысыздық жайында шағымдар айтады. Диагноз қойыңыз, оңалту тактикасын аңықтаңыз.

А) Шизотиптік бұзылулар, онейройдтік синдром. Нейролептиктер.

В) Жіті алкогольдік улану. Демириоздық синдром. Дезинтоксикациялық терапия. «В» тобындағы дәрумендер. Транквилизаторлар.

+С) Бензин буына жіті улану. Делириоздық синдром. Дезинттоксикациялық терапия. Транквилизаторлар.

Д) Симптоматиялық психоз. Аментивтік синдром. Нейролептиктер. Транквилизаторлар.

Е) Алкогольдік параноид. Нейролептиктер. В дәне С тобындағы дәрумендер. Транквилизаторлар.

$$$005

Клиникалық сипаттау кезінде психикалық жарақат белгісі төмендегі нышандардан білінеді.

А) Невроздан.

+В) Реактивті психоз.

С) Травматикалық церебрастения.

Д) Циклотимия.

Е) Психопатия.

$$$006

Шизофрения мен МДП-ны дефференциалды түрде жіктелген шизофренияға басым түсетін критериялар.

А) Көңіл-күйдің тәулік ішінде құбылуы.

В) Ұстамалардан кейін тұлғаның бұзылуының болмауы.

+С) Ұстамалардың аясында тұлға өзгеруінің дамуы.

Д) Мерзімдік.

Е) Әйел адам.

$$$007

Жасөспірім R –15 жаста. Әкесінің айтуынша кішкентай кезінен бері қатал тәртіпте тәрбиелеген. Тек «Темір» тәрбие ғана жақсы нәтиже береді деп санайды әкесі.

Балаға аулада жүгіріп ойнауға болмайды, өткір құралдармен жұмыс істеуге рұқсат жоқ, ата-анасы сөзсіз бағындыруға тырысқан. Мектепке алғаш барғаннан тек жақсы оқуын талап еткен, «төрттік» баға алып келгенде жазалаған. Мектеп дәрігері баланың мінез құлқының ұялшақ, қорқақ, тек қана сыныптастары емес, төменгі сынып оқушылары да жиі ренжітетін. Диагноз қою, оңалту әдісін анықтау.

+А) Тұлғаның психоастениялық бұзылуы. Отбасылық психотерапия.

В) Астениялық невроз. Психостимуляторлар, транквилизаторлар, психотерапия.

С) Обссивті – фобиялық невроз. Антидепрессанттар, психотерапия.

Д) Жеңіл дәрежелі ақыл кемдігі. Психостимуляторлар.

Е) Тұлғаның истериялық бұзылуы. Психотерапия.

$$$008

Науқас – 43 жаста, маскүнемдікпен 13 жыл бойы ауырады. Ауруханаға жатар алдында қозғалыс қозулары болған. Ауыздық автоматизмі симптомы байқалады: тұмсықтық рефлекс, кенеттен еріндерін алға қарай созу. Сонымен қатар, көздік симптомдар байқалады: нистагм, птоз, диплопия. Гудден симптомы расталған: миоз, анизокария, жарыққа реакциясы әлсіз. Өз өзімен күбірлеп сөйлейді. Жүдеу, жас шамасынан үлкен көрінеді. Дене қызуы Цельсий бойынша 40 гр. көрсетеді. Қанның жалпы анализінде- лейкоцитоз. Үлкен дәреті жиі әрі сұйық. Туыстарының айтуынша, жағдайы біртіндеп төмендей бастаған. Ұйқысыздық, есте сақтау қабілеті бұзылған, тәбеті жоғалған. Диагноз қойыңыз.

А) Корсаков психозы

В) Алкогольдік делирий

С) Алкогольдік псевдопаралич

D) Алкогольдік галлюциноз

+Е) Энцефалопатия Гайе-Вернике

$$$009

Алкоголь мен күкірт қышқылы реакциясына негізделген алкогольдік масайрау сараптамасын өткізу кезінде перманганат калий қосындысын қосқанда ерітінді түсін өзгертеді. Әдіс?

А) сұйық газ храмотография әдісі

В) Попов бойыншы алкоголь қанда немесе несепте байқалғант жағдайда

С) Карандаев бойынша қандағы алкогольді фотометриялық әдіспен анықтау

D) Мохов-Шинкаренко реакциясы

+Е) Рапопорт реакциясы

$$$0010

Наркологиялық клиникаға 40 жастағы пациент М. түсті. Әйелінің айтуынша, жұбайының маскүнемдігі ұзаққа созылған. Кейде алкогольді көтеруі нашарлайды, жүрегі айнып, лоқсиды, көп мөлшерде қабылдағанда жайсыздық байқалады, сол кезде науқас алкоголь мөлшерін азайтып қабылдауын жалғастыра береді. Тәуелділік түрін анықтаңыз.

А) Жеке алкогольдік эксцесстері

В) Төмен толеранттық фонындағы ішімдікке салыну

+С) Ұстамалы маскүнемдік

D) Маскүнемдікке салыну

Е) Псевдосалыну

$$$0011

Абстиненттік барбитураттардың психоздық алкогольдік делирийден айырмашылығы:

А) Сана қарауытуының төмен деңгейі, амнезияы болмайды

В) Күлегештік пен ақымақтық элементтері қабаттасқан секіру эффекті

С) Төсек аясымен шектеліп қоймайтын күшті қозғалыс қозулары

D) Сананың қарауыту дәрежесінің тереңдігі, психоздан шыққан кезде амнезия болмайды.

+Е) Сананың қарауыту дәрежесінің тереңдігі, психоздан кейін амнезиялы жағдай

$$$0012

Науқас 22 жаста, токсикология бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген. Есірткілік препараттарды инъекция жасау арқала қолданғаннан кейін жағдайы нашарлаған.. сананың тұнжырауы, науқастың көңіл күйітөмендеген., тері қабаты бозарған. Көз қарашығы жарыққа реакциясыз. Сонымен қатар жағы қарысып қалу байқалады.

Уланудың түрі, бұл науқасты емдеу қай дәрігердің құзырында?

А) Каннабиноидтық улану. Нарколог

+В) Опийлік улану. Нарколог

С) Первитинмен улану. Реаниматолог

D) Өте ауыр дәрежелі алкогольдік улану. Реаниматолог.

Е) Ұйықтататын препараттармен улану. Психиатр

$$$013

Науқас денесінде анық әдеттегідей емес сезім барын айтады. Бұның аталуы:

A) Иллюзия

+B) Сенестопатия

C) Метаморфопсия

D) Галлюцинация

E) Гиперестезия

$$$014

Патологиялық мастану кезіндегі жад бұзылуын атаңыз:

+A) Ретроградты амнезия

B) Тотальды амнезия

C) Гипермнезия

D) Фиксационды амнезия

E) Антероградты амнезия

$$$015

Галлюцинацияның қандай түрінде шұғыл психиатриялық көмек керек болады?

A) Жай галлюцинацияларда

B) Күрделі галлюцинацияларда

C) Комментирлеуші галлюцинацияларда

D) Нейтральдық галлюцинацияларда

+E) Императивтік галлюцинацияларда

$$$016

Инженер, 62 жаста соңғы 2 жыл бойы есте сақтау қабылетінің бұзылуы анықталады мысалы, көзілдірігін басқа да заттарды ұзақ уақыт бойы іздейді, ара тұра жылайды, өзінің өзгергенін түсінеді. Дұрыс диагнозды ата:

+A) Атеросклеротикалық деменция

B) Жабысқак синдромы

C) Ипохондриялық синдромы

D) Неврастениялық синдромы

E) Үрейлік депрессия

$$$017

Науқас К, 34 жаста, көп жылдан бері спирттік өнімдерді пайдаланады. Бірде пойызда 0,5л арақ ішіп алып, қоршаған адамдардың оны бақылап, аңдып жүргенің олардың көзқарастарынан байқап қалды. Көрші купеде оны тонауға және өлтіруге келісіп жатқандай болып естіліп түнімен ұйықтамады. Сол қорқынышпен ол пойыздан секіріп 2 аяғын сындырып алды. Болжам диагнозы:

A) Патологиялық мастану

+B) Жедел алкогольдіпараноид

C) Созылмалы алкогольдігаллюциноз

D) Алкогольды мастанумен жүретін суицидті жағдай

E) Жедел алкогольды делирий

$$$018

Науқас 32 жаста, ауруханаға келіп жүрген әкесін, грим пайдаланып, киініп алған бір адам ретінде көреді. Науқаста қандай психикалық бұзылыс болғаны:

A) Сандырақ синдром

+B) Капгр синдромы

C) Галлюцинаторлық синдром

D) Котар синдромы

E) Онейроидтық синдром

$$$019

Науқасқа анонимді наркологиялық емдеу жүргізгендеамбулаторлық картаны:

A) Анонимділік сақталуына байланысты толтырылмайды

+B) Тектің (фамилиясының) орнына реттік сан қою арқылы толтырылады

C) Басқа текпен (фамилиямен) толтырылады

D) Қаралушының келісімі бойынша толтырылады

E) Науқастың туыстарының тектерімен (фамилиясымен) толтырылады

$$$020

Жедел алкогольды галлюциноздың клиникалық көрінісінде қандай симптоматика көбіне бірге жүреді:

A) Аффективті бұзылыстар

B) Көру галлюцинацияларының басым болуы

+C) Вербальды алдау қабылдауының басым болуы

D) Өнертапқыштық жалған ойлардың болуы

E) Қозғалыс бұзылысының болуы

$$$021

Науқастың анамнезінде аффективті-сандырақты ұстамалар (7 жылға дейін ), жақсы ремиссиямен. Осы жолы түсуі 2 жеті бұрын болған жағдайының нашарлауымен байланыстырады. Ұйқысы бұзылған, көп сөзді, бір жаққа кеткісі келіп тұрады. Психикалық статусы қарағанда: қозғыш, көп сөйді. Барлық тақырыптағы әңгімеге кірісіп кетіп өзін жоғары санайды. Өзімен өзі күліп, болашаққа деген жоспары шыңдыққа сай емес. Басқа адамдардың ойын білетінің, бұның барлыға сәулелік аппарат әсерінен деп мәлімдейді. Алғашқы диагноз, және емі.

+A) Рекурренттік шизофрения. Нейролептиктер (галоперидол, аминазин), корректор.

B) Биполярлық психикалық бұзылыстар деңгейіндегі маниакальды синдромы. Литий тұздары.

C) Психооргинакалық синдром ақыл аздықпен , ноотроптар , транквилизатор.

D) Прогрессивті паралич. Антибиотиктер, седативті препараттар.

E) Кататониялық синдром, ұстама тәрізді шизофрения. Атиптік нейролептиктер.

$$$022

Науқас «психомоторлық импотенцияға» шағымданады, оның айтуы бойынша КНБ жұмысшыларының көмегімен «радиоэлектрондық құрылымдардың әсері ететіндігін айтады Сол айтылғандар осы прибор арқылы психикалық және физиологиялық процестерге әсер беретінің, оның ойын, қозғалысын басқаратының айтады, тіпті ыстық заттардың тиіп кетуі қүю беретінің айтады. Осы психикалық жағдайды ата.

A) Ұстама тәрізді шизофрения, кататониялық синдром.

B) Жәй ағымды шизофрения, Корсаков синдромы.

C) Ұстама тәрізді шизофрения, парафренді синдром.

+D) Параноидты шизофрения, Кандинский –Клерамбо психикалық автоматизм синдромы.

E) Параноидты шизофрения, галлюцинаторлы синдром.

$$$023

Науқас наркологиялық диспансерге опийлік заттарды қолданды деген күдікпен түсті. Опийн абстиненциясын қандай заттың көмегімен экпресс-әдісі арқылы анықтайды:

A) Метадон

B) Бупренорфин

C) Лево-альфаацетилметадил

+D) Налоксон

E) Трамадол

$$$024

Созылмалы алкоголизммен ауыратын науқаста емнен кейін 3 айдан соң алкогольге құмартушылығы пайда болған, жағдайы нашарлаған.Сүйемелдеу терапиясын тағайындаңыз:

A) Аминазин 300 мг/тәу-дейін

B) Амитриптилин 150 мг/тәу-дейін

C) Галоперидоладеканоат

+D) Трихопол, инсулиннің аз мөлшері

E) Седуксен, сульфат магния

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]