- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1.Аллергология және иммунология
- •3.Гематология
- •4.Жұқпалы аурулар
- •5. Кардиология
- •6. Клиникалық зертханалық диагностика
- •7. Клиникалық фармакология
- •8. Неврология
- •9. Нефрология
- •10.Психиатрия және наркология
- •11. Пульмонология
- •12.Реанимация және қарқынды терапия
- •13. Ревматология
- •14. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •15. Фтизиатрия
- •16. Эндокринология
- •1 Вариант
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
- •01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.
- •01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика
- •01_03_Қаз. Клиникалық фармакология
- •01_05_Қаз. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •2 Вариант
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
- •01_01_08_Қаз. Ішкі ауруларн. Нефрология, қа.
- •01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Клиникалық зертханалық диагностика, қаз.
- •01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Клиникалық фармакология, қаз.
- •01_05_Рус. Ішкі аурулар, Визуальды диагностика, қаз.
- •19 Жасар, н. Науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін:
- •01_01_01_Внутренние болезни_каз
- •01_01_02_Внутренние болезни_каз
- •01_01_03_Внутренние болезни_каз
- •01_01_04_Внутренние болезни_каз
- •01_01_05_Внутренние болезни_каз
- •01_01_06_Внутренние болезни_каз
- •01_01_06_Внутренние болезни_каз
- •01_01_07_Внутренние болезни_каз
- •01_02_Клиническая лабораторная диагностика_каз
- •01_03_Клиническая фармакология_каз
- •01_04_Реанимация и интенсивная терапия_каз
- •01_05_Визуальная диагностика_каз
- •01_06_ Фтизиатрия _каз
- •01_07_ Неврология_каз
- •01_08_Психиатрия және наркология_каз
- •01_09_ Инфекционные болезни_каз
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
- •01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.
- •01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика
- •01_03_Қаз. Клиникалық фармакология
- •01_05_Қаз. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •01_09_Инфекционные болезни рус
- •38 Жасар науқас д, белгісіз себепті анемия диагнозымен госпитализацияланған. Қанда: Нв- 42 г/л, ретикулоцит 1%, лейкоцит-0,8·109/л, тромбоцит-10·109/л. Қандай диагноз сәйкес келеді:
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_09_Жұқпалы аурулар қаз
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика
- •01_03_Қаз. Клиникалық фармакология
- •01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_05_Қаз. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •19 Жасар, н. Науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін:
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика
$$$001
В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына неғұрлым тән көрініс:
A) Сүйек кемігінің босауы
B) Сүйек кемігінің өзгермеуі
C) Қан түзудің барлық өсіндісінің гиперплазиясы
D) Қан түзудің мегалобластты типі
E) Қан түзудің нормобластты типі эритроидты өсіндінің тітіркенуімен
{Дұрыс жауап}= D
$$$002
Науқас 35 жаста, оң қабырға доғасы астындағы ауырлық сезіміне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: конъюнктивасы субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалы, пальпацияда сезімтал. Көк бауыры пальпацияланбайды, перкуторлық өлшемі 6 х 4 см. Анализінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л, тікелей билирубин 42,4 ммоль/л, тимол сынамасы – 8 ед., АЛТ- 1,64 ммоль/л, АСТ-1,2 ммоль/л. Иммуноферментті анализ: IgM, HBcorAg анықталған. Гепатиттің ауырлық дәрежесін көрсететін неғұрлым мүмкін көрсеткіш:
A) HBcorAg болуы
B) Жалпы билирубин деңгейі
C) Тікелей билирубин деңгейі
D) Трансаминазалар деңгейі
E) IgM болуы
{Дұрыс жауап}= D
$$$003
Науқас 19 жаста, ұнды және жармалы тамақтарды ішкеннен кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді нәжістің жиі бөлінуіне (күніне 8 ретке дейін); әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Объективті: шаштарының түскіштігі, тырнақтарының сынғыштығы және қатпарлануы, сүйектерінің ауырсынуы, полигиповитаминоз белгілері анықталады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:
A) d-ксилозамен сынама
B) Глюкозотолерантты тест
C) Ацидотест
D) Нәжісті бактериологиялық зерттеу
E) Helicobacter pylori – ге зерттеу
{Дұрыс жауап}= А
$$$004
30 жастағы науқас, гриппен ауырғаннан кейін бұлшық еттерінің ауырсынуы әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық жүктемеде ентігу, даусының міңгірлеп шығуы, дисфагия пайда болды. Объективті: епсіз жүріс, периорбитальды ісіну («көзілдірік»симптомы), бетінде, мойнында, арқасында эритемалық бөртпелер. Пальпацияда иық және сан бұлшық еттері ауырсынады, белсенді қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, ЖСЖ-100 рет/мин. АҚҚ-140/90 мм с.б.б.. Қанда: эритроциттер - 4,5 млн., Нв-110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:
A) Креатинфосфокиназаны анықтау
B) Қос тізбекті ДНК-ға антиденелерді анықтау
C) Ревматоидты факторды анықтау
D) Кардиолипинге антиденелерді анықтау
E) Жегілік антикоагулянтты анықтау
{Дұрыс жауап}= А
$$$005
Науқас 56 жаста, созылмалы маскүнемдікпен және өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауырады, қиын бөлінетін, тұтқыр, күйген еттің иісі шығатын және қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенограммада: «жайылған торлы өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қақырық анализінде неғұрлым болуы мүмкін қоздырғыш:
A) Хламидиялар
B) Клебсиелла
C) Микоплазма
D) Ішек таяқшасы
E) Пневмококк
{Дұрыс жауап}= В
$$$006
Науқас 32 жаста, әлсіздікке, тәбетінің жойылуына, терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, тері қышуына шағымданады. Анамнезінде – созылмалы гепатит В. Объективті: бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, ауырсынады; көк бауыры 6х4 см. Анализінде: АЛТ – 2,45 ммоль/л, АСТ – 1,2 ммоль/л, жалпы билирубин – 65 ммоль/л, тікелей – 46 ммоль/л, тимол. сынамасы – 7 ед. Емді таңдауда неғұрлым деректі зерттеу:
A) Сілтілі фосфатаза деңгейі
B) Трансаминазалар деңгейі
C) Зәр қышқылы деңгейі
D) НBsAg
E) Полимеразалық тізбекті реакция
{Дұрыс жауап}= Е
$$$007
52 жастағы ер адам, маскүнем, ішінің жоғарғы бөлігіндегі және кіндік аймағында ауырсыну, жүрек айну, қуырылған тамақты көтере алмау мазалағанына 3 жыл болған. Соңғы жылда диарея болғандықтан 6 кг салмақ тастаған. Майлы тамақты мүлдем қабылдамай, диетаны сақтағанда науқастың жағдайы жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылады. Креонның мөлшерін таңдауға көмектесетін неғұрлым деректі зерттеу::
A) Шиллинг сынамасы
B) d-ксилозамен тест
C) Копрограмма
D) Глюкозаға толеранттылық тестті
E) Сутегілік тест
{Дұрыс жауап}= С
$$$008
С. атты науқас, 32 жаста, әлсіздікке, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын айқын ентігуге және жүрек қағуына шағымданады. Анамнезінде: қанағыштық, жоғарғы тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары. Гемограммада: Нв – 70 г/л, эритроциттер – 3,5х1012/л, лейкоциттер – 2,5х109/л, тромбоциттер – 65х10х9/л. Стернальды пункция: сүйек кемігі аз жасушалы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу:
A) Сүйек кемігі жасушаларын цитохимиялық зерттеу
B) Сүйек кемігі жасушаларын иммунофенотиптеу
C) Спленопортография
D) Трепанобиопсия
E) Көк бауырдың пункциясы
{Дұрыс жауап}= D
$$$009
Науқас 50 жаста, жүрек аймағында күйдіріп ауырсыну, ыстықтау сазімі, аменорея мазалайды. Объективті: терісінің гиперемиясы және гипергидрозы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 100 рет/мин. АҚҚ - 140/85 мм с.б.б. ЭКГ: синусты тахикардия.ТV1-V4 тісшесінің инверсиясы. Науқас седативті препараттар, бета-блакаторлар қабылдаған, бірақ жағадайы онша жақсармаған. Емдеу тәсілін реттеуде неғұрлым деректі зерттеу әдісі: – 100/0/0. Неғұрлым тиімді тағайындау:
A) ТТГ деңгейін анықтау
B) Т3 деңгейін анықтау
C) Т4 деңгейін анықтау
D) Кольпоцитограмма
E) Пролактин деңгейін анықтау
{Дұрыс жауап}= D
$$$010
24 жастағы науқас, босанғаннан кейін кенеттен қызба, қалтыру, қалың тер пайда болды. Анамнезінде жағымсыз иісті жатырмаңындағы судың уақытынан бұрын ағып кетуі. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, этанол тесттің оң мәнді болуы. Антибактериялық және дезинтоксикациялық терапия. 4-күні терісінде петехиялы бөртпелер пайда болды, жатырдан қан кету дамыды. Науқастың қанында неғұрлым анықталуы мүмкін:
А) Тромбоцитоз
B) Гиперфибриногенемия
C) АЧТВ қысқаруы
D) ПУ қысқаруы
E) РФМК жоғарылауы
{Дұрыс жауап}= Е
$$$011
Науқас 26 жаста, бетінің және аяқтарының ісінуі, белінің және ұсақ буындарының ауырсынуы, дене қызуының 37,5оС дейін көтерілуі мазалайды. Ауруын теңізге жиі түсумен байланыстырады. Қанда: Нв-81 г/л, эр-2,8 млн., лейк-3,2 мың, тромб – 136 мың, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейк. -10 к/а, эр. – 20 – 25 к/а, гиалинді цилиндрлер- 10 к/а. Дезагреганттармен және спазмолитиктермен емдеу нәтижесіз. Емді реттеуде неғұрлым тиімді зерттеу:
A) АСЛ-О, АСГ
B) Тропоизомеразаға антиденелер
C) Антинуклеарлы антиденелер
D) Ревматоидты фактор
Е) Кардиолипинге антиденелер
{Дұрыс жауап}= С
$$$012
К. атты науқас, 17 жаста, дене қызуының 37,6°С дейін көтерілуіне, тізе және білезік буындарындағы ауырсынуғаә әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан кейін 10 күн өткенде ауырған. Объективті: тізе және білезік буындарының үстіндегі терісі гиперемияланған, ісінген, қозғалғанда буындарында ауырсыну байқаладых. Анализінде: лейкоцитоз, СРБ+++, диспротеинемия. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен емдеу курсын өткен, нәтижесі шамалы. Емді реттеуде неғұрлым деректі зерттеу:
A) АСЛ-О, АСГ
B) Райта-Хеддльсона реакциясы
C) Ревматоидты фактор
D) Антинуклеарлы антиденелер
E) LE-жасушалар
{Дұрыс жауап}= А
$$$013
Теміртапшылықты анемияға неғұрлым тән ЕМЕС зерт ханалық белгі:
A) Анизоцитоз
B) Мегалобластоз
C) Гипохромия
D) Пойкилоцитоз
E) Микроцитоз
{Дұрыс жауап}= В
$$$014
Пневмониямен ауыратын науқаста антибактериялық емнің 2 апталық курсынан кейін клиникалық зертханалық көрсеткіштері жақсармаған. Пневмонияның спецификалық сипатын дәлелдеуде неғұрлым деректі әдіс:
A) Жағындының микроскопиясы
B) Қақырықты егу әдісі
C) Флюорография
D) Компьютерлі томография
E) ПЦР – диагностика
{Дұрыс жауапт}= А
$$$015
Науқас К., 44 жаста, созылмалы пиелонефрит, СБЖ II дәрежесі диагнозымен емделуде. Осы науқаста гемодиализ жүргізу неғұрлым тиімді:
A) Калий 5 ммоль/л көп болғанда
B) Натрий 150 ммоль/л көп болғанда
C) Мочевина 10 ммоль/л көп болғанда
D) Қалдық азот 30 ммоль/л көп болғанда
E) Креатинин 1,2 ммоль/л көп болғанда
{Дұрыс жауап}= Е
$$$016
Науқас 35 жаста, кеуде клеткасының оң жағында күйдіру сезімімен кезектесетін кезеңді ауырсынуға; ауыздан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Соңғы айларда кейде дисфагия мазалайды. Пневмониямен жиі ауырады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:
A) Өңешті рентгендңк зерттеу
B) ЭКГ
C) Қанның жалпы анализі
D) ЭФГДС
E) Кеуде клеткасы органдырының рентгеноскопиясы
{Дұрыс жауап}= А
$$$017
Науқас 16 жаста, дене қызуының 40°С дейін көтерілуіне, ентігуге, жөтелге, саусақтардың ұсақ буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: бір ай бұрын түсік тастаған. Объективті: төмен нәрлі, лимфаденопатия, бет ұшында және мұрын үстінде эритема, балтыр терісінде - «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит белгілері. Қанда: эритроциттер - 2,4 млн., Нв-70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. Зәр анализінде: белок - 5,2 г/т, эритроциттер - 20-30 к/а. Қос тізбекті ДНК-ға антиденелдер – оң. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:
A) Қанды бактериологиялық зерттеу
B) Ревматоидты факторды анықтау
C) Стрептококктарға қарсы антиденелер титрін анықтау
D) Иммуноферментный анализ на урогенитальную инфекцию
E) Кардиолипинге антиденелер анықтау
{Дұрыс жауап}= Е
$$$018
Ер адам 45 жаста, оң жақ табанында қатты ауырсынуға шағымданады. Қонақта болып, көп мөлшерде ет жеп, ішімдік ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 кезінде кенеттен басталған, негізінен оң аяқтың I-II плюснефалангалық буындары ауырған. Объективті: осы буындар үстіндегі терісі қошқыл түсті, ұстағанда ыстық, қасындағы жұмсақ тіндерге жайылған, пальпацияда қатты ауырсынады, қозғалу және жүру мүлдем мүмкін емес, дене қызуы – 37,4оС. Жалпы тәжірибелік дәрігердің жүргізетін неғұрлым тиімді тактикасы:
A) Ревматоидты факторда анықтау
B) Зәр қышқылын анықтау
C) СРБ анықтау
D) Сілтілі фосфатазаны анықтау
E) LE-жасушаларын анықтау
{Дұрыс жауап}= В
$$$019
Дене қызуының жоғарылауы бір айдан көп уақыт бойы мазалап жүрген науқасты зерттегенде: қанның үлкен тамшысының микроскопиясы – теріс; Райта реакциясы – теріс; нәжісті бактериологиялық зерттеу – теріс, токсоплазмалық антигендермен РСК 1:160. Неғұрлым тиімді тактика:
А) Бюрне сынамасы
B) гриппозды антигендермен РСК
C) Бас сүйектің рентгенографиясы
D) ВИЧ-ке ИФА
E) вирусты гепатиттер маркерлеріне ИФА
{Дұрыс жауап}= D
$$$020
Науқас М., 35 жаста, күйзелістен кейін пайда болған тершеңдікке, ашушаңдыққа, арықтауға шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолды алдыға созғанда саусақтардың треморы байқалады. Жүрек шекаралары солға ығысқан, тондары күшейген, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ – минутына 150 рет, АҚҚ - 140/70 мм с.б.б. Негізгі зат алмасуы 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:
A) Қандағы электролиттер деңгейі
B) Қандағы кортизол деңгейі
C) Липидтік спектр
D) Т3, Т4, тиреотропты гормон
E) Гликозилирленген гемоглобинді зерттеу
{Дұрыс жауап}= D
$$$021
Науқас әйел 40 жаста, Бір жыл бойы АҚҚ 220/120 мм с.б.б дейін тұрақты жоғарылауы, басының ауыруы, аяқтарының кезеңді әлсізденуі, тырысулар, полиурия, жүрек аймағында ауырсыну ұстамалары мазалайды. АПФ ингибиторлары және гипотиазид нәтижесіз. Компьютерлі томография – оң жақ бүйрек үсті безі үлкейген. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:
A) Қандағы кортизол деңгейі
B) Қандағы тестостерон деңгейі
C) Қандағы электролиттер деңгейі
D) Липидтік спектр
E) Қандағы паратгормон деңгейі
{Дұрыс жауап}= С
$$$022
Науқас 19 жаста, қызыл иектің қанағаыштығына, тамағындағы ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39˚. Терісі бозғылт, көптеген петехиялар және экхимоздар. Бадамша бездерінде - некроздық жабында. Жақ асты лимфотүйіндері үлкейген. Бауыры және көк бауыры қабырға доғасына 2 см шығып тұр. Қанда: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9 лейк-29 мың, бласттар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі көрсеткіш:
A) Анемия
B) Бластемия
C) Лейкоцитоз
D) Тромбоцитопения
E) ЭТЖ жылдамдауы
{Дұрыс жауап}= В
$$$023
Науқас 45 жаста оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, әлсіздікке және еңбекке қабілетінің төмендеуіне, кезеңді сарғаюға шағымданады. Соңғы кезде аяқ-қолдарының треморы, сөйлеуінің бұзылуы, бұлшық еттердің гипертонусы пайда болған. Объективті: терісі сарғыш; бауыры үлкейген және тығызданған; офтальмоскопияда радужка айналасында жасыл түсті сақина. Зертханалық зерттеуде алмасудың неғұрлым мүмкін бұзылуы:
A) Темір
B) Мыс
C) Цинк
D) Фосфор
E) Өт қышқылдары
{Дұрыс жауап}= В
$$$024
Науқас 32 жаста, іштің оң жақ бөлігінде сыздап ауырсынуға, тәулігіне 5-6 ретке дейін сұйық нәжіске, соңғы жарты жылда 4 кг салмақ тастауына, ірі буындардағы ауырсынуға дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне шағымданады. Жіті аппендицитке күдіктенуімен бірнеше рет хирургия бөлімшесіне жатқызылған, бірақ диагноз дәлелденбемен. Тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Колоноскопия: илеоцекальды аймақта афтылар. Тоқ ішектің шырышты қабатының биопсиясында неғұрлым анықталуы мүмкін:
A) Нейтрофильді инфильтрация
B) Лимфоплазмоцитті гранулемалыр ірімшікті некрозбен
C) Лимфоплазмоцитті гранулемалар ірімшікті некрозсыз
D) Эозинофильді инфильтрация
E) Плазматикалық инфильтрация
{Дұрыс жауап}= С
$$$025
Зәр тұнбасында нейтрофилдердің болуы тән:
А) Пиелонефритте
В) Тубулоинтерстициальды нефритте
С) Гломерулонефритте
D) Тұқым қуалайтын нефритте
Е) Амилоидозда
{Дұрыс жауап} = A
$$$026
Зимницкий сынамасын бағалаңыз: күндізгі диурез — 900 мл, түнгі диурез — 300 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығының ауытқуы 1010-1026 су- тағамдық рационның сұйық бөлігі 1500 мл құрайды.
A) Сұйықтық бөлу қызметінің бұзылысы
B) Концентрационды қызметінің бұзылысы
C) Сұйықтық бөлу және концентрационды қызметінің бұзылысы
D) Қалыпқа сай
Е) Гипостенурия
{Дұрыс жауап} = D
$$$027
Өкпе абсцессіндегі қақырық:
A) Үшқабатты: көпіріктенген түссіз, кілегей; лайлы кілегейлі-іріңді сұйықтық; жасыл лайлы ірің
B) Куршман спиралдары және Шарко-Лейден кристалдары
C) Екіқабатты: серозды көпіршікті сұйықтық; жасыл-сары лайлы ірің
D) «Тотық түсті» қақырық
E) Қан ұйындылары араласқан
{Дұрыс жауап} = С
$$$028
Қақырықтағы аллергиялық компоненттің деңгейін анықтау келесі элементтерге байланысты:
A) Шарко-Лейден кристалдары және эозинофилдер
B) Куршман спиральдары
C) Лейкоцит құрамының жоғарлауы
D) Альвеолярлық макрофаг құрамының жоғарлауы
E) Атипиялық клеткалар
{Дұрыс жауап} = В
$$$029
үдемелі ентігуі бар 36 жастағы науқастың бронхоальвеолярлық сұйықтығының клеткалық құрамын зерттегенде альвеоларлық макрофагтар және нейтрофильдер құрамының жоғарлауы анықталған. Бұл өзгерістер қай ауруға тән?
A) Гемосидероз
B) Идиопатикалық фиброздаушы альвеолит
C) Саркоидоз
D) Өкпе және бронхтардағы қатерлі түзілістер
E) Аспергиллёз
{Дұрыс жауап} = В
$$$030
Зерттеуге 26 жастағы науқастың өкпе тіні әкелінді. Микроскопиялық зерттегенде эпителиоидты клеткалармен бірең-сараң Пирогов-Лангханс алып клеткалардан тұратын казеозданбаған гранулёмалар анықталған. Науқасты жүргізудің әрі қарай емдеу тактикасын тағайындаңыз:
A) Преднизолон 20 мг тәуліктік мөлшерін тағайындау
B) Туберкулезге қарсы диспансерге госпитализациялау
C) Антибактериялық терапияны тағайындау
D) Онкологтың кеңесі
E) Поливитаминдер тағайындау
{Дұрыс жауап} = А
$$$031
Науқас К., 45 жаста, ұзақ уақыт бойы физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге және субфебрильді тмператураға шағым айтады. Өкпе рентгенограммасында – сол жақ кеуде клеткасының сыртқы қырында интенсивті біртекті қараю анықталған. Плевра сұйықтығын зерттегенде: салыстырмалы тығыздығы 1020 болатын серозды сұйықтық, клеткалық құрамында лимфоцит басым. Науқасты жүргізудің әрі қарай емдеу тактикасын тағайындаңыз:
A) Сезімталдықты анықтап, антибактериялық терапия тағайындау
B) Туберкулёзге қарсы диспансерге жолдау
C) Полихимиотерапия тағайындау
D) Плевра қуысың дренирлеу және жуу
E) Кортикостероидтарды тағайындау
{Дұрыс жауап} = В
$$$032
Стеаторея негізіне қандай фермент секрециясының бұзылуы жатады:
A) α- амилаза
B) Липаза
C) Соматостатин
D) Глюкагон
E) Инсулин
{Дұрыс жауап} = В
$$$033
Науқаста алдыңғы ішперде, өңеш веналарының варикозды кеңеюі (медуза басы), асцит, спленомегалия, шажырқайдың веноздық толыққандылығы бар. Бауыр циррозының асқынуын атаңыз:
A) Бауыр жетіспеушілігі
B) Портальдық гипертензия
C) Бауыр ісігі
D) Бауыр-бүйректік жетіспеушілік
E) Бауырлық энцефалопатия
{Дұрыс жауап} = В
$$$034
Науқас Л., 64 жаста, асқазан жара ауруымен ауырады. Стационарда эпигастрий аймағының ауырсынуына, әлсіздіктің күшеюіне, тәбеттің жоқтығына шағым айтады. ЭФГДС: асқазанның кіші иінінде 1,5 х 0,8 см жара анықталды. Жараға қарсы терапия курсын бітіргеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауырсыну басылмады. Сіздің диагнозыңыз?
A) Асқазан полипі
B) Менетрие ауруы
C) Асқазанның жара-ісігі
D) Асқазанның жара ауруы
E) Асқазанның пенетрацияланған жарасы
{Дұрыс жауап} = С
$$$035
Науқас Т., 49 жаста. Бірнеше жыл бойы тамақтан кейін және ауыр көтергеннен кейін горизонтальды қалыпта күшейетін, кекіргеннен кейін әлсерейтін және қыжылмен қоса болатын, семсер тәрізді өскіннің астындағы ауырсынуға шағым айтады. Рентгенограммасында асқазанның фундальдық және кардиальдық бөліктері кеуде клеткасына ығысқан. Науқаста кенеттен кеуде артындағы ауырсынумен, қан аралас құсу пайда болған. Cіздің тактикаңыз:
A) Химиотерапия
B) Сәулелік терапия
C) Оперативті ем
D) Консервативті ем
E) Санаторлы-курортты ем
{Дұрыс жауап} = С
$$$036
34 жастағы науқас С., тамақ қабылдағаннан кейін 40-60 минуттан соң эпигастрий аймағындағы басып ауырсынуға, қышқыл кекірікке, тәбет жоқтығына, әлсіздікке шағым айтады. Екі жыл бұрын рентгенологиялық зерттеуде асқазан полипі анықталды, науқас оперативтік емнен бас тартты. Объективті: эпигастрий аймағындағы ауысыну. Қан анализінде: орташа дәрежелі гипохромдық анемия. Рентгенограммасында: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлар. Науқасқа тиімді ем тағайындаңыз:
A) Метилурацил
B) Омепразол
C) Антибиотиктер
D) Ацидин – пепсин
E) Де-нол
{Дұрыс жауап} = В
$$$037
Инфекциялық миокардиттің созылмалы формасында қандай иммуноглобулиндер класы жоғарылайды?
А) IgA
B) IgM
C) IgG
D) IgE
E) IgD
{Дұрыс жауабы}=С
$$$038
52 жастағы науқаста диагностикалық тексерулер кезінде бірінші рет АГ анықталған. Аталған өзгерістердің қайсысы нысана мүшенің зақымдануына тән:
А) Көз торы қантамырларының жайылмалы тарылуы
B) Ашқарынға қандағы глюкоза 5,5 ммоль\л
С) Қандағы холестерин 5,9 ммоль\л
D) Жоғары тығыздықты липопротеидтер> 1,2 ммоль\л
Е) Креатинин-120 ммоль\л
{Дұрыс жауабы}=А
$$$039
Артериалық гипертензиямен ауыратын 68 жастағы науқас Ж., төс артының қысып ауырсынуы және ол изокет спреймен басылмайтынына шағым айтады.Қарау кезінде жүрек тондары тынықталған, ырғақты. ЖСЖ 98 рет мин. АҚҚ 110\70 мм сын.бағ. ЭКГ да: ST V2-V6 сегменттерінің депрессиясы.Миокард инфарктісіне күдік бар.Зерттеу жоспарына қай зерттеуді қосу керек:
A) Трансаминаза
B) Тропонин Т
C) Гипергомоцистеин
D) С реактивті белок
Е) Жүрекшелік натрий уретикалық пептид
{Дұрыс жауабы}=В
$$$040
47 жастағы науқас А ., ірі ошақты миокард инфарктісімен келіп түсті.Қарау кезінде жүрек тондары тынықталған, тахикардия.ЖСЖ 100 мин, АҚҚ 130\90 мм сын.бағ. ЭхоКГ да: гипокинезия аймақтары анықталған.Зерттеу жоспарына қай зерттеуді қосу керек.
A) Трансаминаза
B) Тропониндер
C) Липидтік спектр
D) С реактивті белок
Е) Креатинфосфокиназа
{Дұрыс жауабы}=В
$$$041
Остеопорозбен зардап шегетін науқастардың лабораторлық зерттеуінде анықталуы мүмкін:
А) Қан құрамындағы кальций мөлшерінің төмендеуі және зәрмен шығуының жоғарылауы
В) Қан сарысуы құрамында сілтілі фосфатаза деңгейінің бірнеше рет жоғарылауы
С) Қан сарысуында креатинин және жалпы белоктың деңгейінің жоғарылауы
D) Гиперхромдық анемия белгілері
Е) Қан құрамындағы кальций мөлшерінің төмендеуі
{Дұрыс жауабы}=А
$$$042
Остеомаляциямен зардап шегетін науқастардың лабораторлық зерттеуінде анықталуы мүмкін:
А) Оксипролин экскрециясының деңгейінің жоғарылауы
В) Қанда кальций және фосфор деңгейінің жоғарылауы
С) Жалпы белок деңгейінің жоғарылауы және диспротеинемия
D) Лейкоцитоз
Е) Қан сарысуы құрамында сілтілі фосфатаза деңгейінің бірнеше рет жоғарылауы
{Дұрыс жауабы}=А
$$$043
Гонада дисгенезиясы синдромын анықтаудағы экспресс диагностика
А) Тәуліктік зәрдегі 17КС мөлшері
В) Қан плазмасындағы эстрогендер
С) Жыныстық хроматин
D) Қан сарысуындағы кортизол
Е) Қан сарысуындағы тестостерон
{Дұрыс жауабы}=С
$$$044
Динамикада зерттеу кезінде қандай көрсеткіш қант диабетінің компенсация сатысының маңызды критерий болып табылады:
А) С-пептид
В) Орташа тәуліктік гликемия
С) Гликозирленген гемоглобин
D) Гликемиялық тербелістің орташа амплитудасы
Е) Қандағы контриксулярлық гормонның деңгейі
{Дұрыс жауабы}=С
$$$045
Бүйрекүсті безі гиперплазиясы Иценко-Кушинга синдромымен дәлелденген ауруда бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының аденоматозын нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
А) Кортизолдың тәуліктік ырғағын зерттеу
В) Дексаметазонмен үлкен сынама жүргізу
С) Қандағы АКТГ деңгейін зерттеу
D) АКТГ тәуліктік ырғағын зерттеу
Е) L-допамен сынама жүргізу
{Дұрыс жауабы}=D
$$$046
Поллиноз кезінде терілік аллергиялық сынамалады жүргізуге болады:
А) өсімдік тозаңдану кезеңінде аурудың өршуі кезінде
В) тозаңдану кезеңі біткеннен кейін 3 күннен соң
С) тозаңдану кезеңінен тыс ауру ремиссиясы кезінде
D) жыл мезгілі және науқастың жағдайына тәуелсіз
Е) антигистаминді препараттарды қабылдау фонында
{Дұрыс жауабы}=C
$$$047
14 жастағы науқас соңғы 2 жылда көктем кезінде болатын құрғақ жөтел, көзінің қышуы, терінің құрғауы, мұрыннан кілегейлі-іріңді бөліністердің бөлінуіне шағымданады. Аллергозерттеу схемасы?
A) Аллергозерттеу-скарификационды аллергосынамалар
B) Провокационды назальді тест
C) Қанның клиникалық анализі
D) Атопиялық аллергендермен терілік аллергологиялық сынамалар
E) Мұрын қуысынан алынған секретті цитологиялық зерттеу
{Дұрыс жауабы}=A
$$$048
Науқас 16 жаста, алғаш рет аллерголог қабылдауында. Үнемі мұрын бітелуіне, түшкіруге шағымданады. 5 жаста уақытша әсерлі аденотомия (3-4 дәреже) жасалды, бір жыл ішінде аденоидит қайталанған. Үнемі виброцилмен, тамыр тарылтқыш препараттармен емделеді. Үйінде мысық, ит асырайды, ескі заттар, өсімдіктер көп. Зерттеу әдістері?
A) Қан сарысуында жалпы Ig E деңгейін анықтау
B) Провокационды назальді тест
C) Биохимиялық зерттеу
D) Бактерилогиялық зерттеу
E) Скарификационды аллергосынамалар
{Дұрыс жауабы}=E
