Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_promezhutochnye_1-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.99 Mб
Скачать

01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.

$$$001

Артериялық гипертензия, көлемді протеинурия, шумақты фильтрацияның төмендеуі неғұрлым тән:

A) Пиелонефритке

B) Бүйрек поликистозына

C) Гломерулонефритке

D) Зәр тас ауруына

E) Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзфыуы

{Дұрыс жауап}= С

$$$002

27 жастағы науқас жүрек қағу ұстамаларына және төс артындағы қысу сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен кардиология бөлімшесіне жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ- ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Эхокардиография

B) Вентрикулография

C) Коронароангиография

D) Велоэргометрия

E) ЭКГ тәуліктік мониторлау

{Дұрыс жауап}= Е

$$$003

Науқас 45 жаста қалтыраумен фебрильді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы және бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарында – петехиялы бөртпелер; «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы». Симптомдары анықталады. Тексергенде: эритроциттер - 2,9 мың, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Бронхоскопия

B) Сцинтиграфия

C) Эхокардиография

D) Буындар рентгенографиясы

E) Өкпенің компьютерлі томографиясы

{Дұрыс жауап}= С

$$$004

Жоспарлы электроимпульсті терапияны нәтижелі жүргізу үшін неғұрлым тиімді:

A) Кардиоспецификалық ферменттер деңгейін анықтау

B) Іс-шара жүргізгенге дейін антикоагулянттар тағайындау

C) Кардиоверсияға дейін 3 күн бұрын жүрек гликозидтерін тағайындау

D) ЭИТ жүргізгеннен кейін антикоагулянттарды және дезагреганттарды бермеу

E) Кардиоверсия жүргізер алдында бір күн бұрын антиаритмиялық препараттарды бермеу

{Дұрыс жауап}= В

$$$005

68 жастағы науқас тыныштықта және аздаған физикалық күштемеде пайда болатын төс артындағы басып ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде –миокард инфаркты болған. ЖСЖ – минутына 62 рет. АҚҚ – 110/60 мм. с.б.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – коронарлық созылмалы жетіспеушілік белгілері. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Кетонал

B) Кардикет

C) Дигоксин

D) Коринфар

E) Эуфиллин

{Дұрыс жауап}= В

$$$006

А. атты, 47 жастағы науқас ірі ошақты артқыдиафрагмальды миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ-минутына 110 рет. АҚҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ: гипокинезия аймағы анықталады. Тромболитиктерді тағайындау неғұрлым тиімді:

A) Алғашқы 6 сағатта

B) Алғашқы 24 сағатта

C) Екінші тәулікте

D) тыртықтану кезеңінде

E) Жіті кезеңінде

{Дұрыс жауап}= А

$$$007

Науқас 34 жаста, бас ауыруына, бас айналуына, талуға шағымданады. Объективті: жүрек табанында, төстің оң жағында систоланың ортасында ең жақсы естілетін дөрекі систолалық шу, мойын тамырларына өткізіледі. Вальсальва сынамасында шу азаяды және және тыныс алғанда өзгермейді ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүректің конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Медикаментозды ем

B) Митральды комиссуротомия

C) Трикуспидальды қақпақшаның пластиксы

D) Қолқалық қақпақшаны протездеу

E) Митральды қақпақшаны протездеу

{Дұрыс жауап}= D

$$$008

Көбінесе төстің сол жақ қырында, науқас алдыға қарай сәл еңкейіреп отырғанда жақсы естілетін Жоғары жиілікті, үрлемелі диастолалық шу неғұрлым тән:

A) Қолқа сағасының стенозына

B) Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне

C) Митральды қақпақшаның жетіспеушілігіне

D) Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозына

E) Оң жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозына

{Дұрыс жауап}= В

01_01_03_қаз.

$$$009

З. атты науқас, 43 жаста сол жақ қолға және жауырын астына берілетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, аздаған тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V4. сегментінің элевациясы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

А) Велоэргометрия

B) Коронарография

C) Вентрикулография

D) Эхокардиография

E) Позитронды-эмиссионды томография

{Дұрыс жауап}= В

$$$010

Науқас 48 жаста, ірі ошақты миокард инфарктына байланысты емделуде. 2-тәулікте кеуде клеткасында қатты ауырсыну, ентігу, аз өнімді қақырықпен жөтел, қан түкіру пайда болып, жағдайы күрт нашарлады. ЭКГ: миокардтың алдыңғы қабырғасының жіті инфаркты. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрышты қараю анықталады. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну:

A) Өкпенің ісінуі

B) Жіті аневризма

C) Жүректің тампонадасы

D) Дресслер синдромы

E) Өкпе артериясы тамырларының тромбоэмболиясы

{Дұрыс жэауап}= Е

$$$011

Науқас 19 жаста ентігуге, бас ауыруына, көз алдының "қарауытуына", аяқтарының жансыздануына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артерияларындағы пульс кернеулі, жылдам, сан арерияларында әлсіз, аз кернеулі. АҚҚ қолдарында 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында естілетін паравертебральды аймаққа берілетін әлсіз систолалық шу. Рентгенологиялық: қабырғалар узурациясы. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Фалло триадасы

B) Қолқа сағасының стенозы

C) Митральды қақпақшаның пролапсы

D) Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы

E) Қолқаның коарктациясы

{Дұрыс жауап}= Е

$$$012

Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын 30 жастағы науқаста: ортопноэ, акроцианоз; өкпенің төменгі-бүйір бөліктерінде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін дөрекі пансистолалық шу; тахиаритмия, бауырдың үлкеюі, аяқтарының ісінуі. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Диуретиктер

B) Кортикостероидтар

C) β-адреноблокаторлар

D) Кальций антагонисттері

E) Физиотенз

{Дұрыс жауап}= А

$$$013

Науқас 67 жаста, жатқан кезде пайда болатын ауыр ентігуге, кейде түнгі уақыттағы тұншығуға, аз өнімді құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше рет миокард инфаркты болған. Тексергенде: өкпе артериясында ІІ тонның акценті, өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар, гепатомегалия, аяқтарында айқын ісіну, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасында тыртықты өзгерістер. ЭхоКГ: айдау фракциясы - 36%. Алдыңғы қабырғада, пердеде, жүрек ұшында және сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Эгилок

B) Лазикс

C) Вазилип

D) Моноприл

E) Дилтиазем

{Дұрыс жауап}= В

$$$014

Науқас 73 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауырсыну ауруханаға жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізілген емнің нәтижесінде басылған. Объективті: терісі сұр түсті, суық жабысқақ тер басқан. Өкпеде – іркілісті сырылдар. Жүрек тондары тұйық, айқын тахикардия, АҚҚ 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V6 сегментінің депрессиясы. Жіті жүрек жетіспеушілігін емдеу мақсатында неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Лазикс

B) Изокет

C) Допамин

D) Промедол

E) Варфарин

{Дұрыс жауап}= С

$$$015

Науқас алға еңкейіп отырған кезде жоғары жиіліктегі ,үрлеген диастолалық шу төстің сол жақ шегімен жиі естіледі. Қандай ақауға тән:

A) Аорта сағасының стенозы

B) Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі

C) Митральді қақпақшасының жетіспеушілігі

D) Сол жақ атриовентрикулярлық тесіктің стенозында

E) Оң жақ атриовентрикулярлық тесіктің стенозында

{Дұрыс жауабы}=B

$$$016

34 жастағы науқас басының ауыруына, басының айналуына, естен тануға шағым айтады. Объ-ті: жүректің негізінде, төстің оң жағында систола ортасында, мойын тамырларына таралатын дөрекі систолалық шу естіледі.Вальсальва сынамасында шу азаяды және тынысты шығарғанда өзгермейді. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенограммада: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Қандай ем тиімді?

A) Медикаментоздық ем

B) Митральді комиссуротомия

C) Үшжармалы қақпақшаның пластикасы

D) Аорта қақпақшасын протездеу

E) Митральді қақпақшаны протездеу

{Дұрыс жауабы}=D

$$$017

Науқас 50 жаста, түңгі уақыттарда кеуденің жоғарғы бөлігінде ауыру сезімінің пайда болғанын, 15 минуттан кейін өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылатынына шағым айтады. АҚ 120\80 мм с.б.б, пульсі 82 рет минутына, тыныштық күйде ЭКГ-да ешқандай өзгерістер жоқ. Физикалық күштемемен сынама теріс нәтижелі, күштемеге толеранттығы жоғары. Ұстама кезіндегі ЭКГ-да кеуделік тіркемелерде ST сегменті жоғары көтерілген.

А) Кардиалгия

B) Нейроциркуляторлық дистония

С) Күш түсу стенокардиясы

D) Варианттық стенокардия

Е) Обструктивтік кардиопатия

{Дұрыс жауабы}=D

$$$018

53 жастағы науқас А., жүрек тұсының басып ауырсынуына , ентігуге, жүрек соғуына, шаршау, басының ауыруына шағым айтады. Ауырсыну эмоциональдік күйден кейін күшейеді , тыныш күйде және нитроглицерин қабылдағанда да басылмайды. Жатыр миомасына операция жасалған. Объ-ті: беті гиперемияланған, қозғыш және эмоциональдік тұрақсыз. ТЖ-20 рет минутына, ЖСЖ-100 рет минутына, АҚҚ- 155/75 мм.с.б. ЭКГ-да : тахикардия, Т V1- V4 теріс мәнді. Гормондық статусын зерттегенде эстрогендер деңгейі төмендегені анықталды.Аталған диагноздардың қайсысы расталады?

A) Артериялық гипертензия

B) Нейроциркуляторлық дистония

C) Алғаш анықталған стенокардия

D) Ұсақ ошақты миокард инфарктісі

E) Эндокриндік кардиомиопатия

{Дұрыс жауабы}=E

$$$019

26 жастағы науқас тұмаумен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң, ентігу ,жүрек тұсындағы ауырсынуға, дене қызуының көтерілуіне шағым айтады.Қарау кезінде:ортопноэ, балтырларында ісіну бар.Өкпеде ылғалды сырылдар,ТЖ 39 рет.Кардиомегалия.Жүрек тондары тұйықталған,3 ші тон естіледі, жүрек ұшында систолалық шу және жыбыр аритмиясы анықталады.ЖСЖ 110 рет,АҚҚ 100\60 мм.сын.бағ.Бауыры 3 см ұлғайған. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, кардиоспецификалық ферменттер жоғарылаған. ЭКГ да : 1 ші дәрежелі АВ блокада, жиілеген қарыншалық экстрасистолиялар. ЭХО КГ- да: сол жақ қарынша қуысы үлкейген. Айдау фракциясы 40 %. Төменде келтірілген диагноздың қайсысы мүмкін?

A) Экссудативті перикардит

B) Инфекциялық эндокардит

C) Жүйелі қызыл жегі

D) Ревматикалық емес миокардит

E) Жүректін ревматикалық ақауы

{Дұрыс жауабы}=Д

$$$020

42 жастағы науқас С., 1 жыл бұрын пайда болған ентігуге, оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағым айтады.Кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамасы, балтырда ісінулер қосылған.Соңғы айларда қан түкіру эпизодтары анықталған. Объективті: өкпенің төменгі бөліктерінде – ұсақ көпіршікті сырылдар.Жүрек шектері солға ығысқан.Тондары тұйықталған.ЖСЖ 90 рет мин.Жүрек ұшында систолалақ шу естіледі.ЭКГ да: жыбыр аритмиясы, тахисистолалық түрі.ЭХО КГ да: Сол жақ жүрекше – 4,4;Сол жақ қарынша КДР -8,2 .Оң жақ қарынша 3,2.Айдау фракциясы – 21 %. Диффуздық гипокинезия.Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

A) Ревматикалық емес миокардит

B) Алкогольдік кардиомиопатия

C) Ишемиялық кардиомиопатия

D) Рестрикциялық кардиомиопатия

E) Дилатациялық кардиомиопатия

{Дұрыс жауабы}=Е

$$$021

19 жастағы науқас Т., реанимация бөлімшесіне клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Жаттығу кезінде кенет есін жоғалтқан, жүрек тоқтауы анықталған. Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеген. Аутопсияда қарынша аралық перденің жоғарғы 3\1 нің айқын гипертрофиясы және сол жақ қарыншаның айқын обструкциясымен кардиомегалия анықталды.Өлімге әкелген себепті атаңыз:

A) Жүрекшелер фибриляциясы

B) Қарыншалар фибриляцисы

C) Қарынша үстілік тахикардия

D) Атриовентрикулярлық блокада

E) Синус түйінінің әлсіздік синдромы

{Дұрыс жауабы}=В

$$$022

Қандай ауру рентгенологиялық зерттеу кезінде жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, контурының тегістелуі, жүрек мықынының жоғалуы, пулсацияның әлсіреуімен көрініс беруі мүмкін?

A) Плеврит

B) Пневмония

C) Перикардит

D) Қолқа анивризмасы

E) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

{Дұрыс жауабы}=С

$$$023

65 жастағы науқастың жедел жәрдем бригадасы трансмуральды миокард инфарктісі, кардиогенді шок жағдайында жеткізілуі қай жағдайда дамиды:

A) Біріншілік инфаркт

B) Айдау фракциясы 50 % дан жоғары

C) Артқы қабырғасында орналасуы

D) Тыртықты өзгерістердің болмауы

E) Миокард массасының 40 % дан артық зақымдануы

{Дұрыс жауабы}=Е

$$$024

78 жастағы науқас К., төс артындағы қысып ауырсынуға және бір қабатқа көтерілгенде пайда болатын ентігуге , жүрегінің шалыс соғуына шағым айтады.Миокард инфарктісімен ауырған.Объективті: Өкпеде ылғалды сырылдар. ЖСЖ 106 рет мин. АҚҚ 170\100 мм сын. бағ. Тропанин Т – теріс. Холестирин – 6,2 ммоль\л.ЭКГ: Сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйір қабырғасының тыртықты өзгерістері. ЭХО КГ : айдау фракциясы- 49,6 %. Гипокинезия аймақтары сол жақ қарыншаның алдыңғы, пердеаралық ,ұшы, бүйір қабырғасында орналасқан. Созылмалы қан айналым жеткіліксіздігін дәлелдейтін симптомдарға жатады:

A) Жүректің шалыс соғуы

B) Іркілісті ылғалды сырылдар

C) Төс артының қысып ауырсынуы

D) ЭКГ дағы тыртықты өзгерістер

E) ЭХО КГ да гипокинезия аймақтары

{Дұрыс жауабы}=В

$$$025

Науқас С., 43 жаста төс артындағы ауырсыну, ауырсынудың сол жақ қолға және жауырын астына берілу шағымдарымен келіп түсті. Қарау кезінде : Жүрек тондары тынықталған, аздаған тахикардия . АҚҚ 110\70 мм сын.бағ. ЭКГ да: ST V2-V4 сегментінің элевациясы. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы дұрыс.

A) ЧПЭС

B) Коронарография

C) Вентрикулография

D) Миокард сцинтиграфиясы

Е) Позитронды-эмиссионды томография

{Дұрыс жауабы}=В

$$$026

Созылмалы толық АВ блокадасының дистальды типінде нені пайдаланған дұрыс:

A) Тұрақты ЭКС

B) Электримпульсті терапия

C) Уақытша, кейін тұрақты ЭКС

D) Жүрекшелердің өңеш арқылы ЭКС

Е) Қарқынды гемодинамикалық бұзылыстар кезінде уақытша ЭКС

{Дұрыс жауабы}=А

$$$027

СССУ кезінде ЭКС имплантациялаудың қайсысы дұрысы :

A) Морганьи-Адамс-Стокс ұстамаларында

B) Ұзақ (2-3 сек көп) спонтанды синус үзілісі

C) Ауыр ағымды қарыншалық тахикардия ұстамаларында

D) Атропин және симпатомиметиктермен емдеудің тиімсіздігі

Е) Тромбоэмболяда

{Дұрыс жауабы}=С

$$$028

Науқас Г., 27 жаста кардиология бөлімшесіне жүректің қатты соғу, есін жоғалту эпизодтары және төс артындағы қысу сезімі шағымдарымен жеткізілді. Объективті: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты. ЖСЖ-88 рет ми. АҚҚ-90/60 мм сын.бағ. ЭКГ да: ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т- өзгермеген. Қандай зерттеу әдісін бірінші жүргізу керек?

A) Эхокардиография

B) Венртикулография

C) Коронароангиография

D) Электроэнцефалография

Е) Тәуліктік ЭКГ мониторнигі

{Дұрыс жауабы}=Е

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]