Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_promezhutochnye_1-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.99 Mб
Скачать

01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.

$$$001

М. атты, 48 жастағы науқас тәулігіне 5-6 ретке дейін мазалайтын тұншығу қстамаларына, шырышты көбікті қақырықпен жөтелге шағымданады, тұншығу ұстамасы түн сайын мазалайды. Қарғанда: ТАЖ – минутына 26 рет. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 55%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ II

B) Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II

C) Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ II

D) Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ III

E) Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ III

{Дұрыс жауап}= А

$$$002

К. атты, 45 жастағы науқас, тыныс шығарудың қиындауымен айқын ентігуге, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: ТАЖ минутына 25 рет, ЖСЖ минутына 95 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., өкпе аускультациясында – өкпенің барлық алаңында әлсіз тыныс, жайылған ысқырықты сырылдар, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы – қалыпты деңгейден 50%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Жүрек демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі

B) Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II

C) Бронх демікпесі, жеңіл дәрежесі, өршуі, ТЖ I

D) Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ III

E) Бронх демікпесі, демікпелік статус, ТЖ IV

{Дұрыс жауап}= В

$$$003

38 жастағы науқасты тұншығу ұстамасы, экспираторлық ентігу ұзақ уақыт бойы мазалайды. Тұншығу ұстамаларын беротекпен емдейді, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдайды. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 65%. Осы науқас үшін неғұрлым тиімді базисті терапия:

A) Теотард

B) Атровент

C) Будесонид

D) Сальмотерол

E) Дексаметазон

{Дұрыс жауап}= С

$$$004

Науқас 42 жаста, бронх демікспесімен ауырады, аптасына бірнеше рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін бір айға жуық уақыт бойы тұншығу ұстамалары болмаған. Дәрігерге қаралар алдында жөтел және беротекпен басылмаған ентігу пайда болған. Түнде жағдайы нашарлаған. Қарағанда: науқас мәжбүрлік қалыпта, ентігу айқын, дистанциялық сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

A) фенотерол к\т, оттегі

B) вентолин небулайзер арқылы, оттегі

C) преднизолон к\т 30-60 мг, оттегі

D) преднизолон к\т 30 мг, эуфиллин к\т, оттегі

E) метилпреднизолон 120 мг, фенотерол к\т, оттегі

{Дұрыс жауап}= Е

$$$05

М. атты науқас, 48 жаста, тәулігіне 6-8 ретке дейін болатын тұншығу ұстамаларына, тәулігіне 4 рет қолданған сальбутамол ингаляциясының әсер етпеуіне шағымданады. Қарағанда: ТЖ – минутына 30 рет. Тынысы әлсіреген, кейбір жерлерде естілмейді. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Бронхты демікпе, ауыр ағымды, өршуі, ТЖ II

B) Бронхты демікпе, орташа дәрежелі, өршуі, ТЖ II

C) Бронхты демікпе, ауыр ағымды, демікпелік жағдай

D) Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ III

E) Бронхты демікпе, ауыр дәрежелі, өршуі, ТЖ III

{Дұрыс жауап}= Е

$$$006

Ауылшаруашылық жұмысшысында шөппен жұмыс істегеннен кейін бірнеше сағат өткенде аралас сипатты ентігу, қалтырау, дене қызуының 390С дейін көтерілуі, аз өнімді кейде қан аралас қақырықпен жөтел пайда болды. Қан сары суында: преципитирлеуші антиденелер. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Созылмалы бронхит, өршуі

B) Микоплазмалық пневмония

C) Аспергиллез

D) Экзогенді аллергиялық альвеолит

E) Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

{Дұрыс жауап}= D

$$$007

Науқас 57 жаста, орташа ауырлық дәрежесіндегі персистирлеуші бронх демікпесімен және ІІ дәрежелі қатер тобы ІІ артериялық гипертензиямен ауырады. АҚҚ төмендету мақсатында үнемі эднит 5мг тәулігіне екі рет және индапамид 2,5 мг күн ара қабылдайды. Тұншығу ұстамаларын емдеуде беротек күніне 1-2 рет 2-3 мөлшерлі дозада қабылдайды. Жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралды, шағымдары: тұрақты сипаттағы мазасын алатын құрғақ жөтел. Тұрақты құрғақ жөтелдің неғұрлым мүмкін себебі:

A) Индапамидтің қосымша әсері

B) Беротектің қосымша әсері

C) Эдниттің қосымша әсері

D) Беротек мөлшерінің жеткіліксіздігі

E) Кіші қан айналым шеңберінде іркілістің қалыптасуы

{Дұрыс жауап}= С

$$$008

К. атты науқас, дезодорант қолданғаннан кейін ерін аймақтарында ісіну, мұрын-ерін қыртысының тегістелуі пайда болды. Біртіндеп ісіну бүкіл бетіне және мойнына жайылды, тыныс алуы қиындады. Объективті: терісі бозғылт, беті және мойны ісінген, ТЖ минутына 24 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., ЖСЖ минутына 90 рет. Тынысы әлсіз везикулярлы, аздаған құрғақ сырылдар. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Атропин

B) Адреналин

C) Преднизолон

D) Сальбутамол

E) Кетотифен

{Дұрыс жауап}= С

$$$009

Тыныс тұншықпасымен ауыратын науқаста ұстаманы басу үшін қолданылады:

A) Ингаляциялық глюкокортикостероидтар

B) Ингаляциялық бета 2-агонисттер

C) Кромондар

D) Антибиотиктер

E) Қабынуға қарсы препараттар

{Дұрыс жауабы}=B

$$$010

Кілегейдің кайталамалы кандидозының көрінісі болып табылады?

А) Фагоцитоз жетіспеушілігі

В) Иммунитеттің Т-клеткалық қатарының жетіспеушілігі

С) Комплемент жүйесі жетіспеушілігі

D) Ауыр қосарланған иммунды жетіспеушілігі кезінде

E) В-гуморальды иммунитет жеткіліксіздігі

{Дұрыс жауабы}=B

$$$011

Астматикалық статуста преднизолонның әсер етпеуінің себебі:

A) Индивидуальды көтере алмаушылық

B) Бұрын преднизолонды артық қабылдау

C) Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты қызметінің төмендеуі

D) Жүйелі артериальды гипертензияның болуы

E) Бронхтарда кілегей тығынның болуы

{Дұрыс жауабы}=E

$$$012

Атопиялық дерматит кезінде қай иммунноглобулин деңгейі жоғарлайды?

А) IgA

B) IgE

C) IgG

D) IgM

E) IgF

{Дұрыс жауабы}=D

$$$013

Қанда жоғары эозинфилия тудыратын есекжемнің себебі:

А) Үйдегі шаң тозаңдар

В) Тағамдық аллергия

С) Созылмалы инфекция ошақтары

D) Құрттық инвазия

Е) Химиялық тітіркендіргіштер

[(Дұрыс жауабы}=D

$$$014

Науқас шағымдары: мұрыннан кілегейлі бөліністер, мұрынның қышуы, түшкіру, ұйқының бұзылысы, соңғы 3 күнде жасаурау. Мұндай өршу 2 апта бұрын қонаққа барғанда байқалған, онда мысық болған. Қазіргі кезде үйінде мысық бар. Болжам диагнозы: интермиттирлеуші аллергиялық ринит. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдіс қажет:

A) Қан сарысуындағы иммуноглобулин Е деңгейін анықтау

B) Бронхоскопия

C) Аллергендермен аллерген спецификалық иммунотерапия

D) Спирография

E) Эндоскопия

{Дұрыс жауабы}=A

$$$015

Науқаста 2 жыл көлемінде сәуір-мамыр айларында көздің қышуы, қызаруы, жасаурауы, мұрыннан іріңді бөліністер болған. ЛОР бөлімшесінде қайталамалы гайморитпен емделген. Осы жылдың мамыр айында қатты мұрыннан су ағу байқалған. Диагнозын дәлелдеуге қажетті зерттеу әдістері:

A) Скарификациялық тесттер-терішілік тесттер

B) Гүлдену сезонынан тыс аллергозерттеу - скарификациялық аллерго сынамалар

C) Апликациялық тест- конъюнктивальды тест

D) Гүлдену сезонынан тыс аллергозерттеу - Апликациялық тест

E) Скарификациялық тесты- конъюнктивалды тест

{Дұрыс жауабы}=B

$$$016

Егер науқаста тыныс тұншықпасының белгілері күнделікті байқалатын болса, тыныс тұншықпасының ауырлық дәрежесін анықтаңыз, ТСТ1 қалыптыдан 57%?

A) Жеңіл интермиттерленген

B) Жеңіл персистенген

C) Орташа ауыр

D) Ауыр

E) Өте ауыр

{Дұрыс жауабы}=B

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]