Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_promezhutochnye_1-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.99 Mб
Скачать

01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.

$$$001

Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 5 жыл бұрын босанғаннан кейінгі кезеңде бел аймағындағы ауырсыну, қызба, дизурия болған. Объективті: температурасы 370С, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: лейк. – 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер бүкіл көру аймағында, эритроциттер – сілтісізденген және өзгермеген к/а 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин жасушалары. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Бүйректің қатерлі ісігі

B) Пиелонефрит

C) Бүйрек амилоидозы

D) Бүйрек поликистозы

E) Гломерулонефрит

{Дұрыс жауап}= В

$$$002

36 жастағы науқасты бетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі мазалайды. Анамнезінде - туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3 к/а. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A) Хромоцистография

B) Экскреторлы урография

C) Бүйректің компьютерлі томографиясы

D) Бүйректі ультрадыбыстық зерттеу

E) Тік ішек шырышты қабатының биопсиясы

{Дұрыс жауап}= Е

$$$003

М. атты науқас, 47 жаста, айқын әлсіздікке, бас ауыруына, шөлдеуге, тәбетінің нашарлауына, арықтауына, аяқтарындағы ісінулерге шағымданады. Об-ті: төмен нәрлі, терісі сарғыш реңді бозғылт, беті ісіңкіреген, балтыры, табандары ісінген. Қанда: эр-2,0 млн, Нв-70 г/л., лейк-5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Қандағы қант – 11,4 ммоль/л. Зәр анализі: сал. тығ.-1012, белок-1,5 г/л, лейк-4-5 к/а, эр-18- 20 к/а. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Цитостатиктер

B) Антибиотиктер

C) Дезагреганттар

D) Антикоагулянттар

E) Глюкокортикоидтар

{Дұрыс жауап}= С

$$$004

В. атты, 42 жастағы науқаста бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, АҚҚ - 200/ 120 мм с.б.б., креатинин - 0,670 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Антибактериялық терапия

B) Преднизолонмен пульс-терапия

C) Цитостатиктер

D) Гемодиализ

E) Бүйрек трансплантациясы

{Дұрыс жауап}= D

$$$005

Науқас 24 жаста, бас ауыруы, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы мазалайды. Ауырғанына 10 жыл болған. Объективті: бозғылт, терісінде қасыған іздер, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. ЖСЖ - 100/мин. Қанда: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Зәр анализінде: сал. тығ.-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 к/а, эрит – 20-25 к/а. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну:

A) Бүйректің жіті жетіспеущілігі

B) Бүйрекің созылмалы жетіспеушілігі

C) ТДҚҰ-синдром

D) Бауыр жетіспеушілігі

E) Гипертониялық криз

{Дұрыс жауап}= В

$$$006

Науқас 43 жаста, әлсіздікке, ентігуге, бетінің, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Астыңғы жақ сүйектің остеомиелитімен көп жылдан бері ауырады. Объективті: терісі бозғылт, макроглоссия, гепатоспленомегалия. Қанда: диспротеинемия гипоальбуминемиямен. Осы патологиядағы зәр синдромына неғұрлым тән:

A) Цилиндрурия никтуриямен

B) Бактериурия лейкоцитуриямен

C) Протеинурия лейкоцитуриямен

D) Микрогематурия цилиндруриямен

E) Протеинурияның "бос тұнбамен" үйлесуі

{Дұрыс жауап}= Е

$$$007

Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, ауырсынулы жиі зәр шығаруға, дене қызуының 39С көтерілуіне, қалтырауға шағымданады. Суық тигіннен кейін ауырған. Объективті: АҚҚ-160/80 мм с.б.б. Пульс-минутына 90 рет. Оң жақ бел аймағында ұрғылау симптомы оң мәнді. Қанда: лейк-10,2 мың, ЭТЖ-32 мм/сағ. Зәр анализінде: бұлыңғыр, сал. тығ.-1018, белок-0,036 г/л, лейкоциттер – бүкіл көру аймағында. Неғұрлым тиімді тағайындау::

A) Аминохинолин қосындылары

B) Антибиотиктер

C) Преднизолон

D) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

E) Сульфанидамидтер

{Дұрыс жауап}= В

$$$008

Гломерулонефритпен ауыратын науқасқа қрамында төмен молекулалы гепарині бар терапия жүргізілуде (фраксипарин). Емнің екінші күні гематурия пайда болды. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Фраксипаринің орнына гепарин-сульфат

B) Фраксипаринмен емді жалғастыру

C) Фраксипариннің орнына индометацин

D) Фраксипариннің орнына гемостатикалық терапия

E) Фраксипариннің орнына дезагреганттар

{Дұрыс жэауап}= В

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]