Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_promezhutochnye_1-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.99 Mб
Скачать

01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.

$$$001

2 типті қант диабеті компенсациясының неғұрлым мүмкін критерийі:

A) HbA1с деңгейі 8,0 %

B) HbA1с деңгейі  9,5 %

C) Зәрдегі глюкоза деңгейі  0,5 %

D) Қандағы холестерин деңгейі  6,0 ммоль/л

E) Глюкозаның ашқарынғы қандағы деңгейі  7,0 ммоль/л

{Дұрыс жауап}= Е

$$$002

Науқас 17 жаста, дене салмағының жоғарылауына, бір жыл бойы менструация циклінің бұзылуына шағымданады. Сүт бездерінің, ішінің, санының терісінде қошқыт түсті стриялар. АҚҚ - 140/90 мм с.б.б. Глюкозаға толеранттылық тестті: аш қарынға – 4,5 ммоль/л; глюкозамен жүктеме жасалғаннан кейін 2 сағат өткенде – 8,6 ммоль/л. КТ: екі жақ бүйрек үсті безінің гиперплазиясы. Қандағы кортизол деңгейі сағат 8-де -1060 нг/л (қалыптыда – 260-720 нг/л), сағат 14-те -1250 нг/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Церебральды семіздік

B) Иценко-Кушинг ауруы

C) Гипоталамиялық синдром

D) Штейн-Левенталь синдромы

E) Экзогенді-конституциялық семіздік

{Дұрыс жауап}= В

$$$003

Науқас АҚҚ 300/130 мм с.б.б. дейін көтерілуімен қабылдау бөліміне жеткізілді. Криз тахикардиямен, полидипсиямен, бұлшық еттік дірілдеумен, қорқыныш сезімімен бірге өтеді. Қан анализінде: глюкоза 20 ммоль/л дейін. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Кона синдромы

B) Иценко-Кушинг синдромы

C) Феохромоцитома

D) Эссенциальды артериялық гипертензия

E) Екіншілікті гиперальдостеронизм

{Дұрыс жауап}= С

$$$004

К. атты науқас, 24 жаста айқын салмақ тастағанына (бір ай ішінде 9 кг), аузының құрғауына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруына, жүрек айнуына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, алақандары және табандары сарғыш реңді, фурункулез. Зәр анализінде қант - 2,9% және ацетон. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) бигуанидтер

B) сульфаниламидтер

C) инсулинді қоспалар

D) қысқа әсерлі инсулин

Е) ұзақ әсерлі инсулин

{Дұрыс жауап}= D

$$$005

17 жастағы жасөспірімде І дәрежелі эндемиялық зоб. Эутиреоидты. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

A) левотироксин қабылдау

B) мерказолил және в-блокаторлар

C) күніне 100 мкг мөлшерде йод препараттарын өмір бойы

D) левотироксин және йод препараттары

E) күніне 200 мкг мөлшерде йод препараттарын 6 ай бойы

{Дұрыс жауап}= Е

$$$006

45 жастағы науқаста АҚҚ 200/110 мм с.б.б. дейін тұрақты көтерілуі, бұлшық еттік әлсіздік, тырысулар, жиі зәр шығару мазалайды. Осы симптомдар мазалағанына бір жыл болған. Компьютерлі томограммада сол жақ бүйрек үсті безінің үлкеюі анықталған. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Конкор

B) Физиотенз

C) Фуросемид

D) Индапамид

E) Верошпирон

{Дұрыс жауап}= Е

$$$007

Беттің «айтәрізді» болуы және айқын гипертрихозбен гиперемиясы неғұрлым тән:

A) Акромегалияға

B) Феохромоцитомаға

C) Қантсыз диабетке

D) Иценко-Кушинг ауруына

E) адипозогенитальды дистрофияға

{Дұрыс жауап}= D

$$$008

Дене салмағы артық 50 жастағы әйелде ашқарынға гликемия деңгейі екі рет жоғары болған 6,9 и 7,2 ммоль/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Семіздік

B) Қант диабеті 1 тип

C) Қант диабеті 2 тип

D) Ашқарынға гликемияның бұзылуы

E) Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы

{Дұрыс жауап}= С

$$$009

Науқас әйел 25 жаста, құлақтарына берілетін мойын аймағындағы ауырсынуға, жұтынудың қиындауына шағымданады. Жағдайының нашарлауын жіті вирусты инфекциямен байланыстырады. Объективті: жағдайы орташа акырлықта, Т– 37,8оС. Терісі ылғалды, ыстық. Қалқанша безі 2 дәрежеге дейін үлкейген, тығыз, пальпацияда ауырсынады. Пульс – 96/мин, АҚҚ- 120/80 мм с.б.б. Анализінде: Нв - 134 г/л, Л - 9,8 тыс., ЭТЖ - 30 мм/сағ. Тироксин – 100 нмоль/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Диффузды токсикалық зоб

B) Жітілеу тиреоидит

C) Фиброзды тиреоидит

D) Аутоиммунды тиреоидит

E) Іріңді жіті тиреоидит

{Дұрыс жауап}= В

$$$010

Науқас әйел 45 жаста, травмадан кейін пайда болған басының аурыуы, АҚҚ 150/90 мм с.б.б. дейін көтерілуі, дене салмағының тез жоғарылауы, терінің трофикалық бұзылуы мазалайды. Тері асты май қабаты біркелкі дамыған, беті қызарғарн. Денситометрия: остеопороз белгілері. Сағат 8-де кортизолдың қандағы деңгейі 8 часов -1100 нг/л (қалыптыда– 260 -720 нг/л), ашқарынға гликемия натощак - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Сиофор

B) Парлодел

C) Нифедипин

D) Кальция Д3

E) Гидрокортизон

{Дұрыс жауап}= В

$$$011

Науқас 42 жаста, артық дене алмағынв, АҚҚ жоғарылауына, шөлдеуге, полиурияға шағымданады. Объективті: Бойы- 174 см, салмағы - 100 кг. Ашқарынға гликемия 9,9-10,7 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Амарил

B) Сиофор

C) Диабетон

D) Моноприл

E) Сибутрамин

{Дұрыс жауап}= В

$$$012

Бойжеткен 20 жаста, шөлдеуге, дене салмағының артуына, шағымданады. Объективті: Бойы - 162 см, салмағы - 94 кг. ДСИ - 35,8 кг/м2. Ашқарынға гликемия - 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин – 5,2 ммоль/л, триглицеридтер – 2,4 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Манинил

B) Ксеникал

C) Диабетон

D) Новонорм

E) Симвастатин

{Дұрыс жауап}= В

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]