Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_promezhutochnye_1-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.99 Mб
Скачать

01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.

$$$001

Гипербилирубинемия неғұрлым тән:

A) Созылмалы панкреатиттің ауырсыну формасына

B) Созылмалы панкреатиттің латентті формасына

C) Созылмалы панкреатиттің склероздаушы формасына

D) Созылмалы панкреатиттің рецидивті формасына

E) Созылмалы панкреатиттің псевдотуморозды формасына

{Дұрыс жауап}= Е

$$$002

Науқас 40 жаста тамақтан кейін пайда болатын, жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтімді, кардиальды бөліктің кеуде қуысына шығуы және контрастты заттың асқазаннан өңешке қарай керу өтуі байқалады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Өңештің қатерлі ісігі

B) Кардия ахалазиясы

C) Өңештің дивертикулі

D) Өңештің пептикалық жарасы

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

{Дұрыс жауап}= Е

$$$003

45 жастағы науқас асқазанэзофагеальды-рефлюксті ауруымен ұзақ уақыт ауырады, по поводу которой постоянно принимает протон помпасының ингибиторын үнемі қабылдайды. Соңғы 2 апта бойы тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көбікті нәжістің болуы және іштің құрылдауы мазалайды. Емдік ашығу және левомицетин көмектеспеген. Диагнозды нақтылаудың неғұрлым деректі әдісі:

A) Копрограмма

B) Колоноскопия

C) Ирригоскопия

D) Нәжісті жасырын қанға зерттеу

E) Нәжісті бактериялогиялық зерттеу

{Дұрыс жауап}= Е

$$$004

45 жастағы науқасты 10 жыл бойы жұтынудың кезеңді бұзылуы, әсіресе қатты тамақты жұтудың қиындауы, мазалайды. Жұтынуды жеңілдету мақсатында тамақтану кезінде денесін артқа қарай шалқайтуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, құсуға, физикалық күштемеге байланыссыз пайда болатын төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

А) Метоклопрамид

B) Лактулоза

C) Домперидон

D) Цизаприд

E) Нифедипин

{Дұрыс жауап}= Е

$$$005

Науқас 28 жаста, екі жақты аднекситке байланысты антибактериялық массивті терапия курсын 24 күн бойы қабылдағаннан кейін, кенеттен ішінің төменгі жағында және бүйір бөліктерінде толғақ тәрізді ауырсыну, тәулігіне 6 ретке дейін су тәрізді сұйық нәжіс, дене қызуының 38одейін көтерілуі пайда болды. Тексергенде: іші жұмсақ, пальпацияда тоқ ішек бойында ауырсыну анықталады. Анализдерінде: Нв 124 г/л, лейкоциттер 1 мкл-де 12 мың, лейкоциттік формуланың солға ығысуы т/я 12%, ЭТЖ 35 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Метронидазол + амикацин + бактисубтил

B) Бацитрацин + пефлоксацин + бифиформ

C) Ванкомицин + метронидазол + бацитрацин

D) Левомицетин + гентамицин + платифиллин

E) Цефтриаксон + цизаприд + линекс

{Дұрыс жауап}= С

$$$006

72 жастағы науқасты эпигастрий аймағында тұйық керіп ауырсыну, тамақ ішкеннен кейін асқазанының аса толу сезімінің пайда болуы; шіріген иіспен кекіру; метеоризм; іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Объективті: төмен нәрлі; терісі бозғылт және құрғақ, тырнақтары сынғыш, ангулярлы стоматит белгілері. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

A) Сорбифер + алмагель + гепабене

B) Фамотидин + панзинорм + но-шпа

C) Цизаприд + алмагель + мезим-форте

D) Домперидон + креон + бифидумбактерин

E) Табиғи асқазан сөлі + панзинорм + мильгамма

{Дұрыс жауап}= Е

$$$007

Асқазан диспепсиясының жара тәрізді вариантына неғұрлым тән симптом:

A) Қыжылдау

B) Жүрек айну

C) Тез тою сезімі

D) Аш қарынға және түнгі ауырсыну

E) Тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағында керу сезімі

{Дұрыс жауап}= D

$$$008

Науқас 54 жаста, тамақтан кейін 40-60 минут өткенде эпигастрий аймағында басып ауырсынуға және ауырлық сезіміне, қышқылмен, ауамен кекіруге, әлсіздікк, ашушаңдыққа шағымданады. Объективті: эпигастрийде ауырсыну анықталады. Қан анализінде: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,8 х 1012/л, жалпы белок – 56 г/л. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде және синусы аймағында привратникке шығып тұрған алып қыртыстар. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A) Асқазанішілік манометрия

B) Ирригоскопия

C) ЭФГДС нысаналы биопсиямен

D) Ректороманоскопия

E) Колоноскопия биопсиямен

{Дұрыс жауап}= С

$$$009

Науқас 39 жаста, дефекациядан кейін басылатын іштің төменгі бөліктеріндегі толғақ тәрізді ауырсынуға; тәулігіне 3-4 ретке дейін үлкен дәреттің жиілеуіне, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде, әсіресе сол жағына таман, аздап ауырсынады. Анализінде өзгерістер жоқ. Колоноскопияда тоқ ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Тоқ ішектің дивертикулезі

B) Гиршпрунг ауруы

C) Тітіркенген ішек синдромы

D) Псевдомембранозды колит

E) Созылмалы дизентерия

{Дұрыс жауап}= С

$$$010

Науқас 47 жаста, ішімдікті, цитрустыларды және кофені қабылдаумен байланысты қыжыл және төс артында ауырсыну мазалағанына бір жыл болған. Ауырсыну еңкейіп жұмыс істегенде күшейеді. Кейде құсу болады. Спазмолитиктер және аналгетиктер нәтижесіз. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Маалокс + фамотидин

B) Гастроцепин + сукральфат

C) Фамотидин + висмут субцитрат

D) Домперидон + рабепразол

E) Омепразол + метронидазоа

{Дұрыс жауап}= D

$$$011

32 жастағы науқасты тамақтан кейін бір жарым сағат өткенде пайда болатын эпигастрий ай мағындағы ауырсыну; қышқылмен кекіру, қыжыл мазалайды. ЭФГДС: асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты айқын гиперемияланған, санаулы эрозиялар. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Домперидон + алмагель + де-нол

B) Маалокс + фамотидин + домперидон

C) Амоксицилин + кларитромицин + рабепразол

D) Омепразол + гастроцепин + тетрациклин

E) Амоксиклав + метронидазол + висмута субцитрат

{Дұрыс жауап}= С

$$$012

Науқас 56 жаста, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, өт аралас құсуға, таңертеңгілікте пайда болатын ауыздағы ашы дәмге шағымданады. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрийде және оң қабырға доғасы астында ауырсынады. Оң жақ төс-бұғана-емізікше бұлшықеттері аяқшаларының арасын басқанда ауырсыну анықталады. ЭФГДС: эрозиялық гастрит. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Алмагель + урсофальк + дюфалак

B) Домперидон + одестон + сукральфат

C) Мизопростол + алмагель + омепразол

D) Висмута субцитрат +маалокс + фамотидин

E) Амоксицилин +кларитромицин + рабепразол

{Дұрыс жауап}= В

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]