Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_promezhutochnye_1-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.99 Mб
Скачать

01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.

$$$001

Артериялық гипертензия, көлемді протеинурия, шумақты фильтрацияның төмендеуі неғұрлым тән:

A) Пиелонефритке

B) Бүйрек поликистозына

C) Гломерулонефритке

D) Зәр тас ауруына

E) Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзфыуы

{Дұрыс жауап}= С

$$$002

27 жастағы науқас жүрек қағу ұстамаларына және төс артындағы қысу сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен кардиология бөлімшесіне жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ- ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Эхокардиография

B) Вентрикулография

C) Коронароангиография

D) Велоэргометрия

E) ЭКГ тәуліктік мониторлау

{Дұрыс жауап}= Е

$$$003

Науқас 45 жаста қалтыраумен фебрильді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы және бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарында – петехиялы бөртпелер; «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы». Симптомдары анықталады. Тексергенде: эритроциттер - 2,9 мың, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Бронхоскопия

B) Сцинтиграфия

C) Эхокардиография

D) Буындар рентгенографиясы

E) Өкпенің компьютерлі томографиясы

{Дұрыс жауап}= С

$$$004

Жоспарлы электроимпульсті терапияны нәтижелі жүргізу үшін неғұрлым тиімді:

A) Кардиоспецификалық ферменттер деңгейін анықтау

B) Іс-шара жүргізгенге дейін антикоагулянттар тағайындау

C) Кардиоверсияға дейін 3 күн бұрын жүрек гликозидтерін тағайындау

D) ЭИТ жүргізгеннен кейін антикоагулянттарды және дезагреганттарды бермеу

E) Кардиоверсия жүргізер алдында бір күн бұрын антиаритмиялық препараттарды бермеу

{Дұрыс жауап}= В

$$$005

68 жастағы науқас тыныштықта және аздаған физикалық күштемеде пайда болатын төс артындағы басып ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде –миокард инфаркты болған. ЖСЖ – минутына 62 рет. АҚҚ – 110/60 мм. с.б.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – коронарлық созылмалы жетіспеушілік белгілері. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Кетонал

B) Кардикет

C) Дигоксин

D) Коринфар

E) Эуфиллин

{Дұрыс жауап}= В

$$$006

А. атты, 47 жастағы науқас ірі ошақты артқыдиафрагмальды миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ-минутына 110 рет. АҚҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ: гипокинезия аймағы анықталады. Тромболитиктерді тағайындау неғұрлым тиімді:

A) Алғашқы 6 сағатта

B) Алғашқы 24 сағатта

C) Екінші тәулікте

D) тыртықтану кезеңінде

E) Жіті кезеңінде

{Дұрыс жауап}= А

$$$007

Науқас 34 жаста, бас ауыруына, бас айналуына, талуға шағымданады. Объективті: жүрек табанында, төстің оң жағында систоланың ортасында ең жақсы естілетін дөрекі систолалық шу, мойын тамырларына өткізіледі. Вальсальва сынамасында шу азаяды және және тыныс алғанда өзгермейді ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүректің конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Медикаментозды ем

B) Митральды комиссуротомия

C) Трикуспидальды қақпақшаның пластиксы

D) Қолқалық қақпақшаны протездеу

E) Митральды қақпақшаны протездеу

{Дұрыс жауап}= D

$$$008

Көбінесе төстің сол жақ қырында, науқас алдыға қарай сәл еңкейіреп отырғанда жақсы естілетін Жоғары жиілікті, үрлемелі диастолалық шу неғұрлым тән:

A) Қолқа сағасының стенозына

B) Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне

C) Митральды қақпақшаның жетіспеушілігіне

D) Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозына

E) Оң жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозына

{Дұрыс жауап}= В

$$$009

З. атты науқас, 43 жаста сол жақ қолға және жауырын астына берілетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, аздаған тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V4. сегментінің элевациясы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

А) Велоэргометрия

B) Коронарография

C) Вентрикулография

D) Эхокардиография

E) Позитронды-эмиссионды томография

{Дұрыс жауап}= В

$$$010

Науқас 48 жаста, ірі ошақты миокард инфарктына байланысты емделуде. 2-тәулікте кеуде клеткасында қатты ауырсыну, ентігу, аз өнімді қақырықпен жөтел, қан түкіру пайда болып, жағдайы күрт нашарлады. ЭКГ: миокардтың алдыңғы қабырғасының жіті инфаркты. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрышты қараю анықталады. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну:

A) Өкпенің ісінуі

B) Жіті аневризма

C) Жүректің тампонадасы

D) Дресслер синдромы

E) Өкпе артериясы тамырларының тромбоэмболиясы

{Дұрыс жэауап}= Е

$$$011

Науқас 19 жаста ентігуге, бас ауыруына, көз алдының "қарауытуына", аяқтарының жансыздануына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артерияларындағы пульс кернеулі, жылдам, сан арерияларында әлсіз, аз кернеулі. АҚҚ қолдарында 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында естілетін паравертебральды аймаққа берілетін әлсіз систолалық шу. Рентгенологиялық: қабырғалар узурациясы. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Фалло триадасы

B) Қолқа сағасының стенозы

C) Митральды қақпақшаның пролапсы

D) Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы

E) Қолқаның коарктациясы

{Дұрыс жауап}= Е

$$$012

Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын 30 жастағы науқаста: ортопноэ, акроцианоз; өкпенің төменгі-бүйір бөліктерінде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін дөрекі пансистолалық шу; тахиаритмия, бауырдың үлкеюі, аяқтарының ісінуі. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Диуретиктер

B) Кортикостероидтар

C) β-адреноблокаторлар

D) Кальций антагонисттері

E) Физиотенз

{Дұрыс жауап}= А

$$$013

Науқас 67 жаста, жатқан кезде пайда болатын ауыр ентігуге, кейде түнгі уақыттағы тұншығуға, аз өнімді құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше рет миокард инфаркты болған. Тексергенде: өкпе артериясында ІІ тонның акценті, өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар, гепатомегалия, аяқтарында айқын ісіну, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасында тыртықты өзгерістер. ЭхоКГ: айдау фракциясы - 36%. Алдыңғы қабырғада, пердеде, жүрек ұшында және сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Эгилок

B) Лазикс

C) Вазилип

D) Моноприл

E) Дилтиазем

{Дұрыс жауап}= В

$$$014

Науқас 73 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауырсыну ауруханаға жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізілген емнің нәтижесінде басылған. Объективті: терісі сұр түсті, суық жабысқақ тер басқан. Өкпеде – іркілісті сырылдар. Жүрек тондары тұйық, айқын тахикардия, АҚҚ 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V6 сегментінің депрессиясы. Жіті жүрек жетіспеушілігін емдеу мақсатында неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Лазикс

B) Изокет

C) Допамин

D) Промедол

E) Варфарин

{Дұрыс жауап}= С

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]