Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_promezhutochnye_1-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.99 Mб
Скачать

01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.

$$$001

М. атты, 48 жастағы науқас тәулігіне 5-6 ретке дейін мазалайтын тұншығу қстамаларына, шырышты көбікті қақырықпен жөтелге шағымданады, тұншығу ұстамасы түн сайын мазалайды. Қарғанда: ТАЖ – минутына 26 рет. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 55%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ II

B) Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II

C) Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ II

D) Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ III

E) Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ III

{Дұрыс жауап}= А

$$$002

К. атты, 45 жастағы науқас, тыныс шығарудың қиындауымен айқын ентігуге, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: ТАЖ минутына 25 рет, ЖСЖ минутына 95 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., өкпе аускультациясында – өкпенің барлық алаңында әлсіз тыныс, жайылған ысқырықты сырылдар, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы – қалыпты деңгейден 50%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Жүрек демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі

B) Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II

C) Бронх демікпесі, жеңіл дәрежесі, өршуі, ТЖ I

D) Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ III

E) Бронх демікпесі, демікпелік статус, ТЖ IV

{Дұрыс жауап}= В

$$$003

38 жастағы науқасты тұншығу ұстамасы, экспираторлық ентігу ұзақ уақыт бойы мазалайды. Тұншығу ұстамаларын беротекпен емдейді, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдайды. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 65%. Осы науқас үшін неғұрлым тиімді базисті терапия:

A) Теотард

B) Атровент

C) Будесонид

D) Сальмотерол

E) Дексаметазон

{Дұрыс жауап}= С

$$$004

Науқас 42 жаста, бронх демікспесімен ауырады, аптасына бірнеше рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін бір айға жуық уақыт бойы тұншығу ұстамалары болмаған. Дәрігерге қаралар алдында жөтел және беротекпен басылмаған ентігу пайда болған. Түнде жағдайы нашарлаған. Қарағанда: науқас мәжбүрлік қалыпта, ентігу айқын, дистанциялық сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

A) фенотерол к\т, оттегі

B) вентолин небулайзер арқылы, оттегі

C) преднизолон к\т 30-60 мг, оттегі

D) преднизолон к\т 30 мг, эуфиллин к\т, оттегі

E) метилпреднизолон 120 мг, фенотерол к\т, оттегі

{Дұрыс жауап}= Е

$$$05

М. атты науқас, 48 жаста, тәулігіне 6-8 ретке дейін болатын тұншығу ұстамаларына, тәулігіне 4 рет қолданған сальбутамол ингаляциясының әсер етпеуіне шағымданады. Қарағанда: ТЖ – минутына 30 рет. Тынысы әлсіреген, кейбір жерлерде естілмейді. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Бронхты демікпе, ауыр ағымды, өршуі, ТЖ II

B) Бронхты демікпе, орташа дәрежелі, өршуі, ТЖ II

C) Бронхты демікпе, ауыр ағымды, демікпелік жағдай

D) Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ III

E) Бронхты демікпе, ауыр дәрежелі, өршуі, ТЖ III

{Дұрыс жауап}= Е

$$$006

Ауылшаруашылық жұмысшысында шөппен жұмыс істегеннен кейін бірнеше сағат өткенде аралас сипатты ентігу, қалтырау, дене қызуының 390С дейін көтерілуі, аз өнімді кейде қан аралас қақырықпен жөтел пайда болды. Қан сары суында: преципитирлеуші антиденелер. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Созылмалы бронхит, өршуі

B) Микоплазмалық пневмония

C) Аспергиллез

D) Экзогенді аллергиялық альвеолит

E) Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

{Дұрыс жауап}= D

$$$007

Науқас 57 жаста, орташа ауырлық дәрежесіндегі персистирлеуші бронх демікпесімен және ІІ дәрежелі қатер тобы ІІ артериялық гипертензиямен ауырады. АҚҚ төмендету мақсатында үнемі эднит 5мг тәулігіне екі рет және индапамид 2,5 мг күн ара қабылдайды. Тұншығу ұстамаларын емдеуде беротек күніне 1-2 рет 2-3 мөлшерлі дозада қабылдайды. Жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралды, шағымдары: тұрақты сипаттағы мазасын алатын құрғақ жөтел. Тұрақты құрғақ жөтелдің неғұрлым мүмкін себебі:

A) Индапамидтің қосымша әсері

B) Беротектің қосымша әсері

C) Эдниттің қосымша әсері

D) Беротек мөлшерінің жеткіліксіздігі

E) Кіші қан айналым шеңберінде іркілістің қалыптасуы

{Дұрыс жауап}= С

$$$008

К. атты науқас, дезодорант қолданғаннан кейін ерін аймақтарында ісіну, мұрын-ерін қыртысының тегістелуі пайда болды. Біртіндеп ісіну бүкіл бетіне және мойнына жайылды, тыныс алуы қиындады. Объективті: терісі бозғылт, беті және мойны ісінген, ТЖ минутына 24 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., ЖСЖ минутына 90 рет. Тынысы әлсіз везикулярлы, аздаған құрғақ сырылдар. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Атропин

B) Адреналин

C) Преднизолон

D) Сальбутамол

E) Кетотифен

{Дұрыс жауап}= С

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]