- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1.Аллергология және иммунология
- •3.Гематология
- •4.Жұқпалы аурулар
- •5. Кардиология
- •6. Клиникалық зертханалық диагностика
- •7. Клиникалық фармакология
- •8. Неврология
- •9. Нефрология
- •10.Психиатрия және наркология
- •11. Пульмонология
- •12.Реанимация және қарқынды терапия
- •13. Ревматология
- •14. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •15. Фтизиатрия
- •16. Эндокринология
- •1 Вариант
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
- •01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.
- •01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика
- •01_03_Қаз. Клиникалық фармакология
- •01_05_Қаз. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •2 Вариант
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
- •01_01_08_Қаз. Ішкі ауруларн. Нефрология, қа.
- •01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Клиникалық зертханалық диагностика, қаз.
- •01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Клиникалық фармакология, қаз.
- •01_05_Рус. Ішкі аурулар, Визуальды диагностика, қаз.
- •19 Жасар, н. Науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін:
- •01_01_01_Внутренние болезни_каз
- •01_01_02_Внутренние болезни_каз
- •01_01_03_Внутренние болезни_каз
- •01_01_04_Внутренние болезни_каз
- •01_01_05_Внутренние болезни_каз
- •01_01_06_Внутренние болезни_каз
- •01_01_06_Внутренние болезни_каз
- •01_01_07_Внутренние болезни_каз
- •01_02_Клиническая лабораторная диагностика_каз
- •01_03_Клиническая фармакология_каз
- •01_04_Реанимация и интенсивная терапия_каз
- •01_05_Визуальная диагностика_каз
- •01_06_ Фтизиатрия _каз
- •01_07_ Неврология_каз
- •01_08_Психиатрия және наркология_каз
- •01_09_ Инфекционные болезни_каз
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
- •01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.
- •01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика
- •01_03_Қаз. Клиникалық фармакология
- •01_05_Қаз. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •01_09_Инфекционные болезни рус
- •38 Жасар науқас д, белгісіз себепті анемия диагнозымен госпитализацияланған. Қанда: Нв- 42 г/л, ретикулоцит 1%, лейкоцит-0,8·109/л, тромбоцит-10·109/л. Қандай диагноз сәйкес келеді:
- •01_01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •01_01_05_Қаз. Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •01_01_06_Қаз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •01_09_Жұқпалы аурулар қаз
- •01_01_03_Қаз. Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика
- •01_03_Қаз. Клиникалық фармакология
- •01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.
- •01_01_01_Қаз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •01_01_04_Қаз. Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •01_05_Қаз. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
- •19 Жасар, н. Науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін:
- •01_01_07_Қаз. Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
11. Пульмонология
$$$001
Бронх демікпесінің ұстамасы және демікпелік статустың бірінші сатысы арасында ажыратпа диагноз жүргізгенде неғұрлым маңызды белгі:
A)айқын цианоз
B) экспираторлық тұншығудың ауырлық дәрежесі
C)науқастың мәжбүрлік қалпы
D) эуфиллинді көк тамырға енгізудің нәтижесіздігі
+E)бета 2-агонистерге рефрактерлік
$$$002
Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқас қатты жөтелгеннен кейін кенеттен кеуде клеткасының оң жағында ауырсыну және ентігу пайда болды.Қарағанда: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алуда қалыңқы және қабырға аралықтары томпайған; перкуссияда - тимпанит. Неғұрлым мүмкін асқыну:
A)Өкпе ателектазы
+B) Пневмоторакс
C)Өкпе инфаркты
D) Өкпе эмфиземасы
E) Экссудациялық плеврит
$$$003
48 жастағы науқасты мөлшері тәулігіне 50 мл дейінгі шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, аурудың өршуі соңғы 2 жылда жылына 3-4 ретке дейін жиілеген. Өкпесінде әлсіз тыныс, барлық алаңында құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.Неғұрлым мүмкін диагноз:
A) Пневмония
B) Өкпе туберкулезі
C) Бронхоэктаз ауруы
D) Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
+E) Созылмалы іріңді бронхит
$$$004
Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, тез оң нәтижелі динамика неғұрлым тән:
+A) Саркоидозға
B) Пневмокониозға
C) Ошақты пневмонияға
D) Милиарлы туберкулезге
E) Инфильтрациялық туберкулезге
$$$005
Әйел адам, 25 жаста, жүктіліктің 8-10 аптасы, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37° дейін көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Сол жақ жауырын аралығында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:
A) Ципрофлоксацин, амброксан
B) Метрогил, гентамицин
+C) Лазолван, теплое питье
D) Амоксиклав, бронхолитин
E) Бромгексин, тетрациклин
$$$006
Науқас 53 жаста,жоғарғы бөліктің пневмониясы диагнозы қойылған. Қақырықтаалтынды стафилококк анықталған. 2 апта өткенде науқастың қызуы көтеріліп, мөлшері 100 мл дейінгі жағымсыз иісті қақырық шыға бастаған. Рентгенде оң жақ өкпенің барлық жоғарғыбөлігін қамтыған деструкциялық үдеріс анықталған. Оң жақ өкпенің зақымданған бөлігінің резекциясы жасалынған. Опреациядан кейінгі кезеңде неғұрлым тиімді препарат:
A) Эритромицин
B)Экстенциллин
C)Метронидазол
+D)Левофлоксацин
E) Амоксициллин
$$$007
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас ентігудің, жөтелдің күшейе түсуіне, жасыл-сары түсті қақырық көлемінің көбеюіне, субфебрильді температураға шағымданады. Объективті: ТЖ–минутына 28 рет, ЖСЖ–минутына 92 рет. Аускультацияда: қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді тағайындау:
A) Гентамицин б/е
+B) Кларитромицин per os
C) Сальбутамолк\т
D) Вентолинингаляциялық
E) Сальбутамолингаляциялық
$$$008
Өкпе тінінің іріңді-деструкциялық ыдырауы, қабырғасы жұқа ішінде сұйықтығы жоқ қуыстардың пайда болуы тәнпневмонияның қоздырғышы:
A) Микоплазма
B) Клебсиелла
C) Аденовирус
D) Пневмококк
+Е) Стафилококк
$$$009
М. атты науқас, 38 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, әлсіздікке, дене қызуының 38°С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИ болған. Қарағанда:мойын, қолтық асты, шап аймағы лимфа түйіндері 1,5 см дейін үлкейген, ауырсынбайды. Кеуде клеткасы терісінде–түйінді эритема. Рентгенде бронхопульмональды және медиастинальды лимфотүйіндердің үлкейгендігі анықталады. Қанда: ЭТЖ-35 мм/сағ, АЛТ– 128 ед/л, АСТ–78 ед/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:
+A) Саркоидоз
B)Өкпе амилоидозы
C)Ауруханадан тыс пневмония
D) Фиброздаушы альвеолит
E)Өкпенің қатерлі ісігі
$$$010
Науқас 55 жаста, кезеңді тұншығу ұстамаларына, айқын әлсіздікке, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» симптомдары, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорапты өкпелік дыбыс, аускультацияда – әлсіз везикулярлы тыныс. Неғұрлым мүмкін диагноз:
A) Пневмония
B) Пневмоторакс
C)Жіті бронхит
+D)Өкпе эмфиземасы
E) Созылмалы бронхит
$$$011
Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскендекенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімі пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін аебебі:
A) Сепсис
B) Кардиогенді шок
C) Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы
+D) Инфекциялық-токсикалық шок
E) Жіті респираторлықдистресс-синдром
$$$012
Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгендеоң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:
A) Тетрациклин + метрогил + лазолван
B) Амоксиклав + гентамицин + бромгексин
C) Кларитромицин + преднизолон + бромгексин
+D) Кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид
E) Цефуроксим + амброксол + ипратропиума бромид
$$$013
Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің рентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:
A) Ампициллин + гентамицин
B) Плазмаферез курсы + цефтриаксон
+C) Ошақты санациялау + қуысқа моксофлоксацин енгізу
D) Өкпе бөлігінің резекциясы + цефтриаксон
E) Левофлоксацин + инфузиялық терапия
$$$014
43 жастағы науқаста 4 ай бұрын субфебрильді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу үдейтін ентігу, әлсіздік пайда болған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу барысында науқастың ентігуі күшейіп, жағдайы нашарлаған. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігінің белгілері. Неғұрлым мүмкін этиологиялық фактор:
A) Вирус
+B)Саңырауқұлақ
C) Токсин
D) Паразит
E) Бактерия
$$$015
Гистиоцитарлық гранулеманың морфологиялық негізі болып табылады:
A) Эпителиодты клеткаларжәне Пирогов - Лангханс алып клеткалары.
B) Березовский – Штернберг клеткалары
C) LE-клеткалары
D) Макрофагтар
+E) Эозинофилдер
$$$016
50 жастағы науқаста үдемелі ентігу, цианоз, «дабыл таяқшалары» тірәзді саусақтары, өкпеде крепитация анықталады. Рентгенологиялық суреті - «торлы өкпе». Болжам диагнозын қойыңыз?
A) Өкпе гистоплазмозы
B) Өкпе карциноматозы
+C) Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
D) Х өкпе гистиоцитозы
E) Силикоз
$$$017
60 жастағы науқасты қол басы буындарының ауырсынуы мазалайды, «дабыл таяқшалары» тәрізді саусақтар анықталады. Соңғы айда құрғақ жөтел пайда болған. Рентгенограммада ұсақ ошақты милиарлық диссеминация анықталған. Бронхоальвеолярлық лаваж сүйықтығында – атипиялық клеткалар анықталады. Болжам диагнозын қойыңыз:
A) Өкпе гистоплазмозы
+B) Өкпе карциноматозы
C) Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
D) Өкпе саркоидозы
E) Силикоз
$$$018
Пневмококктық этиологиялы пневмонияда жоғарғы белсенділікке ие антибактериялық препараттардың ішіндегі ен тиімділері:
A) Гентамицин, амикацин
B) Офлоксацин, ципрофлоксацин
C) Бензилпенициллин, экстенциллин
D) Фузидий қышқылы, ко-тримоксазол
+E) Азитромицин, амоксиклав
$$$019
Кондиционермен жабдықталған ірі қонақүйде жұмыс жасайтын қызметкерде дене температурасы 40°С-қа дейін жедел жоғарлаған, қалтырау, қақырықты жөтел, қан қақыру, тыныс алған кездегі кеуде клеткасының ауырсынуы, миалгия, жүрек айну, іш өту пайда болған. Рентгенографияда екі өкпеде инфильтрациялық өзгерістер анықталады. Бірнеше күн бойы бірге жұмыс жасайтын қызметкер пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған.Тиімді антибактериялық терапияны таңдаңыз:
+A) Рифампицин+фторхинолон
B) Ванкомицин+ампицилин
C) Амоксиклав+пенициллин
D) Клиндамицин+фторхинолон
E) Цефалоспориндердің II ұрпағы
$$$020
61 жастағы науқас аздаған жүктеме кезіндегі ентігуге, құрғақ жөтелге шағымданады. 40 жыл бойы тәулігіне 1 қорап шылым шегеді. Қараған кезде – дене бітімі астеникалық, кілегей қабаттарының цианозы, дене салмағын жоғалту байқалады. Өкпеде қорап реңді перкуторлы дыбыс, аускультацияда – тыныстың айқын әлсіреуі, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ең тиімді бронходилататор:
A) Эфедрин
B) Аминофиллин
+C) Ипратропия бромиді
D) Астмопент
E) Флинизолид
$$$021
45 жастағы науқас А., пневмонияға байланысты амбулаторлық ем қабылдаған,антибиотиктер қабылдаған, бірақ науқастың жағдайы жақсармаған, дене температурасы 39°Сқа дейін жоғарлаған. ЖҚА: көлемді нейтрофильдік лейкоцитоздың солға ығысуы, ЭТЖ 40 мм/сағ. Рентгенограммада: анық горизонтальдық деңгей және оның үстіндегі қараю. Науқасты емдеу тактикасын таңдаңыз:
+A) Санациялы бронхоскопия, муколитиктер, антибиотиктер
B) Жүргізіліп отырған антибактериальды терапияны жалғастыру
C)Иммуностимулятор тағайындау
D) Бронходилататор, антибиотик, муколитик
E) Саңырауқұлаққа қарсы терапияны тағайындау, массаж
$$$022
Бронхоэктазия ауруының диагностикасында ең тиімді әдіс:
A) Кеуде клеткасының рентгеноскопиясы
+B) Бронхография
C) Спирография
D) Флюорография
E) Трансторакальдық биопсия
$$$023
32 жастағы науқас М, бірнеше ай бойына үдемелі тентігу,дене температурасының жоғарлауы, шаршағыштық, әлсіздік мазалайды. Тексеру кезінде мойын және медиастинальдық лимфотүйіндерінің ұлғаюы анықталады. ЭТЖ – 30 мм/сағ. Болжам диагнозын анықтаныз:
A) Лимфа түйіндерінің туберкулезі
+B) Саркоидоз
C) Инфекциялық мононуклеоз
D) Лимфогранулематоз
E) Бейспецификалық лимфоаденит
$$$024
Аурудың жедел дамуы, ылғалды сырылдар, интенсивтілігі орташа ошақты инфильтративті көлеңке, тез оң динамиканың болуы тән:
A) Саркоидоз
B) Пневмокониоз
+C) Ошақтық пневмония
D) Миллиарлық туберкулез
E) Инфильтративті туберкулез
$$$025
38 жастағы, науқас А. дәрігерге жөтелге,соңғы 2 жылда шырышты-іріңді қақырыққа шағым айтады. 15 жасынан бастап темекі шегеді. Соңғы 3 айда жүгірген және 3 қабатқа көтерілген кезде пайда болатын ентігу мазалайды. Аускультацияда: қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар. Тиффно индексі 55%. Болжам диагнозын қойыңыз:
A) Қалталанған плеврит
B) Ошақтық пневмония
+C) Созылмалы обструкциялық бронхит
D) Өкпе саркоидозы
E) Тыныс түншықпасы
$$$026
32 жастағы науқас М, бірнеше ай бойына ентігудің үдеуіне, дене температурасының жоғарлауы , шаршағыштыққа, әлсіздікке шағым айтады. Тексеру кезінде мойын, медиастинальды лимфоутүйіндерінің ұлғаюы анықталады. ЭТЖ – 30 мм/сағ. Квейм сынамасы оң мәнді. Преднизолон қандай дозада тағайындалады:
+A) 20 мг тәулігіне
B) 30мг тәулігіне
C) 40 мг тәулігіне
D) 50 мг тәулігіне
E) 60 мг тәулігіне
$$$027
Стационарға 23 жастағы Е. атты курсант жеткізілді. температурасының 38,5°С дейін жоғарлауына, «тотық түсті» қақырықты жөтел, терең тыныс алғанда, жөтелгенде кеуде клеткасының ауырсынуына шағым айтады. Рентгенограммада – оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі біртекті емес қараю анықталады. Осы жағдайда эмпирикалық терапияны таңдаңыз:
A) Тетрациклин
B) Гентамицин
+C) Ровамицин
D) Бисептол
E) Кефзол
$$$028
СПИД-пен ауыратын науқас құрғақ жөтелге,ентігуге және дене температурасының жоғарлауына шағым айтады. Рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі және екі жақты көбіне ортаңғы бөлікте орналасқан ұсақ ошақты көлеңкелер анықталады. Осы жағдайда таңтамалы препарат болып табылады:
A)Пенициллин
B) Ампициллин
+C) Сульфометоксазол/триметоприм
D) Стрептомицин
E) Рокситромицин
