- •Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақтөбе медресесі Сахабалардың Исламдағы орны
- •I Бөлім. Сахабалар
- •II Бөлім. Сахабалар және олардың дәрежелері
- •1. Сахабалардың асқақ абыройы
- •2. Сахабаның даңқын асырған жайттар
- •III Бөлім. Құран кәрімдегі сахабалар
- •IV Бөлім. Хадистердегі сахабалар
- •3. Кейбір «муксирун» сахабалар туралы
- •V Бөлім. Сахабалар жайындағы деректер
- •1) Хазірет Омар және Әбу Һұрайра
- •2) Хазірет Али, хазірет Осман және Әбу Һұрайра
- •3) Әмәуилер және Әбу Һұрайра
- •4) Хазірет Айша және Әбу Һұрайра
- •5) Әбу Ханифа және Әбу Һұрайра
- •Қортынды
3) Әмәуилер және Әбу Һұрайра
Кейбіреулердің айтып жүргеніндей, Әбу Һұрайра (р.а.) хазірет Алиге және әһлі-бәйтке ешқашан қарсы болған емес. Әмәуилермен достасып, оларға жағым-пазданбаған да. Бүлік өрттей қаулағанда ол баршаға: »Фитнәлар бой көрсетеді. Сол фитнәлар кезінде отырғандар (фитнәларға араласу үшін) тұрғандардан, тұрғандар фитнәларға кіру үшін жүргендерден, жүргендер де тікелей фитнәға араласуға жүгіргендерден қайырлы» деген хадисті айта жүрген.
Бұл оның ижтиһады, өзіндік көзқарасы еді. Бәлкім, бүліктерді бастыру үшін хазірет Алидің қасында болуы дұрысырақ болар ма еді, кім білсін? Бәлкім, Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл хадисі дәл сол кезең үшін айтылмаған да болуы мүмкін. Алайда ол хадистен осылай ой түйіп, хазірет Али (р.а.) заманындағы оқиғаларға араласпай, үйінде отырды. Аллаһтан қорықпаса, дінге деген беріктігі болмаса осылай жасауы мүмкін бе? Әсіресе, кейбіреулер айтып жүргендей Әмәуилерге жақын, Мұғауия жақтасы болса, неліктен Мұғауияның әскеріне қосылудан бас тартады? Голдьциер, Ахмад Әмин, Әбу Рәййә, Али Абдурразақ сынды ақиқатты теріс айналдырып түсіндіретіндер хадис кітабы ретінде мойындалмайтын, белгілі бір деңгейде әдебиетте және тәпсірде ғана қолдануға жарайтын «Иқдул-Фәридті» қайнар көз ретінде көрсетеді. Осыған қарап бұл кісілерге ең әуелі хадистің не екенін үйрету қажет деген ойға да берілесің. Бір қызығы, бұлар Ибн Кәсирдің «әл-Бидәя уән-Нихәя» атты еңбегіне сілтеме жасап, Әбу Һұрайраның хазірет Мұғауияны қолдап, хазірет Алиге қарсы шыққанын алға тартады. Алайда Ибн Кәсир аталған кітабында, керісінше, Әбу Һұрайраның хазірет Али жағында болғанын жазады. Әбу Һұрайра Әмәуи жақтасы болу былай тұрсын, қайта белгілі деңгейде олардың бастарына бәле болған-ды. Абдулмәліктің әкесі Мәруанның алдында көзіне тік қарап тұрып: »Үмбетім Құрайыштан шыққан бірнеше жастың қолымен құрдымға кетеді« деген хадисті айтады. Мәруан: Бұл айтқаның кім болса да Аллаһтың лағынетіне ұшырасын!» – дегенде, Әбу Һұрайра: «Қаласаңдар есімі, сипаты, түр-түсімен оларды сендерге көрсетіп беремін» деген екен.
Әбу Һұрайра ел арасында жүріп: «Аллаһым! Мені 60-жылға (яғни бала-шағаның әмірліктері заманына) жеткізбе» деп дұға ететін. Оның бұл дұғасының өте танымал болғаны сонша – Әбу Һұрайраны көргенде, жұрт оның осы дұғасын күбірлеп қайталайды екен. Аллаһ тағала Әбу Һұрайраның дұғасын қабыл етіп, даңқты сахаба һижреттің 59 жылында дүниеден өтті. Ал 60 жылы үмбеттің басына бала-шаға арасынан шыққан Йәзид келді.
4) Хазірет Айша және Әбу Һұрайра
Хазірет Айша анамыздың (р.анһа) хазірет Әбу Һұрайраға қарата сын пікір айтқанына қатысты әңгімелер – «Бекташи анекдоты» секілді басы мен аяғы жоқ қауесет сөздер. Бірде Айша анамыз үйінде намаз оқып отырғанда, Әбу Һұрайра үйінің дуалының түбінде балаларға хадис айтып жатады. Анамыз намазын бітіргеннен кейін сыртқа шыққанда, Әбу Һұрайраның кетіп қалғанын көріп: «Аллаһ елшісінің хадистерін бірінен кейін бірін тізбелеп айту жөн емес», – дейді. Айша анамыздың бұлай сөйлеуінің мәнісі, бәлкім, Аллаһ елшісінің сөздерін тыңдаушысы толық түсінбей жатып, әрбір хадисті жадына шегелеп алмай жатып, үсті-үстіне бастырмалатып айту дұрыс бола қоймас деген қауіппен, Әбу Һұрайраны сақтыққа шақыру ниетімен айтқан болуы мүмкін.
