- •Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақтөбе медресесі Сахабалардың Исламдағы орны
- •I Бөлім. Сахабалар
- •II Бөлім. Сахабалар және олардың дәрежелері
- •1. Сахабалардың асқақ абыройы
- •2. Сахабаның даңқын асырған жайттар
- •III Бөлім. Құран кәрімдегі сахабалар
- •IV Бөлім. Хадистердегі сахабалар
- •3. Кейбір «муксирун» сахабалар туралы
- •V Бөлім. Сахабалар жайындағы деректер
- •1) Хазірет Омар және Әбу Һұрайра
- •2) Хазірет Али, хазірет Осман және Әбу Һұрайра
- •3) Әмәуилер және Әбу Һұрайра
- •4) Хазірет Айша және Әбу Һұрайра
- •5) Әбу Ханифа және Әбу Һұрайра
- •Қортынды
1) Хазірет Омар және Әбу Һұрайра
Хазірет Омар Әбу Һұрайраны айрықша жақсы көрген. Оны Бахрейнге әкім етіп те тағайындайды. Алайда кейіннен қызметінен алып, орнына басқа кісіні тағайындайды. Мұның астарында Әбу Һұрайраның әкім болып жүріп, бір жағынан саудамен айналысып, содан бүгінгінің тұрмысы нашар адамының қорасындағы бірер саулық шамасында табыс табуы себеп болса керек. Ол кезеңде әкімдер, басқарушылар, халифалардың мал-мүлік жинауға хақысы жоқ болатын. Торсығын таяғының ұшына байлап, тағайындалған уәләятқа кететін де, дәл сол қалпында қайта оралатын әкімдердің қатары көп болатын. Бұлай етпеген жағдайда көбіне қызметінен алынып, кері қайтарылатын еді. Әбу Һұрайра қолындағы аз ғана мал-мүлікті парақорлықпен, заңсыз жолмен жинамағаны анық. Хазірет Омар оның еш кінәсі жоқ екенін анықтағаннан кейін қайтадан өз әкім қылып тағайындамақ болғанда, Әбу Һұрайра: «Осы әкім болғаным да жетер», – деп ұсыныстан бас тартады.
Хазірет Омар Әбу Һұрайраны ғана емес, Сағыд ибн Әбу Уаққас сынды «ашара-мубәшшарадан» саналатын үлкен сахабаны, Умәйр ибн Сағыд сынды алдыңғы қатарлы сахабалардың өзін қызметінен алып тастағаны тарихтан мәлім. Тіпті, Мәдәйн халқы әкімдері Сағыд ибн Әбу Уаққастың үстінен: «Намазды тағдил-әрканмен» (шарттарына сай толық) оқытпайды», – деп шағымданғанда, Иранды мұсылмандарға бағындырған осынау үлкен сахабаны хазірет Омар тергеуге алады. Мұны естіген Сағыд ибн Әбу Уаққастың көңілі қатты құлазып: «Мыналар осыны айтып шағымданды ма?» – деп, мұңайған екен. Сөйтіп, сол жердегілерге өз басынан өткен бірқатар оқиғаларды айтып беруді қажет деп табады. Сағыд: «Біз Ислам дағуасына аса қиын бір кезеңде қолұшын создық. Кейде тіпті тіске сыздық қылар нәр таппағанда, ағаштардың жапырақтарын талғажау ететінбіз. Аштық салдарынан түзге де отыра алмай қиналатынбыз. Осындай қатты ашыққан кездерімнің бірінде түнде кіші дәретке отырғанымда, дәретімнің бір нәрсеге тигенін сездім. Ішімнен «Жеуге жарамды нәрсе емес пе екен?» – деген ой келді. Қолыма алып қарасам, тулақ екен. Оны әбден жудым, аздап ысыттым сосын аузыма салып шайнадым. Сол маған бір тәулік талғажау болды. Міне, біздер Исламға сондай қиын-қыстау күндерде қызмет еттік. Енді, міне, көрмейсің бе пәленше ұлдары келіп: «Сағыд намаз оқытқанда, тағдил-әркан болмайды, хушу мен худу, яғни Аллаһқа деген берілгендік жоқ» дейтін көрінеді» деп өзінің таңданысы мен өкпесін білдірген екен.
Сағыд ибн Әбу Уаққас содан қайтып Мәдайнға бармады. Демек, қызметінен алынған да, қызметіне қайта тағайындалудан бас тартқан да жалғыз Әбу Һұрайра (р.а.) емес еді.
2) Хазірет Али, хазірет Осман және Әбу Һұрайра
Кейбіреулер алға тартып жүргендей, хазірет Осман да, хазірет Али де Әбу Һұрайрамен араз болған емес. Бір күні Аллаһ елшісі туралы «халилім» (достым) дегенде, хазірет Али оған: «Аллаһ елшісі қашаннан бері сенің халилің болды?» – деп үн қатады. Хазірет Алидың бұлай дегенін басқаша жорып, сан-саққа жүгіртудің қажеті шамалы, дегенмен кез келген бір кісінің жақсы көрген адамын «халилім» деп айтуында тұрған оғаштық жоқ. Не дегенмен, хазірет Али (р.а.) сынды алғашқылардың алғашқысы болған, Аллаһ елшісінің отбасында тәрбие алған кісінің Әбу Һұрайраға әлгі сөзді айтуға хақысы бар екенін ұмытпаған жөн. Иә, хазірет Али сынды үлкен сахабалар бұл сөзді айтуға хақысы болғанымен қатардағы жай кісі мұндай сөз айта алмайды. Жай адамның Әбу Һұрайраны жазғыру мақсатында сөгуі дұрыс емес. Қала берді бұл жерде хазірет Алидің Әбу Һұрайраны жазғырып-жазғырмағаны да белгісіз.
