Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абду курс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.12 Кб
Скачать

IV Бөлім. Хадистердегі сахабалар

Құран кәрім діннің мөп-мөлдір бастауы болған пайғамбар сүннетін келер ұрпаққа жеткізудегі саха-балардың қажыр-қайратын дастанға айналдырады. Енді келесі кезекте хадис шәріптердің нұрлы кеңістігінде сахабалардың ерен еңбегіне ой жүгіртіп көрелік.

а) Имам Бұхари, Мүслиммен қоса басқа да сахих хадис кітаптарында мынадай оқиға баяндалады. Хадисті жеткізуші жас сахаба Әбу Һұрайра (р.а.) сынды Аллаһ елшісінің жанынан бір елі ажырамаған Әбу Сайд әл-Худри Пайғамбарымыздың «Сахабаларым жайында жағымсыз сөз айтпаңдар. Егер сіздерден бірінің Ұхұд тауындай алтыны болып, оны Аллаһ жолында бағыштаса, бұл сахабалардың бағыштаған бір-екі уыс алтынына тіпті, соның жартысына да жетпейді» дегенін жеткізеді. Расында, олар Исламға төнген нәубетті бастан өткеріп, ең қиын күндерде дінді жайды. Ендеше, сахабаларға тіл тигізу – мұсылманға жат қылық.

Өткенге көз жүгіртсек, бірқатар адасушы ағымдар өз жақтастарының санасын осындай пәтуәсіз ойлармен улағаны мәлім. Сұңқар қонған тұғырға сұғанақ құстар саңғырған бүгінгі таңда жаратылысынан Исламға жаулық ойлайтын ориенталистер мен солардың шашбауын көтеріп, сөзін сөйлейтін кейбір мұсыл-мандардың осы сарындас пікірлерді айтып жүргені де белгілі. Мұндайлар батыс бастан өткерген индус-триалдық, технологиялық төңкерістің ықпалымен өз қағынан жерініп, құнарынан айырылған қу медиенге ұқсайды. Тіпті кейбір ориенталистерді ислами зерт-теулер саласында да өздеріне «құбыла» етіп алғаны жасырын емес. Алайда біз мұндайлардың істеп жүргені секілді сахабалар жайында ешқашан келеңсіз пікір білдіріп, жүгенсіз ой айтпаймыз.

ә) Абдуллаһ ибн Муғаффәлдан Тирмизи мен Ибн Хиббан жеткізген бір хадисте: «Аллаһ, Аллаһ! Сахабаларым жайында жаман сөз айтудан сақтаныңдар. Аллаһ, Аллаһ! Сахабаларым жайында жаман сөз айтудан сақтаныңдар. Менен кейін оларға ешқашан тіл тигізбеңдер. Оларды жақсы көретіндер мені жақсы көргені үшін жақсы көреді. Маған дұшпандық ойлағандар оларға да жауығады. Оларға жәбір-жапа көрсеткен маған жәбір-жапа көрсетеді. Маған жәбір көрсеткендер Аллаһқа «жәбір көрсеткен» болады. Ондайларды Аллаһ дереу жаза-лайды» деген екен.

с) Имам Мүслимде Пайғамбарымыз: «Көктің қауіпсіздігі жұлдыздармен байланысты. (Яғни жұлдыздардың қозғалысында белгілі бір заң-дылық пен жүйе сақталса, аспан әлемінде қандай да бір келеңсіздік болмайды). Жұлдыздардың арасындағы тепе-теңдік пен тәртіп жойылғанда көктегі заңдылық та бұзылады. Сонда көк аспанға қатер төнеді. Мен сахабаларым үшін сенім мен қауіпсіздіктің қайнар бас-тауымын. (Менің көзім тірі кезінде сахабаларым арасында тәртіп пен қауіпсіздік сақталады). Мен кеткеннен кейін сахабаларымның да басына қауіп-қатер төнеді. Ал сахабаларым барша үмбеттің сенімі мен қауіпсіздігінің алтын арқауы болып табылады. Сахабаларым дүниеден озғаннан кейін үмбетімнің басына түрлі бәле келеді», – деген екен.

Қиямет – жұлдыздардың тәсбихтың тастарындай немесе тарыдай шашырап тас-талқаны шыққанда орнайды. Осы тұрғыдан Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалары үшін, сахабалары да үмбеті үшін тәсбихтің түйіні тәрізді. Аллаһ елшісі сахабаларының амандығының алтын арқауы ретінде – өзін, әбрар, әулие, асфия және муқаррабинді қоса алғанда барша үмбетінің амандығының алтын арқауы ретінде сахабаларды көрсетіп кеткен.

б) Бұхари, Мүслим және басқа сахих кітаптардан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз: »Адамдардың ең қайырлылары – мен өмір сүрген ғасырда өмір сүргендер. Сосын кейіннен келетіндер (табиғин), одан кейін олардың өкшесін басқандар (тәбәи-табиғиндар) болады. Олардан кейін (жаман) бір ұрпақ келеді. Олардың куәлігі антынан, анты куәлігінен асатын болады« Содан кейін жалғандық жайлаған ғасыр келеді. Куәлігі антынан, анты куәлігінен асатын «хулфул-уаад» ғасыры туады, яғни өтірік өрттей қаулап, жалған ант беру, өтірік куәлік беру дәуірі басталады.

«Сахабалар, табиғиндар және тәбәи-табиғиндар дәуірі» – жалғанның табы да байқалмаған шыншыл-дықтың мерейі үстем болған ғасыр. Жалғандық тәбәи-табиғиндар дәуірінен кейін орын ала бастайды. Муғтазила, муржия, мушәббиһа имамдары жалғанның отын маздата түседі. Өтірік айту әдетке айналып, қоғамдық өмірді өрттей жалмайды.

Сахабаларды, табиғиндарды, тәбәи-табиғиндарды жалған айтты деп жала жабатындардың, ориенталис-тердің өздері өтірік айтуда. Ғылым-білім дегенде батысқа көзсіз табынатын, батыс әлемінің сойылын соғушы кейбір жетесіздер де осы өтірік сөзді өршітіп отырғаны өкінішті.

в) Ибн Мәсғудтан Табарани мен Ибн Әсир мынадай бір оқиға жеткізеді. Хазірет Омар ғылымның бұлағы саналатын Ибн Мәсғудты Куфаға аттандырып тұрып: «Ей, Куфалықтар! Сендерді өзімнен артық көрмесем, Ибн Мәсғудты сендерге жібермес едім», – дегені бар. Міне, осы ғалым сахаба Ибн Мәсғуд Расулаллаһтың: «Аллаһ тағала Өзіне құлшылық ету бақытына ие болғандардың жүрегіне қарай отырып, хазірет Мұхаммедті (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) таңдады және күллі ғаламға елші етіп жіберді. Содан кейін адамдардың жүрегіне қарады (Мұхаммедке(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үмбет бола алатын, пайғамбардың өзі сынды біртуар болмыс иелері ретінде) оның сахабаларын таңдады. (Әбу Бәкірді таңдады, Омарды, Османды, Алиді, Зубәйрді, Талханы, Абдуррахман ибн Ауфты, Әбу Убайда ибн Жаррахты таңдады). Оларды діннің көмекшілері әрі пайғамбардың уәзірлері етті» деген сөзін жеткізген болатын.

г) Әбу Нуайм өзінің «Хилия» атты еңбегінде Абдуллаһ ибн Омардың: «Кімде-кім тура жолда болуды қаласа, дүниеден озған мына адамдардың жолын ұстансын. Олар – хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалары. Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалары оның үмбетінің ішіндегі ең қайырлылары. (Үмбет арасынан әулие, асфия секілді үлкен тұлғалар шығуы мүмкін, бірақ нағыз кемелдік пен ізгілікте ешбір жан сахабаларға жете алмайды). Олар – үмбет ішінде жүрегі мейлінше жұмсақ, мінезі мейлінше көркем, күнәдан мейлінше пәк, ілімі ең терең, құлшылығы ең кәміл әрі жасандылықтан ада жандар. Аллаһқа, Қағбаның Раббысына ант етейін, Аллаһ елшісінің сахабалары нағыз тура жолды ұстанды» дегенін жеткізеді.

ғ) Тағы да сол «Хилия» атты еңбекте Ибн Мәсғудтың: «Сендердің оразаларың, намаздарың және ғи-бадаттағы жігерлерің сахабалардан алда болуы да мүмкін. (Осындай жекелеген жайларыңызбен Аллаһ елшісінің сахабаларынан озуларыңыз да мүмкін. Араларыңда Мәсрук ибн Әжда сынды төсегіне еш жатпайтын, әрбір түнді Қағбаның жанында сәждеде өткізетін адамдар да шығуы мүмкін. Тауыс ибн Қәйсан сынды қырық жыл бойы құптан намазының дәретімен таң намазын оқитындар, Әсуәд ибн Иәзид ән-Нәхаи сынды таңға дейін Аллаһ алдында құлшылық ғибадат жасайтындар да болуы мүмкін). Алайда сахабалар сендерден әлдеқайда қайырлы, өйткені дүние олардың қаперіне де кіріп шықпайтын. (Яғни олар дүниенің қызық-шыжығынан айырылып қалса «аһылап-уһілеп» күрсінбес еді. Күллі әлемді алақандарына алса, «пай-пай» деп масаттанбас еді). Олар барлық күш-жігерін, қажыр-қайратын ақырет үшін жұмсады. (Сахабалар тек ақыреттің игілігін ғана мақсат тұтты)» дегенін жеткізеді.