Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абду курс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.12 Кб
Скачать

Қортынды

Бұл құтты тұлғалар Аллаһқа толық сеніп, сенімдерін іс жүзінде көрсете алды. Олар Ұлы Жаратушы Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ екендігіне, дүниедегі және ақыреттегі биліктің, салтанаттың тек қана Аллаһтың билігінде, Оның бар нәрсеге құдіреті жететіндігіне кіршіксіз сеніп, иман жолында еш нәрседен тайсалмады. Шынайы бақытқа жету жолының Аллаһқа иманда екендігін әлемге паш етті. Бұл жолда малын да, жанында аямады. Олардың имандарының беріктігі жайлы Құранда: “Оларға адамдар: “дұшпандарыңыз сендерге қарсы қол жинады, қорқыңдар”, дегенде, бұл сөз олардың иманын арттыра түсті де “Аллаһ бізге жетіп асады. Ол нендей жақсы көмек иесі” деді”324,– делінген. Сахабалар иманның негіздеріне кәміл сенді.

Хазірет Әлидің “Құдіреттің күшімен ғайыптың пердесі ашылып, ақиқаттарды жалаң көзіммен көрсем де иманым артпайды. Өйткені, қалай иман ету керек болса,мен солай сендім” деген сөздері айқын дәлел.Олардың ақыретке деген сенімдерінің мықтылығы сондай, бұл дүниенің шындығынан гөрі ақыреттің ақиқаттығын мойындап, біз бұл дүниеде өмір сүруге қалай құлшынсақ, олар бақиға аттануға құштар болды. Сахабалар бұл дүниені жүректерінде тәрк етсе де,тіршілікте тәрк етпеді. Қайта бұл дүниеге бақидағы бақытқа жетудің баспалдағы ретінде қараған. Ешқашан дүниеге құлдық ұрмады. Бақытты өткінші ләззаттардан іздемеді.Осынау иман қаһармандары Ислам жолына шақырылған кезде, “Ей, Раббымыз! “Раббыларыңа иман келтіріңдер” деп шақырған шақырушыны (хазірет Мұхаммед немесе Құран) естіген кезде бірден иман еттік”325, – деп жауап берген сахабалар Аллаһ расулын (с.а.с.) жандарынан артық жақсы көрді. Оған өмірлерінің соңына дейін мойынсұнып, қасық қаны қалғанша қорғауға сөз беріп, сөздерінде тұрды. Олар әрқашанда: “Әке-шешем, дүние-мүлкім, бала-шағам және жаным жолыңда құрбан болсын, уа, Расулаллаһ”–деп кетті. Шынайы бақытқа қол жеткізудің оңай емес кендігін білген сахабалар, кейбір қиындықтардан өту керектігін де о бастан қабылдап, бастарына түскен ауыртпалықтарға мойымай, Аллаһ расулының (с.а.с.)қасиетті дінді өрістету жолында бары мен базарын құрбан етті.

Құран мен Аллаһ расулының тәрбиесінде өскен сахабалардың діни өмірлері, ойлау өрісі, тамаша мінез-құлықтары, құлдықтың сырларын бойларында Cаңлақ cахабалар сезінулері, Аллаһты тану тұрғысынан алғанда оларға тең келетін ешбір жамағат жоқ. Олар кемел адам (инсану камил) болу жолын ашқан адамдар еді. Сенімдерінің арқасында олар ғаламат жетістіктерге жету арқылы кейінгілерге үлгі болды. Сахабаларды Аллаһ тағаланың өзі Құранда: “шынайы мүмин”, “Аллаһтың разылығына ие болғандар”,“құлшылыққа берілгендер”, “турашыл/шынайы”,“ақыретте (азаптан) құтылғандар”, “оларға кешірім, сый және Жәннат берілетіндіктері” айтылған бақыттылар деп мадақтау арқылы дәрежелерінің қаншалықты жоғары екенін көрсетеді.Міне, осылардың барлығы Құранның нұр әрі тура жолға бастаушы иләһи кітап, хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) Ұлы Жаратушының Ардақты елшісі екендігін айқын көрсетеді.Аллаһтың әмірлеріне мойынсұнып, Расулының нұрлы жолымен, жұлдыздар шоғырындай сахабалардың сара жолымен жүргенде ғана адамзат қараңғы қапастан анық құтылады. Әрі ақыретте де мәңгі бақытқа қол жеткізеді. Ислам қарлығаштары – сахабалардың нұрлы өмірлері бұған дәлел. Аллаһ бізге де сахабалар сияқты ақиқатқа жетуді жазсын! Әмин!

Пайданылған әдебиеттер тізімі:

1.Ибн Хажар, әл-Исабә, 1/7. 2.Ибнул-Араби, Мухадаратул-әбрар уә Мусамаратул-ахияр, 2/179.

3.Бұхари, Мағази 9; Риқақ 51; Тирмизи, Тәфсир 23 (3).

4.Бұхари, Фәдәилул-асхаб 5; Мүслим, Фәдәилус-сахаба 221; Тирмизи, Мәнәқиб 58.

5. Тирмизи, Мәнәқиб 58; Ахмад ибн Ханбәл, әл-Мүснәд, 5/57; Ибн Хиббан, әс-Сахих, 16/244.

6. Мүслим, Фәдәилус-сахаба 207.

7. Бұхари, Фәдәилул-асхаб 1; Мүслим, Фәдәилус-сахаба 212; Тирмизи, Мәнәқиб 56.

8. Ахмад ибн Ханбәл, әл-Мүснәд, 1/379; Табарани, әл-Мужәмул-кәбир, 9/112; 9. Әбу Нуайм, Хилиятул-әулиә, 1/375.

10. Әбу Нуайм, Хилиятул-әулиә, 1/305.

11. Әбу Нуайм, Хилиятул-әулиә, 1/135.

12. Мүслим, Фәдәилус-сахаба 158; Ахмад ибн Ханбал, әл-Мүснәд, 2/319; Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра, 4/328.

13. Бұхари, Илим 42; Мәнәқиб 28, Мүслим, Фәдәилус-сахаба 159; Тирмизи, Мәнәқиб 46;

14. Бұхари, Илим 42; Харс 21; Иғтисам 22, Мүслим, Фәдәилус-сахаба 159;

15. Ахмад ибн Ханбәл, әл-Мүснәд, 2/240. 

16. Ибн Әби Шәйба, әл-Мусәннәф, 6/381, 541; Табарани, әл-Мужәмул-кәбир, 17. 2/108, 110, 22/100; Хаким әл Мустадрак, 2/681, /230, 233.

18. Тирмизи, Мәнәқиб 29; Ибн Хиббан, әс-Сахих, 15/521; Табарани, әл-Мужәмул-кәбир, 2/107.

19. «Бақара» сүресі, 2/159.

20. Бұхари, Азан 95; Мәнәқибул-ансар 52; Мүслим, Салат 158; Салатул-мусафирин 162; Тирмизи, Зухд 39.

21. Ибн Құтайба, Тәуилу мухтәлифул-хадис, 22, 41.

22.Бұхари, Фитән 9; Мүслим, Фитән 10;

23. Бұхари, Фитән 3; Ахмад ибн Ханбәл, әл-Мүснәд, 2/324.

24. Мүслим, Фәдәилус-сахаба 160.

25. Бұхари, Уду 10; Мүслим, Фәдаилус-сахаба 138; Ахмед ибн Ханбәл, әл-Мүснәд, 1/335

26. Ибн Асакир, Тарихи - Димашқ, 45/94; Зирикли, Ағлам, 4/95. 

27. Замахшари, Рабиул­әбрар, 2/416; Әсасул­бәлаға, 1/26.

28. Табари, әл-Мұғжамул-кәбир, 10/236; Хаким, әл-Мүстәдрак, 3/626; Ахмед ибн Ханбәл, Фәдаилус-сахаба, 2/962.

29. Ахмед ибн Ханбәл, әл-Мүснәд, 2/131.

30. Бұхари, Фәдаилул-асхаб, 20, 27; Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра, 3/153.

31. Ахмед ибн Ханбәл, әл-Мүснәд, 1/114; Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра, 3/155. 32. Ибн Әбy Шәйба, әл-Мұсаннаф, 6/408 ;

33. Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра, 6/7-Бәйхақи, Шуабул-иман, 2/491;

34. Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-нихая, 7/183.

35.  Алиул-қари, әл-Масну, 98 ; Ажлуни, Кәшфул-хафа, 1/449.