- •Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақтөбе медресесі Сахабалардың Исламдағы орны
- •I Бөлім. Сахабалар
- •II Бөлім. Сахабалар және олардың дәрежелері
- •1. Сахабалардың асқақ абыройы
- •2. Сахабаның даңқын асырған жайттар
- •III Бөлім. Құран кәрімдегі сахабалар
- •IV Бөлім. Хадистердегі сахабалар
- •3. Кейбір «муксирун» сахабалар туралы
- •V Бөлім. Сахабалар жайындағы деректер
- •1) Хазірет Омар және Әбу Һұрайра
- •2) Хазірет Али, хазірет Осман және Әбу Һұрайра
- •3) Әмәуилер және Әбу Һұрайра
- •4) Хазірет Айша және Әбу Һұрайра
- •5) Әбу Ханифа және Әбу Һұрайра
- •Қортынды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақтөбе медресесі Сахабалардың Исламдағы орны
курстық жұмыс
Орындаған:
«Исламтану» мамандығының
3 курс студенті
Сынақ кіт. № 52
Саламат Әбдіжаппар Оспанұлы
Тексерген:
Маткаримов Ғабит
«10» сәуір 2015ж.
Баға:
_______________
Бестамақ 2015
М
АЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I Бөлім. САХАБАЛАР 6
II Бөлім. САХАБАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ 10
1. Сахабалардың асқақ абыройы 12
2. Сахабаның даңқын асырған жайттар 13
III Бөлім. ҚҰРАН КӘРІМДЕГІ САХАБАЛАР 18
IV Бөлім. ХАДИСТЕРДЕГІ САХАБАЛАР 24
V Бөлім. САХАБАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕР 29
ҚОРЫТЫНДЫ 49
Пайдаланған әдебиеттер 50
Кіріспе
Ғасырлар қойнауындағы дүбірлі оқиғаларға куә қарт тарихқа терең үңілсек, адамзат қауымыныңбағыты мен бағдарына жол сызған, күллі ғаламды күрт өзгеріске түсірген маңызды жағдаяттарды көреміз. Сол оқиғалардың ең бастысы – Ислам дінінің келуі және оның әлемге таралуы.Ислам дінінің келуі қарсаңында Араб түбегіндегі қоғамдық тыныс-тіршілік жан түршігерлік еді.Зұлымдық атаулы етек жайып, ішімдік судай сапырылды. Құмар ойындарының неше түрі кең таралып,жезөкшелік үйреншікті кәсіпке айналды. Тайпалар арасындағы кек пен қан дауы ғасырлар бойы бір толастамай, өсім (пайыздық өсім) қоғамға жабысқан дерт болды, қысқасы, мейлінше рухани азғындаған адамзатқа жаһилияның (қараңғылық дәуірдің) үкімі жүрді.Дәл осы тұстағы адам жанын түршіктіретін сұмдық – отбасында қыз баланың дүниеге келуі ар саналып, бейкүнә сәбилердің тірідей топыраққа көмілуі.Өкінішке орай, бұл да араб қоғамын іштен ірітті.Шімірікпестен адам қанын ағызуды әдетке айналдырған мейірімсіз қоғам Исламның келуімен аз уақыт ішінде адамзат тарихында өркениетпен мәдениеттің ошағына айналды. Бір кездегі қаныпезерлікте алдына жан салмайтындар құрт-құмырсқаны өлтіріп алмау үшін әрбір қадамын аңдап басып, аяқтарына қоңырау тағып жүретін тақуа дәрежеге жетті. Адами қасиеттер аяққа тапталып, азғындық шегіне жеткен тұста пендешіліктің пердесін серпіп, күллі ғаламға мәдениет бастауын үйретуші қаһармандар пайда болды. Бұл – заңды құбылыс. Себебі, қараңғылық қапасында тұншыға бастаған ғалам рухани жұттан құтқаратын ғажап нұрға мұқтаж-ды. Адамзатты мейірімімен жаратқан Ұлы Жаратушы пенделерге жол көрсету үшін теңдессіз, асыл тұлға, ғаламның рақым нұры Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) қадірлі елші етіп жіберді. Ғаламның рақым нұры Сүйікті елші бұзылған елді жөнге салып, оларға өмірдің түп мәнін, мақсаты мен хикметін үйретті. Әлемдегі толған айдай толықсыған әсемдік пен жаратылыстағы таңғажайып құбылыстардың, адам қолымен тұрғызылған салтанатты сарайдан сан есе көрікті де кең осынау әлемді өрнектеген өнер иесі, шебер Жаратушы бар екендігін ұқтыра білді. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) тек Аллаһқа иман етіп, құдіретіне бас игенде ғана адамдардың қараңғылық шырмауынан құтылып, баянды бақытқа қол жеткізетінін айтты. Ол Ұлы Жаратушы есімін күллі әлемге паш етті Азғындық пен әділетсіздік белең алып, адамдар шынайы Жаратушысын ұмытып, қолдан жасалған сансыз меңіреу пұттарға табынып кеткенде Соңғы елші оларды құдіретті Аллаһқа иман келтіруге, тәухид нұрымен сусындауға үндеді.Жүректе иман нұрының салтанат құрып, Ислам дінінің төрткүл дүниенің төрт бұрышына таралуында Мұхаммед Мұстафадағы (с.а.с.) мойымас иман күшінің, қажымас қайратының, төзімділігі мен сабырының орны ерекше. Осы тұста Ұлы Жаратушының бұйрықтарын жүрегімен қабылдап, халықтың иманын құтқару жолында Сүйікті елші хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) еріп,қашанда қасынан табылған сенімді мұраттастары ақжал толқын сахабалар керуені тарих сахнасына шеру тартты...
Сахабалар ғасыры Ислам тарихында «асрус-са'адат» (алтын ғасыр) деп аталады. Себебі, олар тек өздерінің ғана емес, барша Ислам үмбетінің бақыты үшін жан аянбай күресті. Өмірде адамдар арасындағы, қара халық пен басқарушылардың, әр түрлі дін өкілдерімен қарым-қатынаста ("өзі толық болып, көршісі аш жатқан бізден емес", "бір адамның көңілін қалдыру, Қағбаны жыққанмен тең, зыммиге (мұсылмандардың басқаруын өз еркімен қабылдаған, бірақ мұсылман болмаған өзге діндегі) зәбір көрсетсе, маған зәбір көрсеткендей", "Аллаһтың алдында бүкіл адамдар тең" (ұлтына, жынысына, түсіне, қоғамдық жағдайына қарамастан) яғни, қоғамдық өмірдің барлық саласында Исламның басты ұстанымдарын жасампаз дәстүрге айналдырған сахабалар тарихта теңдесіз із қалдырды.
Олар Мұхаммед пайғамбардан естіген, көргендерінің бәрін халыққа жеткізу үшін көп еңбек сіңірді. Сахабалардың арасында аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермес шешен, ділмәр кісілер де бар болатын. Осыған қарамастан олар Мұхаммед пайғамбар сөйлегенде, зейін қойып тыңдап, айтқанына мойынсұнатындықтары соншалық "оның құзырында басымызға құс қонақтағандай сас сақтық танытып, әрбір сөзіне мұқият ден қоятынбыз -дейді олар.
Сахабалар немесе (араб тілінде الصحابة көпше түрінде, жеке түрі صحابي — дос, жолдас) — арабшадағы схб түбірінен туындаған көпше түрдегі есім сөз, жекеше түрі -сахаби, Мұхаммед пайғамбардың серіктеріне берілген атақ. Сахаба (етістігі) серік, жолдас, дос болу және сұхбаттасу деген мағынаны білдіреді. Мейлі аз, мейлі көп болсын, сұхбаттасқан адамға осы есім беріледі.
Терминдік мағынасына келсек, С. Мұхаммед пайғамбарды көрген, аз уақыт болса да оның сұхбатын тыңдап, иман келтірген және дүниеден иманды өткен «сахабаға» жатады.
