Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тилдик катынас шпор.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.18 Кб
Скачать

10 Билет

1.

2.Тілдік таңба-тіл бірліктерінің затты,оның қасиетін затты болмысқа қатыстылығын білдіретін материалдық-идеялық құрылымы.Тілдік таңбалардың жиынтығы ерекше таңбалар жүйесі –тілді жасайды.Тілдік таңба мазмұн мен дыбысталудың,яғни таңбаланушы мазмұн мен таңбалаушы дыбыстардың бірлігінен тұрады.Тілдік таңбаның осы екі жаңы сананың жанама түрде қатысуымен тұрақты тіл бірлігін жасайды.Тілдік таңбаның екі жағы бір-бірімен шарттас келіп,тілдегі ассиметирялық жалпы заңдылыққа бағынады.Тілдік таңбаның неғұрлым жиі кездесетін түрі-сөз ,себебі алдыңғы ұрпақтар тәжірибесінде жинақталып қалыптасқан заттық танымдық бейнесі тек сөзде сақталады.Өз мағынасы басқа таңбаларға байланысты ғана білдірілетін ,ішкі құрылымдық мәні бар сөзжасамдық және сөз түрлендіруші морфемалардың жартылай таңбалық сипаты бар.Тілдік таңба белгілі үлкенді-кішілі жүйелерде орныққан үлгілерге сай қалыптасады да,адамзаттың тілінің екі негізгі құрылымдық өлшеміне қатаң түрде бағынады.Оның бірі-таңбаланушы мен таңбаланушылар әртүрлі парадигмалары мен ттоптарынан тұратын парадигматикалық өлшем,екіншісі-көлденең қатарды таңбалардың тіркесімін білдіретін синтагматикалық өлшем.

3.Адамдар бір –бірімен қарым- қатынаста болғандықтан хабар айту,хабар беру,хабар алу процесі үздіксіз жүріп отырады.Менің ойымша қарым- қатынасты жүзеге асырушылардың бір –бірімен сөйлесуі,ұғынысуы,түсінісуі арқылы жүзеге асатын жаңалықпен алмасулары.

11 Билет

1.Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы мен әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынастар деп аталады.Осы тұрғыдан келгенде ,тілдік қатынаста дыбыстық және графикалық таңбалардың әмбебап жүйесі деп танысақ,онда тілдің таңбалар жүйесі тілдік қатынастың жазбаша түрі болады да,тілдің дыбысталу жүйесі тілдік қатынастың ауызша түрі боп саналады.Тілдік таңбалар жазылу арқылы көзге көрінеді,ал дыбысталу арқылы естіледі.Бұл екеуі де тілдік қатынастың жүзеге асуы үшін қызмет етеді.Ауызша қатынас адамның бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы нәтижесінде іске аса келіп ,белгілі бір хабардың дыбысталуы арқылы сыртқа шығады.Адамдардың арасыендағы ауызшы тілдік қатынас –өте ертеден пайда болып,қоғаммен бірге өмір сүріп келе жатқан құбылыс.Ауызшы қатынас-ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы,ол тілдік тұлғаның сөзге,сөйлемге айналып,дыбысталуы арқасында жүзеге асады.Ауызша тілдік қатынаста басты роль атқаратын-адамның сөйлеу мүшелері,дыбыстау мүшелері жиі қозғалып,еркін жұмыс арқылы қатысымдың тұлғаның айтылып,естілуіне мүмкіндік жасайды.Бұл сөйлесім әрекетінің іске асуының алғашқы кезеңі боп табылады.Ауызшы тілдік қатынас адамның сөйлеу қабілетіне қарай өзгеріп отырады жіне мұнда тілдік қатынастың әртүрлі қызметі іске асады.Жазбаша қатынас-тілдік тұлғаның таңбалық естілуінен ғөрі,көзге көрінуі басты рол атқарады.Мұндай қарым-қатынас таңбаның жүйесі арқылы іске асады.Жазбаша тілдік қатынаста басты роль атқаратын-тілдік тұлғаның таңбалық көрінісі.Жазбаша тқ ауызшадан кейін пайда болды.

2.Тілдің таңбалық табиғаты сөз болғанда бүтіндей тілдің жіне оның элементтерінің объективті болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы және олармен жанама түрде байланысу дәрежесі ескеріледі.Тіл білімінде таңбаның түрлерін айқындауға таңбаның қызметінің сипаты негізге айналды.Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі болғанымен, оны қолдану әрдайым мүмкін бола бермейді.Кейде дыбыс тілі арқылы хабарлауға,білдіруге болматйн жайттар өмірде жиі кездеседі.Мұндай жағдайлар бірнәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін,сол хабардың затты көрсеткіші ретінде әр түрлі материалдық белгілерді қолданған.Олар-таңбалар.Таңба деп басқаларға білдірмекші болғанбелгілі бір хабардыңорнына қолданылатын сезім мүшелерінің біріне заттық,құбылыстық,дыбыстық ,әрекеттік тағы да сол сияқты белгілерді айтады.

3.Тілдік қатынастың негізгі мазмұны,мәні,мағынасы боп табылатын –хабарды іс жүзіне асырушылар мынадай құрамнан тұрады.

1.Ақпаратты қабылдайтын – Баяншы

2.Ақпаратты жеткізетін-Тұлғалар

3.Ақпаратты деректі-Қабылдаушы

Баяншы-сыртқы объективтік әсерді,өмірді сезінуден,пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың,тұлғалардың көмегімен екінші біреуге баяндау;Тұлғалар-хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында ұғым тудыратын ,оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін ,адамдар арасындағы қатысымдық бірліктер.Қабылдаушы-белгілі бір хабарды қабылдап алып,оның тілдік тұлғалар арқылы түсініп,ой мен паймыдау арқылы өз санасына жеткізіп,әрі қарай іске асырушы. Баяншыға да,қабылдаушыға да бәріне ортақ әрекет-байланыс,қатынас.Ал байланыс тілдік қатынас арқылы жүзеге асады.