- •1 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •8 Билет
- •3. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі.Заман өзгерді,қоғам алмасты,еліміз тәуелсіздік алды,тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып,қайта жанданып жатыр.
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •3.Тілдік қатынасқа түсушінің ең басты қызметі қытысымдық,байланыстылымдық,экспрессивтік.
- •12 Билет
- •14 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •3.Оқылым-графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестерді қабылдай отырып,сауатты,ұғынықты оқу және қажетті деректі сұрыптап алу
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •23 Билет
- •24 Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27Билет
- •28 Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
29 Билет
1.
2. Сөйлесім әрекеті-әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәсіле.Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған.Мәселен,лингвист ғалымдар сөйлемше әрекеті мен тілдің ара қатынасын,ортақ заңдылықтарын,тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады.Психологтар ойлау,сезіну,түйсік,қабылдау, т.б процестермен байланысын олардың сөйлеу кезіндегі ерекшеліктерін зерттейді. Тілдік қатынасқат байланысты іске асатын сөйлесім әрекетін 5 түрге бөледі:1 оқылым 2 жазылым 3тыңдалым 4 айтылым 5 тілдесім. Соның ішінде тілдесім дегеніміз-сөйлесім әрекетінің барлығын қамтамасыз ететін ерекше құбылыс.Адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірінде бір-бірімен тіл арқылы қатынасқа түсіп,өз ойын ауызша не жазбаша түсінуі және оған жауап қайтаруы. Жазылым термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу,ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Жазылым-тілдік тұлғалардың графикалық,фонемалық жүйесіне негізделген;лингвистикалық,психологиялық,физиологиялық әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын ,адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік беретін күрделі тарихи әрекет.Жазылым,біріншіден,әріптің,сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады;екіншіден,бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық ,мағыналық қасиетке ие болады;үщіншіден,жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық құбылысы қатысады;төртіншіден,жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес ,формасына да көңіл аударады;бесіншіден,жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті болуына тікелей байланысты жүзеге асады; Тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеші құрылымдық кезеңдерден тұрады да,көпсалалы болады:1.қажеттіліктен пайда болатын себеп;2.себептің ойда,санада бейнеленуі;3.ойдың сөз арқылы тізбектелуі;4.сөздің графикалық әріптермен таңбалануы; 5.жазудың екінші адамға түсінікті болып,берілген хабарды білдіруі; Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі-ол әріптік таңбадан бастап,алфавитке дейінгі тілдің дыбыстық жүйесін ,олардың жазылу ережесін,жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды. Тыңдалым-соңғы жылдарды көп сөз болып жүрген және оқу процесінде кеңінен орын алған маңызды сөйлесім әрекетінің бірі.Тыңдалым әрекетінің мағынасы-есту арқылы түсіну;Бұл атаудың ең басты мәні-адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау,есту арқылы қабылдау және ұғу; Тыңдалымды жете меңгеру үшін мына белгілерді үйрену керек: 1.Басқа дыбыстардын тілдік дыбыс толқынын,олардың ерекшелігін ажырата білу; 2.Аудиолық тілдік тұлғаның мағынасы мен мәнін дұрыстап қабылдау,білу; 3.Мәтіннен қажетті деректі тауып ,пайдалана білу; 4.Тыңдалымға қатысатын негізгі көрсеткіштерді жан-жақты меңгеру; Айтылым-адамдар арасныдағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі.Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару процесі,өз сөзін екінші адамға ұғынықты етіп жеткізуі;Айтылым негізінен бір адамға тән әрекет болғанымен,тілдік қатынаста екі жақты байланыстың болуын қажет етеді.Адам өз ойын екінші біреуге жеткізу үшін айтады,ссол үшін сыртқа шығады.Айтылым процесін меңгеру үшін басты-басты мынадай жағдайды ескеру қажет: 1.үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік;
2.қоршаған орта жағдайының әсері; 3.жеке басының қабілетін ескеру, 4-сөйлеудің түпкі мақсатын айқындау.
3.
