- •1 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •8 Билет
- •3. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі.Заман өзгерді,қоғам алмасты,еліміз тәуелсіздік алды,тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып,қайта жанданып жатыр.
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •3.Тілдік қатынасқа түсушінің ең басты қызметі қытысымдық,байланыстылымдық,экспрессивтік.
- •12 Билет
- •14 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •3.Оқылым-графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестерді қабылдай отырып,сауатты,ұғынықты оқу және қажетті деректі сұрыптап алу
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •23 Билет
- •24 Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27Билет
- •28 Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
4 Билет
1. 1980 ж «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 5-томында осы түбірге қатысты бір ғана сөз берілген.Ол- «коммуникация» сөзі мұнда «жол қатынасы», «байланыс» деген ұғымды көрсетеді.1959 жылы шыққан қазақ тілі сөздігінің бірінші томында «коммуникация» сөздігі берілген. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас деген ұғымды білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы әлдеқайда кеңейеді.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме сөздігінің арасында байланыс бар. Әсіресе ертеректе шыққан сөздіктерде «коммуникация» сөздігінің мағынасы бірдей боп келеді. Мысалы,В.Дальдың түсіндірме сөздігінде екі сөздің мағынасы айтылған.
2.Тілдесім-сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс.Ол тілдік қатынастың маңызды көрсеткіші бола келіп,оқылым,айтылым,тыңдалымның іс жүзінде қолданылуын мүмкіндік жасайды.Тілдесім арқылы оқу,жазу,тыңдау,сөйлеуге үйрету жүзеге асады,оларға қатысты жұмыстар атқарылады.Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады. (6)Олар: Ресми тілдесім-тіл үйренушілерге ресми қарым-қатынастың элементтерін үйрету,ондағы сөз қатынастарды ресим материалдарға қатысты игеру.
Бейресим тіілдесім-оқушыларды ресим емес,қарапайым қарым-қатынастың элементтерін білуге үйрету. Қалыптасқан тілдесім-әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуі,түсінісуі;
Кәсіби тілдесім-тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байл.сөйлесудің үлгілерін,мамандыққа қатысты сөздерді,терминдерді үйрету;
Әлеуметтік тілдесім-адамның қоғамдағы орнын,беделін,қызметін ескере отырып құрылатын тілдік қарым-қатынас.
Дербестік тілдесім-адамның қызметіне ,беделіне,әлеуметтік орнына қарамай,жеке басының қасиеттеріне қарай өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып тілдесу,сөйлеу.
3.
5 Билет
1.Сөлесім әрекеті-әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе.Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қараған.Сөйлесім әрекетін көптеген ғалымдар белгілі бір хабарды,ойды баяндау,яғни екінші біреуге жеткізілуі деп түсіндіреді.Адамзат тілінің ең басты қызметінің өзі-ойды,хабарды жеткізу;Сөйлесу кезінде адам қалай болса солай ойына келгенін айта алмайды,ол ең алдымен ойлауды басынан өткереді,сырттағы объективтік шындық санаға ,ойға әсер етіп,пайымдау туғызды.Адам не туралы сөйлейтінін ,тіл арқылы нені жеткізетінін білгенімен,яғни сөйлесім әрекеті адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес,ол табиғат берген ,жаратылыстан туған күрделі процесс.Демек,адамдар бірінің айтқан сөзін екіншісі жай білу үшін ғана емес,олар бір-бірімен өзара түсінісу үшін қарым-қатынастық бірлікке ұмтылады.
2.Сөз-сөйлеу,пікір алмасу үстіндегі ең басты тұлға.Сөз жеке тұрғанда заттың,санның,қимылдың, т.б. атауы боп номинативтік қызмет атқарады,тіл арқылы қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға ,ортаға байланысты жұмсалып,қарым-қатынастық қызмет атқарады;Сөйлем-тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең қажетті тұлға.Тілдік тұлғалар адамның миы мен сөйлеу аппаратыының ,дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысына қатысты ,қатысымдық тұлғалар онымен қоса ойлау мен пайымдаудан адам санасына хабарды қабылдауға әрі жеткізуге қатысты;
3.Тілдік қатынас-адамдардың сөйлесу,тілдесу ,ұғынысу әрекеті арқылы жүзеге асатын адами және қоғами процесс болғандықтан қоршаған ортамен байланысы әрі қоршаған ортаға тигізер әсері өте зор.Тілдік қатынас әрекеті болмаса адамдар бір-бірін түсінісе де ұғыныса да алмас еді.Тілдік қатынас процесі арқылы ым,ишаратты былай қойғанда қазір өзге тілде түсінісу,сөйлей білу бақытына ие болып отырмыз.Сол арқылы сан түрлі ұлттың салт-дәстүрімен ,ғұрпымен де таныса аламыз.Жалпы тілдік қатынас қоршаған ортаға түсінісу,ұғынысу үшін қажет үздіксіз жүріп отыратын процесс.
билет
1.Тіл-адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін,түсінісуін,сөйлесуін қамтамасыз ете келіп тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады.Тілдік қатынас-тіл арқылы байланыс,сөйлеу тілі арқылы адамдрдың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы;қоғамның,ұлттың тіл арқылы ұғынысуы:түсінісуі,яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді.Тілдік қатынас-адамның ойлау,пайымдау,сөйлеу,тыңдау,түсіну,айту,пікірлесу,т.б әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс.Тілдік қатынастың басты белгілері мен түрлерін ажырату керек.Тілдік қатынастың негізгі құрамы мынадай боп жіктеледі:1.Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылар;2.тілдік байланыс қатынасының қызметі;3.сөйлеу мүшелерінің бірлігі;4.қатысымдық тұлғаның жиынтығы; Тілдік қатынасқа түсушінің ең басты қызметі-қатысымдық,байланыстырушылық,эксперссивтік;Қатысымдық қызмет бойынша баяндаушы мен қабылдаушылар тілдегі қарым-қатынастың барлық түрлерін іс жүзңне асыра келіп,хабар арқылы бір-бірімен қарым-қатынастық қызмет атқарады;Байланыстырушылық қызмет-баяншы мен қабылдаушыны өзара байланысты және тілдік қатынастың түсінікті болуын қамтамасыз етеді.Экспрессивтік қызмет-тілдегі қарым-қатынасқа түсушінің бір-біріне берілген хабарды қабылдап қана қоймай,айрықша мәнін,күшейту реңін толық түсінуінің нәтижесінде орындалады;
2.Кез келген тіл адам қатынасының маңызды құрамы бола келіп,адамзаттың бір-бірімен түсінісу,пікір алмасу,сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды.Сонымен қатар,ішкі,сыртқы қоғамдық жағдайларға әсер етеді.Халыққа қажетті әлеуметтік,экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайды,бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады,қоғамдық саяси күштердің өз мақстаы үшін күресуіне қызмет ететін саяси құрал болып табылады. Сөлесім әрекеті-әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе.Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қараған.Сөйлесім әрекетін көптеген ғалымдар белгілі бір хабарды,ойды баяндау,яғни екінші біреуге жеткізілуі деп түсіндіреді.Адамзат тілінің ең басты қызметінің өзі-ойды,хабарды жеткізу;Сөйлесу кезінде адам қалай болса солай ойына келгенін айта алмайды,ол ең алдымен ойлауды басынан өткереді,сырттағы объективтік шындық санаға ,ойға әсер етіп,пайымдау туғызды.Адам не туралы сөйлейтінін ,тіл арқылы нені жеткізетінін білгенімен,яғни сөйлесім әрекеті адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес,ол табиғат берген ,жаратылыстан туған күрделі процесс.Демек,адамдар бірінің айтқан сөзін екіншісі жай білу үшін ғана емес,олар бір-бірімен өзара түсінісу үшін қарым-қатынастық бірлікке ұмтылады.
3.Табиғатты біз түсіндіреміз ,сипаттаймыз,ал рухани өмірді ұғынамыз.Адамдар қатынасы түгелдей қоғаммен,әлеуметпен қатынасты әлеуметтік юолмыспен тығыз байланысты.Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді,кейде әртүрлі жағдайларға байланысты олар бірін-бірін тілсіз-ақ ұғып,соған қарай іс-әрекет жасайды.Мысалы,көшеде келе жатқанда адамдар түрлі жарық көздеріне,естілген дыбыстарға назар аударып,соған өздерінше жауап қайтарады,соған қарай әрекет жасайды.Өмірде мұндай қоғаммен,әлеуметпен ұғынысу,түсінісу көптеп кездеседі.
7-билет
1.Жазылым термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу,ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Жазылым-тілдік тұлғалардың графикалық,фонемалық жүйесіне негізделген;лингвистикалық,психологиялық,физиологиялық әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын ,адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік беретін күрделі тарихи әрекет.Жазылым,біріншіден,әріптің,сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады;екіншіден,бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық ,мағыналық қасиетке ие болады;үщіншіден,жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық құбылысы қатысады;төртіншіден,жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес ,формасына да көңіл аударады;бесіншіден,жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті болуына тікелей байланысты жүзеге асады; Тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеші құрылымдық кезеңдерден тұрады да,көпсалалы болады:1.қажеттіліктен пайда болатын себеп;2.себептің ойда,санада бейнеленуі;3.ойдың сөз арқылы тізбектелуі;4.сөздің графикалық әріптермен таңбалануы; 5.жазудың екінші адамға түсінікті болып,берілген хабарды білдіруі; Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі-ол әріптік таңбадан бастап,алфавитке дейінгі тілдің дыбыстық жүйесін ,олардың жазылу ережесін,жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.
2. Сөйлесім әрекеті-әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәсіле.Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған.Мәселен,лингвист ғалымдар сөйлемше әрекеті мен тілдің ара қатынасын,ортақ заңдылықтарын,тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады.Психологтар ойлау,сезіну,түйсік,қабылдау, т.б процестермен байланысын олардың сөйлеу кезіндегі ерекшеліктерін зерттейді. Тілдік қатынасқат байланысты іске асатын сөйлесім әрекетін 5 түрге бөледі:1 оқылым 2 жазылым 3тыңдалым 4 айтылым 5 тілдесім.Соның ішінде жазылым термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойың басқаға түсінікті болу үшін қағаз бетіне түсінікті етіп жеткізу» дегенді білдіреді;
3.Фаузия Оразбаеваның Тілдік қатынас кітабында коммуникация терминінің мазмұны араласу, хабарласу,байланыс деген мағыналарды береді.Тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін,адамдар арасындағы өзара түсінушілікті көрсетеді.
Коммуникация арқылы адамдар бір- біріне ойын жеткізіп,белгілі нәрсені хабарлап қана қоймайды,олар өзара түсініседі.Екі адамның бірінің жаны бірі ұғуы-бір топтың түсінісуіне,ал топтың пікір алмасуы қоғамның жетілуіне әкеледі. Осыдан кейін – ақ адамзат тілінің қоғамдық қызметі де көрінеді.
