- •1 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •8 Билет
- •3. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі.Заман өзгерді,қоғам алмасты,еліміз тәуелсіздік алды,тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып,қайта жанданып жатыр.
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •3.Тілдік қатынасқа түсушінің ең басты қызметі қытысымдық,байланыстылымдық,экспрессивтік.
- •14 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •3.Оқылым-графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестерді қабылдай отырып,сауатты,ұғынықты оқу және қажетті деректі сұрыптап алу
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •23 Билет
- •24 Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27Билет
- •28 Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
8 Билет
1.Тіл табысуға азаматтарды тәрбиелеу мақсатына жету үшін ынталандырушы мен қолдаушы ортаны құра отырып,қажетті тілдік дағдыларды дамыту керек.Мұндай ортада оқушылар тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып ,өз пікірін еркін білдіре алады.Алдымен тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша:-тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою;оқушыларды қызықтыратын тақырып бойынша ашық сөйлесу;жоспарланғаг тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру;ортада диалогтың болуы; берілген оқиғаға байланысты өз көзқарастарын білдіру;
2.Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:1.графика 2.орфография 3.жазып алу 4. Жазбаша сөйлеу; Бұл салада үйретілетін ең басты міселе –жазылымның графикасы.Графика,яғни жазу таңбалары-жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы.Қазақ тілі графикасының ерекшелігі-әріптер қалай жазылса солай оқылады,басқа тілден енген дифтонг дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де,бір әріп бір дыбысты көрсетеді.Орфорграфия-белгілі бір сөздң әріптің таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі.Тілді үйретуде орфографияға қатысты кездесетін қиындықтар да баршылық.Олар:1.Фонетикалық,морфологиялық,тарихи принциптердің өзгешеліктері мен ерекшеліктерін жан-жақты ескеру;2.Екпін түсіп айтылған буындардың дұрыс жазылуын қадағалау; 3.Қазақ тіліндегі еріндік,езулік дауыстылардың жазылуына ерекше мән беру;4.Жуан жіңішке дыбыстың фонемалық қасиетін есте сақтау;5.Дауыссыз дыбыстардың айрықша белгілерін дұрыс меңгеру.
3. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі.Заман өзгерді,қоғам алмасты,еліміз тәуелсіздік алды,тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып,қайта жанданып жатыр.
Мемлекеттік тіл- қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан жүргізілетін барлық іс – қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашан да білікті де,саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу.Сауатты ұрпақ өз ана тілінде еркін сөйлей алатын,оны терең меңгерген ұрпақ.
9 Билет
1.Кез келген тіл,сол сияқты қазақ тілі- адам қатынасының аса маңызды құралы бола келіп,адамзаттың бір-бірімен түсінісу,пікір алмасу,сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды.Сонымен қатар,ішкі және сыртқы қоғамдық жағдайларға әсер етеді.Халыққа қажетті әлеуметтік,экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайды,бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады,қоғамдық саяси күштердің өз мақсаты үшін күресуіне қызмет ететін саяси құрал болып табылады.Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен,тілсіз ой жүзеге аспайды.Сондықтан да тіл – қоғамдық объективтік шындықты танудың,оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады.
2. Жазылым термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу,ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Жазылым-тілдік тұлғалардың графикалық,фонемалық жүйесіне негізделген;лингвистикалық,психологиялық,физиологиялық әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын ,адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік беретін күрделі тарихи әрекет.Жазылым,біріншіден,әріптің,сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады;екіншіден,бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық ,мағыналық қасиетке ие болады;үщіншіден,жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық құбылысы қатысады;төртіншіден,жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес ,формасына да көңіл аударады;бесіншіден,жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті болуына тікелей байланысты жүзеге асады; Тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеші құрылымдық кезеңдерден тұрады да,көпсалалы болады:1.қажеттіліктен пайда болатын себеп;2.себептің ойда,санада бейнеленуі;3.ойдың сөз арқылы тізбектелуі;4.сөздің графикалық әріптермен таңбалануы; 5.жазудың екінші адамға түсінікті болып,берілген хабарды білдіруі; Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі-ол әріптік таңбадан бастап,алфавитке дейінгі тілдің дыбыстық жүйесін ,олардың жазылу ережесін,жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.
3.Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір- бірімне түсініспейді,кейде әртүрлі жағдайларға байланысты олар бір- бірін тілсіз ақ ұғып,соған қарай іс- әрекет жасайды. Мысалы, бағдаршамнан өту,қол бұлғау, бас изеу ,ернін тістеу, бас шайқау,қол жаю т.б әрекеттер адамдардың тілсіз қарым- қатынасы арқылы,яғни көру,сөйлеу мүшелері арқылы жүзеге асады.
Қазақ халқының тұрмысымен біте қайнасып кеткен сан алуан бейвербалды амалдар ұлтымыздың салт-сана,тәләм-тірбие,әдеп,үлгі-өнеге,тағылым және таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған дәстүрге еніп,қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы.
