- •1 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •8 Билет
- •3. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі.Заман өзгерді,қоғам алмасты,еліміз тәуелсіздік алды,тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып,қайта жанданып жатыр.
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •3.Тілдік қатынасқа түсушінің ең басты қызметі қытысымдық,байланыстылымдық,экспрессивтік.
- •14 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •3.Оқылым-графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестерді қабылдай отырып,сауатты,ұғынықты оқу және қажетті деректі сұрыптап алу
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •23 Билет
- •24 Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27Билет
- •28 Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
1 Билет
1.Тіл-адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін,түсінісуін,сөйлесуін қамтамасыз ете келіп тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады.Тілдік қатынас-тіл арқылы байланыс,сөйлеу тілі арқылы адамдрдың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы;қоғамның,ұлттың тіл арқылы ұғынысуы:түсінісуі,яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді.Тілдік қатынас-адамның ойлау,пайымдау,сөйлеу,тыңдау,түсіну,айту,пікірлесу,т.б әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс. ХХ ғ бас кезіндегі тілдік құжаттар мен құралдар қаншама мол және маңызды болғанымен,тіл біліміне қатысты зерттеу еңбектерінің ешқайсысы да сол тұстаға ғалым-ағартушы,әдістемеші-тілшілердің аты-жөні,еңбектері көрсетілмегендігі көпшілікке аян.Қазақ тілі проблемалары мен оларды оқыту үлгілеріне ерекше мән беріп,көп еңбек сіңірген тілші-ғалымның ең көрнектісі-А.Байтұрсынов.Тіл білімінің әр саласына қатысты нақтылы сөз еткен А.Байтұрсыновтың зерттеу еңбектерін былай қойғанда, «Оқу құралы», «Сауат ашқан», «Тіл құрал» сияқты оқулықтарда қолданылған әдіс- тәсілдердің ерекшелігі өз алдына арнайы қарастыруды қажет ететін өзекті мәселе.А.Байтұрсынов қазақша әліппе жазып шығарған соң,қазақ тілін арнаулы пән ретінде оқуға мүмкіндік беретін жаңа оқулық жазуды ойлайды.Сөйтіп, үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» атты кітап жазады.
2.Сөйлесім әрекеті-әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәсіле.Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған.Мәселен,лингвист ғалымдар сөйлемше әрекеті мен тілдің ара қатынасын,ортақ заңдылықтарын,тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады.Психологтар ойлау,сезіну,түйсік,қабылдау, т.б процестермен байланысын олардың сөйлеу кезіндегі ерекшеліктерін зерттейді. Тілдік қатынасқат байланысты іске асатын сөйлесім әрекетін 5 түрге бөледі:1 оқылым 2 жазылым 3тыңдалым 4 айтылым 5 тілдесім. Соның ішінде тілдесім дегеніміз-сөйлесім әрекетінің барлығын қамтамасыз ететін ерекше құбылыс.Адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірінде бір-бірімен тіл арқылы қатынасқа түсіп,өз ойын ауызша не жазбаша түсінуі және оған жауап қайтаруы.
3. «Тілдік қатынастың негізі қатысымдық тұлғалар» адамзат тілінің сақталуы мен өмір сүруіне қызмет ететін,сөйлеу мүшелері арқылы жасалатын,фонетикалық,лексикалық,грамматикалық қасиеттерге ие болатын,таңбалық сипаты бар тілдің құрылымдық бірлігі.Қатысымдық тұлғалар-тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін,белгілі бір ортамен араласу жағдайында жүзеге асатын,тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар,ерекше деңгейге көтерілген ерекше деңгейге көтерілген тілдік тұлғаның қатысынан тұратын қарым-қатынастық мәні бар бірліктер.Тілдік тұлғалар жеке,дербес жұмсалса,қатысымдық тұлғалар тұтас ойды білдіреді.Қатысымдық тұлғаның қасиеттері:1.Сана мен ойға қатысты мазмұнның тиянақтылығы; 2.баяндау ғана емес,хабарлау,жеткізу,ақпаратты қайта шығару қасиеттеріне де ие болады;3.ми жүйесі арқылы қабылдап,қайта айналымға түсуі;4.белгілі бір жағдайға,ортаға байланысты жұмсалуы;4.тіл мен сөйлесім әрекетіне байланысты қарым-қатынаста іске асырылуы;
билет
1.Қазақ тілі проблемалары мен оларды оқыту үлгілеріне ерекше мән беріп,көп еңбек сіңірген тілші-ғалымның ең көрнектісі-А.Байтұрсынов.Тіл білімінің әр саласына қатысты нақтылы сөз еткен А.Байтұрсыновтың зерттеу еңбектерін былай қойғанда, «Оқу құралы», «Сауат ашқан», «Тіл құрал» сияқты оқулықтарда қолданылған әдіс- тәсілдердің ерекшелігі өз алдына арнайы қарастыруды қажет ететін өзекті мәселе.А.Байтұрсынов қазақша әліппе жазып шығарған соң,қазақ тілін арнаулы пән ретінде оқуға мүмкіндік беретін жаңа оқулық жазуды ойлайды.Сөйтіп, үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» атты кітап жазды да,әрқайсысын І-тіл танытқыш, ІІ-тіл танытқыш, ІІІ-тіл танытқыш деп бөліп,қазақ тілінің фонетикасын,морфологиясын,синтаксисін талдап жүйелеп көрсетті.Тілдік қатынасты зерттеуде Ж.Аймауытовтың да еңбектерін топтарға бөліп қарастыруға болады: 1.Қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқытуға байланысты еңбектер; 2.Қазақ тілін әріптен бастап үйрету әдісіне арналған еңбектер; 3.Қазақ тілін жүйелі түрде оқытуға бағытталған еңбектер; Одан бөлек М.Дулатов,М.Жұмабаев,С.Жиенбаев,Қ.Жұбановтар еңбек етті.
2.Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс бола келіп,көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты.Тілдік қатынас қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады.Оның қоғамда алатын орнын тілдің атқаратын қызметінен көруге болады.Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары-лексикаология,семасиология,грамматика,педагогика,психологиямен тығыз байланысты.Сөйлеу ппрцесінде басты орын алатын –сөз бен сөздің байланысы грамматикалық формалар мен мағыналар ,сөз тіркесі,сөзжасам-осының бәрі тіл білімінің салаларында қарастырыла келіп,грамматикалықдамуына қанша әсер етсе,тілдік қарым-қатынасқа сөйлеуге де сонша ықпал етеді.Қазақша тілдік қатынас пен оқыту әдістемесі тіл ғылымының қоғамдық мәні мен тәрбиелік маңызын қатар меңгертуге тырысады.Тілдік қатынастың педагогикалық негізі табиғат пен қоғамдағы ерекше құбылыс адамға ,оның өмірдегі орнына ,тілдік қарым-қатынасына байланысты.Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқыл ойды айту,жеткізу,қабылдау,сезіну құбылыстарымен байланысты.
3.
3билет
1.1980 ж «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 5-томында осы түбірге қатысты бір ғана сөз берілген.Ол- «коммуникация» сөзі мұнда «жол қатынасы», «байланыс» деген ұғымды көрсетеді.1959 жылы шыққан қазақ тілі сөздігінің бірінші томында «коммуникация» сөздігі берілген. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас деген ұғымды білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы әлдеқайда кеңейеді.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме сөздігінің арасында байланыс бар. Әсіресе ертеректе шыққан сөздіктерде «коммуникация» сөздігінің мағынасы бірдей боп келеді. Мысалы,В.Дальдың түсіндірме сөздігінде екі сөздің мағынасы айтылған.
2.Тілдесім әрекетінің атқаратын қызметі-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру.Яғни,тілдің атқаратын қызметтері мынадай:
1.Әлеуметтік қызмет;
2.Танымдық қызмет;
3.Мағлұматтық қызмет;
4.Қоғамдық қызмет;
5.Эмоционалдық қызмет;
1.Әлеуметтік қызмет-тілдесім арқылы адамның ой-пікірі,көзқарасы әлеуметтік дәрежеге көтеріледі.Тілдесім әрекеті адамға қоғамдық ортадан өз орнын табуға көмектеседі,адамдармен пікірлесуге,түсінісуге жол ашады.
2.Танымдық қызмет-тілдесудің нәтижесінде тіл үйренуші білмегенін біледі,үйренеді,әр түрлі адамдарды таниды,көреді,кісі бойындағы жақсылыққа үйренеді.
3.Мағлұматты қызмет-тілдесудің негізгі қағидаларын меңгеру арқылы оқытушы мен оқушы ақпараттық материалдармен танысады.Сол сияқты әр түрлң мағлұматтармен алмасады.
4.Қоғамдық қызмет-тілдесу арқылы адамдар бірігіп,ортақ мақсатты іске асырады,тоталып,ұйымдасып жұмыс істейді.
5.Эмоционалдық қызмет-тілдесім адамдардың бір-бірімен сезімін,көңіл-күйін бөлісуге мүмкіндік жасайды.Сөйлеу білудің нәтижесінде бірінің мінезін екіншісі түсінеді,оған қарай әрекет етеді.
Жалпы,кез-келген адам тілдесе келе,басқалармен пікірлесіп,оның жай-күйін сезінеді.Сол сияқты тілдесу арқылы өз ойын,қиындығын адамдармен бөліседі.
3.Методикалық құрал. «Баяншы» 1920 жылы жарыққа шықты.А.Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту методикасы мен қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдсінің іргетасын қалаушы.Жазу таңбаларын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 ж жарық көрген.Бұл методикалық құрал –тұңғыш әліппенмен қатар дүниеге келгенін автордың өзі білдірді. «Баяншының» 1920 ж қазанда шыққан басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан тәжіребиесінен шығарып жазғандығын айтады.Көлемі жағынан өте шағын кітапша (15 беттік),бірақ нағыз методикалық құрал.
