Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор хир.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Алдын-алу

Гаймориттің алдын-алуына тістің, пародонттың, жақ ұраларының, остеомиелит ауруларының уақытылы емделуі.

Бет-жақ аймағының флегмонасы мен абсцестері.

Бет-жақ аймағының топографиялық анатомиясы қиын, ми, жұтқыншақ, көмей, көзге жақын орналасуы осы аймақтағы іріңді процестердің ағымына әсер етеді. Жаралы стоматит, хейлит, фурункулез сияқты т.б. аурулар кезінде мойын және бастың терісіндегі, шырышты қабатындағы жаралар нфекцияның кіру жолы болып табылады. Кейде жергілікті жансыздандыру кезінде инфекция кіруі мүмкін. Бірақ көптеген науқастарда бұл процесс одонтогенді болып табылады, өйткені парадонттың шеті, тістің жұмсақ және қатты тінінің ақауы инфекцияның кіру қақпасы болып табылады. Жақ-бет аймағындағы осындай абсцестер мен флегмоналар жақтың одонтогенді остеомиелитіне ұқсайды. Жақ парадонттың сынуымен шектелген жағдайда бұны жеке назологиялық ауру ретінде қарастырады.

Этиологиясы және патогенезі.

Осы аймақтағы флегмона мен абсцестің қоздырғышы болып жиі стафилококк, стрептококк, сирек — көк іріңді таяқша, ішек таяқшасы, анаэробтар табылады. кишечная палочка, анаэробы. Инфекциялық прцестердің таралуы жанасу жолымен, кейде лимфа арқылы таралады. Инфекцияның гематогенді таралуы сирек байқалады. Науқастың ағзасының сенсибилизациясы флегмона мен абсцестің патогенезінде басты рөл атқарады. Жедел респираторная инфекция, грипп, ангина, ағзаның суықтауы мен ысуы, созылмалы перидонтиттің өршуі немесе ауыз қуысын санациялау мақсатында тісті жұлу аурудың басталуына жиі себепші болады.

Клиникалық көріністері. Одонтогенді флегмона және абсцесс кезіндегі аурудың бірінші көріністері созылмалы перитониттің өршуіндегі көрініске ұқсайды. Сосын инфекциялық-қабыну процесінің жақтан тыс таралуын көрсететін бір немесе анатомиялық аймақтың зақымдалу көріністері байқалады. Бұл кезеңдегі мынандай көріністер байқалады: тісті қаққанда және тістегенде ауырсыну оның қозғалғыштығы, қызыл иектің қызаруы, қызба, нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ-ң жоғарылауы, протеинограмманың өзгеруі қан сарысуында С-реактивті белоктің анықталыуы. Жалпы бұл реакциялар әсірісе бірнеше немесе көптеген анатомиялық аймақтың зақымдалуы бар, іріңді қабыну процесі жайылған науқастарда айқын. Сонымен қатар олардың айқындылығы нифекция басталуының агрессивтілігіне, науқас ағзасының жалпы арнайы (аллергиялық) және иммунологиялық деңгейіне байланысты.

Бет- жақ және мойын аймағының абсцесі мен флегмонасы кезіндегі жергілікті патологиялық процестер келесі бес клиникалық көріністермен көрінеді: ісіну немесе инфильтрация (tumor), тіндердің жергілікті температурасы (calor) және қызметінің бұзылысы(finctio lesae).

Қөз асты аймағының абсцесі мен флегмонасы.

Көз асты аймағының шекарасы. Жоғарғы – көз саңылауының төменгі қыры, төменгі-жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісі, ішкі-алмұрт тәрізді өсіндінің қыры, сыртқы-жақ –беттік тігіс.

Инфицирленудің негізгі көзі мен ену жолдары. 543 | 345 тістердің пародонтындағы инфекция ошағы, жара көз саңылауы аймағындағы терінің инфекциялы-қабынулық зақымдалуы, жергілікті инфузионды жансыздандыру кезінде жұқтыру.

Клиникалық көрінісі. Инфекциялық қабыну процесі терең орналасқан кезде науқастар қатты ауырсынуға шағымданады. Көз асты аймағындағы тіндердің ісінуі әлсіз. Ауыз қуысының кіреберісінде инфильтрат анықталады. Оны жабатын шырышты қабық қызарған. Инфильтрат пальпацияланғанда ауырсынады.

Инфекциялы-қабынулы процесс тері асты май клетчаткасында беткей орналасқан кезде көз асты аймағы тінінің айқын инфильтрациясы, жоғарғы және төменгі қабақтың ісігі байқалады. Инфильтраттың үстіндегі тері тығыздалған, қызарған, инфильрацияны пальпациялағанда ауырсынады. Сонымен қатар сирек оның ортасында флюктиация анықталады. Көз асты аймағының мөлшері кішкентай болуына байланысты осы аймақтағы инфекциялы-қабынулық процесс ағзаның жалпы реакциясының әлсіз көрінісімен жүреді.

Инфекцияның ары қарай кіру көзі болып көз саңылауының, иектің, құлақ маңы-шайнау, самай асты және самай аймағындағы клетчатка табылады.

Операцияның жолы.

Инфекциялы-қабынулық ошақ терең орналасқан кезде ауыздың кіре берісіндегі шырышты қабықты астында жатқан тіндермен бірге сүйек үстілік қабыққа дейін тігеді. Ары қарай жоғарғы жақ денесінің алдыңғы тіндерін распатормен ажыратып, іріңдіктің орналасқан аймағындағы иттіс шұңқырына енеді. Инфекциялы-қабынулық ошақ беткей орналасқан кезде мұрын-ерін қатпары бойымен немесе төменгі көз саңылауы қырына паралельді теріні тіледі, тіндерді қан тоқтататын қысқышпен ажыратып, инфекциялық ошақтың ортасына енгізеді. Өз уақытында жасалған емнің болжамы қолайлы болады.

Жақ –қанат тәрізді кеңістіктің абсцесі мен флегмонасы.

Жақ –қанат тәрізді кеңістіктің шекаралары. Сыртқы –төменгі жақ тармағының ішкі беті, самай бұлшықетінің артқы бөлігі, ішкі, артқы және төменгі — медиальді қанат тәрізді бұлшықеттің сыртқы беті, жағарғы — сыртқы қанат тәрізді бұлшықет, алдыңғы- бет-жұтқыншақ жібі(raphe pterygomandibularis).

.Клиникалық көрінісі.

Науқас аузын ашуының қиындауына, жұтыну кезінде жұтқыншақтың ауырсынуына шағымданады. Сырттан қараған кезде инфекциялық ошақ терең орналасқандықтан қабынудың жергілікті белгілері көрінбейді. Жақ асты аймағын терең пальпациялаған кезде ғана төменгі жақтың бұрышы астында қабынулық инфильтрат анықталады. Ауыз қуысын қараған кезде бірінші мақсатта ішкі қанат тәрізді бұлшықеттің контрактурасының айқындылығына мән береді. Төменгі жақты сау жаққа қарай жылжыту сыртқы қанат тәрізді бұлшықеттің контрактурасына байланысты шектелген. Қанатжақ қатпар аймағындағы тіндер инфильтрацияланған, оны жабатын шырышты қабық қызарған. Бұл жерді пальпациялау ауырсынуды тудырады. Жұтыну кезіндегі қатты ауырсынуға байланысты тамақтану бұзылады немесе жеуге мүмкіндік болмайды.

Жақ – қанат тәрізді кеңістіктің флегмоналары ауыр өтіп, айқын интоқсикациямен жалғасады, жұтынудың бұзылуы нәтижесінде сусыздану болады. Бұл кезде дене температурасы 39 °С-ге дейін жоғарылайды, нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ-ң жоғарылауы байқалады.

Жұтқыншақ маңы, жақ асты, самай асты шұңқыр аймағына инфекцияның ары қарай таралуы мүмкін. Операцияның жолы.

Жақ – қанат тәрізді кеңістіктің абсцесі кезінде қанаттаңдай қатпары бойымен шырышты қабықты тіледі. Сосын айналасындағы тіндерді қан тоқтатқыш қысқыш арқылы ажыратады, төменгі жақ тармағының ішкі бетіне енеді. Егер ауыз ішілік тіліктен кейін қабынулық құбылыс өшпесе осыған ұқсас анатомиялық аймақтардың көріністерінің болғаны, сыртқы жол арқылы жақ – қанат тәрізді кеңістіктің инфекциялық ошағын дренаждайды Мұндай мақсатта жақ асты аймағына жалғасатын төменгі жақ бұрышы бойындағы теріні 5—6 см тіледі. Бет жүйкесінің тармағының шетін зақымдамау үшін төменгі жақ қырынан 1,5-2см төмен түсіп мойынның тері, тері асты май клетчаткасы, фасция және бұлшықетін (fascia colli superficialis et m. pratysma) тіледі. Жақтың шетін ашып, m. pterygoideus medialis-ң ашады және распатордың көмегімен аталған бұлшықетті жақтың тармағының ішкі беткейінен ажыратып, жақ – қанат тәрізді кеңістіктігінде орналасқан инфекциялы-қабынулық ошақты ашады.

Болжамы.

Өз уақытысында және рациональді емдеу кезінде болжамы қолайлы. Операциялық іс-шараны уақытында жасамаған кезде операциялық процестің жұтқыншақ маңы кеңістігіне таралып, сосын медиастениттің даму мүмкіндігін ескеру керек. Пайда болған асқыныс науқастың өміріне қауіп төндіреді.

Жұтқыншақ маңы аймағының абсцесі мен флегмонасы.

Жұтқыншақ маңы аймағының шекаралары.Сыртқы — медиальді қанатты бұлшықет, ішкі- жұмсақ таңдайды тартатын бұлшықет және жұтқыншақтың бүйір қабырғасы, алдыңғы- қанат аралық фасция, артқы – омыртқа алды фасциядан жұтқыншақтың қабырғасына келетін бүйірлік фасция(fascia prevertebralis) . Инфицирленудің негізгі көзі мен таралу жолдары.

Таңдайлық бадамша, жақ арты және құлақ маңы –шайнау, тіл асты, қанат-жақ аймағынан келген инфекция жұтқыншақтың шырышты қабығын зақымдайды.

Клиникалық көрінісі.

Науқастар жұтыну кезінде тамақтың ауырсынуына кейде тыныс алудың қиындауына шағымданады. Жақ асты аймағының тіндерінің ісінуіне байланысты беттің ассиметриялығы байқалады. Бұл жерді пальпациялаған кезде төменгі жақ бұрышынан шығып тұратын терең инфильтратты анықтайды. Инфильтратты пальпациялау ауырсынуды шақырады. Оның үстіндегі тері қозғалғыш, түсі өзгермеген. Ауыз қуысын қараған кезде ауыз-жұтқыншақтың бүйір қабырғасының ісінуіне байланысты аңқаның ассиметриясы және оның орталық сызықтан ауытқығаны көрінеді.

Жұтқыншақ маңы айналасындағы кеңістіктегі флегмона мен абсцесі бар науқастың жалпы жағдайы әдетте тез нашарлайды. Жұтқыншаққа кіреберістің, жұтқыншақ қабырғасының тінінің ісінуі нәтижесінде тыныс алу және жұтынудың болмауынан сусыздану инфекциялы-қабынулық процестің дамуымен шақырылған интоксикация болады.

Қызба, шеткері қанда лейкоциттің саны мен сапасының өзгеруі, ЭТЖ-ң жоғарылауы, С-реактивті белоктың пайда болуы секілді ағзаның жалпы реакциясы айқын болады.

Инфекцияның ары қарай көкірек аралыққа таралуы мүмкін.

Операцияның жолы.

Ауыз ішілік жолды тек қана жұтқыншақтың шырышты қабығының астында орналасқан шектелген инфекциялық- қабынулық процесс кезінде ғана қолданады. Бұл жағдайда вертикальді бағытта ісінудің жоғарғы шеті арқылы шырышты қабыққа 1,5—2 см тілік жүргізеді. Жұтқыншақтың тамырларын зақымдамау үшін скальпельдің ұшынан 0,5—0,7 см жоғары дәкемен немесе мақтамен орайды. Шырышты қабықты ажыратқаннан кейін қан тоқтатқыш қысқышпен айналасындағы тіндерді ажыратады және инфекциялы-қабынулық ошақтың ортасына енеді.

Жұтқыншақ айналасындағы кеңістіктің флегмонасы кезінде сыртқы жолды қолданады. Төменгі жақ қырынан 1,5-2 см төмен жақ асты аймағында теріні 5-7см ұзындықта тілік жасайды. Мойынның беткей фасциясы және тері астылық бұлшықетті ажыратқаннан кейін жақ асты сілекей безін төменге жылжытып, тіндерді қан тоқтатқыш қысқышпен ажырата отырып m. pterygoideus medialis-ң ішкі беткейіне, жұтқыншақ маңы кеңістігіне, инфекциялы-қабынулық ошағына енеді. Сонымен қатар жақ асты сілекей безінің капсуласынан шыққан жердегі a. Facialis, v. Facialis-і жиі кесу және байлауға тура келеді. .

Болжамы.

Инфекциялы-қабынулық процестің кеуде аралыққа таралуына, стенотикалық типті асфиксияның дамуына байланысты жиі қолайлы емес.

Иек асты аймағының абсцесі және флегмонасы.

Иек асты аймағының шекаралары. Алдыңғы- жоғарғы —төменгі жақтың иек асты аймағының төменгі қыры, артқы – жақ- тіл бұлшықеті (m. geniohyoideus), төменгі - тіл асты сүйегі.

Инфицирленудің негізгі жолы және таралу жолы. Бұл аймаққа инфекция жиі лимфааденитті және аденофлегмонаны дамуын шақыратын лимфатикалық жол арқылы енеді.

Клиниалық көрінісі.

Тыныш жағдайда ауырсыну әлсіз, төменгі жақ қозғалысы кезінде үдейді. Иек асты аймағы тіндерінің инфильтрациясы байқалады. Тері бұл аймақта тығыздалған, қызарған. Инфильтрацияны пальпациялау ауырсынуды шақырады. Орталығында жиі флюктуация анықталады. Иек асты аймағының шектелген зақымдалуы кезінде науқастың жалпы жағдацы қанағаттанарлық. Қызба, лейкоцитоз, ЭТЖ-ң жоғарылауы секілді ағзаның реакциялары әлсіз.

Инфекция ары қарай жақ асты үшбұрышы, тіл асты аймағына ,тіл негізіне таралуы мүмкін.

.

Операцияның жолы.

Иек асты аймағындағы тері, тері асты май клетчаткасы және тері асты бұлшықетке (m. platysma) вертикальді немесе горизонтальді тілік жасайды. Сосын қан тоқтатқыш қысқыштың көмегімен тіндерді ажыратып, инфекциялы-қабынулық ошақтың ортасына енеді.

Уақытында және рациональді емдеу кезінде болжамы қолайлы.

Жақ асты аймағының абсцесі мен флегмонасы.

Жақ асты аймағының шекаралары. Жоғарғыішкі—жақ –тіл асты бұлшықет (m. mylohyoideus), сыртқы — төменгі жақ денесінің ішкі беті.

Инфицирленудің негізгі көзі және таралуы. Инфекцияның лимфа жолы арқылы енуі болады себебі жақ бет аймағының регионарлы лимфатикалық түйіндері жақ асты үшбұрышында орналасқан.

Клиникалық көрінісі.

Негізгі шағымдары — шайнау, сөйлеу, жұтыну кезінде күшейетін жақ асты аймағындағы ауырсыну. Инфекциялық қабынулыұ прцестің беткей орналасуы кезінде айқын көрінетін жақ асты аймағындағы тіндердің ісінуіне байланысты беттің ассиметриясы сырттан қараған кезде байқалады. Осыған ұқсас жағдайда жақ асты аймағының терісі тығыздалған және қызарған. Инфильтратты пальпациялау ауырсынуды шақырады. Ортасында флюктуацияны анықтауға болады. Инфекциялы-қабынулық процесс тері орналасқан кезде ( m. Platysma астында) қабынулық процестің көріністері әлсіз, ауырсыну айқын. Ауырсынуға байланысты жұту, шайнау қызметтері бұзылған. Жақ асты аймағында флегмонасы бар науқастарда қызба, нейтрофильжі лейкоцитоз секілді ағзаның жалпы реакциясының айқындылығы байқалады. Инфекция ары қарай тіл асты, иек асты, жақ арты және құлақмаңы-шайнау, жұтқыншақ маңы кеңістігіне, алдыңғы кеуде аралыққа (мойынның жүйке-тамырлық шоғыры бойымен) таралуы мүмкін.

Операцияның жолы.

Төменгі жақ бұрышынан 2 см төменгі бөлігін иек астынының ортаңғы нүктесін қосатын жақ асты аймағындағы сызық бойымен теріні тіледі. Тіліктің ұзындығы инфильтраттың өлшеміне байланысты. Терінің бүкіл тілігі бойымен мойынның тері астылық май клетчаткасы, беткейлік фасция және тері асты бұлшықетін ажыратады. Жақ астында терең орналасқан кезінде беттік артеря мен венаны байлап кеседі. Сосын қан тоқтатқыш қысқыш арқылы тіндерді ажыратып, жақ асты сілекей бездерін жылжытады және инфекциялы-қабынулық ошақтың орталығына енеді.

Болжамы.

Егер инфекциялы-қабынулы процесс көршілес аймаққа және сол арқылы кеуде аралыққа енбеген жағдайда өз уақытында және рациональды емдеу кезінде болжамы қолайлы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]