Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор хир.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Одонтогенді гайморит.

(Жоғарғы жақ қуысының одонтогенді қабынуы)

Жоғарғы жақсүйек қойнауының қабынуы (жоғарғы жақсүйек синуситі, гайморит) бет-жақсүйек хирургиясында және оториноларингологиялық тәжірибеде жиі кездесетін, жалпы медициналық және экономикалық тұрғыдан маңызды орын алатын аурулардың бірі.

Патогенез

Гайморит инфекцияның жоғарғы жақсүйек қойнауына өтуінен дамиды. Инфекцияның гаймор қойнауына өту жолдарына байланысты, гаймориттер мына түрлерге бөлінеді: одонтогенді, риногенді, гематогенді, жарақаттық және аллергиялық.

Одонтогенді гайморит көбінесе қабынған периодонттан таралған инфекция себебінен дамиды (көбінесе – жоғарғы кіші және үлкен түбірлі тістер, сирек – ит тістер), жедел және созылмалы перидонтиттердің ошақтарынан.

Одонтогенді гайморит негізінен тіс периодонттары аймағында шоғырланған инфекциялық ошақтарынан (жоғарғы кіші және үлкен азу тістері, сирек - ит тістері) дамиды. Инфекцияның таралу жолдары әртүрлі, солардың ішінде тіс түбір ұштары гаймор қойнауы түбінің кілегей қабығына жақын орналасуы шешуші рөл атқарады. Эмбриогенездің 10 аптасынан бастап адам ұрығында гаймор қойнауы ірілене келіп, өлшемі 15-40 см³ жетеді. Әдетте кіші және үлкен азу тістері түбірлерінің ұштары мен гаймор қойнауы түбінің аралығы орта шамамен 0 - 10-12 мм құрайды. Осыған байланысты, көпшілік жағдайда тіс түбірлері мен гаймор қойнауың кілегей қабық аралығының сүйек табақшасы өте жұқа, кейде оның өзі тіптен болмауы да мүмкін. Мұндай жағдайда олардың арасын тек кілегей қабық ғана шектеп, тістердің түбір ұштары қойнаудың ішіне кіріп тұрады.

Жоғарғы жақсүйек қойнауының кілегей қабығы көп қабатты жыпылықтағыш эпителимен астарланған. Қойнаудың қабынуында жыпылықтағыш эпителидің механикалық тазартқыш қызметі бұзылады, бара келе ол мүлдем жойылып, жергілікті жасушалық иммунитеті зардап шегеді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде шартты патогенді микробтардың белсенділігі артады және гаймор қойнауында бұрынан ұйқыдағы микроптар бас көтереді. Бұған қоса, қойнаудың кілегей қабығы астында шел қабыты болмай, оның бірден сүйекқабында жатуы, қабыну процестің сүйекке, одан кері қарай периодонтқа, тіс ұлпасына тез өтуне себеп болады.

Гаймор қойнауының кілегей қабығы мен тіс түбір аралығының сүйек табақшасы қалың болғанғың өзінде, ол гранулденуші немесе гранулематозалы периодонтиттерде мүжіліп бұзылады, бара келе мүлдем сорылып тіс түбір айналасындағы инфекция гаймор қойнуының кілегей қабығына кедергісіз өтеді Гаймор қойнауы түбінің сүйек қабырғасы ұралардың, ұра-гранулемалардың біртіндеп өсуінен немесе олардың іріңдеуінен де бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ, алвеолалық өсіндіге (тіс ұяшығына) жасалатын операцияларында гаймор қойнауының қабырғалары жарақаттанып, жыланкөздің қалыптасуы ауыз қуысынан инфекцияның өтуіне жол ашып, гаймориттің дамуына себеп болады.И.Г. Лукомский одонтогенді гаймориттерді даму себебіне (патогенезіне) қарай екі түрге бөледі: одонтогенді токсикалық (катаралді) және одонтогенді инфекциялық.

Однтогенді токсикалық гайморит микробтардың гаймор қойнауына өтуінен емес, алвеолалық өсіндідеғі немесе периодонтта өтетін қабыну процесіің өнімдерін қойнауға өтуінен дамиды. Бұл шектелген катаралді қабыну процесі болғандықтан, кешенді (жалпы және жергілікті) емін жүргізу жақсы нәтиже береді.

Одонтогенді инфекциялық гайморит алвеолалық өсідіден инфекцияның тікелей немесе қыл қан тамырларымен гаймор қойнауының кілегей қабығына енуінен дамиды. Қабыну процесі созылмалы кезеңге ауысуында, гаймор қойнауының инфекциялық ошағын хирургиялық әдіспен емдеуді, яғыни гайморотомия операциясын жасауды қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]