Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор хир.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Нома (су жегісі).

Нома (noma, cancer, agaticus, грек сөзінен «тарайтын жара») – бұл инфекциялы ауру, ол беттің, жақтың және ауыз қуысы тіндерінің ылғалды гангренанның тез даму түрінде өтеді, пайда болуы, ереже бойынша, ағзаның қарсы тұру күшінің лезде әлсіреуі. Номаның бір қатар синонимдары бар: сулы рак, ауыз рагы, идиопатиялық гангренозды стоматит және т.б. Бұл атаулардың біреуі де аурудың аурудың негізін көрсете алмайды, осы патологиялық процесстің біреуін мінездейді.

2 ден 15 жасқа дейінгі балалар ауырады, ауыр инфекциялы аурулардан кейін (қызылша, күл, дизентерия, жәншау, сүзек, туберкулез және т.б.). Кеудедегі және үлкен жастағы адамдарда нома сирек кездеседі. Әдетте аурудың бөлек жағдайлары байқалады, бірақ өмір жағдайының күрт нашарлауында (соғыс, ашашлық, табиғи апаттар) номамен ауыратын адамдардың саны көбейеді.

Этиология және патогенезі толық зерттелген жоқ. Су жегісімен көбінесе әлжуаз немесе қандай да бір инфекциялық аурудан кейін әлсіреген жас балалар жиі ауырады. Қандай да бір этиологиялық факторды ажыратуға болмайды. Қабыну ошағында келесі бактерияларды анықтауға болады: perfringens, спирохета, анаэробты бактерия, кокктар, саңырауқұлақтар. Номаның дамуы авитоминозға соқтырады, олар әлсіреген және арықтаған науқастарда кездеседі, сонымен қоса жүрек-тамырдың жүйелі ауыр аурулары (декомпенсациямен), өкпелі жетіспеушілік, қанның өршіген жүйелі аурулары (лимфосаркома, лейкоз) және т.б.

Клиникасы.

Клиникалық ағымы бойынша А.Т.Пулатов (1956) аурудың келесі кезеңдерін ажыратады:

  • Бірінші-гангренозды стоматит, ұрттың, еріннің және кілегей қабатының өліеттенуі және беттің шектелген ісігі;

  • Екінші-ұрттың, еріннің таралатын ісігі және өліеттенуі, гангренаның беттің маңындағы аймақтарға және басқа жаққа таралуы;

  • Үшінші-өліеттенген тіннің деморкациясы және ажырауы;

  • Төртінші-патологиялық ошақтың таралуы және жазылуы.

Алғашқысында ауыз қуысының кілегей қабығында гангреналы стоматит ошағы пайда болып, кілегейасты қабатына, мимикалық бұлшықеттерге, теріастына, шандырға тез тарайды. Гангреналы стоматит ауыз бұрышында, бетте немесе ерінді геморрагиялық дақ, сондай-ақ көпіршік күйінде өтеді. Кейде стоматит гингивит тәрізді басталып, кілегей қабықтың өтпелі қатпарына, бет немесе ерінге лезде таралады. Жара қысқа мерзім аралығында бір қалыпты өзгеріссіз тұрған соң, әрі қарай тез дамиды. Ауыз қуысынан ащы мұрын жаратын иіс шығып, бет аймағының тіндері біртіндеп домбыға бастайды, орналасу орнына байланысты теріде, кілегей қабықта алғашқысында сұр түсті, кейін қара дақ қалыптасады, ауру басталғаннан 2-3-5 күннен кейін бет, ерін, ауыз бұрыштарында тіндер біртіндеп тесіле бастайды.Тіндердің өлеттенуі қызыл иекті қамтып, ауыз түбіне, тілге, таңдай аймақтарына тарайды, тістердің қозғалмалылығы артады. Беттегі өлеттенген ошақ жоғарғы немесе төменгі жақсүйекте денесіне жетіп, олардың патологиялық сынауын тудыру мүмкін, зақымданған және өлеттенген тіндердің консистенциясы жұмсақ, сұрғылт түсті болып келеді.Су жегісінің алғашқы сатысында науқастың дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлайды. Науқас іштің өтуіне, құсқысы келуіне шағымданады. Инфекциялық процестің пневмониямен өкпе гангренасымен немесе сепсиспен асқынуын салдары өліммен аяқталуы ықтимал.

Процесстің ағымы ұзақ. Аяғы жағымды болғанда, өліеттенген тіндер ажырауына байланысты, қанағыштық және әлсіз грануляция пайда болады. Процестің жеңіл ағымында бет және ерін тіндері кішкене ғана көлемде өлеттенеді. Жұмсақ тіндер қаншама зақымданса, тыртықтану көлемі қалыптасып төменгі жақсүйектің контрактурасы дамиды, тыртық көзасты аймағына, қабақ, мұрын маңдай аймағына жетіп, мимикалық бұлшықеттер қызметін бұзады. Су жегісімен бет-жақсүйек аймақтарынан басқа жыныс мүшелері, сондай-ақ құлақ, мойын, сан аймақтары зақымдануы мүмкін.

Болжамы аурудың жағымсыз. Алдыңғы жылдары өлім көрсеткіші 75-80%, емдік тәжірибеге антибиотиктарды енгізгеннен кейін ол 8-10% төмендеді (Л.Е. Фролова, 1955; А.И. Евдокимов, 1964 және т.б.).

Диагноз клиникалық көрінісіне, патоморфологиялық көрсеткіштеріне және ағзаның реактивтілігіне қарай қойылады.

Номаның былай атағанда ишемиялық (циркуляторлы) өліеттенуден ажырата білу керек, ол беттің және ауыз қуыс түбінің жұмсақ тіндерінің өліеттену түрінде өтеді. Ол кәрі жастағы жүрек-тамырдың ауыр аурулары бар адамдарда кездеседі (кілегей қабаттың өліеттенуі көбінесе жақтың ішкі жағында орналасқан, ортаңғы сызықта, күрек тістің артында), қанның аурулары (лейкоздар, агранулоцитоз және т.б.). Жұмсақ тіннің өліеттенуі болуы мүмкін: нейрогенді (жүйке жүйесінің кейбір ауруларында байқалған); сәулелі (ионизирлеуші сәулелердің әсерінен шақырылған); жарақаттанкейінгі (біріншілік – зақымдалған агентке тікелей әсері, екіншілік – зақымдалған тіндерде оларда қабынулық, тамырлық және басқа өзгерістер дамығандықтан дамыған); аллергиялық (Артюс құбылысы – гиперрергиялық реакция).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]