Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор хир.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Ақаудың жергілікті тінмен пластикасы

Ақаудың көршілес жатқан тіндермен ара қатынасы жергілікті пластикалық операцияға жатады. Бұл пластикалық операция түрлері кең таралған және ерте кездке қолданылады. Бірақ та ғылыми негіздемесі мен жоспарлау элементтері бірінші рет ХIХ ғ. Ортасында пайда болды. 1865 жылы белгілі орыс хирургы Ю.К Шимановский бірінші рет жеке, кесіліп тасталған операцияларды жүйемен және оларды біріктірілген жалпыланған сызба түрінде бергісі келді. Обьективті түрдегі жоспарлау әдістерді тура мобилизациялық есептеулерді біздің кеңес хирургы Лимбергмен ойлап тапқан.

Бүкіл жергілікті пластикалық операцияларды 3 түрге бөлуге болады:

Ең қарапайымы өзгеріске ұшыраған бөлікті кесіп алып тастап,жараның шеттерін жақындату. Мұндай әдіс дөрекі тыртықтарды жоюда, беткейлік ісіктер мен ұзақ жазылмайтын ойық жараларда қолданады. Жергілікті пластиканың 2 түрі тіндерді кесіп алып,жара шеттерін жылжыту. Мұндай араласулар өзіндік ешқандай мағына бермейді, тек басқа пластика әдістерімен қосарланып жүреді. Мысалы, сабақты қиынды алмастырғанда. 3- түрі тінді қоректендіретін аяқшаларымен алмастыру, бұл кезде тіндерді өзара алмау, жара шетінің жақындауы мен жылжуы болады. Сонымен 3-түрі өз басына жергілікті пластикалық операцияның бүкіл элементтерін кірістірген. Мұндай жағдайда негізінен ұшбұрышты формалы немесе оған жақын (Z немесе N тәрізді пластика) лоскуттарды қолданады.Үшбұрышты формасын ескере А.А Лимберг қарама-қарсы үшбұрышты лоскутты пластика деп айтуды ұсынады. Жоспарлауды тиімді және математикалық есептеулерде тең бүйірлі емес үшбұрышты лоскуттарды қолданған дұрыс.

Жергілікті тіндер пластикасына қоршаған терінің сол немесе басқа қолданатын операциялар кіреді. Жоғарыда көрсетілген операцияларын ішіндегі ең қарапайымы шетін алып тастаған соң шеттерін жақындату. Мұндай араласулар теріні қаптап тұратын аздаған түзілістер кезінде (ангиомалар, пигментті дақтар, тыртықтар) қажет. Қабатты алып тастау,шел майы асты терінің қабатына паралельді жүргізіледі. Қабатты алып тастау кең жүрген сайын тері қозғалғыш болып келеді. Терінің мобилизация жеткіліксіздігі кезінде оларды жақындату мақсатында қабатты алып тастауды босатушы тіліктер жасауға болады. Соңғысын әрқашан ақау қабырғасына параллельді жүргізуге болады. Ұзындығы бойынша кескіндер әртүрлі болу мүмкін.Олар жиірек және ұзынырақ болған сайын созылғыш келеді.

Бірақ айта кететін бір жай бетте мұндай көрсеткіштерге аз қолданылады,өйткені кесуден қалған іздері косметикалық эффекті төмендетеді. Сонымен лоскутты қатты созылуы оның өміріне қауіпті. Көп немесе үлкен тері ақаулары кезінде ақауды жобалап басқа әдістерде қолданылады. Терінің кең аяқшаларында лоскуттың жылжуы мен алмасуы,қоршаған ақау кезінде.Бұл әдістің негізін салушы Ю.К Шимановский,өз кезегінде “Адамның дене беткейіне жасалатын операциялар ” 1869 ж кітабында тері лоскуттарын алмастыруын барлық операцияларын жүйелеген, олардың ақау формасына байланысты орналастырған. Ю.К Шимановский еңбектері барлығы қазіргі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ,қалпына келтіру операцияларымен айналысатын хиругтар негізгі кітап ретінде қолданады.

Терінің әрбір ақауын оның пішініне байланысты бір қарапайым геометриялық фигура(үшбұрыш,төртбұрыш,овал) немесе бірнеше қарапайымдылардан тұратын күрделі фигура ретінде қарастыруға болады,олар үлкен емес төмпешіктердің және ақаудың тегіс емес жиектерінің жазықтануымен соң анықталады.

Осыған байланысты Ю.К Шимановский тері ақауларын оның пішініне байланысты жабу схемасын жасап,ұсынды.Ақаудың төртбұрышты түрінде тілікті төртбұрыштың екі қарама-қарсы

Сурет.Шимановский бойынша дөңгелек ақауларды жабу схемасы.

жағы бойынша жасайды. Лоскутты сыдырып алғаннан соң оларды бір біріне қарама қарсы жылжытады. Үшбұрышты ақауда оның екі біріккен бұрыштарынан үшбұрыштың төбесі жағына доға тәрізді тілік жасайды. Тілік сызығымен және ақау жиегімен шектелген терілік қиындылар сыдырып, ортаңғы сызыққа жылжытып тігеді.

Сопақ пішінді ақаулар теріні сыдырғаннан соң немесе ақаудың жан-жағы бойынша қосымша доға тәрізді тіліктер салғаннан соң тері жиектерінің тартылуымен жойылуы мүмкін.

Сурет. Иозеф бойынша тері үшбұрышты лоскуттарының көшіру схемасы

Сопақ ақауды екі жебе тәрізді лоскутпен жабуға болады немесе оны төртбұрышты ақауға айналдырып,сәйкесінше тәсілмен жабады.

Күрделі пішінді ақауларды қарапайым фигураларға бөліп,ал олардың әрқайсысын жоғарыда көрсетілген әдістермен жабуға болады.

Сурет. Лимберг бойынша симметриялық үшбұрышты пластикалық схемасы

Ю.К Шимановскийдің кітабында тері ақауларының барлық түрлері мен оларды жою әдістері бар көптеген кестелер көрсетілген. Ю.К Шимановскийдің кітабынан алынған ең жиі кездесетін ақаулардың суретін біз көрсетеміз.

Мысалы, Иозеф лоскутты ауыз бұрышымен бірге оның жоғарғы немесе төменге қою мақсатымен орнын ауыстырды.Көздің сыртқы бұрышының орнын ауыстыруды Дэвис көрсетті.

А.А Лимберг алғаш рет қарама қарсы лоскуттарды қайта құру әдісімен терінің бір аймағын басқа аймақпен алмастырып қана қоймай,тыртықпен ығысқан екі мүше арасындағы арақашықтықты да айтарлықлықтай ұлғайтуға болатындығын дәлелдеді. Жасалған лоскуттардың орнын ауыстыра алатын арақашықтықтың көлемі үшбұрышты лоскуттар алынатын бұрыштың көлеміне байланысты.

Сурет. Ауыз бұрышын көшіру

А.А Лимберг бойынша қарама-қарсы үшбұрыштардың орнын ауыстыру пластикалық материал ретінде тыртықты теріні қолдануға және тері ақауларын жабуға мүмкіндік береді. Ол бетте, мойында және дененің басқа бөліктерінде бірдей қолданылады.

Қарама-қарсы үшбұрышты лоскуттармен пластика жасау қағидасы тыртықтық созындылар немесе қыртыстың қыры бойынша терінің сол немесе басқа аймақтарын тартатын екі нукте арасында бірінші тілік жасау болып саналады. Осы тіліктің екі соңынан қарама –қарсы бағытта біріншіге сол немесе басқа бұрышпен тағы екі тілік жасалады. Осы тіліктер жасалатын бұрыш көлемі лоскутты нешеге дейін ығыстыруға болатынына немесе екі тартылған нүкте арасындағы ара қашықтықты нешеге дейін ұлғайтуға болатынынна байланысты. Бүйір тіліктер тыртықтық тін біршама қысқаратындықтан негізгі тіліктен қысқа болуы керек .бұл кезде бүйір тілік жасалған бұрыш неғұрлым үлкен болса, соғұрлым тіндердің ығысуы да жоғары болады,яғни екі тартылған нүкте арасындағы арақашықтық соғұрлым ұлғаяды. Лоскуттың орнын ауыстырғанға дейін,оны барлық ұзындығы бойынша сыдырып алу керек.

А.А Лимберг 60°-дан 80° градусқа дейін бұрышпен алынған лоскуттар жиі қолданылатынын көрсетті. 90° градус және одан да көп бұрыштағы лоскуттардың қозғалысы шамалы, оның тәжірибе жүзінде маңызы жоқ. Керісінше 30° градустан 60° градусқа дейінгі бұрышта алынған лоскуттар жеңіл орнын ауыстырады, бірақ қосылу шамалы болады оның нәтижелігі шамалы болады.

Қарама-қарсы үшбұрышты лоскуттармен пластика жасау екі тәсілмен жүргізуге болатынын автор айтып өтті, симметриялық және симметриялық емес лоскуттардың,яғни тіліктің ортаңғы сызығына әртүрлі бұрышпен алынған лоскуттардың көмегімен.

Симметриялық емес үшбұрышты лоскуттарда доғал бұрышты терінің аз қозғалмалы жерінен,ал сүйір бұрышты қозғалмалы теріден қазып алынады.

Сурет. Ауыз бұрышының орнын ауыстыру.

Мұндай лоскуттарда бүйір тіліктің бұрышы төмен жақта еркін орнын ауыстыра алады. Бүйір тіліктер жасалған бұрыштар мен ұзындығын біле отырып ұзындығының өсуін шамамен есептеп шығаруға болады.

А.А Лимберг симметриялық емес фигураларда ұзару үлкен бұрыш жағында ұзару көп болатындығын көрсетті.

Қарама-қарсы үшбұрышты қиындыларының орнын ауыстыру әдісі қабақтың ішкі жиегінің терісінің жарғақты қыртысында (эпикантус), ауыз бұрышының, қастың, дұрыс орналаспауында, ауыз қуысының шырышты қабатының тыртықты созындыларында төменгі жақ пен бұғана арасына орналасқан, мойынның көлемді тыртықтарында және басқа мүшелердің контрактураларында (саусақ, тізе және т.б) сәтті түрде қолданылып келеді.

Ұзын тыртықтардан (мойын, қолтық асты ойығы) бірнеше қарама-қарсы үшбұрышты лоскуттарды жасауға болады.

А.А Лимберг өзінің “Адам денесінің бетіндегі пластиканы математикалық негіздеу” атты кітабында математикалық есептеулер жолымен ақаулардың әртүрлі пішініне байланысты қарама-қарсы терілік лоскуттарды жасау схемасын негіздеді және осы үшбұрыштарды қолдану әдісін жан-жақты сипаттады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]