- •Интернет сауаттылығы Бағдарлама авторы: Тлебалдиев б.Ш.
- •Түсініктеме.
- •Интернет туралы ұғым.
- •Интернеттiң негiзгi қосымшалары
- •Көру жабдықтары
- •Internet Explorer браузерімен ж±мыс істеу. Аќпараттарды саќтау жєне белгі жасау. Белгі жасау
- •2) Суретті саќтау.
- •Адрестiк жүйее
- •Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері
- •Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері
- •Құжаттарды электронды турде жеткізу (эдд), Мәліметтер базаларымен жұмыс істеу, қажетті ақпараттарды тауып, тапсырыс беру.
- •Мәліметтер базасы (мб)
- •Глоссарий
- •Тұжырымдама
- •Нормативті бөлім. Оқушылар нені білуі керек?
- •Оқушылер нені үйренуі керек?
- •Әдебиеттер
- •Интернет ақпарат көздері
Интернет сауаттылығы Бағдарлама авторы: Тлебалдиев б.Ш.
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы №1 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Тлебалдиев Бақтиярдың «Интернет сауаттылығы» бағдарламасы бойынша Информатика пәнінен мектеп компоненті бойынша жасалған бағдарламасына
П І К І Р
Бүгінде еліміздің көптеген мектептерінде таңдау пәнінің мақсаты, міндеті, олардың жүргізілу жайы әр түрлі, бір арнаға түсе алмай келеді. Сондықтан, осы уақытқа шейін ол пәндердің арнайы нақты дайындаған бағдарламалары жоқтың қасы. Мұғалімдер қолындағы бар материалдар негізінде өз мүмкіндіктеріне қарай бағдарлама жасап, оқу үрдісінде қолданып келеді.
2008-2009 оқу жылынан бері №1 мектеп-лицейінің информатика пән мұғалімі Тлебалидев Бақтияр Шахтыбайұлының 5-11 сыныптар үшін жасаған «Интернет сауаттылығы» бағдарламасы мектеп ішінде апробациядан өтіп, өз нәтижесін көрсеткеннен кейін, 2009-2010 оқу жылынан бастап аудан көлеміндегі барлық мектептер қолданудың нәтижесінде сапалы білім нәтижесін көрсетіп отыр.
Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, танымдық дүниесін байытуға икемделген, сауатты, компьютерді, Интернетті дұрыс пайдаланып, өмірде өз қажетіне кез келген уақытта қолдана алуға бағытталған. Сондай-ақ, оқушылардың іс-әрекетін автоматтандыруға басым бағыт беріледі. Яғни, оқушы тез ойланып, жылдам қолдана алады.
Сондықтан, бағдарлама 5-11 сыныптар үшін «Интернет сауаттылығын» таңдау бағыттарына лайықталып жазылғандықтан, аудандық байқауларға қатысуына толық мүмкіндігі бар деген пікір білдіремін.
№1 мектеп лицейі директорының
ғылыми істері жөніндегі орынбасары: Елғонова Г.А.
Түсініктеме.
Жергілікті желі – арнайы техникалық құралдар (байланыс каналадары) арқылы бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тораптары. Мұнда файлдық жүйе компоненттері арасында қолданушылар программалары ешқандай айырмашылықты сезінбеулері керек. Жергілікті желіде компьютерлер бір-бірлерінен аса қашық бола алмайды, мәселен, бір кабинетті, немесе бір мекемені ғана қамти алады, және компьютерлер саны да шекетеулі болады. Ауқымды желі – шалғай орналасқан компьютерлерге (серверлер) қатынас жасауға мүмкіндік беретін желі. Ауқымды желіге саны жағынан шекетеу қойылмайды және әлемнің кез келген нүктесінен қосылуға мүмкіндік бар.
Internet – ақпараттық және есептеу ресурстармен жұмыс істеуге бағытталған ауқымды телекоммуникациялық желі. Интернет (ағылшынша: Internet) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтуға болады.
Интернет туралы ұғым.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
TCP/IP – Интернет желісіне ќосылѓан компьютерлер арасында аќпарат алмасуды ќамтамасыз ететін мєліметтерді бір ж‰йеге келтіру ережелері немесе оларды ќ±растыру хаттамасы.
IP (Internet Protocol) – мєліметтерді оны алушыныњ адресі кµрсетілген шаѓын таќырыптары бар бірнеше бµліктерге немесе дестелерге бµлетін желіаралыќ хаттама
TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жµнелту ісін басќаратын хаттама, ол жілідегі аќпарат дестелерін д±рыс жеткізу ‰шін жауапты болып саналады
