- •1. Жасқа сай физиологияның пәні және оның ғылымдағы орны.
- •7) Орталық және шеткі жүйке жүйелер және құрылысы.
- •8) Адамның миы. Сопақша ми, Вароли көпірі, ортаңғы ми, аралық ми, мишық.
- •9) Нерв орталықтары туралы ұғым
- •10) Нерв орталықтарының қасиеті: сублимация, координация, иррадиация ұғымдарын жас ерекшелікке байланысты сипаттаңыз.
- •11) Нерв орталықтарының қасиеттері: индукция, доминанта, конвергенция ұғымдарын жас ерекшелікке байланысты сипаттаңыз.
- •12) Жоғарғы жүйке әрекеті туралы түсінік. Шартты рефлекс
- •13 Шартты рефлекстер пайда болуына қажетті жағдайлар
- •14 И.П. Павлов жоғарғы жүйке ірекеті туралы ұғым. Жүйке әрекетінің төрт түрі
- •15 Бала есінің дамуы. Ұзақ және қысқа мерзімдегі ес
- •16 Эмоция туралы ұғым
- •17 Эмоция және оның түрлеріне сипаттама
- •19. Ұйқының жас ерекшеліктері, ұзақтығы және гигиенасы.
- •20. Талдағыштар туралы жалпы тусиник,
- •21. Талдағыштардың ортақ қасиеттері.
- •22. Көру гигиенасына қойылатын талаптар.
- •23. Көру талшығының жас ерекшелігі. Астигматизм.
- •24. Дыбыс талдағышы туралы ұғым.
- •25. Дыбыс гигиенасына қойылатын талаптар
- •26. Ішкі секреция туралы түсінік. Гормон
- •1. Антрометрия әдісіне анықтама беріңіз.
- •2. Даму көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.
- •3. Адамның жас кезеңдеріне анықтама.
- •4. Акселерация түсінігіне анықтама беріңіз. Өсу мен даму акселерациясының белгілері.
- •5.Тітіркену дегеніміз не? Физикалық, химиялық. Биологиялық физико-химиялық тітіркенгіштер.
- •Биоэлектірлік құбылысқа анықтама беріңіз. Әрекет потенциалы.
- •Синапс дегеніміз не? Стинапс арқылы қозудың өту механизмі.
- •Үлкен ми сыңарларына сипаттама
- •Ми сыңарларының қызметін салыстырмалы сипаттама
- •Соматикалық және вегетативті нерв жүйелеріне анықтама беріңіз
- •11. Рефлекс және рефлекторлық доғаға сипаттама
- •12. Бірінші және екінші сигнал жүйелерінің дамуы
- •13. Дыбыс талдағышының жас ерекшелігіне сипаттама
- •14. Иіс сезу талдағышы және оның түрлеріне сипаттама
- •16. Бала тілінің дамуындағы жас ерекшеліктеріне жалпы сипаттама
- •17) Жарықты қабылдау. Гемералопия, дальтонизм түсінігіне сипаттама
- •18) Дәм сезу талдағышының жас ерекшеліктері
- •19)Ұйқы безі гормондарының бала организміне әсері
- •20) Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие
- •21) Вестибулярлық талдағыш және оның жас ерекшеліктері
- •22) Шартты рефлекс түрлеріне анықтама
- •23.Иіс сезу талдағышының жас ерекшеліктері
- •24. Дәм сезу талдағышына сипаттама
- •25. Көру талдағышынң құрылысына сипаттама
- •26. Организмдегі стресске сипаттама
- •1. Өсу мен дамудың сыртқы белгісі – дене пропорциясына талдаңыз.
- •Үлкен ми сыңарларының аймақтары
- •22)Стрестің жас ерекшеліктері
- •Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?
- •23) Гипофиз және оның гормондарының бала организіміне әсері
- •24) Қалқанша безі гормондарының бала организіміне әсері
- •25) Адамның саналы іс – әрекеті және жас ерекшеліктері
- •26) Тер және терлеу тетігінің жас ерекшелегі
19. Ұйқының жас ерекшеліктері, ұзақтығы және гигиенасы.
Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшелігі. Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды немесе мүлде тоқталады, денедегі зат алмасуы, бүлшық еттердің тонусы, ас қорыту, жүрек-қан тамырлар мен тыныс мүшелерінің қызметі төмендеп, дене түлғасының бүлшық еттері босайды. Тыныс жиілігі, жүректің соғуы азаяды. Ұйқы дағы адамның миындағы нерв клеткаларының өзара байланыстары жөнге келтіріліп, талданып, талқыланады, қажетті мәліметтер есте сақталады. Ол мәліметтердің іздері нығайып, күшейеді, нейрондардың энергия қоры қалпына келтіріледі, сондықтан ұйқы қандай да болмасын организмге өте қажет. Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді, денсаулығы бүзылады. Тіпті ұзақ мерзім ұйқысы қанбаса адамның психикасында өзгерістер пайда болып, психоз, невроз ауруларының, шаршау, қалжырау белгілері орын алады. И. П. Павлов пен оның шәкіртгерінің зерттеулері негізінде ұйқы мен ішкі тежелудің табиғаты бір екені анықталды. Ояу жүргенде ішкі тежелу нерв клеткаларының жеке топтарында ғана байқалады. Ал үйықтағанда күллі ми қыртыстары мен қыртысасты құры-лымдарына тарайды. И. П. Павловтың айтуынша, ұйқы -мидың жоғарғы бөлімдеріне жайылған қорғаныс те ж е л у і. Ұйқыдағы организмнің ЭЭГ-сын зерттегенде әрбір 80-90 минөт сайын баяу ырғақтар ояу кездегіге үқсас жылдам ырғаққа ауысатынын бақылаған. Ондай кезде көз алмасы жылдам-жылдам қозғалып, пульс пен тыныс жиілігі артады. Бұл мезгілді ұйқы ның парадоксты кезеңі, яғни жылдам ұйқы деп белгілеген. Бұл кезеңде электр белсенділігі сергек кездегідей болғанымен организмнің сыртқы ортамен байланысы болмайды, оның сигналдарын қабылдау тежелген. Кезекті күнделікті ұйқы кезіндегі ЭЭГ-ның белсенділік ырғақтары нейрохимиялық жүйенің белтілібір жұмыстарына байланысты деп есептеледі. Ұйқы дағы адам осы кезде түс көреді. Жылдам ұйқы адам организміне аса қажетті. Егер үйықтағанда ол пайда Полмаса, бір түннің ішінде адамның жүйке жүйесінің козгыштығы күшейіп, күндіз ашуланшақ болады, ал Ұзақ мерзімге созылса, адам науқастанады. Жылдам ұйқы кезінде іідам оянбайды. Ұйқының баяу толқындары байқалатын кезендерін б а я у ұйқы немесе ортодоксты ұйқы деп атайды. Кезекті түндегі бір ұйқы бірнеше циклдан түрады. Әр циклда жылдам және баяу ұйқы кезендері бар. Таңға жақын оянар кезде жылдам ұйқы байқалады, сондықтан оянған адамда түс көру сезімі туады. Түс көру сезімі түс көріп жатқанда оянса ғана пайда болады, оянбаса ондай сезім тумайды. Кезекті күнделікті ұйқы 5 кезеңнен құралады: бір белсенді жылдам ұйқы кезеңі жөне 4 баяу кезендер. Олардың биологиялық ырғақтары шамамен 1 сағат 30 минөт сайын қайталанып отырады. Баланың өсіп дамуы барысында ұйқы мен сергек жүру мерзімдерінің мөлшері өзгереді. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай үйықтайды. Біртіндеп оның ұйқы сы азайып, сергек мерзімі үзарады. 1 жасқа жақындаған баланың ұйқы сының үзақтығы 14 сағат, 4 жаста — 12, 10 жаста — 10-11, ересек адамда 7-8 сағат. Баланың өмірінде 5-6 жастың маңызы ерекше: Бұл кезде күндізгі ұйқы тоқталып, 1 тәулік екі кезеңге ғана бөлінеді: ояу жүру немесе сергектік және үйықтау кезеңдері. Сондықтан баланың түнгі ұйқысы бұзылғанда оның организмі әлсіреп, тез шаршау белгілері туады. Бала күн кестесіндегі еңбек уақыты мен ұйқы уақытын дұрыс сақтамаса, оның организмінде қалжырау пайда болады. Ондай баланың еңбегінің нәтижесі төмендеп кетеді. Бала мезгілінде дұрыс үйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты ұйықтардан бүрын кемінде 2-3 сағат бүрын қабылдап, жатарда жеңіл-желпі аз мөлшерде ішу керек (айталық, 1 кесе айран не сұт, немесе жеміс шырыны). Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-22° С болғанда ұйқы сы дұрыс болады. Сондықтан бала үйықтағанда: жазда терезесінің сәл ашық болып, қыста жатар алдында жарты сағаттай желдендіріп алу маңызды. Баланың ұйықтайтын бөлмесі сырттан айқай-шу келмейтіндей, пәтердің тыныш жағында орналасқаны дұрыс. Баланы жатар алдында жылы сумен аяқ-қолдарын жуындырып, денесіне шақ, қыспайтын, жүмсақ, мақта-матадан тігілген жатын киімін киіндіру қажет. Ұйықтардан 1-2 сағат бүрын баланың жүйке жүйесін қоздыратын ойындарды, әңгімелер айтуды немесе оқуды тоқтатып, оның қозуын басатын, тыныштандыратын әңгімені ақырын баяу біркелкі ырғақты дауыспен айтқан жөн.
