Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_shpory_2_semestr.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.11 Кб
Скачать

23.Иіс сезу талдағышының жас ерекшеліктері

Балалардың иіс сезу талдағышы туғаннан кейін алғашқы күндерінде ақ жұмыс атқара бастайды. Олар хош иісті гүлдердің иісіне бет әлпетінің қимылымен немесе түшкіріп жауап береді. Кейде жағымсыз иіске қол аяқтарының қорғаныс қимылымен, бетін бұрып әкетіп, көзін ашып жұмып, не дауыстап қорғаныс әрекеттер жасайды. Жағымсыз иістер нәрестеге күшті әсер етеді, оның тынысы өзгеріп, жүрегінің соғуы жылдамдайды, маңдай еңбегінің пулсі қатты қатты соғады. Мезгілінен бұрын туған баланың иіс сезімі болғанымен мезгілінде туған баладан нашар болады. Жаңа туған баланың иіс сезу қабілеті өте тұрақсыз, тез өзгеріп, кейде сезімталдығы төмендеп, кейде мүлде жойылып кетеді. Сәби өсе келе иіс талдағышының сезімталдығы күшейеді де, 5-6 жаста толық жетіледі.

Иіске деген шартты рефлекстері балада 2 айлық өмірінде пайда болады, бірақ оның қарқыны баяу және әлсіз, рефлекстері тез, оңай жойылады. Нәресте өскен сайын оның шартты иіс рефлекстері нығаяды, баланың өміріндегі маңызы артады. Ажырату шартты рефлекстері пайда болып, әр түрлі заттардың иісін қателеспей ажыратуын қатысады. 3айлық бала бірнеше заттардың иісін қателеспей ажыратады, ал 4 айлығында өте нәзік иістерді де сезе алады.

4-5 жастағы балада ажырату шартты рефлекстерінің дәрежесі 31%-ға тең, ал 6-6,5 жасында 100%, яғни ересек адамдардың иіс сезу дәрежесіне жетеді.

24. Дәм сезу талдағышына сипаттама

Дәм – ауыз қуысы кілегей қабырғасы және тіл беткейінде орналасқан рецепторларға кез-келген заттың әсер етуіндегі сезім. Орталығы қыртыстағы прецентральді иірім.

Дәм сезімінің  төрт түрі ажыратылады:

1.     Тәтті – тілдің ұшы сезімтал

2.     Қышқыл – тілдің екі бүйірі сезімтал

3.     Ащы – тіл түбі сезімтал

4.     Тұзды – тіл шеті сезімтал

Тілдің алдыңғы жағы n. Lingualis пен артқа жағы  n.glossopharingeus пен, ал  көмекей асты n.vagus-тың сезімтал жүйкесімен жүйкелендірілген. Осы жүйкенің кесілуі дәм  сезімін жояды. Дәм хеморецепторлары контактылы рецепторларға жатады, сезгіштігі жағынан орташа денгейде, еріген затттардың аз шамасынан қозу күйіне келеді. Олар ауызға түскен заттар сипаты мен концентрациясы туралы ақпарат береді. Адамда дәм рецепциясының зонасы ауыз қуысында, тіл емізікшелерінде, көмекейде (бадамшада), жұтқыншақтың арт жағында, жұмсақ таңдайда орналасады. Дәм рецепторларының ең көп орналасқан жерлері - тілдің ұшы, бүйірлері және түбі (артқы бөлімі). Тілдің үстіңгі беті мен астыңғы жағында мұндай хеморецепторлар жоқтың қасында Дәм рецепторларының бүршіктері - ауызда топтасып орналасады, пішімі сопақша, микроскоппен қарағанда пиязга ұқсайды. Сондықтан оларды кейде дәм пиязшықтары деп те атайды. Дәм пиязшықтарының адамдағы саны 10000-дай. Әрқайсысының ұзындығы мен көлденеңі-70 мкм-дей (7-10м).

25. Көру талдағышынң құрылысына сипаттама

Көру талдағышы ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратадыөру талдағышының негізгі мүшесі — көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі ойықта — көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады.

Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын — артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық — ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі — торлы қабық.

Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүйде бөлігіне орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі.