Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_shpory_2_semestr.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.11 Кб
Скачать

9) Нерв орталықтары туралы ұғым

Орталық жүйке жүйесі синапстар арқылы бір-бірімен байланысқан нерв клеткаларының жинағынан құралған. Мұндай нейрондар жиынтығынан белгілі бір мүшелердің қызметін реттеуге бейімделген нейрондар тобын байқауға болады. Оларды нерв орталықтары деп атайды,яғни белгілі бір қызметті бірігіп орындауға қатысатын нейрондар тобын НЕРВ ОРТАЛЫҚТАРЫ дейді.

Нерв орталықтары – функциялық ұғым. Әрбір нерв орталығында белгілі бір қызметті орындауға қатысатын негізгі нейрондарға қоса, соларға көмекші болатын нейрондар да бар. Сонымен қатар, ми сыңарларының қыртысында негізгі нейрондардың қызметін бақылайтын, реттейтін әрбір нерв орталықтарының өкілдері болады. Нерв орталықтары туралы әңгіме болғанда сол орталықтардағы негізгі нейрондар тобының қызметі жайында сөз болады.

Нерв орталықтарының бірнеше қасиеті бар: олар өзінің қызметін жағдайға байланысты өзгерте алады; орталық жүйке жүйесінің синапстарына сәйкес нерв орталықтарында қозу тек бір ырғақта ғана қозғалады, қозу тежеледі, нерв импульстері сублимацияланады, олардың қозғалу жылдамдығы төмендеп, ырғағы өзгереді және әсер іздері байқалады, нерв орталығы шаршайды, мүшелердің қызметі үйлесімдіріледі.

10) Нерв орталықтарының қасиеті: сублимация, координация, иррадиация ұғымдарын жас ерекшелікке байланысты сипаттаңыз.

Сублимация (лат. - кері ажырату)

Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсерлеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде организмнің қызметін координациялауы (лат. – үйлесімділік, келісімділік) дейді.

Орталық жүйке жүйесіндегі бір нерв орталығында пайда болған қозу мен тежелудің көрші орталықтарына жайылуын - иррадациялану (лат. – таралу, жайылу) дейді.

Қозу мен тежелудің жайылуы талшықтарының миелин қабығының қалыңдығына тәуелді. Жаңа туған нәрестенің нерв талшықтырының миелині өте жұқа. Кейбір нерв талшықтарында мүлде болмайды. Сондықтан оларда қозу мен тежелу өте тез және оңай тарайды. Сонымен бирге баланың рефлекторлы реакциясын реттеуге ми қыртысынан гөрі қыртысасты құрылымдар көбірек қатысады және балалардың нерв ұлпаларының қозғыштығы ересек адамға қарағанда күштірек, әрі нерв орталығының миеленденуі 5-10 жасқа дейін созылады. Нервтегі қозу мен тежелідңғ таралуы тітіркедіргіштің күшіне де байланысты. Неғұрлым тітіркендіргіш ұзақ әсер етсе және неғұрлым күшті болса, соғұрлым олардың нерв орталықтарында жайылуы көбірек. Қозу мен тежелудің жайылуы кішкентай балаларда күштірек.

11) Нерв орталықтарының қасиеттері: индукция, доминанта, конвергенция ұғымдарын жас ерекшелікке байланысты сипаттаңыз.

Бір нерв орталығының қозуына байланысты екінші бір нерв орталығының қозуы тежеледі және керісінше, бір нерв орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейеді. Мұны қозу және тежелудің индукциясы (лат. – орнату, кіргізу) дейді.

Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің индукциясы олардың жайылуы тәрізді нерв талшықтарының миелин қабығының қалыңдығына байланысты болады. Сондықтан бала неғұрлым жас болса қозу мен тежелудің индукциясы соғұрлым нашар болады. Мысалы, кішкентай бала ауырғанда күндіз-түні тынымсыз әбден шаршағанша жылай береді.

Доминанта (лат. – басым) туралы ілім бойыншажүйке жүйесінің қызметінде бір нерв орталығының қозуы басқаларының қозуын өзіне тарту арқылы белгілі бір сәтте басымырақ болады да, басқа орталықтарының қызметін өзіне бағындырады. Мұндай жағдайда басқа нерв орталықтарын қоздыратын тітіркендіргіштер доминантты орталықтың қозуын күшейтеді.

Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан да балалардың зейіні тұрақсыз. Балаларда белсенді зейіннің ұзақтылығы жасына қарай әртүрлі. Кішкентай балаларда белсенді зейін нашар қалыптасады: тек 7 жасқа таман ол ұзара бастайды, 7 жаста – 15 мин, 10 жаста – 20мин, 12 жаста – 25 мин, 13-15 жаста – 30 мин, 16 жаста – 40 мин, ересекте – 1сағ.

Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын – конвергенция (лат. – түйісу) деп атайды. Жалпы алғанда балалардың жасына қарай ұшырайтын үйлесімділіктің кейбір кемшіліктері жасы ұлғайған сайын бәсеңдеп, 18-20 жаста толық жойылады да, үйлестіру қабілеті толық қалыптасады.