Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_shpory_2_semestr.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.11 Кб
Скачать

Үлкен ми сыңарларының аймақтары

Үлкен ми сыңарларының қатпарлары ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сезу - қимыл аймағы маңдай, төбе бөліктерінде орналасқан. Мұнда аяқтұлғақолмойынтілбетерінді қозғалту және сөйлеу орталығы болады. Көру аймағы - шүйде бөлігінде, одан көру жүйкелері арқылы козу өтеді. Есту аймағы - самай бөлігінде; дәм сезу, иіс сезу аймағы - маңдай бөлігінің ішкі жағында. Артқы орталық қатпарда - тері, буын-бұлшықет, сезу аймағы бар. Денеге ыстық, суықпен әсер еткенде қайтаратын жауабы (қолды тартып алу) осы аймаққа байланысты. Адамдағы психикалық әрекеттер (есте сақтау, сөйлеу, ойлау және т. б.) ми сыңарларының барлық аймақтарымен байланысты. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігерді невропатолог (невролог) дейді.

Мидан 12 жұп жүйке тарайды. Оның алдыңғы екеуі үлкен ми сыңарларынан, қалған 10 жұбы мидың басқа бөлімдерінің сұр затынан басталады. Ол жүйкелер - иіс сезу, көру, есту, көзді қозғалту және т. б. деп аталады.

Бір жастағы баланың ми сыңарларының маңдай бөлігі нашар дамыған, оның сайлары мен қатпарлары ұсақ, таяз, қысқа болады. Олардың нейрондар саны ересектермен бірдей болғанымен, пішіндері қалыптаспаған, 14 түрлі болып дифференцияланбаған. Өсе келе баланың ми сыңарлары қалыптасады.

Қазіргі кезде медициналық зерттеу жұмыстарында мидың жұмыс істеу белсенділігін анықтау үшін электроэнцефалография әдісі қолданылады. Мидың жұмысын және ондағы өзгерістердің ырғағын жазып алуды электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды. Оны электроэнцефалограф аспабы арқылы жазып алады. Электроэнцефалограмма жүйке жасушаларының белсенділігін және аурудың болу себептерін анықтауға көмектеседі.

6. Шартты рефлекстердін тежелуі және жас ерекшеліктері. Мидағы қозу мен тежелу бір-бірімен байланысты өтеді. Табиғатта организмнің қызметін тудыратын мидағы нерв клеткаларының қызметін ақырындатып немесе тоқтату қажеттілігі жиі кездеседі. Мұнд айда мидағы тежелудің маңызы алға шығады. Қалыпты жағдайда мидағы қозу мен тежелу дәл қажетті сотте организмнің қызметін не үдетіп, не баяулатып отырады. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу. С ы р т қ ы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе үзақ әсер ететін басқа бір тітіркендіргішіне байланысты байқалады. Мұндай жағдайда ми қыртысында жаңа күшті қозу ошағы пайда болып, индукциялы түрде бұрынғы шартты жауапты тудырған козу ошағын тежейді де ол жауап тоқтап қалады. Шартсыз тежелудің бір түрі — ш е к т е н т ы с тежелу немесе қорғаныс тежелу. Бұл организмді сыртқы ортаның үзақ әсерінен қорғайды. Ш а р т т ы немесе і ш к і тежелу пайда болған шартты рефлекстің жағдайлары езгергенде туады, яғни шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпегенде біртіндеп шартты жауап жойыла бастайды да, біраздан соң мүлде тоқтайды. Оқыту, тәрбиелеу барысында балалардың ішкі және сыртқы тежелуінің пайда болу ерекшеліктерін жақсы білген жөн. Сыртқы тежелу 3-4 жаста жеңіл пайда болады. Сондықтан баланың ойын жағымды әсермен оп-оңай боліп жіберуге болады. Мысалы, жылап тұрған балаға қызық ойыншықты көрсете қойса, ол жылауын тоқтатады. Яғни сыртқы тежелу сөбилерді тәрбиелеуде өте маңызды орын алады. 6-7 жастың арасында ішкі тежелудің маңызы арта түседі. Бұл кезде баланы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа үйрету үшін оның ішкі тежелуін пайдаланса, дұрыс тәрбиеленеді. Тәрбиенің бұл әдісін пайдаланып, балаларды өлеуметтік жағдайларға жақсы бейімдеуге, тәртіпке үйретуге болады. Баланы тек қана өзінің тілегінің жетегінде болмай, басқалардың жағдайымен санасатындай етіп тәрбиелеген жөн. Шартты рефлекстердің пайда болуы мен тежелуінін жас ерекшеліктері. Жаңа туған сәбидің біраз ғана шартсыз рефлекстері болады. Олардың көбі қорғаныс және тамақтану рефлекстері. Баланың алғашқы апталық өмірінен бастап оның шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Ғалымдардың зерттеуінше, 5-10-шы күндері тамақтануға байланысты шартты рефлекстері қалыптасады: ең алдымен тамақтану негізінде баланың денесінің кеңістікте дұрыс орын алу шартты рефлекстері байқалады. Баланың бұл рефлекстері күрделі тері рецепторлары, проприорецепторлары (лат. проприус — әзіне меншікті + рецептор) мен вестибулярлық қүрылымдарын тітіркендіруге байланысты пайда болады. Алғашқы шартты рефлекстер өте баяу туады, олардың нервтік байланыстары тұрақсыз, оңай жайылады. Баланың дамуында бағдарлау рефлекстерінің маңызы зор. Соның негізінде балада сыртқы орта жайында алғашқы танымдар пайда болады. 3-4 айда оның бағдарлау рефлекстері қалыптасып, әрі қарай жасы өскен сайын жеңілденеді. 3-5 жас арасында шартты оң рефлекстердің бекуі қиындау, себебі бұл мерзімде балалардың қорғану рефлекстері және шартты қорғаныс тежелуі жақсы болады. Қорғаныс тежелу ми қыртысында тез жойылады да, шартты оң рефлекстердің пайда болуына кедергі жасайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың комплекстік шартты рефлекстерінің пайда болуы қиындай түседі: негізінен олар комплексті тітіркендіргіштің жеке әсеріне ғана туады. Сыртқы ортаның әсер леріне байланысты пайда болған шартты рефлекстер балаларда түрақсыз, тез жайылады, шартты тежелуі байқалады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың қозуы мен тежелуінің әлсіз екенін көрсетеді. 5-7 жас арасында қозу мен тежелу күшейе түседі. Сондықтан бұл кезде, әсіресе 6 жаста, ішкі тежелуі жақсарады, ми қыртысының жұмысы артады. Бала 16-20 минуттей бір нәрсеге зейінін тоқтата алады. Сыртқы тежедудің маңызы төмендейді. Сондықтан 15-20 минуттей баланы оқытуға мүмкіндік пайда болады. Бастауыш сынып оқушыларында шартты рефлекстердің тууы жеңілденеді, ішкі тежелудің маңызы артады, сөзге байланысты төртінші, бесінші дәрежелі шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Бұл кездегі нервтік байланыстар анағүрлым берік болады, баяу тежеледі. Сөзге байланысты шартты рефлекстерінің қасиеті өзгереді: ересек адамның сөздік шартты рефлекстеріне ұқсас келеді. Шартты оң рефлекстердің пайда болуы жеңілденеді. Баланың орталық жүйке жүйесіндегі қозуы мен тежелуі күшейіп, ми қыртысындағы қозуының маңызы артады.

7.Шартты рефлекстің тежелуі мен пайда болуының жас ерекшеліктері

Шартты рефлекстің тежелуі. Жүйкедегі бірыңғай құбылыстардың екі жағы құрайтын, қозу мен тежелудің тепе-теңдік арақатынасы жануарлар мен адамның сыртқы ортаның өзгермелі түрткілеріне бейімделу іс-әрекетінің нәтижесін анықтайды. Орталық жүйке жүйсіндегі тежелуді ашқан орыстың атақты ғалымы И.М. Сеченов (1962). Ол орталық тежелуді арнайы тежеуші жүйелердің бірлестігі деп қарады. Ч. Шеррингтон (1906) қарсылас бұлшық еттердің үйлесімді әрекеттері индукциялық (кезеліс) тежелуден болатынын көрсетті. А.А. Ухтомский (1923) жүйке орталықтарында доминанта қалыптасуы кезінде жегілген тежелу туатындығын анықтады. И.П. Павлов мәні зор тәжірибелер жасап, шартты рефлекстің тежелу түрлерінің негізгі тетіктерін дәлелдеді. Тежелудің сыртқы (шартсыз) және ішкі (шартты) түрлері болады. Шартсыз тежелу – жүйке жүйсінің туа біткен қасиеті. Ол – сыртқы бөтен түрткілердің теріс индукция әсерінен мінез әрекетінің кенеттен әлсіреуі немесе басылып қалуы. Мұның себебі әртүрлі жаңа тітркендіргіш қабылдау рефлексін туғызады. Егер осы тітіркендіру бірнеше рет қайталанса, бағдарлы әсерленіс бәсеңдейді және оның шартты рефлексті тежеу әрекеті әлсірейді. Мұндай бөтен тітркендіргішті И.П. Павлов «өшетін тежеу» деп атады. Мәселен, қатты ауыртатын тітіркендіргіш шартты шұғыл тежейді. Осы сияқты ішкі ағзалардан шығатын тітркендіріс те әсер етеді. Кейбір мүшелердің қабынуы, қуықтың зәрге аса толуы, құсу, жыныстық қозу шартты тағамдық рефлексті басып тастайды. Мұндай тежеулердің бәрінің жалпы қасиеті олар осы шартты рефлекске бөтен сыртқы тітркену ықпалынан пайда болады. Сондықтан бұл сыртқы тежелу деп аталады. Шартты рефлекстің шамасы тітіркендіргіш қарқының («күш заңы») тікелей тәуелді келеді. Шартты тітіркендіру күші шектен аса өссе, қарама-қарсы нәтижеге, яғни шартты рефлесте: әлсіреуіне, тежелуіне әкеліп соғады. Мұндай тежелуді шектен тыс тежелу деп атайды. Бұл тежелудің сақшылық маңызы бар. Өйткені ол жүйкені шамадан тыс күшті немесе ұзақ тітіркендірудің әлсірету әсеріне кедергі жасайды. Күшті әсерден мелшиіп қатып қалу (ступор) медицинада жиі кездеседі. Бұл тежелу жүйкені уақытша жұмыстан босатады және оның қалыпты қозғыштығы мен жұмыскерлігін қайта орнына келтіруге жағдай жасайды. Жүйкесі нашарланған жануарларда шектен тыс тежелу тіпті біршама әлсіз шартты тіткендірудің әсерінен де пайда болады. Сыртқы және шектен тыс тежеулер жүйке жүйсінің туа біткен қасиеттеріне байланысты болғандықтан оларды шартсыз тежелу қатарына жатқызады. Шартты тежелу – жүйкенің жүре иемденген қасиеті. Ол шартты рефлекс сияқты құрылады. Шартты тежелудің бірнеше ерекшеліктері болады. кездерде, рефлексті жасау жеңілдейді. 1. Ол тітіркендірулер нығайтылмаған жағдайда қалыптасады. 2. Оны жаттықтыруға болады, яғни қайталаған жағдайда, әсіресе жас кездерде, рефлексті жасау жеңілдейді. 3. Шартты тежелудің көріністері жүйке жүйесінің даралама қасиетіне байланысты. Қызба кісілерде, байсалды адамдарға қарағада, шартты тежелу қиын және баяу қалыптасады. 4. Шартты тежелу шартсыз рефлекстің нығайту күшінен тәуелді келеді. 5. Шартты тежелу бұрын қалыптастырылған рефлекстің беріктігіне байланысты болады. Мызғымайтын тұрақты шартты рефлекстер тежелуге, жаңа үйренгендерге қарағанда қиын көрінеді. 6. Тежелулер өзара әрекеттесіп бірін-бірі күшейтеді. Шартты тежелуді өшіретін, ажырататын, шартты тежейтін және кешіктіретін деп төрт түрге бөледі. Өшіретін тежелу. Егер шартты тітіркендірудің шартсыз тітркендіргішпен ұштасуы тоқталса, бұрынғы қалыптасқан тұрақты шартты рефлекс әлсірейді, кейін қолданған сигнал бірнеше рет нықталмаса ол тіпті жойылады. Өшіретін тежелудің жасалу дәрежесі мен жылдамдығы: 1) шартты рефлекстің беріктігіне (берік бейнелістер баяу өшеді); 2) нығайтушы рефлектің күшіне (аштық күінде тағамдық шартты рефлекс өшпейді); 3) нығайтылмау жиілігіне (жедел түрінде бірнеше минут және сағат созылмалы түрінде нығайтылмаса өшіретін тежелу бірнеші күнде қалыптаспайды) байланысты болады. Тағамдық шартты рефлекстер сақтаныс түріне қарағанда, жылдам өшеді. Өшіретін тежелуді машықтану арқылы тез қалыптастыруға болады. Ол мидың типтік даралық ерекшеліктерінен тәуелді келеді. Кейін шартты тітіркендіргіш тағы да қолданылса, өшкен шартты рефлекс қайтадан қалпына келеді. Бұл құбылысты тежелуден босау деп атайды.

8.Жас ерекшелікке байланысты ми қыртыстарының дамуын талдаңыз

Ми қыртысыпаллиум (лат. cortex cerebrі) – адам мен сүтқоректі жануарлардың үлкен ми сыңарларының сыртын жауып тұратын, нейронныңсұр затынан түзілген қабат. Даму барысында (ІІ кезең) М. Екіге: сопақша М. Мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша М. Мен артқы М-да тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. Орталықтары пайда болады. ІІ кезеңде (тіпті балықтарда да) көру рецепторының әсерінен ортаңғы М. Күштірек дамиды. ІІІ кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы М. Дами бастайды. Одан әрі алдыңғы М-дың көлемі ұлғайып аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Орт. Жүйке жүйесінің жоғ. Бөлімі ретінде соңғы мида сезімталдықтың барлық түрлері үшін орталықтар пайда болады. Алайда төмен жатқан орталықтар жойылып кетпей, жоғ. Қабаттарға бағынышты күйі сақталды. Демек, М. Дамуының әрбір жаңа кезеңінде ескі орталықтарды өзіне бағындыратын жаңа орталықтар пайда болды. Соның нәтижесінде ең алғаш артқы мида пайда болған есту орталықтары – ортаңғы және алдыңғы мида да, ортаңғы мида пайда болған көру орталықтары – алдыңғы мида, иіс сезу орталықтары тек алдыңғы мида пайда болады. М. Қыртысы жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эвол. Дамуы барысында М. Қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, М. Қызметі біртіндеп М. Қыртысына ауысты. Жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыру үшін қажетті құрылым М. Сыңарларының бетінде орналасып, филогенез процесі барысында алты қабатты құрылымға ие болып, ол жаңа қыртыс деп аталады. Адамда мидың одан әрі қарай дамуы – оның әлеум. Табиғатымен байланысты заңдылықтарға бағынады. Сыртқы дүниенің түрлі тітіркендіргіштерін қабылдайтын және жануарларға тән нақтылы-көрнекті ойлаудың материалдық субстратын құрайтын анализаторлардан (И.П. Павлов бойынша 1-сигналдық жүйе) басқа адамға, алдымен естілетін (ауызша), одан кейін көрінетін (жазба) сөздің көмегімен ойлау қабілеті пайда болды. Бұл дамып келе жатқан жануарлар дүниесінде 2-сигналдық жүйені (И.Павлов бойынша “жүйке қызметі механизмінің тікелей қосымшасы”) құрады. 2-сигналдық жүйенің материалдық субстраты жаңа қыртыстың беткі қабаттары. Сондықтан алдыңғы мидың қыртысы адамда жақсы дамыған. Адам миының салм. 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көл. – 1456 см3, аум. 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мыс., дарындылығы деңгейлес екі жазушы – И.С. Тургеневтің миының салм. – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салм. 1017 г. Ал, қазірге дейінгі белгілі ең ауыр ми (2850 г) эпилепсиямен ауыратын 21 жасар науқастан анықталған.

9.Ми қыртысындағы қозуды жазып алатын аспап электроэнцефалогф жұмысын түсіндіріңіз

 Қазіргі кезде медициналық зерттеу жұмыстарында мидың жұмыс істеу белсенділігін анықтау үшін электроэнцефалография әдісі қолданылады. Мидың жұмысын және ондағы өзгерістердің ырғағын жазып алуды электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды. Оны электроэнцефалограф аспабы арқылы жазып алады. Электроэнцефалограмма жүйке жасушаларының белсенділігін жөне аурудың болу себептерін анықтауға көмектеседі.

Электроэнцефалограф — медицинский электроизмерительный прибор для электроэнцефалографии, с помощью которого измеряют и регистрируют разность потенциалов между точками головного мозга, располагающимися в глубине или на его поверхности, и записываютэлектроэнцефалограмму.

Образование и колебание потенциалов головного мозга является результатом физико-химических процессов, лежащих в основе обмена веществ в нервной ткани, перемещение положительных и отрицательных ионов. Одни из этих процессов протекают медленно, другие совершаются циклически и с большой частотой. По существу источники потенциалов — это скопление клеток с их многочисленными отростками.

10. Балалардың бейімделу ерекшелігі

Балалық шақтан орта сыныптарға (5-6 сынып) өткен кездегі мектеп оқушыларының психикалық және жеке дамуында көптеген психологиялық ерекшеліктер болатындығы анық . Сондай-ақ 5 сыныпқа көшу - оқыту кезеңінің «ересек» түрінде әділ бағаланып, сабаққа деген өзіндік қатынастың қалыптасуын жеңілдетеді, алайда балалардың барлығы бірдей оған дайын еместігі байқалады. Яғни бұрынғы ұсыныстарды балалар мойындамайды, ал жаңа ұсыныстар әлі пайда болмағандығымен сипатталады. Сондықтан 5 сынып оқушыларын 4 сыныппен салыстырғанда, олардың көпшілігі «оқу саған ұнайды ма ?» деген сұраққа «білмеймін» деп жауап береді. Бұл «ауыспалы» кезеңде өзін-өзі бағалау дағдарысының пайда болуы туралы айтуға болады. 4-5 сыныпта өзін-өзі жағымсыз жағынан бағалау көлемі ұлғаяды, өзін негативті және позитивті бағалау арасындағы тепе- теңдік алғашқысының басымдылығымен жойылады. Өзіне-өзі көңілі толмауы бұл кезеңде олардың өмір әрекетінің жаңа сферасына ғана емес , сонымен қатар, оқу әрекетіне де , тіпті игерілген аймаққа да әсерін тигізеді.

Диагностикалық зерттеулер қорытындысы 4-5 сынып аралығы оқушылардың оқуға, мектепке деген қызығушылығының төменделуімен сипатталады. Бұл бағытты түзеу , орайына қарай дұрыс тәрбиелеп бағыт беру мұғалім және психологтар міндеті екендгі анықталады..

11. Тамырлардағы қан қысымы және оның жас ерекшелігі

Қан айналуы тамырларды қозғалатын жүйкелер мен гуморальді факторлар арқылы реттеледі. Тамырлардың қалыпты жағдайын реттейтін жүйкетер тамырды тарылтатын және кеңейтетін болып екіге бөлінеді. Симпатиқалық жүйкелер қантамырларды тарылтады, алпарасиматикалық жүйкелер кеңейтеді. Тамырларды кеңейтетін заттарға жататындардың бірі – гистамин. Ол қарын мен ішек қабырғасында пайда болады.

Қан қысымы депрессорлық және прессорлық рефлекстер арқылы реттелінеді. Депрессорлық жүйкесі сопақша мидан басталып аорта қабырғасы арқылы жүректің сол қарыншасын эпикард астында орналасқан. Бұл жүйке аортадағы қан қысым мөлшерін реттейді. Жалпы ұйқы артериясының екіге бөлінетін жерінде синускаротид аймағы орналасқан. Бұл аймақ тіл-жұтқыншақ жүйкеілерін әр түрлі рецепторларынан құралған. Ұйқы артериясында қан қысымы көтерілген кезде тіл-жұтқыншақ жүйкеісінің барорецепторлары тітіркеніп, осы арқылы сопақша миға беріліп, артерияға жауап кезеген жүйке арқылы жеткізіліп артерия кенейіп, қысым мөлшері төмендейді.

12.Лимфа түйіндерінің дамуы, қызметі және жас ерекшеліктері. Лимфа туйіндері жак астында, мойында, колтыкта, шапта, кеуде куысында, ас корыту жолдарында орналаскан. Лимфа түйіндерінің қалың сыртқы қабатында Т-лимфоциттер мен В лимфоциттери болады. Бұл қабат қызғылт қоңыр тусті. Ішкі қан қабатында артерия және вена кан тамырлары бар. Қан тамырларының арасындағы клеткааралық сұйықтағы гидростатикалык кысым қан тамырларындағы қысымнан 10 – 15 есе төмен болады. Сондыктан канның суыктагы заттары клеткааралық суык арқылы лимфага оңай отеді. Лимфа туйіндері тамырлардың бойында орналасқан. Олар ұрықтың екі айында қалыптаса бастайды, бірақ морфологиялық ерекшелеуі туғаннан кейін байқалады. Жаңа туған сәбидің лимфа түйіндерінде көптеген пішінді лимфа элементтері мен лимфа тамырлары болады. 4-5 жасқа дейін лимфа түйіндерінде лимфойдты элементтер басым болады да біртіндеп жетілген элементтері көбейеді, ал лимфобласттары мен плазмалық клеткалар азаяды. 4-8 жас арасында ретикулярлық және эндотелиалдық жүйелер дамиды да түйіндерде сыртқы қыртыс қабаты мен ішкі милы қабаты ерекшеленеді. 8-12жас арасында түйіндердің мүше ретінде қалыптасуы аяқталады.

13. Лимфа жүйесінің адам организміндегі ролі. Лимфа айналысы бір жағы тұйық өте ұсақ тасырлар лимфа копиллярларынан басталады. Олардың қабырғалары клеткааралығынан ұлпаның артық мөлшерлі сұйықтығын сорып алады. Лимфа копиллярлары ірілеу лимфа тамырларына айналады. Олардың ішкі қабырғаларында қақпақшалары бар. Қақпақшалар бір ғана бағытқа ашылып, лимфаның жүрекке қарай ағуына мүмкіндік тудырады. Жүрекке жақындағанда көкірек немесе негізгі және жоғары лимфа өзектері арқылы жиналған лимфа бұғана венасы арқылы жүрекке құйылады. Лимфа жүйесі зат алмасуына қатысудан басқа организмнің иммундық жүйесінің қызметіне қатысады. Оның ерекше биологиялық сүзгіші лимфа түйіндері толады. Лимфа түйіндерінен өткенде лимфа сұйығындағы микробтар және басқа зиянды заттар тазартылады, содан соң оның тамыр өзектері қайта бірігіп лимфаны негізгі көкірек өзегіне құяды.

14. Өкпенің тіршілік сиымдылығы. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Өйелдер өкпесішң тіршілік сыйымдыльны орташа есеппен алғанда 3000-3500 мл, ер адамдарда 3500-4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000—7500 мл-ге дейін жетеді.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір тыныс алғанда жөне өрбір тыныс шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.Адам қалыпты тыныс алып, артынша терең тыныс алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді. Адам қалыпты тыныс шығарып, артынша терең тыныс шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тынысшығарудыц қосымша сыйымдылығы деп аталады. Қаншама терең тыныс шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылыгы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады

15. Организмде оттегінің жетіспеушілігіне байланысты өзгерістер. Адам дем алатын ауадағы оттегі аз болғанда, организмде физиологиялық біраз өзгерістер болады. Ал егер тым аз болса, ол өзгерістер ауруға айналады. Тауға шыққанда адам оттегісіз аз ауамен дем алады. 2,5-3 км биіктікте кейбір кісілер өзін нашар сезінеді, бастары ауырып, жүректері айниды. Бұлшық еттерінің әлсіздігі пайда болады. Денесі шыныққан, мықты спортпен айналысатын адамдардың өзінде 5-6 км биіктікке шыққанда сондай белгілер байқалады. Әлі құрығаны сонша тіпті қолын да қозғалта алмай калады. Мұндай өзгерістің алдымен адамда өте күшті қозғыштық эйфория яғни жогары дарежеде конил шаттануы байкалады да, содан сон ол парыксыздык, немкурайлыкка айналады. Эйфория кезінде адам себепсіз қатты күліп, шаттанып, айғайлап әндетеді, бірақ өз қылығындағы өзгерістерді аңғармайды. Мысалы, ересек адам өзінің фамилиясын жазудың орнына бірқатар таяқшаларды сызады, ұшқыш не істеп жатқанын түсінбей бір кадрға бірнеше суреттерді түсіре береді. Оттегінің қысымы азайған кезде адам өз ісін бақылай алмайды. Сондықтан ұшақтардың ішіндегі қысым жердегі ауа қысымына тең етіп жасалынған. Содан барып жолаушылар арнайы жаттығудан өтпесе де ұшақтарда ұзақ уақыт ұша алады.

16. Ас қорыту жүйесінің гигиенасы. Педагогтер ас қорыту мүшелерінің жүйке жүйесінің бақылауында екенін үмытпауы керек. Күнделікті өмір жағдайларына байланысты балаларда тамақтануға, әсіресе мезгілінде тамақ ішіп-жеуге байланысты шартты рефлекстер көптеп пайда болады. Үйреншікті уақытта қарын сөлі боліне бастайды. Сондықтан күнделікті тамақтану кестесін бүзуға болмайды. Бұл талапты орындау үшін түскі тамақты ішетін кезде оқу-тәрбие жұмысын тоқтатқан жөн. Астың дұрыс қорытылуына дастарханды жаю тәртібі де маңызды: тамақтың жағымды иісі, түрі, ас ішетін орынның маңайының тазалығы т. б. көп әсер етеді. Сәби баланың тұрақты тістері бірнеше жылдар бойы сүт тістерінің астында болатындықтан мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ауыз қуысы мен тістеріне ерекше көңіл аударуы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесінің мөліметі бойынша қазіргі кезде балалардың ХО-90 %-ның тістері үнемі емдеп жүруді қажет ететін корінеді. Балаларда, әсіресе тіс к а р и е с і жиі байқалады. Мұның себебі қышқылдар тістің эмал қабығының және тіс ұлпасы дентиннің минерал тұздары н ерітеді. Әсіресе комірсуының ашығанынан пайда болатын сүт қышқылы гіске көп зиян келтіреді. Одан әрі эмалі бүлінген тіске микробтар әсер ете бастайды. Сөйтіп тістің органикалық заттары ыдырайды. Кариестің пайда болуына тамақтың құрамындағы В және Д топтарындағы витаминдердің, кальций, фосфор, фтордың жетіспеуінің де ықпалы бар. Мұны ң бәрі организмдегі минералдар мен белоктың алмасуына, соның ішінде тіске де әсер етеді. Кариестің майда болуына ауыз қуысындағы микроорганизмдердің осері мол, сондықтан баланың күніне екі рет (таңертең гүрған соң және кешке жатарда) тістерін арнайы пасталармен тазартып отыруы және тамақтан соң ауызын іиымшым температуралы сумен шайып отыруының маңызы зор. Кариесті болдырмау үшін тамақтың құрамындағы кальций, фосфор

мен фтор және витаминдердің мөлшерін геңестіруге көңіл бөлу қажет. Қазіргі кезде ауыз суын фторлау, арнайы тіс пасталарын жасау сияқты аурудың алдын алу жұмыс тары кең жолға қойылған. Сонымен қатар, балалардың тістерін мезгіл-мезгіл маман дәрігерге корсетіп, тексеру қажет. Маман дорігерлер ауру тістерді емдеп, пайда болған тесіктерін бүтіндеуі тісті мүлде бүзылудан сақтайды. Балаларға тым ыстық немесе тым суық тамақ беруге болмайды. Әсіресе жылы тамақтан кейін оте суық тағамдарды жеу оте зиянды. Жаңғақ іспетті қатты жемістерді тіспен жаруға балаларға рүқсат етпеу керек.

17. Белок алмасудың жас ерекшелігі. Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәрете үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәрете тәулігіне 600мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер, т.б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды – альбумен, гамма-глобулин, т.б. – белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс өсуіне өте қажет. Ана сүтінің құрамы сиыр сүтінен басқаша. Құрамындағы заттардың қасиеті жағынан ана сүтіне бие сүті ғана жақын. Сиыр сүтінде казиен көбірек те альбумин мен глобулин азырақ, ал ана сүті мен бие сүтінде қанықпаған май қышқылдары көбірек. Адамның сүтіндегі белоктың жалпы мөлшері онша көп емес. 1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 пайыз жануар текті, ал 25 пайызы өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін бұлар тең мөлшерде қажет болса, жас өспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін көбейте түсу қажет.

18. Май және көмірсу алмасудың жас ерекшеліктері. Балалардың майға мұқтаждығы ересек адамдардан көбірек болады. Жарты жастағы нәрестелерге қажетті қуаттың 50 пайызы майдың алмасуынан алынады. Бұл кезде денеің массасының әрбір килограммына 6-7г, 24 жаста- 3,5 г, мектепке барар алдында 2,5г май қажет. 6 айдан – 4жасқа дейінгі балаларға қажеттті қуаттың 30-40 пайыз, ал одан үлкенірек балаларға -25-30 пайыз май алынады. Май қышқылдары баланың жүйке жүйесінің дамуына аса қажет, әсіресе нәрестелердің жүйке жүйесінің қалыптасуында, дамуында май қышқылдары маңызды орын алады, сондықтан баланы емізетін анаалардың азығында май жеткілікті болуы тиіс. Өсу барысында балалардың көмірсу қажеттілігі жоғары, себебі ыдырау қарқыны бұл кезде үздіксіз жоғары деңгейде болады. Және жас өспірімде көмірсу белок пен майдан өте аз мөлшерде түзіледі, сондықтан оның қоры көп болмағандықтан жылдам жұмсалады. Ал, жалпы алғанда, бала денесінде көмірсу тиімді түрде сіңеді. Дене массасының 1кг-ына шыққанда көмірсуының мөлшері емшектегі нәрестеде 10-12г, 1-3 жаста -12-13г, 4-7 жаста – 13-14г, 8-13 жастағы балаларда – 10-11г болады. Ересек адамдарда оның мөлшері 3г/кг-нан аспауы керек.

19. Денедегі су және жасқа байланысты мөлшері. Организмнің тірлігі үшін аса маңызды затттардың бірі- су. Ол организмнің ішкі ортасын құрады. Ересек адамның дене салмағының әрбір кг массасына 0,4 л су қажет. Ал нәрестелерде бұл мөлшер 5 есе артық. Егер баланың денесінде су жетіспесе, оның өсуі тежеледі. Жалпы ер адамның денесінің 61 пайызы, әйел адамның 50 пайызы судан тұрады. Адам су ішпесе шөлдеп, тірлігі төмендейді, қаны қойылып, таңдайы кебеді. Адам толық ашығып, бріақ су ішсе 55-60 қүн өмір сүре алады. Су келесі қызметтерді атқарады: ферменттердің қоркетік заттардың сіңуіне, газ алмасуы, зат алмасу қалдықтарын тазалап, сыртқа шығаруға, дене жылуының тұрақтылығын сақтауға қатысады. Нәрестенің дене салмағының 75 пайызы-су. Оның ұлпаларының клеткасындағы судың мөлшері де көп. 1 жасқа дейінгі сәби тәулігіне 800 мл, 2-4 жаста- 950 мл, 5-6 жаста – 1200 мл су ішуі керек. Ұл балалар қыздарға қарағанда суды көбірек ішеді, өйткені олардың дене қимылдары кезінде бұлшық еттеріне су көбірек қажет болады. Жалпы, бала организміне зат алмасу күшті болғандықтан, суды көп қажет етеді.

20. Витаминдер туралы түсінік. (Лат. Вита- өмір + аминдер – құрамында азоты бар химиялық заттар). Витаминдер – аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар. Олар тіршілікке өте қажетті. Қазіргі кезде клеткадағы және организмдегі зат аалмасуының түрлі жақтарына әсер ететін 30 шақты витаминдер бар. Бұл әсер витаминдер верменттердің құрамына қіретіндігі белгілі. Егер организмде витаминдер жеткіліксіз болса, онда ферменттер түзілуін тоқтатады, яғни зат алмасу процесі бүлінеді. Егер тамақта витаминдердің біреуі немесе бірнешеуі жеткіліксіз болса немесе мүлдем болмаса, тіршілікке қауіп төнеді, зат алмасуы бұзылады, т.б. күрделі өзгерістар туады. Витаминдерді латын әрпімен А, В, С, Д, Е, К, Р, РР деп белгілейді және химиялық құрамына сай аталады ( Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині). Барлық витаминдерді 2 топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен, жеген тамақтың құрамында провитамин (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, бұлар адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады. Кейбір витаминдер организмде химиялық жолмен түзіледі.

21. Витаминдерге жалпы сипаттама. Витаминдер – аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар. Олар тіршілікке өте қажетті. Қазіргі кезде клеткадағы және организмдегі зат аалмасуының түрлі жақтарына әсер ететін 30 шақты витаминдер бар. Витаминдерді латын әрпімен А, В, С, Д, Е, К, Р, РР деп белгілейді және химиялық құрамына сай аталады ( Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині). Барлық витаминдерді 2 топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. А витамині жетіспесе, онда баланың өсуі тежеледі және көзінің өткірлігі нашарлайды халық арасында «соқыр тауық» деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. Балалардың жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді. Бұлар құрамында А витаминдері бар барлық майын, жұмыртқаны, сәбізді жесе біртіндеп қойылады. В1 витамині (тиамин). Ас қорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді, өсу мен даму, т.б. ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. В1 витамині бидайдың қабығында, бұрыштарда, бауыр, бүйрек, жүрек етінде көп болады. В2 витамині (рибофлавин) – сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді. Рибофлавин жануар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшықеттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг. В6 (пиридоксин) витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында жиі кездеседі: бауырда, бұлшық етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, куріште, сәбізде мол болады.Қажетті мөлшері 1,5 мг және т.с.с. витаминдердің атқаратын қызметтері көп.