- •1. Жасқа сай физиологияның пәні және оның ғылымдағы орны.
- •7) Орталық және шеткі жүйке жүйелер және құрылысы.
- •8) Адамның миы. Сопақша ми, Вароли көпірі, ортаңғы ми, аралық ми, мишық.
- •9) Нерв орталықтары туралы ұғым
- •10) Нерв орталықтарының қасиеті: сублимация, координация, иррадиация ұғымдарын жас ерекшелікке байланысты сипаттаңыз.
- •11) Нерв орталықтарының қасиеттері: индукция, доминанта, конвергенция ұғымдарын жас ерекшелікке байланысты сипаттаңыз.
- •12) Жоғарғы жүйке әрекеті туралы түсінік. Шартты рефлекс
- •13 Шартты рефлекстер пайда болуына қажетті жағдайлар
- •14 И.П. Павлов жоғарғы жүйке ірекеті туралы ұғым. Жүйке әрекетінің төрт түрі
- •15 Бала есінің дамуы. Ұзақ және қысқа мерзімдегі ес
- •16 Эмоция туралы ұғым
- •17 Эмоция және оның түрлеріне сипаттама
- •19. Ұйқының жас ерекшеліктері, ұзақтығы және гигиенасы.
- •20. Талдағыштар туралы жалпы тусиник,
- •21. Талдағыштардың ортақ қасиеттері.
- •22. Көру гигиенасына қойылатын талаптар.
- •23. Көру талшығының жас ерекшелігі. Астигматизм.
- •24. Дыбыс талдағышы туралы ұғым.
- •25. Дыбыс гигиенасына қойылатын талаптар
- •26. Ішкі секреция туралы түсінік. Гормон
- •1. Антрометрия әдісіне анықтама беріңіз.
- •2. Даму көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.
- •3. Адамның жас кезеңдеріне анықтама.
- •4. Акселерация түсінігіне анықтама беріңіз. Өсу мен даму акселерациясының белгілері.
- •5.Тітіркену дегеніміз не? Физикалық, химиялық. Биологиялық физико-химиялық тітіркенгіштер.
- •Биоэлектірлік құбылысқа анықтама беріңіз. Әрекет потенциалы.
- •Синапс дегеніміз не? Стинапс арқылы қозудың өту механизмі.
- •Үлкен ми сыңарларына сипаттама
- •Ми сыңарларының қызметін салыстырмалы сипаттама
- •Соматикалық және вегетативті нерв жүйелеріне анықтама беріңіз
- •11. Рефлекс және рефлекторлық доғаға сипаттама
- •12. Бірінші және екінші сигнал жүйелерінің дамуы
- •13. Дыбыс талдағышының жас ерекшелігіне сипаттама
- •14. Иіс сезу талдағышы және оның түрлеріне сипаттама
- •16. Бала тілінің дамуындағы жас ерекшеліктеріне жалпы сипаттама
- •17) Жарықты қабылдау. Гемералопия, дальтонизм түсінігіне сипаттама
- •18) Дәм сезу талдағышының жас ерекшеліктері
- •19)Ұйқы безі гормондарының бала организміне әсері
- •20) Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие
- •21) Вестибулярлық талдағыш және оның жас ерекшеліктері
- •22) Шартты рефлекс түрлеріне анықтама
- •23.Иіс сезу талдағышының жас ерекшеліктері
- •24. Дәм сезу талдағышына сипаттама
- •25. Көру талдағышынң құрылысына сипаттама
- •26. Организмдегі стресске сипаттама
- •1. Өсу мен дамудың сыртқы белгісі – дене пропорциясына талдаңыз.
- •Үлкен ми сыңарларының аймақтары
- •22)Стрестің жас ерекшеліктері
- •Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?
- •23) Гипофиз және оның гормондарының бала организіміне әсері
- •24) Қалқанша безі гормондарының бала организіміне әсері
- •25) Адамның саналы іс – әрекеті және жас ерекшеліктері
- •26) Тер және терлеу тетігінің жас ерекшелегі
20) Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие
ЖЫНЫС ТӘРБИЕСІ – балалар мен жастардың ақыл-ойының, адамгершілік құндылықтар туралы көзқарасының, дене бітімінің, эстетикалық талғамының дұрыс қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы тәрбие жұмысы процесінің құрамдас бөлігі. Жыныстық жетілу мерзімі қыздарда 12 – 13 жастан 16 – 17 жасқа, ұлдарда 13 – 14-тен 17 – 18 жасқа дейін созылады. Осы кезеңде Ж. т-не көп көңіл бөлінеді. Баланы дұрыс өсіру үшін әке-шеше, оқытушылар, дәрігерлер әр түрлі жұмыстар жүргізеді (жеке әңгіме, гигиеналық талап, дүрыс тамақтану, т.б.) Ж. т. баланың спортпен, еңбекпен шұғылдануын, қыз бен ер бала арасында шынайы достық болуын талап етеді. Ж. т. балалар мен жастарды әр түрлі әбестіктен, жыныс қасіретінен сақтандырады.
21) Вестибулярлық талдағыш және оның жас ерекшеліктері
Кіре беріс лабиринттің орталық бөлімі, ол екі жарғақты қапшықтардан тұрады: дөңгелекті және сопақшалы. Дөңгелек тәрізді қапшық ұлумен, ал сопақшалы қапшық жартылай айналмалы каналдармен байланысады. Жартылай айналмалы каналдардың саны үшеу: үстіңгі, артқы және сыртқы. Олар үш өзара перпендикуляр жазықтықта оналасқан. Әрбір каналдардың бір ұшы тегіс, ал басқа ұшы кеңейтілген (ампула түрінде) болады. Кіре беріс және жартылай айналмалы каналдар вестибулярлық аппаратты құрайды. Ол кеңістіктік талдағыштың, немесе тепе-теңдік мүшесінің перифериялық бөлімі болып табылады. Кіре беріс және жартылай айналмалы каналдарда вестибулярлық жүйкенің рецепторлық аппаратын құрайтын арнайы жүйке жасушалары орналасқан. Кіре берістің қапшықтарында осындай рецептор отолитті аппарат болып табылады, яғни рецепторлық жүйке жасушалары құрамында ерекше кристаллдары бар (отолиттер) қабыршақпенқапталған. Ал жартылай айналмалы каналдарда рецептор әрбір каналдың ампуласында айдаршықты құрайтын арнайы талшықты жүйке жасушаларынан тұрады. Тік жазықтықтағы қозғалыста кіре берістің қапшықтарында отолиттердің араласуы жүреді, ал айналмалы қозғалыста жартылай айналмалы каналдарда эндолимфаның араласуынан сезімтал талшықты жасушалар аппулярлы айдаршықтарға қозуды әкеледі. Рецепторлық аппараттың қозуы вестибулярлық жүйке талшықтары бойынша орталық жүйке жүйесіне жеткізіліп, оған жауап ретінде тепе-теңдікті сақтауға қабілетті рефлекторлық реакция пайда болады.
22) Шартты рефлекс түрлеріне анықтама
Шартты рефлекстердің түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге және олардың кезеңдеріне, пайда болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.
Тітіркендіретін рецепторларына сәйкес экстерорецепті, пропиорецепті және интерорецепті шартты рефлекстер болып бөлінеді.
Экстерорецепті шартты рефлекс шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс мүшесіне, дәм сезу мүшесіне, тері рецепторына.
Пропоирецепті шартты рефлекстер қаңқаның бұлшық еттерін тітіркендіргенде, яғни оның пропиорецепторларына әсер еткенде пайда болады. Бұл топтағы рефлекстерге адамның басы қозғалғанда тепе-теңдік (вестибулярлық) аппаратты тітіркендіру арқылы пайда болған теңдік сақтау рефлекстері де кіреді.
Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тіткендіргенде олардың рецепторларына әсер ету арқылы пайда болады. Бұл топқа қанға түрлі химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты рефлекстер де жатады. Ондай жағдайда химиялық заттар интерорецепторларды (ішкі рецепторларды) тітіркендіріп жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.
