- •1. Жасқа сай физиологияның пәні және оның ғылымдағы орны.
- •7) Орталық және шеткі жүйке жүйелер және құрылысы.
- •8) Адамның миы. Сопақша ми, Вароли көпірі, ортаңғы ми, аралық ми, мишық.
- •9) Нерв орталықтары туралы ұғым
- •10) Нерв орталықтарының қасиеті: сублимация, координация, иррадиация ұғымдарын жас ерекшелікке байланысты сипаттаңыз.
- •11) Нерв орталықтарының қасиеттері: индукция, доминанта, конвергенция ұғымдарын жас ерекшелікке байланысты сипаттаңыз.
- •12) Жоғарғы жүйке әрекеті туралы түсінік. Шартты рефлекс
- •13 Шартты рефлекстер пайда болуына қажетті жағдайлар
- •14 И.П. Павлов жоғарғы жүйке ірекеті туралы ұғым. Жүйке әрекетінің төрт түрі
- •15 Бала есінің дамуы. Ұзақ және қысқа мерзімдегі ес
- •16 Эмоция туралы ұғым
- •17 Эмоция және оның түрлеріне сипаттама
- •19. Ұйқының жас ерекшеліктері, ұзақтығы және гигиенасы.
- •20. Талдағыштар туралы жалпы тусиник,
- •21. Талдағыштардың ортақ қасиеттері.
- •22. Көру гигиенасына қойылатын талаптар.
- •23. Көру талшығының жас ерекшелігі. Астигматизм.
- •24. Дыбыс талдағышы туралы ұғым.
- •25. Дыбыс гигиенасына қойылатын талаптар
- •26. Ішкі секреция туралы түсінік. Гормон
- •1. Антрометрия әдісіне анықтама беріңіз.
- •2. Даму көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.
- •3. Адамның жас кезеңдеріне анықтама.
- •4. Акселерация түсінігіне анықтама беріңіз. Өсу мен даму акселерациясының белгілері.
- •5.Тітіркену дегеніміз не? Физикалық, химиялық. Биологиялық физико-химиялық тітіркенгіштер.
- •Биоэлектірлік құбылысқа анықтама беріңіз. Әрекет потенциалы.
- •Синапс дегеніміз не? Стинапс арқылы қозудың өту механизмі.
- •Үлкен ми сыңарларына сипаттама
- •Ми сыңарларының қызметін салыстырмалы сипаттама
- •Соматикалық және вегетативті нерв жүйелеріне анықтама беріңіз
- •11. Рефлекс және рефлекторлық доғаға сипаттама
- •12. Бірінші және екінші сигнал жүйелерінің дамуы
- •13. Дыбыс талдағышының жас ерекшелігіне сипаттама
- •14. Иіс сезу талдағышы және оның түрлеріне сипаттама
- •16. Бала тілінің дамуындағы жас ерекшеліктеріне жалпы сипаттама
- •17) Жарықты қабылдау. Гемералопия, дальтонизм түсінігіне сипаттама
- •18) Дәм сезу талдағышының жас ерекшеліктері
- •19)Ұйқы безі гормондарының бала организміне әсері
- •20) Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие
- •21) Вестибулярлық талдағыш және оның жас ерекшеліктері
- •22) Шартты рефлекс түрлеріне анықтама
- •23.Иіс сезу талдағышының жас ерекшеліктері
- •24. Дәм сезу талдағышына сипаттама
- •25. Көру талдағышынң құрылысына сипаттама
- •26. Организмдегі стресске сипаттама
- •1. Өсу мен дамудың сыртқы белгісі – дене пропорциясына талдаңыз.
- •Үлкен ми сыңарларының аймақтары
- •22)Стрестің жас ерекшеліктері
- •Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?
- •23) Гипофиз және оның гормондарының бала организіміне әсері
- •24) Қалқанша безі гормондарының бала организіміне әсері
- •25) Адамның саналы іс – әрекеті және жас ерекшеліктері
- •26) Тер және терлеу тетігінің жас ерекшелегі
1. Жасқа сай физиологияның пәні және оның ғылымдағы орны.
Физиология – мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Негізгі міндеті - өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының теориялық түп негізін құрайды. Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның eкi саласын қамтиды: адам организмiнің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерiнің қызметтерiнің жас ерекшелiктерiнің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа ерекшелшіктер физиологиясы мен адамның денсаулығын caқтayғa қажеттi жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады. Балаларға дұрыс тәрбие беріп, оқытудың нәтижесі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді, сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Балалардың ми қызметінің ерекшеліктерін білу арқылы әр кезеңде болатын психикалық, психофизиологиялық өзгерістерді, назарының артуын, еске сақтау қабілеттерінің жоғарғы деңгейін біле аламыз. Басқа ғылымдар iспеттi жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бiрнеше ғылыми зерттеу әдicтерiн пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.
2. Жалпы және қазақстандағы мектеп гигиенасы ғылымының дамуы.
Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның eкi саласын қамтиды: адам организмiнің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерiнің қызметтерiнің жас ерекшелiктерiнің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа ерекшелшіктер физиологиясы мен адамның денсаулығын caқтayғa қажеттi жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады. Балаларға дұрыс тәрбие беріп, оқытудың нәтижесі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді, сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Балалардың ми қызметінің ерекшеліктерін білу арқылы әр кезеңде болатын психикалық, психофизиологиялық өзгерістерді, назарының артуын, еске сақтау қабілеттерінің жоғарғы деңгейін біле аламыз. Басқа ғылымдар iспеттi жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бiрнеше ғылыми зерттеу әдicтерiн пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.
3. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасының зеғрттеу әдістері.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін қолданады: 1) бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме; 2) табиғи тәжірибе – мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда қолданады. 3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды. Лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:
-функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;
-эргометрия;
-есепті шығару әдісі;
-телеметрия;
-антропометрия.
Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.
4. Организмнің өсу және даму заңдылықтары. Өсу, даму, жетілу кезеңдері.
Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады. Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады. Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері. Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.
Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:
1) өсу,
2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация, 3) форма түзілу.
Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:
1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:
1) өсу мен даму гетерохронды болады.
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі
6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады).
.Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. 1965 жылы Москвада болған дүниежүзілік жиналыста адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.
№ |
Жас кезеңдері |
Жас кезеңдерінің ұзақтығы |
1 |
Жаңа туған сәби |
1-10күн |
2 |
Нәрестелік шақ |
10 күн -1 жас |
3 |
Сәбилік шақ (ерте балалық) |
1-3 жас |
4 |
1-ші балалық шақ |
4-7 жас |
5 |
2-ші балалық шақ |
8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 жастағы қыз балалар |
6 |
Жеткіншектік немесе жасөспірімдік шақ |
13-16 жастағы ұл балалар, 12-15 жастағы қыз балалар |
7 |
Жігіттік, бойжеткендік шақ |
6-20 жастағы бойжеткендер, 7-21 жастағы жігіттер |
8 |
Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы |
21-35 жастағы әйелдер, 22-35 ерлер |
9 |
Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы |
36-55 жастағы әйелдер, 36-60 жастағы ерлер |
10 |
Егде жас |
55-74 жастағы әйелдер, 60-74 жастағы еркектер |
11 |
Қариялар немесе кәрілік |
75-90 жастағы әйелдер мен ерлер |
12 |
Ұзақ өмір сүрушілер |
90 жас және одан жоғары |
Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.
5, Қозу физиологиясы. Физиологиялық белсенділік және тыныштық.
Қозу физиологиясы. Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, жүйелер қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жұрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді. Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін тітіркену деп айтады. Ал олардың әсерлерінің өзін тітіркендіргіш деп атайды. Сыртқы және ішкі орталардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер. Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т.б) және электрлік әсерлерді айтады. Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, түздар және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады. Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ертінділердегі заттардың парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен катиондар) және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері (айталық, 5% және 7% тұз қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) жатады. Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микроорганизмдердің әсерін жатқызуға болады. Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозумен жауап береді. Қ о з у аталған ұлпалардың қызметінің үрдісі. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалардың қызметі басталып, күшейеді. Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны т е ж е л у деп атайды. Тежелу де қозу іспетгі тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады. Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
6, Нерв жүйесінің құрлысы. Нейрон.
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі -нерв клеткасы немесе н е й р о н. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар -глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді. Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін. Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон - тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксонның ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш үштар -рецепторлар және қозғаушы ұштар -эффекторлар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв импульстеріне - қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді. Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады. Дендриттер - тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл - нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен-саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. Дендриттер көп болады. Олар - нейронның кірер есігі, ал аксондар - шығар есігі. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түседі. Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор - делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс с а ң л а у ы болады. Ол - клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
Нейрон (neuron; nerve cell), жүйке жүйесінің жасушасы. Сезгіш нейрондар сенсор ағзалары арқылы ақпаратты береді, қозғалмалы нейрондар (мотонейрондар) бұлшық еттер мен темірге импульсті өткізеді, қойылатын нейрондар сенсорлық пен мотонейрон арасында алмасуды қамтамасыз етеді. Типтік нейрон – дендриттерден белгі алып, жасуша қабатының ядросымен келетін қысқа дендриттер (ынталандару алып, оны ішке енгізетін талшықтар) және жүйке импульсін денеден жасушаға беретін талшықтың ұзын аксонасынан тұрады. Аксона мен дендриттерді жүйке талшықтары деп атайды. Синаптикалық жарыққа (орындалатын ағзалардың жасушасы мен нейрон арқылы немесе нейрон аралығындағы кеңістік. Мысалы, бұлшық ет жасушасы) сипастан бөлінетін заттек пен НЕЙРОМЕДИАТОР арқылы жүйке импульсі беріледі. Кейде бір нейроннан басқаға тікелей беріледі. Көптеген нейрондардың аксондары миелинді қабықпен бөлектенген. Олар швандық жасушалармен жасалған, оны аксондар қоршап тұр. Бірнеше нейрондардың жүйке талшықтарының бір тобы қосушы ұлпамен бектілген, олар жүйкені жасайды.
