Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пропедевтика.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.76 Кб
Скачать

2.Бүйрек несеп жолдары ауруларын обьективті зерттеу әдістері

Шағымдары. Зәр шығару кезіндегі аурулар,ісіну,зәр бөлудің бұзылуы,белінің ауруы,терінің қышуы,көз көрудің нашарлауы, басының ауруы, артерия қысымының жоғарылауы.

Жалпы қарау: терінің бозғылттығы,Ісіктің бүкіл денеге жайылуы;

Пальпация: Науқас бүйрегіне пальпация жасағанда науқас шалқасынан жатын екі тізесін бүгеді,тексеруші сол қолдың алақанын бел аймағына яғни 12 қабырғамен арқаның ұзын бұлшық етінің барынша саусақтарын тіреп,оң қолын науқастың ішіне қойып оң жақ қабырға асты бұлшық етін сыртқа ала қолды тереңірек батырады сол кезде екі қол бір бірімен жақындайды. Бұл жағдай науқас терең дем шығарғанда құрсақ бұлшық етінің босаңсуын пайдалана отырып орындалады.Мұны бимануальді пальпация деп атайды. Пальпация жасап бүйректің төсен түскенін , бүйрекке су жиналғанын немесе ірің толып үлкейгенін анықтауға болады.пальпация жасағанда ауру сезімі байқалса онда ол пиелонефрит немесе гломерунефрит деп болжам жасауға болады.

Перкуссия:Бүйрек ауруларында перкуссияны бел аймағын қолмен соққылау немесе қағу әдісімен жасалады.постернадцкий әдісінің орындалуы дәрігер немесе мейірбике науқастың бел аймағына қойған сол қолының сыртынан оң қолдың қырымен жеңіл ғана соғады.

Зәр бөлінудің Гематурия-зәрде қанның болуы,кірпіш түсті зәр-қышқылды тұздардың болуы,мөлдір емес зәр-бактериялар мен лейкоциттер болғанда,протеинурия ,цилиндрурия,лейкоцитурия,Химиялық зерттеу:Қалыпты жағдайда зәрде белок анықтамайды егер зәр бөлінсе оны протеинурия деп атаиды.және кант анықталмайды. Анықталса глюкозоурия деп атайды;эритроциттердің зәрде бөлінуін гематурия;Лейкоциттердің бөлінуін лейкоцитурия деп атайды.

22 Билет

1.Жүрек қантамырлар жүйесімен ауыратын науқастарды жалпы қарау,пальпация жасау. Қан айналым жүйесінің ауруымен ауратын науқастарда негізі шағымдар олар: Ентігу;Демігу;Жүректің жиі соғуы;Жүрек жұмысының бұзылуы;Жүрек тұсының ауру сенбептері;Ісіктер;Цианоз;Жүтелу,қан түкіру, Жалпы қарау: Науқастың отырған қалпына терісінің түсіне ,ісіктің бар жоғына,саусақ формасына назар аудару керек.Эксудатты плеврит кезінде науқас алға еңкейіп отырады.Тері түсі акроцианоз немесе диффузды цианозға айналады.Аорталық ақау кезінде тері жамылғалары бозарады.Сесистік эндокардит кезінде терінің түсі сүт қосылған кофе тәрізді болады.Науқас жүретін болса онда Ісік аяқ тұсында болады,ал төсекте жататын болса ісік сегізкөз және бел тұсында орналасады.ауру дамғанда ісіктер бүкіл денеге жайылуы мүмкін оны анасарка деп атайды.Ісік кезінде тері бозарады тегіс болады. Жүрек тұсын анықтап қарағанда: Жүрек тұсының томпаюын;жүрек қағысын;жүрек ұшының қағысын көруге болады.Жүрек ұшында ішке қарай тартылуы пайда болса оны “кері жүрек ұшының қағысы ” деп атайды.Аорта клапынының жетіспеушілігі кезінде ұйқы артерияларының пульпациясын көруге болады оны “каротиттер биі ” деп атайды.Пальпация: Жүрекке пальпация жасау жүрек ұшы қағысын жүрек қағысын “мысық дірілі” симптомын анықтауға болады.1.оң қолдың алақанын науқастың кеудесіне орналастырады.2.Қолдың негізін төс сүйегіне қаратып саусақ ұштарын қолтық астына қаратып 3-4 қабырға арасына орналастырады.3.саусақ ұштары жоғары және төмен қимылдап тұрған орынды анықтайды, ол жүрек ұшының қағысы болып есептеледі.4.пальпацияны тыныс шығару кезінде жүргізу керек.Жүрек ұшының негізгі қасиеттері:1.Жүрек ұшы қағысының ені : кеуде торындағы сілкіндіретін алаңды айтады,егер жүрек ұшының қағысы ның алып жатқан алаңы 2 см артық болса оны жайылған деп атаиды себебі жүрек өлшемінің үлкеюі. ал керісінше 2 см кем болса оны шектелген деп атаиды.себебі май шел қабатының қалыңдауы ,өкпе эмфиземасы.2.Жүрек ұшының биіктігі: жүрекң ұшы аимағындағы кеуде қуысының тербеліс амплитудасының көлемін атайды.физикалық күш түскенде тиреотоксикозда жүрек ұшы қығысының биіктігі үлкейеді.3. Жүрек ұшы қағысының күші:Пальпация жасайтын саусақтарғажүрек ұшының көрсететін қысымын атайды.Күшейген жүрек ұшының қағысы сорл жақ қарыншаның гипертониясында кездеседі.4.Жүрек ұшы қағысының серпімділігі:Сол жақ қарынша бұлшық еттерінің тығыздығы гипертонияға ұшырағанда көбейеді.осы жағдайда резистентті жүрек ұшының қағысы туралы айтуға болады.Систолалық және диастолалық дірілді анықтауға,Мысық дірілін анықтауда маңызы зор.диастолалық кезінде анықталған мысық дірілі ол митралды клапан стенозына тән, систолалық кезінде аорта сағасының тарылуына тән.

3. Бүйректі Постернадский әдісімен зерттеу.Перкуссия:Бүйрек ауруларында перкуссияны бел аймағын қолмен соққылау немесе қағу әдісімен жасалады.постернадцкий әдісінің орындалуы дәрігер немесе мейірбике науқастың бел аймағына қойған сол қолының сыртынан оң қолдың қырымен жеңіл ғана соғады.