Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пропедевтика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.76 Кб
Скачать

1 – Биле

1.Жүрек қантамырлар жүйесімен ауыратын науқастарды жалпы қарау,пальпация жасау. Қан айналым жүйесінің ауруымен ауратын науқастарда негізі шағымдар олар: Ентігу;Демігу;Жүректің жиі соғуы;Жүрек жұмысының бұзылуы;Жүрек тұсының ауру сенбептері;Ісіктер;Цианоз;Жүтелу,қан түкіру, Жалпы қарау: Науқастың отырған қалпына терісінің түсіне ,ісіктің бар жоғына,саусақ формасына назар аудару керек.Эксудатты плеврит кезінде науқас алға еңкейіп отырады.Тері түсі акроцианоз немесе диффузды цианозға айналады.Аорталық ақау кезінде тері жамылғалары бозарады.Сесистік эндокардит кезінде терінің түсі сүт қосылған кофе тәрізді болады.Науқас жүретін болса онда Ісік аяқ тұсында болады,ал төсекте жататын болса ісік сегізкөз және бел тұсында орналасады.ауру дамғанда ісіктер бүкіл денеге жайылуы мүмкін оны анасарка деп атайды.Ісік кезінде тері бозарады тегіс болады. Жүрек тұсын анықтап қарағанда: Жүрек тұсының томпаюын;жүрек қағысын;жүрек ұшының қағысын көруге болады.Жүрек ұшында ішке қарай тартылуы пайда болса оны “кері жүрек ұшының қағысы ” деп атайды.Аорта клапынының жетіспеушілігі кезінде ұйқы артерияларының пульпациясын көруге болады оны “каротиттер биі ” деп атайды.Пальпация: Жүрекке пальпация жасау жүрек ұшы қағысын жүрек қағысын “мысық дірілі” симптомын анықтауға болады.1.оң қолдың алақанын науқастың кеудесіне орналастырады.2.Қолдың негізін төс сүйегіне қаратып саусақ ұштарын қолтық астына қаратып 3-4 қабырға арасына орналастырады.3.саусақ ұштары жоғары және төмен қимылдап тұрған орынды анықтайды, ол жүрек ұшының қағысы болып есептеледі.4.пальпацияны тыныс шығару кезінде жүргізу керек.Жүрек ұшының негізгі қасиеттері:1.Жүрек ұшы қағысының ені : кеуде торындағы сілкіндіретін алаңды айтады,егер жүрек ұшының қағысы ның алып жатқан алаңы 2 см артық болса оны жайылған деп атаиды себебі жүрек өлшемінің үлкеюі. ал керісінше 2 см кем болса оны шектелген деп атаиды.себебі май шел қабатының қалыңдауы ,өкпе эмфиземасы.2.Жүрек ұшының биіктігі: жүрекң ұшы аимағындағы кеуде қуысының тербеліс амплитудасының көлемін атайды.физикалық күш түскенде тиреотоксикозда жүрек ұшы қығысының биіктігі үлкейеді.3. Жүрек ұшы қағысының күші:Пальпация жасайтын саусақтарғажүрек ұшының көрсететін қысымын атайды.Күшейген жүрек ұшының қағысы сорл жақ қарыншаның гипертониясында кездеседі.4.Жүрек ұшы қағысының серпімділігі:Сол жақ қарынша бұлшық еттерінің тығыздығы гипертонияға ұшырағанда көбейеді.осы жағдайда резистентті жүрек ұшының қағысы туралы айтуға болады.Систолалық және диастолалық дірілді анықтауға,Мысық дірілін анықтауда маңызы зор.диастолалық кезінде анықталған мысық дірілі ол митралды клапан стенозына тән, систолалық кезінде аорта сағасының тарылуына тән.

2.Земницкий әдісімен зәрді зерттеу техналогиясы.Земницки әдісі бір тәуліктегі әрбір үш сағат сайын бөлек ыдысқа жинайды.барлығы 8 . жиналған 4 болік күндізгі 4 бөлік түнгі.зәрдің күндізгі және түнгі бөліктерінің мөлшерін салыстыра отырып анықтайды. Қалыпты жағдайда зәрдің күндізгі мөлшері түнгіден көп болады.ал салыстырмалы тығыздығы 1,005 тен 1,028 ге дейін.бүйректің функциональдық кемшілігінде зәрдің түнгі мөлшері көп болады күндізгіден және зәрдің мтығыздығы төмендейді.

3.Өкпені тыңдау .аускультация жасау ережелері.Қалыпты және потологиялық жағдайдағы дыбыстар. Өкпеге ауск арнайы жоспар бойынша жүргізеді . Фанендаскопты бұғана үстіңгі және асатыңғы Аускультация кезінде : Калыпты кезде Визикулярлы дыбыс есітіледі ол “Ф” әрпін еске салады. Ал потологиялық жағдайда,Әлсізденген визикулярлы дыбыс,қатайған,бронхты, амфоралық,құрғақ сырылдар,дымқыл сырылдар,плевра үйкеліс шуылы есітіледі

2-Билет

1 Бауыр және өт жолдары ауруымен ауыратын науқастарды зертханалық инстурменттік зерттеу әдісі.Зертханалық зерттеу әдістері:Қан құрамындағы билирубиннің көбеюі;Зәр құрамындағы уробилиннің көбеюі;зәр құрамында билирубиннің пайда болуы;Зәрдегі өт пигменттеріне экспресс анализ жасау ; белок және оның фракцияларын анықтау; қан құрамындағы трансалипазаларды анықтау; ұлтабарды сүңгілеу; өтке бактериологиялық егу жасау. Аспаптық тексеру әдістері: бауырды пункциялау;Бауыр лапороскопиясы.Бауырды сканерлеу;гепотография; УЗИ; холицистография,холонгиография.

2. Жүрек қантамырлар жүйесімен ауыратын науқастардың шағымын тыңдау, жалпы қарау,пальпация аускультация жасау.Қан айналым жүйесінің ауруымен ауратын науқастарда негізі шағымдар олар: Ентігу;Демігу;Жүректің жиі соғуы;Жүрек жұмысының бұзылуы;Жүрек тұсының ауру сенбептері;Ісіктер;Цианоз;Жүтелу,қан түкіру,Аускультация: Жүрекке аускультация жасау негізінен жүректің 5 нүктесіне жасалады. Систолалық және диастолалық үн.жүректі дем алуын ұстатып тұрып жасайды.Жүрек үндерінің өзгеруі 1-2 үннің бірдей әлсіреуімен немесе күшеюімен сипатталады.екі үннуң әлсіреуі миокардтың жұмысы төмендегенде,ал күшеюі ауыр күш түскенде , уайымдағанда,тиреотоксикоз кезінде байқалады.

3 Билет

1 . Өкпеге аускультация жасау.Қалыпты және потологиялық жағдайдағы дыбыстар.Өкпеге ауск арнайы жоспар бойынша жүргізеді . Фанендаскопты бұғана үстіңгі және асатыңғы аймақтардан бастап ...Аускультация кезінде : Калыпты кезде Визикулярлы дыбыс есітіледі ол “Ф” әрпін еске салады. Ал потологиялық жағдайда,Әлсізденген визикулярлы дыбыс,қатайған,бронхты, амфоралық,құрғақ сырылдар,дымқыл сырылдар,плевра үйкеліс шуылы есітіледі

2. Бауыр және өт жолдары ауруымен ауыратын науқастарды шағымын зерттеу әдістері.

Жауабы: Шағымдары: 1.науқастарды майлы ,ащы тағамдар,ішімдікті көтере алмаушылық, ол асқазан толып тұрғандай сезіммен майлы кекуіру,жүрек айну және оң жақ қабырға асты аурулыры;іштің кебуі,іш өту,іш қату;тәбеттің төмендеуі; геморрагиялық шағымдар: мұрыннан қан кету;себепсіз денеде көк дақтардың пайда болуы;Ұйыған қан аралас түсті емес сұйық қоңыр қан құсу;

3. Қанның жалпы анализінің нәтижесі туралы .Қанның құрамы формалық элементтерден және плазмадан тұрады. Формалық элементтерге (эритроцит,лейкоцит,травмоцит) ал плазма(белок.ферменттер,гормондар,дәрумендер т б) Эритроциттер ер адамда 4,5-5,5х 10-12л,әйел адамда 3,5-4,5х10-12л тең.Гемоглобин ер адамда 130-160г\л,әйел адамда 120-140г\л. Лейкоциттер ер адамда 4-8*109л .тромбоциттер 180-320 х 10-9/л. Лимфоциттер 23-25%, лимфа саны көбеюін лимфоцитоз ал азаюын лимфопения д.а. Эозинофилдер қанның 2-4% құрайды,ол гистамин алмасуына тікелей қатысты. Базофилдер 0,5-1 % құрайды,қабыну аллергиялық реакцияларға қатысады.Ретикулоциттер жас эритроциттер 0,2-1 % құрайды. Моноциттер 4-8% құрайды,олар қорғау функциясына қарайды.

4 Билет

1.асқазаннан ішектен қан кету синдромы.Асқазан-ішектік профузды қан кету деп – гиповолемияға алып келетін кем дегенде бір литр немесе кез келген жедел қан кетуді айтамыз.Этиологиясы:Асқорыту жолдарынан профузды қан кетудің себебі жиі жоғарғы бөліктерінен:Асқазан және ұлтабардың ойық жарасы (оң және сол жақ асқазандық арт. мен aa. pancreaticoduodenales);Стресстік жаралар;Шырышты қабықтың жедел эррозиялары (эрозивті гастрит).;Мэллори-Вейс синдромы сирегірек;Өңештің және асқазанның веналарының варикозды кеңеюі (порталды гипертензия) немесе тек асқазанның(көкбауыр венасының тромбозы).;Асқазан обыры;Эзофагит және өңеш ойық жарасы;Өңеш обыры;Аортодуоденалды жыланкөз;Фатер емізігінің обыры;Өңеш жарақаттануы (бөгде зат);Туа біткен және жүре пайда болған қан ұюдың бұзылуы;Гемобилия (бауырдың біріншілік зақымдануы немесе панкреатиттің асқынуы);Асқазанның қатерсіз ісігі (гемангиома, лейомиома);Тұқымқуалайтын геморрагиялық телеангиэктазия (Ослер-Рандю синдромы);Эластикалық псевдоксантомаПрофузды қан кетудің айқын белгілеріне жатады:1. Қан құсу.2. Қан аралас нәжіс.Қан құсу (гематомезис) – құсық массаларымен өзгерген (қою көфе тәрізді) немесе өзгермеген қанның шығуы. Асқазаннан, өңештен, ұлтбардан қан кеткенде байқалады. Мелена – нәжіспен өзгерген қанның шығуы. Ұлтабардан және асқазаннан көлемі 500мл және одан көп профузды қан кеткенде байқалады.Жалпы белгілері:Жалпы әлсіздік;Бас айналу;Құлақта шу;Көз алдында қарауыту;Ентігу;Жүрек қағуҚан кетудің себебін диагностикалау.Ең алғаш қан кету ас қорыту жолдарының жоғарғы немесе төменгі бөлігінен болып жатқанын анықтау керек. Қан құсу (hemotemesis) жоғарғы бөліктен (трейц байламынан жоғары) қан кеткенін дәлелдейді. Құсу ал-қызыл қанмен, қою қоңырқай “кофе тәрізді” қан ұйындыларымен болуы мүмкін. Қызыл қан асқазаннан немесе өңеш веналарынан кеткен қанды дәлелдейді. Өкпеден қан кетуден ажырату керек. (ал-қызыл, көпіршікті, ұйымайды, жөтелгенде шығады.) Мелена жоғарғы жақтан қан кетуді дәлелдейді. Бірақ жіңішке ішек пен тоқ ішектен келесі шарттарда қан кеткенде де мелена болуы мүмкін: нәжісті қарайту үшін жеткілікті қан көлемі; өте қатты емес қан кету; ішек перистальтикасының ілсіздігі. Гематохезия қанның төменгі бөлімдерден кетіп жатқанын дәлелдейді.Бұғанаасты венаны катетеризациялауАсқазанды зондтау, 4 градусты салқын сумен шаю.Экстренді ФГДС: Форест бойынша ойық жарадан қанкетудің төрт сатысын ажыратады:;Активті қан кетіп жатқан жара.;Қан кетудің тоқтауының белгілері. Жара түбінде тромбыланған тамырларжарны жауып тұрған қан ұйындылары;.Қан кетудің көрінетін белгілері жоқ;.Рентгенологиялық зертеу аз информативті ангиография.;Қуықты катетеризациялау (диурез сағ 50-60мл болу керек).;Қан жоғалту дәрежесін анықтау

3 . Бауыр мен өт жолдары ауруларымен ауыратын науқастарды пальпация перкуссия әдісімен зерттеу.Жалпы қарау.сарғаю,геморрагиялық бөртпелер,бауырлық алақан,таңқурай тіл.оң жақ қабырға тұсының өзгеруі.медуза басы.Пальпация:науқасты шалқасынан жатқызып тізелерін аз ғана бүгіп қолдарын дене бойына орналастырады;науқыстың оң жағына отырамыз;саусақтарды құрсақ қуысына терең батыруға болмайды;науқастың ішімен терең дем алуын сұраймыө;оң қолды түгелімен қабырға доғасының астына, іш қуысына коямыз;сол қолдың алақаны мен 4 саусағын оң жақ бел тұсына орналастырып осы қолдың бармағымен қабырға доғасының алдынан және қырынан басамыз ;дем алу кезінде қолымызды құрсақ қуысына батырып,дем шығару кезінде оң қолмен бауырға пальпация жасаймыз;сау адамда бауырдың қыры бұғана ортаңғы сызығы мен қабырға доғасының деңгейінде пальпацияланады;баурыдың қыры үшкір,жұмсақ,сезімталдығы төмен болады. Пальпация кезінде ауырсынудан басқа бауырдың өткір қырын,тығыздығын,кейде ағаш тәрізді болуын;бауыр шекараларын төмен орналасқанын анықтауға болады.Перкуссия:Бауырдың өлшемін және локализациясын анықтауға болады.Нармады бауыр шекарасы:алдыңғы қолтық асты сызығымен 10 қабырғада;оң жақ бұғана ортаңғы сызығымен;оң жақ қабырға доғасының төменгі қырымен жанасады;оң жақ төс жағындағы сызық пен оң жақ қабырға доғасының төменгі қырынан 2 см төмен орналасыады;ортаңғы\ сызықта семсерше өсіндісінен 3-6 см төмен орналасады; сол жақ төс жанындағы сызықпен және сол жақ қабырға доғасының төменгі қырымен жанасады. Бауыр биіктінгі: жоғарғы және төмен шекараларының 2 сәйкес келетін нүктиесі н қосатын вертикальд сызық.ол оң жақ төс сүйййегінің жанындағы сызық бойыншы 8-10 см ; оң жақ бұғана ортаңғы сызық бойынша 9-11 см , оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша 10,5-12 см ге тең.