- •1. АЖді жоб-удың нег-і түсінік-рі. Жоб-удың технологиялары мен әдістері.
- •2. АЖдің өа. АЖдің өа үдерістері, стадиялары.
- •3. АЖдің өа модель-ң кл-сы. Сал-лы талдау жүргізу.
- •4. АЖді талдау мен жоб-удың негіздері. Жоб-удың негізгі қағидалары.
- •5. АЖді құрылымдық талдау мен жоб-удың мәні. Құрылымдық жоб-удың әдістемелері.
- •6. АЖді об талдау мен жоб-удың мәні. Об тәсілдеме қағидалары. Uml диаграммаларды қолдану.
- •7. АЖді құрылымдық ж/е объектіге бағытталған жоб-удың case-технологиялары.
- •8. АЖдің функционалды бөлігін жоб-у. Sadt (idef0) ж/е dfd әдістемелерінің міндеті мен құрамы.
- •10. Idef1x әдістемесін қолданып, аЖді логикалық ж/е физикалық жоб-у.
7. АЖді құрылымдық ж/е объектіге бағытталған жоб-удың case-технологиялары.
CASE-технологиялары Жүйеге талаптар қою ж/е жоб-у үдерістерін қысқарту үшін CASE жабдықтары қолданылады. XX ғасырдың 70 – 80 жылдары талдаудың құрылымдық технологиясы қолданыла бастады. Құрылымдық технология графикалық көрнекті техниканы қолдануға негізделген. Графиктік техника әртүрлі модельдерді сипаттауға арналған. Қазіргі кезде CASE кұрделі құрылымды сүйемелдеу үдерістерін қамти алады. CASE технологиялары келесілерден тұрады:
АЖді жоб-у әдістері;
Нотация( жүйе элементтерін бейнелеу тәсілі);
Инструменталды жабдықтар;
CASE жабдықтардың негізгі функциялары:
Жобаның орталықтандырылған деректер қорында сақталынады. Орталықтандырылған ДҚ репозиторий деп аталады. Ол әртүрлі типті объектілерді сақтай алады:Диаграмма,Деректерді сипаттау, Программаның алғашқы коды, Программалық жабдықтау мен ДҚ жоб-у. CASE жабдықтардың қолдану реті:
Жүйенің логикалық моделі құрылады
Нақты программалау тілі немесе физикалық үлгіні құру үшін деректер қорын басқару жүйесі таңдалынады
Физикалық модель әрі қарай өңделінеді
Программаның мәтінін немесе дискідегі деректер құрылымын автоматты түрде генерациялау орындалады.
Кері жоб-у (реинженеринг). Бұл жағдайда CASE жабдықтарды қолдану кері бағытта болады, яғни программа мәтінін немесе дискідегі деректер құрылымын логикалық моделге ауыстырамыз
Физикалық түрде іске асырумен жүйелер моделін синхранизациялау. Бұл жағдайда жүйенің физикалық моделіне қажетті өзгерістер енгізілуі мүмкін
Сапаны автоматты түрде қамтамасыз ету ж/е модельді қателерге тексеру
Құжаттарды автоматты түрде генерациялау.
CASE технологияларды қолданудың мақсаты: жүйені жоб-у мен талдау сатыларын максималды түрде автоматизациялау.
Заманауи CASE жабдықтар АЖді талдау мен жоб-у кезінде объектіге бағытталған технологияларды қолданады.
CASE жоб-удың бір – бірінен ерекшелігі жүйенің декомпозициясы (орындалатын жұмыстар), тәсілдерін талдау болып табылады. Жоб-удың заманауи әдістері:
Әдістеме |
Модель типтері |
SADT (Structured Analysis and Design Technique) |
Функционалды модель |
DFD (Data Flow Diagrams) |
Функционалды, ақп-ттық ж/е компонентті |
ERD (Entity-Relationship Diagrams) – мағына – мән диаграммасы |
Ақп-ттық |
STD (State Transition Diagrams) – күй диаграммасы |
Күйлік модель |
Flowcharts(блок - схема) |
Күйлік, ақп-ттық ж/е компонеттік |
8. АЖдің функционалды бөлігін жоб-у. Sadt (idef0) ж/е dfd әдістемелерінің міндеті мен құрамы.
IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling) әдістемесінде бизнес-үдеріс элементтер (жұмыстар) жиынтығы түрінде беріледі, олар өзара байланыста болады, сонымен қатар әр жұмыста қолданылатын ақп-ттық, еңбек ж/е өндірістік ресурстарды көрсете алады.
IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling) әдістемесінің нәтижесі – модель, ал модель – жүйе көрінісі. Модель диаграммалардан, мәтін фрагменттерінен (диаграмма атауы), түсініктемелерден (жоба аты, авторы мерзімі ж/е т.б) тұрады.
IDEF0-дің негізгі 4 элементі :
1. Функционалды блок (Activity Box) – қарастырылып отырған жүйенің (әр функционалды блоктың өзіндік ерекше нөмірі болуы керек) нақты функциясын бейнелейді.
2. Интерфейсті доға (Arrow) – функционалды блокпен өңделетін ж/е оған әсер ететін жүйе элементі.
3. Декомпозиция (Decomposition) – күрделі үдерістің құрамдас бөліктерге бөлінуі.
4. Глоссарий (Glossary) – анықтамалар, түйінді сөздер, түсіндірмелер жиынтығы. IDEF0-дің әр элементі үшін беріледі: диаграммалар, функционалды блоктар ж/е интерфейсті доғалар.
IDEF0 әдістемесі келесі концепцияларға негізделген:
1. Блоктық моделдеудің графикалық көрінісі.
2. Қысқалығы
3. Ақп-тты беру.
4. Әдістемесі.
Кез-келген IDEF0 диаграммасын құру кезінде мына талаптар қанағаттандырылуы тиіс:
- диаграмма мақсатының модель мақсатына сәйкес келуі;
- кейінгі доғалардың бастапқы (негізгі) диаграмма доғаларына сәйкес келуі;
- диаграмма мазмұнының базалық блок мазмұнына толық сай келуі.
DFD диаграммалары IDEF диаграммасына қосымша ретінде қолданылады. DFD диаграммалары құжат айналымдарын ж/е ақп-тты өңдеуді сипаттайды. Негізінен, DFD диаграммалары АЖ-лерді жоб-уға арналған. DFD диаграммалары ақп-т көздерінен, ішкі жүйелерден, үдерістерге ақп-т тасымалдайтын ақп-ттық ағын туындайды.
DFD моделі жүйенің функционалды объектісінен басқа ақп-т туралы мағлұматтан тұрады. DFD диаграммасының мазмұны:
1. ақп-тты өңдеу функциясы - жұмыс
2. ақп-тты өңдеуге қатысатын құжаттар, объектілер, қызметкерлер немесе бөлімдер.
3. сыртқы объектңлер мен интерфейстерді қамтамасыз ететін сыртқы сілтемелер.
4. құжаттарды сақтауға арналған кестелер.
Сұраныстарды орындау:
9. Ақп-ттық модельді жоб-у. Деректер қорын жоб-у сатылары. ER–диаграммалар.
ДБ жоб-у сатылары. Ақп-тты жүйені жоб-у үшін осы жүйеге талдау жүргізіп, оған жеке тұтынушылардың талабын анықтау керек. Деректерді жинау, ұйымдастыру мәндерін ж/е осы мәндерді қолданатын процестерді (пәндік аймақ) зерттеуден басталады. Мәндер «ұқсастық» бойынша (қандай да бір әрекеттерді орындау үшін олардың қолдану жиілігінде) ж/е олардың арасындағы ассоциативті байланыстардың саны бойынша топтастырылады (ұшақ – жолаушы, оқытушы – пән, студент – сессия ж/е т.б.). Үлкен ұқсастық ж/е үлкен жиілікті ассоциативті байланыстары бар мәндер ж/е (немесе) мәндер тобы пәндік ДБ біріктіріледі.
Тұтынушыларды сұрау нәтижесінде алынған ДБ құрамы туралы жеке көрсетілулерді, сондай-ақ болашақ қосымшаларда қажет болатын деректер жайлы өзіңнің түсініктеріңді біріктіре отырып жоб-ушы алдымен құрылатын деректер базасының формальді емес сипаттамасын құрады. Деректер базасын жоб-умен айналысатын барлық адамдарға түсінікті кәдімгі тіл, математикалық формулалар, кестелер, графиктер ж/е басқа құралдарды қолдану арқылы орындалған сипаттама деректердің инфологиялық моделі деп аталады. Мұндай адам-бағытталған үлгі деректерді сақтау ортасының физикалық параметрлерінен толық тәуелсіз. Қалған үлгілер компьютерлі-бағытталған болып табылады. Олардың көмегімен ДББЖ тұтынушылар мен бағдарламаларға сақталынған деректерге физикалық орналасуын ескермей аттары бойынша жетуге рұқсат береді. Қажетті деректер ДББЖ деректердің физикалық үлгісі бойынша сыртқы еске сақтау құрылғыларымен табылады.
Көрсетілген кіріс нақты ДББЖ жүзеге асырылса, онда модельдер осы ДББЖ деректер сипаттау тілінде суреттелу керек. ДБ жоб-ушысымен құрылған берілген суреттеме деректердің даталогиялық үлгісі деп аталады.
Үш деңгейлі архитектура (инфологиялық, даталогиялық ж/е физикалық деңгейлер) сақталынатын деректердің оларды қолданатын бағдарламалардан тәуелсіздікті қамтамасыз етеді.
Инфологиялық модельдер құру үшін ER-диаграмма тілін (ағылш. Entity-Relationship, яғни мән-байланыс) пайдалануға болады. Онда мәндер белгіленген тіктөртбұрыштармен, ассоциациялар – белгіленген ромбтармен немесе алтыбұрыштармен, атрибуттар – белгіленген сопақшалармен ж/е олардың арасындағы байланыс – үстінде байланыс дәрежесі (1 немесе К «көп» деген мағынаны беретін) көрсетілген бағытталған қабырғалармен белгіленеді ж/е қажетті түсініктеме беріледі.
1- сурет − ER-диаграмма тілінің бөлшектері
Сипаттамаларды баяндау үшін жаңа нфологиялық модельдеу тілі (ИМТ) қосымшасы пайдаланылады, жалпы түрі төмендегідей:
СИПАТТАМА (атрибут1,атрибут2, ..., атрибут n)
АССОЦИАЦИЯ [МӘН S1, МӘН S2, ...]
(атрибут1,атрибут2, ...атрибут n)
мұндағы S – байланыс дәрежесі, ал кілтке кіретін атрибуттар астын сызу арқылы сызылып көрсетілу керек.
