Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Anel_diplom 5.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
383.22 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Соңғы онжылдықта қазақ қоғамындағы жағдай толығымен өзгерді. Ол өзгерістер елдің демократиялық бағытымен, соған сәйкес қоғамның ақпараттануымен тікелей байланысты. Сөз еркіндігі мен БАҚ бостандығына басымдық берген қоғамда ақпараттың қажеттісін алу мен оны пайдаланудың өзіндік қиындықтары да бар. Әсіресе, ол жас жеткіншектер үшін үлкен қиындық тудырады. Бұл өз кезегінде бала тәрбиесіне, яғни оның қалыптасуына, дамуына кедергі жасайды. Сол себепті қазіргідей ақпараттың тасқыны мол кезеңде, оның зиянды ықпалынан қорғай отырып, баланың дамуына мейлінше тиімді тұстарын пайдалануға ұмтылу тәрбие беруші мекемелердің басты мақсаттарының бірі болуы шарт. Осы тұста зерттеуші ғалымдардың пікіріне назар аударар болсақ, қазіргі қалыптасып отырған ақпараттық қоғамға олар төмендегідей баға береді:

  • бұл ақпараттық және телеком­муникациялық технологияларды дамытуға негізделген қоғам; адамға және мемлекетке қажетті білімнің бәріне ақпаратты кедергісіз алу арқылы қол жеткізуге болатын және онымен жұмыс істей алатын шарты бар білім қоғамы;

  • бір жағынан әлем мәдениетін қабылдай отырып, екінші жағынан өз мәдениетінің дамуына жол ашатын қоғам.

Ал бұның өзі жаһандану кезінде бір жағынан ақпаратты кедергісіз алатын қоғамның орнауы заңдылық деп есептелсе, екінші жағынан жеткіншектерді ақпарат тасқынында кездесетін кейбір кері ықпалдарынан сақтандыру керектігі қазіргі уақытта педагогикалық тұрғыдағы көкейкесті проблема дегенге әкеледі.

Балаларды өзіне қажетті ақпараттарды алуға тәрбиелеу көптеген зерттеу жұмыс­тарында да жан-жақты қарастырылады, оларда, ақпарат құралдарымен дұрыс жұ­мыс істей алмаған балалар соның ықпа­лында кететіні дәлелденген. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін дұрыс пайдалана алмаған оқушы:

- ақпараттың белгілі бір бөлігін, әсіресе аудиовизуалды ақпаратты толыққанды қабылдай алмайды , себебі оны қабылдауға әзір емес;

- бірнеше мағынасы болуы мүмкін хабарламалардың мағынасын толық түсінбейді немесе біржақты түсінеді;

- бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты ұстанымы әлсіз болады, олардың ықпалынан қалай сақтануды және көп жағдайда ондай сақтанудың қажеттілігін сезіне білмейді.

Балаларды өзіне қажетті ақпараттарды алуға тәрбиелеу көптеген зерттеу жұмыс­тарында да жан-жақты қарастырылады, ақпарат құралдарымен дұрыс жұ­мыс істей алмаған балалар соның ықпа­лында кететіні дәлелденген.

Аталған мәселеге қатысты отандық бұқаралық ақпарат құралдарына да үлкен жауапкершілік жүктелетіні сөзсіз. Өйткені, балалардың сана-сезімін жаулап алған шетелдік арналардан өз еліміздің телеарналарының бағдарламаларына қайта оралуын жүзеге асыру оңайға соқпайды. Ол үшін ең алдымен, балаларға арналған бағдарламалардың мазмұнын тағы бір қарастырып, олардың қызығушылығын тудыратын дүниелерді жасауды ойластыру қажет. Елдің болашағы, ертеңі — балалар, сондықтан қазіргі қоғамға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру үшін оларға арналған бағдарламалардың сапасы мен санын арттырып және оның тұрақты жолға қойылуын қадағалау қажет. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларына арналған мультфильмдерді көптеп шығару және ол ана тілінде болуы маңызды болып табылады.

Бала бойында дүние туралы дұрыс көзқарасты, сенімді, мінез-құлық дағды­ларын, әдеттерді қалыптастыруда бұқара­лық ақпарат құралдарының рөлін ескеру шарт. Бұл жерде теледидарды ғана талқыламай, газет-журнал мақалалары, радио бағдарламаларының да рөліне тоқталу жөн. Ал бала тәрбиесіне жауапты ата-ана, мұғалімдер, БАҚ-тың әрбір мүмкіндігін пайдалана білгені жөн.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған соңғы он бес жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты. Мұның өзі жалпы ақпараттық кеңістікте көптеген тың ізденістер мен шығармашылық тәсілдердің алуан түрде қалыптасуына жол ашты. Бұған жарты ғасырдан астам үстемдік еткен Кеңестік цензураның алынып тасталуы, тәуелсіздікпен қатар қол жеткізілген шығармашылық еркіндік, нарық жағдайындағы баспасөз қызметіндегі жаңаша үрдіс, БАҚ түрлерінің көбеюіне байланысты ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің күшеюі бір себеп болса, бұқаралық сананың жаңа деңгейге көтерілуі, бұрынғы ұсынылған нәрсені оқып бас шұлғуға мәжбүр болған тізгіндеулі күйден өткен аудиторияның БАҚ-қа қойылатын талабының арта түсуі, жалпы оқырман, тыңдарман, көрерменнің қабылдаушы ретіндегі талғамының да өсуі екінші себеп болды.

Зерттеу нысаны. Қазіргі қазақ және шетел баспасөзіндегі, нашақор семантикасындағы тілдің қоғамға әсері мен әсер ету қызметтері.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеуіміздің мақсаты – қоғамдағы саяси-әлеуметтік ахуалға байланысты тіліміздің бүгінгі даму кезеңінде орын алған өзгерістердің қазіргі қазақ баспасөзіндегі көрінісін жан-жақты қарастыра отырып, қазіргі қазақ және шетел баспасөзіндегі, нашақор семантикасындағы тілдің қоғамға әсері мен әсер ету қызметтерін көрсету, сол арқылы әсер ету факторларына тоқтала, семантикалық тұрғыдан баға беру. Бұл үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • Бұқаралық ақпарат құралдары және оның қоғамға әсерін, ақпарат түрлерін баяндау;

  • Ақпарат түрлері және оның қоғаммен ара қатынасын анықтау;

  • Ақпарат пен сөз мағынасына тоқтала отырып, сөз мағынасы ғылымын зерттейтін салаға толық сипаттама беру;

  • Нашақор семантикасы және ондағы тілдің әсерін зерттеу жұмыстары арқылы баға беру.

Дипломдық жұмыстың теориялық әдіснамалық негіздері. Маркузе Г., Оразов М., Сыздық Р., Винокур Т.Г., Алефиренко Н.В., Журин А. А., Хасенов Ә., Исакова С.С., Әлімбек Г., Комиссаров В.Н., Қалиев Б., Жылқыбаева А., Стернин И.А. Жұмыста тілдік материалды жинақтау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау, эксперименттік сауалнама әдістері қолданылды.

Берілген зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Бұл жұмыста семантика тақырыбын толық қамтып қана қоймай, семантика жөнінде айтылған ойлар, еңбектер талқыланады. Сондықтан ЖОО пәндері арасындағы тіл біліміне кіріспе,стилистика, жалпы тіл біліміндегі мәдениет аралық коммуникация және аргуметация теориялары, әлеуметтік лингвистика, қолданбалы лингвистика, пәндерінде қолдануға болады. Мысалдар әр түрлі тілде, салыстырмалы түрде берілгендіктен, шетел тілін меңгеру бағытында оқитын студенттердің ғылыми жұмыстар, яғни баяндама, мақала, мәнжазба жазуы үшін бұл жұмыстың тигізер көмегі мол. Сол себепті бұл жұмыс нәтижелерін қажетіне қарай мәтін типтерін нақтылау мен лингвистикалық ақпараттанудың өзге де практикалық мәселелерін оқыту, жетілдіру барысында пайдаланумен қатар тілдің қызметі, сөздің, сәз мағынасының қатысым мен таным процесі кезіндегі алатын орнын, рөлін көрсететін ғылыми тұжырымдардың негізін нығайта түсуге септігін тигізеді. Бұл жұмысты жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде лексикология, терминология, ономастика мәселелері бойынша оқылатын арнаулы курстарда пайдалануға болады. Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында «Қазақ баспасөзі тарихының қазіргі кезеңі», «Қазіргі қазақ публицистикасы», «Мәтін лингвистикасы», «Прагмалингвистика», «Сөз мәдениеті», «Журналистік шеберлік» сияқты ғылыми курстар мен арнаулы семинарларда жүргізуге, сондай-ақ қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін құрастыру барысында пайдалануға болады.

Практикалық негізі: Өндірістік практика – мамандықтың қай ағынына қарай жүруге талпыныс білдіріп отырғанымызды көрсетеді. Соңғы жылы өткен өндірістік практиканы мен «Тұщыбек бастауыш мектебінде» өткіздім.

«Тұщыбек бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі 2005 жылы ашылды. Мектеп директоры болып ең алдымен, 2005 жылы Кадирбаев Наху тұрып, еңбек жолы 2011 жылға дейін созылды. Содан кейін 2011-2013 жылдар аралығында басшылықта Абенова Раушан Жетібайқызы болды. 2013 жылдан бастап оның жолы Сафиев Сейіт Ағзамұлымен жалғасты.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Дүйсенбекова Бердігүл Рзаханқызы, Бауыржанқызы Сандуғаш, Қопашева Қаламқас секілді жауапты да, тиянақты мамандар болған еді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жұбандықова Алтынай Сатайқызы, Борашева Мейрамгүл, Амантай Іңкар Амантайқызы болды. Мектеп психологтары: Дүйсенбаева Гүлден, Бекбосынова Жадыра болған еді. Әлеуметтік педагогтар: Кадирбаев Наху, Ещанов Ертіс.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Маңғыстау ауданы әкімдігінің «Маңғыстау ауданындағы білім беру мекемелерінің жанынан шағын орталықтар ашу туралы» 01 сәуір, 2010 жылғы №77 қаулысына сай 2010 жылдың 01 мамырында «Тұщыбек негізгі орта мектебі» жанынан шағын орталық ашылды. Шағын орталық Тұщыбек селосының медициналық бөлімі ғимаратына орналастырылды. Шағын орталықта 3-5 жас аралығында 20 бүлдіршін тәрбиеленіп, оларға екі тәрбиеші жетекшілік етті. 2011 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында бүлдіршіндер арасында өткен өнер байқауда шағын орталық тәрбиеленушісі Қуанышов Нұрболат «Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болды. 2011 жылдың желтоқсан айында Тұщыбек елді мекенінде балабақшаның ашылуына байланысты шағын орталық жабылды.

«Тұщыбек негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 2008-2011 жылдар аралығында «Аудандық балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының филиалы жұмыс жасады. Филиалда 21 бала оқыды. Оқушыларға Тұщыбек ауылынан шыққан жоғары санатты, өз ісінің майталмандары, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісінің иегерлері Роза Айдарбаева, Қадиша Балапашова апайлар сабақ берді.

Ғылыми жаңалығы: Заман талабына сай БАҚ талабы өсіп өркендеген сайын оның түрлі қырлары білінуде. БАҚ хабарлары барша елге тарайтын болғандықтан, сын немесе пікірге ілінбей тұрмайды. Бірақ, осының себебін, салдарын зерттеп, тұжырымдаған еңбек жоқ. Осы еңбекте еактуалды тақырыптардың бірі – нашақорлық семантикасы қарастырылып, ондағы жанама мағына берер немесе баламасы көп, әр адамға әр түрлі түсінік беруге жақын сөздер жеке сипатталып, мысалмен, диаграммамен түсіндірілді. Зерттеу жұмысына қатысты тұжырым: сөз семантикасының өзгеріне әсер ететін факторлар: аудармалар, көпмағыналы сөздер, кейбір әріптердің дұрыс терілмеуіне қатысты басқа мағынаға ие болатын сөздер қоғамда түсінбеушілік туғызады.

Зерттеу жұмысының бағасы: Тілге әсер етуші факторлар өте көп. БАҚ құралдарынынң әсері – солардың бірі ғана. ХХІ ғасыр ғылыми технмканың дамыған заманында, БАҚ құралдарынан бұрын интернет кең көлемде қолданылады. Шетел желілеріндегі әр түрлі мақалалар әсерінен мастар лексиконына түрлі түсініктер мен жаргон сөздер енуде. Ал БАҚ құралдарында жарияланатын жаңалықтар белгілі мамандар көмегімен аударылып, тексеріліп, өңделіп жарияланады. Сондықтан ондай хабарда тәртіп пен сөйлеу мәнеріне қайшы сөз бола қоймас. Бірақ, сөздің мағынаға сай қолданылуы мен дәл аударылуы да дұрыс болуы керек. Сонымен қатар мәліметтің жеткізілуі мен оқырман қабылдауы арасында өзгешелік болуы мүмкін. Аталған фактілердің тілге айтарлық әсер ететіні белгілі.

  1. Бұқаралық ақпатар құралдары коммуникация жүйесінде

Қазіргі кезде бүкіл адамзат электронды БАҚ-тың әсер ету объектісіне айналып отырғаны мәлім. БАҚ түрлерінің қай-қайсысында да қолданылатын әмбебап құрал ретінде медиа-мәтін әлеуметтік-реттеуші қызметін атқарады. Академик Р.Сыздық қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің даму барысында көркем әдебиет стилінің жетекші орын алатынын, яғни доминанты стиль екенін айта келіп былай дейді: “Сөз жоқ, бұл күнде тіл тәжірибесінде публицистиканың, көпшілік информация құралдары баспасөздің, радио мен телевидениенің де рөлі күшейе түскенің мойындау қажет” [1,81].

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысы туралы сөз қозғалғанда, алдымен оның міндеттері сараланып шығады. Бүгінгі БАҚ жүйесі жетіліп, қалыптасқан жағдайда оны төмендегідей тұжырымдауға болады:

  • Радио – ақпараттаратады, құлақтандырады;

  • Телевизия – оқиғаны, болмысты көрсетеді;

  • Газет-журнал – деректі, оқиғаны талдап, түсіндіреді.

Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қордаланған проблемаларды жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал болғандықтан журналистер қауымын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға негіз бар. Осы топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп атауға болады. Жалпы БАҚ-тың ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді баспасөз. БАҚ тілі нысанаға алынғанда лингвистика ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа мағыналық реңктер үстеледі. Сөйтіп, БАҚ арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге келіп вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиа-мәтін ұғымын құрайды.

Медиа-мәтін – әлеуметтік-сөзжұмсамдық құбылыс, жоғары деңгейдегі коммуникативтік бірлік, ол социум өмірінің барлық саласындағы ақпаратты қамтитын ауқымды дүние [2,175].

Медиа-мәтінді прагмалингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда оларды тілдік бірліктердің ғана емес, жалпы білім аясы мен коммуникативтік саланың қосындысы деп санаған жөн. Осымен байланысты соңғы жылдары БАҚ мәтіндерін когнитивті лингвистика шеңберінде қарастыруға айрықша мән берілуде. Онда тіл сырттан келіп түскен ақпаратты репрезентациялаушы және онда кодталған мәліметтерді ашу үшін қолданылатын когнитивті құрал ретінде танылады. Когнитивті лингвистика мамандары үшін БАҚ қалыптастыратын ақпараттық кеңістіктің тақырыптық жағынан ұйымдастырылуы аса маңызды. Өйткені, онда орасан зор ауқымды медиа ағынның өзіндік мәдени спецификалық ерекшеліктері көрініс табады. Сондай-ақ медиа-мәтіндердің идеологиялық бағыттылығының қандай тілдік тәсілдер арқылы берілетінін анықтаудың да мәні зор. Бұған қоса сондай вербалды құралдар арқылы жеткізілетін әлеуметтік маңызға ие ақпаратты экстралингвистика факторларымен, атап айтқанда адам факторымен, кең мағынасында алғанда қоғаммен, тілдік социуммен байланыста қарастыру бүгінгі антропоцентрлік бағытта дамып келе жатқан іргелі ғылым саласының талабынан туындап отыр.

Адресат факторын газет мәтініне қатысты алғанда негізінен оқырман термині пайдаланылады. Публицистикалық шығарманы қабылдағанда оқырман біріншіден, өзінің әлеуметтік тәжірибесіне сүйенеді; екіншіден, мәтіндегі ойды өзінің идеологиялық және этикалық көзқарасымен салыстырады; үшіншіден, өз халқының мәдени-тарихи дәстүрлерін ескереді [3,106].

Сонымен оқырман ақпарат қабылдай, сыншы, таратушы қызметін атқарады. Ал беріліп жатқан ақпараттар оқырманға, яғни ақпаратты таратушылар санасына, түсінігіне тікелей әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]