- •42 Жастағы ер адамда, созылмалы бүйрек шамасыздығы, ақ - 200/120 мм. С.Б.Б, креатинин - 0,970 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Тиімді емдеу шарасы:
- •25 Жастағы науқаста ісіну, жоғары протеинурия, гипопротеинемия, диспротеинемия, гиперлипидемия анықталды. Осы белгілермен сипатталатын синдромды табыңыз:
- •25 Жастағы идиопатиялық оң жақтық плевритпен ауыратын науқаста экссудатта клетка құрамын анықтағанда басым лимфоциттер анықталды. Қандай тәсіл тиімді:
- •35 Жастағы науқастың оң жағындағы қабырғааралықта амфоралық тыныс естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
- •42 Жастағы ер адам артық дене салмағына, ақ жоғарылауына, шөлге, полиурияға шағымданады. Объективті: бойы - 174 см, салмағы - 100 кг. Ашқарынға гликемия 9,9-10,7 ммоль/л. Емдеу тактикасы?
- •65 Жастағы ер адамда денесінің ісінуі, артериалді гипертензия мен байқалатын диабеттік нефропатия байқалған. Диабеттік нефропатиядағы лабораторлы өзгерістерді көрсетіңіз:
- •20 Жастағы ер адамда буындардың ауырсынуы, уретрит, коньюнктивит. Мүмкін болатын диагноз:
- •40 Жастағы науқас ер адам қолдарының ұсақ буындарының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. Этж – 30 мм/с, зәр қышқылы 0,56 ммоль/л. Қандай патология жайлы ойлау керек?
- •64 Жастағы науқасқа остеоартроз диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық зерттеу әдісі қажет?
- •27 Жасар науқас туберкулездің активті түрімен ауырады, туберкулезге қарсы препараттармен емдеуді бастады. Бір айдан кейін артралгия, есту қабілетінің төмендеуі, көру қабілетінің төмендеу себебі:
25 Жастағы науқаста ісіну, жоғары протеинурия, гипопротеинемия, диспротеинемия, гиперлипидемия анықталды. Осы белгілермен сипатталатын синдромды табыңыз:
/
дизуриялық синдром
/
+нефротикалық синдром
/
гипертензиялық синдром
/
нефриттік синдром
/
инфекциялық синдром
!
23 жастағы науқас бел аймағының, басының интенсивті ауыруына, беттің, балтырларының ісінуіне шағымданып келді. Анамнезінде: созылмалы тонзилиттің жиі өршулері, соңғы өршуі 2 апта бұрын болған. Объективті: тері жамылғысы қуқыл тартқан, беті ісіңкі. АҚ 160/100 мм сын. бағ. Несеп анализінде: түсі бұлыңғыр, эр. 15-20 к/а, белок 3 г/л. Болжам диагноз:
/
+жедел гломерулонефрит
/
жедел пиелонефрит
/
созылмалы гломерулонефрит
/
бүйрек амилоидозы
/
бүйректің шамасыздығы
!
Бүйрек амилоидозының нақты диагностикалық зерттеу әдiсi:
/
бүйректiң УДЗ-уi
/
+бүйрек биопсиясы
/
экскреторлы урография
/
компьютерлiк томография
/
жалпы несеп анализі
!
Гиперлактоцидемиялық комада қандай көріністер болмайды:
/
цианоз
/
тері құрғақтылығы
/
Куссмаул тынысы
/
+ауыздың ацетон иісі
/
сіңір рефлексінің төмендеуі
!
38 жастағы ер адам бөлімшеге аяқтарының, құрсақ қабырғасының, бетінің массивті ісіктерімен түсті. Зерттегенде: АҚ - 160/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1005, белок – 5,6 г/л, лейкоциттер - 6-7 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында. Нефротикалыққ синдромның себебін анықтаудағы ақпаратты зерттеу әдісі:
/
хромоцистография
/
+бүйрек биопсиясы
/
экскреторлы урография
/
бүйректердің компьютерлі томографиясы
/
бүйректерді ультрадыбыстық зерттеу
!
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің диагностикасында маңызды:
/
қанда мочевинаның жоғарылауы
/
+қанда креатининнің жоғарылауы
/
қанда индиканның жоғарылауы
/
зәрде мочевинаның жоғарылауы
/
қанда зәр қышқылының жоғарылауы
!
Жігіт 18 жаста, анамнезінде - бір аптадан бері ауырады. Ангинадан кейін ісіктер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1020, белок - 8,4 г/л, лейкоциттер - 4-6 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында. Болжам диагноз:
/
бүйрек амилоидозы
/
бүйрек туберкулезі
/
нефротикалық криз
/
созылмалы пиелонефрит
/
+жедел гломерулонефрит
!
Стационарда өкпе туберкулезі диагнозымен ем алған 45 жастағы ер адамның аутопсиясында бүйректерінің ұлғайғаны анықталды. Бүйректердің макроскопиялық көрінісі «үлкен ақ бүйрек» деп сипатталды. Дамыған асқынуды атаңыз:
/
+бүйрек амилоидозы
/
бүйрек туберкулезі
/
нефротикалық криз
/
созылмалы пиелонефрит
/
созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
!
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ерте белгісі:
/
+Никтурия
/
поллакиурия
/
анурия
/
олигоурия
/
дизурия
!
Жедел бүйрек жетіспеушілігінің ерте олигуриялық сатысында тиімді тағайындау:
/
жаңамұздатылған плазма
/
антибиотиктер
/
+Диуретиктер
/
Тұздық ерітінділер
/
Плазма алмастырушылар
!
35 жастағы әйел, ревматоидты артритпен ауырады. 2 апта бұрын әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, бел аймағында ауру сезімі пайда болған. Басында беттің ісінуі, кейін денесінде ісіну байқалған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы-1030, белок-4,5 г/л, эрит-1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер-10-12 к/а. Болжам диагноз:
/
созылмалы пиелонефриттің өршуі
/
зәр тас ауруы
/
созылмалы гломерулонефриттің өршуі
/
жедел гломерулонефрит
/
+бүйрек амилоидозы
!
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен науқастың диетасында ең алдымен шектеледі:
/
Ас тұзы
/
+Белок
/
сұйық
/
майлар
/
көмірсулар
!
35 жасар әйел бел тұсы аймағының ауырсынуына, жиі несеп бөлінуіне шағым айтады. 4 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауырғандық, қызба, дизурия, мазалаған. Объективті: Дене температурасы – 37,30С. Қағу симптомы екі жағынан да оң мәнді. Қанда: ЭТЖ – 25 мм/сағ, лейкоциттер - 7,0х109/л. Зәр анализі: мен. салм. – 1010, белок – 0,24 г/л, лейкоциттер – 50-70 к.а., эритроциттер – өзгермеген және өзгерген 3-5 к.а. Созылмалы пиелонефриттің өршуін дәлелдейтін зерттеу әдісі:
/
Реберг сынамасы
/
Зимницкий сынамасы
/
жалпы зәр анализі
/
+Нечипоренко сынамасы
/
тәуліктік протеинурияны анықтау
!
35 жасар науқас бел аймағының ауруына, дене температурасының 38,50С дейін көтерілуіне, жиі несеп бөлінуіне шағым айтады. Объективті: екі жақта да қағу симптомының оң мәнді болуы анықталады. Қанда: ЭТЖ – 40 мм/сағ. Зәрде: лейкоциттер – 20-25 к.а., эритроциттер – 1-2 к.а., белок – 1 г/л, бактериялар +++. Этиологиясы белгісіз созылмалы пиелонефриттің емдеу жоспарына мына препаратты қосқан тиімді:
/
линкозамин
/
+Пенициллин
/
тетрациклин
/
аминогликозид
/
Нитрофуран қосылыстары
!
Муковисцидозбен ауыратын науқастың қақырық себіндісінде Pseudomonas aeruginosa анықталса, қандай антибактериальды препаратты тағайындаған тиімді:
/
амипциллинді
/
линкомицинді
/
+Тобрамицинді
/
экстенциллинді
/
метронидазолды
!
Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің қоздырғышы:
/
+Кандидалар
/
эхинококк
/
аспергиллалар
/
микоплазмалар
/
ішек таяқшалары
!
Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат желесі тәрізді, күйген ет иісті, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «біртіндеп бал арасының ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш анықталады:
/
хламидия
/
+Клебсиелла
/
микоплазма
/
вирус гриппы
/
ішек таяқшалары
!
Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы – төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, тез оң динамика қандай ауруға тән :
/
саркоидозға
/
пневмокониозға
/
+ошақты пневмонияға
/
милиарлы туберкулезге
/
инфильтративті туберкулезге
!
38 жастағы науқасты 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке. Сіздің болжам жиагнозыңыз:
/
өкпе рагі
/
жедел бронхит
/
+ ошақты пневмония
/
крупозды пневмония
!
Өкпенің ошақты туберкулезі 72. Профилактикалық тексеруде науқас 5-6 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Болжам диагноз:
/
жедел бронхит
/
бронхоэктазды ауру
/
созылмалы іріңді бронхит
/
+ созылмалы катаральды бронхит
/
созылмалы обструктивті бронхит
!
Созылмалы обструктивті емес бронхиттің өршуіне тән:
/
субфебрильді температура
/
айқын емес интоксикация
/
+шырышты-іріңді қақырықты жөтел
/
қатаң тыныс және құрғақ шашыранды төмен үнді сырылдар
/
дем шығарғанда айқын естілетін ұзақ әртүрлі үнді құрғақ сырылдар
!
35 жастағы А. атты науқас 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы гормонға тәуелді, беротекпен басылады. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде тыныштықта ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар. Төменде келтірілген тәсілдерінің қайсысы тиімді?
/
теофиллин per os
/
эуфиллин 2,4% 10 мл к/т
/
вентолин небулайзер арқылы
/
+ преднизолон 30-60 мг к/т
/
беротекпен ингаляцияны жалғастыру
!
25 жасар спортпен белсенді шұғылданатын ер адам жаттығудың соңында пайда болып, тыныштық жағдайында жоғалатын ұстама түріндегі жөтел мен ентігу шағымдарымен қаралды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі тиімді?
/
бронхоскопия
/
пневмотахометрия
/
сальбутамол
/
+ физикалық күштемемен сынама
/
провокациялық ингаляциялық сынама
!
Аталық без аденомасы бар бронх демікпесімен ауыратын науқаста тұншығу ұстамасын басу мақсатында көрсетілетін тиімді ем:
/
+ Атровент
/
эуфиллин
/
астмопент
/
теофиллин
/
сальбутамол
!
60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталатын белгісі:
/
қарыншаішілік бөгемелер
/
сол жақ қарынша гипертрофиясы
/
сол жақ жүрекше гипертрофиясы
/
+ оң жақ қарынша гипертрофиясы
/
Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі
!
Тромбофилиямен ауыратын науқаста тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үннің акценті. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын бірінші кезекте қосқан жөн:
/
Антибиотиктерді
/
бета-блокаторларды
/
+ Антикоагулянттарды
/
кортикостероидтард
/
АПФ ингибиторларын
!
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы және өкпетекті жүрекпен ауыратын, жағдайы тұрақты науқастың өмірлік болжамының жақсаруы келесі шараларда болуы мүмкін:
/
+тұрақты оттегілік терапия
/
бета-блокаторларды ұзақ қолдану
/
варфарин курсын жылына 2-3 рет тағайындау
/
кезеңдік трахеобронхиальды санация
/
ұзақ әсерлі нитраттарды қолдану
!
Бронхогендік ракта төмендегі паранеопластикалық белгінің қайсысы тән емес:
/
Мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы
/
Иценго-Кушинг синдромы
/
гипертрофиялық остеоартропатия
/
+Дисфония
/
қызба
!
Төмендегі жағдайдың біреуінде плевралық сұйықтық жиналмайды:
/
+жіңішке ішектің дивертикулезі
/
портальды гипертензиясы бар бауыр циррозы
/
аналық бездің ісігі
/
деструкциялық панкреатит
/
диафрагмаастылық абсцесс
!
Геморрагиялық плеврит біреуінде кездеспейді:
/
туберкулез
/
ісік
/
+жүрек шамасыздығы
/
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
/
бөліктік пневмония
!
Плевра қуысында эозинофильдік сұйықтықтың жиналуы біреуінде кездеспейді:
/
туберкулез
/
+Травма
/
Леффлер синдромы
/
Ішек құрттарының инвазиясы
/
Вегенер гранулематозы
!
Ауруханадан тыс пневмонияның патогенін анықтағанға дейін тиімді антибактериялық терапияны тағайындаңыз:
/
гентамицин
/
тетрациклин
/
+ Кларитромицин
/
бисептол
/
кефзол
!
Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмонияның қоздырғышы:
/
микоплазма
/
клебсиелла
/
аденовирус
/
пневмококк
/
+ Стафилококк
!
