Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
500_kaz_ishki_aurular.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.44 Кб
Скачать

!

Жедел панкреатиттің дамуындағы басты себеп:

/

+аутоферменттік агрессия

/

микробты флора

/

микроциркуляторлық бұзылыстар

/

веноздық іркіліс

/

құрттармен зақымдану

!

Ер адам, 45 жаста, ойық жара ауруымен ауырады, қабылдау бөліміне арқаға иррадиация беретін, тамақтанумен байланыссыз, антацидтер және спазмолитиктер қабылдағанда басылмайтын, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, лоқсу, құсу, іш өту, дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы шағымдарымен қаралды. Рентгенологиялық зертеуде терең «ниша», ойық жаралы аймақтың аз қозғалысы анықталды; ФГДС-да терең ойық жара анықталады, кратер жиектері биік, вал тәрізді. Дамыған асқыну:

/

ойық жара перфорациясы

/

перидуоденит

/

ойық жараның кіші шажырқайға (сальник) пенетрациясы

/

+ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы

/

ойық жарадан қан кету

!

Созылмалы гепатитті анықтаудағы ең мәліметті тексеру әдісі:

/

+пункциялық биопсия

/

Индикаторлықферменттер белсенділігінің өзгеруі

/

гепатодепрессия индикаторлары белсенділігінің өзгеруі

/

Бауырды ультрадыбыстызерттеу

/

компьютерлік томография

!

Семіздікпен ауыратын 50 жастағы әйелде, оң бұғана үстіне берілетін кенеттен оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болды. Әйел мазасыз, төсекте тынышсыз. Қарағанда: терісінің түсі қалыпты, сипағанда өт қабы нүктесінде ауырсыну, Ортнер симптомы оң, дене қызуы қалыпты, қан анализі қалыпты. Қандай зерттеу әдісін бірінші кезекте жүргізу қажет?

/

ирригоскопия

/

холецистография

/

эзофагогастродуоденоскопия

/

+құрсақ қуысының ультрадыбысты зерттеу

/

көзделген бипсиямен лапароскопия

!

18 жастағы қыз бала, антацид қабылдағаннан кейін басылатын аш қарындағы және түнгі кезеңдегі эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, эпигастрий аймағын пальпациялағанда ауырсыну сезімі байқалады. Рентген: асқазаннан контрасты заттың жылдам өтуі. Эндоскопия жасағанда патология анықталмады. Helicobacter pylori анықталған жоқ. Жарасыз диспепсия варианттарының түрі:

/

моторлық түрі

/

дискинетикалық түрі

/

+жара тәрізді түрі

/

бейспецификалық түрі

/

рефлюкс тәрізді түрі

!

Диарея, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, ісінулер мен гиповитаминоз белгілері көрінісімен болатын кешен жіңішке ішекте қоректік заттар сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде дамиды. Жоғарыда көрсетілген белгілерге тән синдром:

/

темірмен жүктеме (перегрузка) синдромы

/

ішектің тітіркену синдромы

/

+мальабсорбция синдромы

/

Демпинг-синдром

/

мальдигестия синдромы

!

68 жастағы ер адам, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Созылмалы алкоголизммен ауырады. Объективті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ, жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л. Болжам диагноз:

/

бауырдың циррозы, компенсация сатысы

/

бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

/

бауырдың екіншілік билиарлы циррозы

/

созылмалы гепатит, минимальды белсенділік дәрежесі

/

+бауыр циррозы, декомпенсация, портальді гипертензия

!

Әйел адам, 35 жаста, оң жақ қабырға астында үнемі сыздап ауырсыну, кекіру, лоқсу, кейде құсу, тәбеттің төмендеуі, іш қатуға шағымданады. Қарағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну, Мерфи, Керр, Ортнер симптомдары оң. Жалпы қан анализінде қабынулық өзгерістер жоқ. Дуоденалды сүңгілеуде (зондирование) В фазасының ұзаруы мен өт қабы өтінің көлемінің ұлғаюы анықталды. Өт қабын УДЗ конкременттер жоқ. Болжам диагноз:

/

ойық жаралы ауру

/

созылмалы колит

/

созылмалы гепатит

/

созылмалы холецистит

/

+өт шығару жолдарының дискинезиясы

!

Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Патологияны дәлелдеуге мүмкіндік беретін диагностикалық әдіс:

/

+вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау

/

қанның биохимиялық анализі

/

бауыр биопсиясы

/

бауырды ульта дыбысты зерттеу

/

радионуклидті сканирлеу

!

82 жастағы науқас ер адам эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсыну, тамақтан соң эпигастрий аймағының толып кету сезімі, шіріген иіспен кекіру, метеоризм, іш қату, іш өтуімен кезектесуі мазалайды. Қарап тексергенде науқастың тері жабыны бозарған, ауыз бұрыштары «кесілген (заеды)», терісі құрғақ, тырнақтары сынғыш. Болжам диагноз:

/

асқазан қатерлі ісігі

/

он екі елі ішектің жара ауруы

/

созылмалы тассыз холецистит

/

асқазан жара ауруының өршу кезеңі

/

+созылмалы аутоиммунды гастрит

!

Тамақтанумен басылмайтын іштің жоғары бөлігінің белбеу тәрізді қатты ауырсынуы, Шоффар, Губергриц аймақтарындағы ауырсыну тән:

/

асқазанның жара ауруының өршуіне

/

+созылмалы панкреатиттің ауырсыну түріне

/

созылмалы пиелонефритке

/

бүйректік коликаға

/

созылмалы тассыз холециститтің өршуіне

!

32 жастағы науқас ер адам, тамақ ішкеннен немесе алкоголь қабылдағаннан жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы басып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең сипағанда эпигастрий аймағында жайылмалы ауырсыну. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-саран қан құйылулар бар. Ақпаратты зерттеу әдісі:

/

+Helicobacter pylori қоздырғышын анықтау

/

24-сағаттық рН-метрия

/

эндоскопиялық рН-метрия

/

электрогастрографиялық әдіс

/

гастросынама әдісімен асқазанның сөлін зерттеу

!

49 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, өт аралас құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына 18 жыл болған. Объективті: тәбеті жоғары, склерасы субиктериялы, оң жақ қабырға астында ауысыну, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейкоциттер - 12 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Өтті зерттеу – барлық үш порцияда - шырыш, лейкоциттер, IV порцияда - лямблиялар. Тиімді тағайындау:

/

цефазолинді

/

гентамицинді

/

левомицетинді

/

эритромицинді

/

+Метронидазолды

!

34 жастағы науқас, тағам қабылдағаннан соң бір сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып тұратындай ауырсыну сезіміне, қышқылды кекіруге, ашушаңдыққа шағымданып ауруханаға түсті. 2-3 жылдан бері ауырады. Екі жыл бұрын рентгенологиялық тексеруде табылған полип бойынша операция жасау ұсынылған. Об-ті: эпигастрий аймағын пальпациялағанда ауыратыны анықталады. Қан анализінде: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлардың ұлтабар қақпасынан өткені анықталды. Қажетті тағайындау:

/

метилурацил

/

ацидин – пепсин

/

антацидтер

/

+Антибиотиктер

/

висмут дәрілері

!

48 жастағы ер адам оң қолға берілетін оң қабырға астындағы ауырсыну сезіміне, өт қоспасымен құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына 18 жыл. Об-ті: тамақтануы жоғары, көзінің ақ қабығы сарғыш, оң қабырға астында ауыру сезімі, бауыры ұлғаймаған, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейк-12 мың, ЭТЖ-33 мм/сағ. Өтті барлық үш порцияда зерттеуде-кілегей, лейкоциттер, IV порцияда-лямблиялар. Ем тағайындаңыз:

/

аллохол

/

лиебил

/

атропин тері астына

/

фуразолидон

/

+Эритромицин

!

45 жастағы науқас өңештен варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Соңғы екі ай ішінде оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, екі апта бұрын сарғаю дамыған. Алкогольмен көп әуестенеді. Об-ті: Жүдеу. Терісі мен көздің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар байқалады. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көк бауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-34 мм/сағ. жалпы билирубин тікелей фракциясы есебінен - 74 мкмоль/л. Науқасқа жүргізілетін ақпаратты зерттеу әдісі:

/

+бауырдың пункционды биопсиясы

/

трансаминазалардың белсенділігі

/

иммунологиялық статустың өзгерісі

/

тұнбалы сынамалардың өзгерісі

/

белок, белоктық фракциялар

!

Бауырдың біріншілік билиарлы циррозының ерте белгісіне жатады:

/

спленомегалия

/

диспепсиялық өзгерістер

/

+терінің қышуы

/

оңқабырға астындағы ауыру сезімі

/

геморрагиялық синдром

!

25 жастағы науқас әйел, тәулігіне 5 ретке дейін жиі ботқа тәрізді нәжіс, дефекациядан кейін басылатын іш кебуі мен іштегі ауырсынуға, ішкі дірілдеу мен толық емес тыныс алу сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер жоқ. Болжам диагноз:

/

тиреотоксикоз

/

созылмалы гастрит

/

гранулематозды колит

/

бейспецификалық жаралы колит

/

+ішектің тітіркену синдромы

!

Науқас 15 жыл бойы созылмалы панкреатитпен сырқаттанады. Ұйқы безінің кальцинозын анықтайтын қарапайым әдіс:

/

+құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

/

лапаротомия

/

лапароскопия

/

ирригоскопия

/

холангиография

!

56 жастағы науқас қыжылдауға, тамақтан кейінгі және еңкею кезіндегі төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауырсыну сезіміне байланысты кардиологқа қаралған. Нитраттар қабылдаған, бірақ жағдайы жақармаған. Болжам диагноз:

/

+гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

/

тыныштықтағы стеноокардия

/

үдемелі стенокардия

/

кардий ахалахиясы

/

өңеш дискинезиясы

!

«Алынған» өт қалтасы бар науқастарда көрсетілген нақты зерттеу:

/

ирригоскопия

/

холецистография

/

сцинтиграфия

/

+ішкі веналық холеграфия

/

дуоденальді зондирлеу

!

74 жастағы ер адам, қуырылған, майлы тамақ жегеннен кейін пайда болатын және оң жақ жауырын астына берілетін тұрақты емес, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, басының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсындағы ауырсыну. Ортнер, Френикус, Мюсси симптомдары – оң. Дене қызуы 370 С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Болжам диагноз:

/

жедел аппендецит

/

созылмалы дуоденит, өршу сатысы

/

өт қабы дискенезиясы, гипотониялық түрі

/

+созылмалы тассыз холецистит, өршу сатысы

/

созылмалы токсикалық гепатит, өршу сатысы

!

45 жастағы әйел адам тері мен склерасының сарғыш түске интенсивті боялуына, күшті тері қышуына, сүйектердегі ауру сезіміне, күндізгі ұйқышылдыққа шағымданады.Тексергенде қабақтарда, шынтақта және алақанда ксантомалар, тамырлық жұлдызшалар, бауыр мен көкбауыр ұлғаюы анықталды. Анализінде Алт мен АСТ-ның әлсіз жоғарлауы, сілтілі фофатаза мен ГГТП айтарлықтай жоғарлауы. Болжам диагноз:

/

aутоиммунды гепатит

/

вирусты гепатит

/

+біріншілікті билиарлы цирроз

/

бауырдың майлы дистрофиясы

/

гемохроматоз

!

45 жастағынауқасмезогастральдіжәнекіндікмаңындағыұстаматәрізді ауру сезіміне, дефикацияданкейіназаятын, метеоризмге, ішқатуғашағымданады. Обьективті: жалпы жағдайы қанағттанарлық, іші жұмсақ, мезогастрий аймағында ауру сезімі, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Анализдерде өзгерістер анықталмады. Науқас сұрауы бойынша колоноскопия өткізіліп, өзгерістер анықталмады. Болжам диагноз:

/

бейспецификалық жаралы колит

/

тоқ ішек дивертикулі

/

+тітіркенгенішек синдромы

/

шырышты қабықшаның терең тар жаралары

/

нейтрофильді инфильтрация

!

45 жастағы науқас ер адам тамақ ішумен байланыссыз эпигастрий аймағындағы тұйық, сыздап ауырсынуға, жүрек айнуға шағымданып түсті. Об-ті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздаған ауыру сезімі. Қан, зәр, нәжіс анализдері - патологиясыз. ЭФГДС – денесінің төменгі үштен бірінде және асқазанның антральді бөлігінде үлкен қисықта – көптеген дөңгелек формада мөлшері 0,5-1,0 см полиптер. Диагнозды анықтауға қажетті зерттеу:

/

тәуліктік РН-метрия

/

асқазан сөлін фракциялы зерттеу

/

+биопсия материалын цитологиялық зерттеу

/

асқазан сөліндегі сүт қышқылының құрамын зерттеу

/

Асқазан рентгеноскопиясы

!

32 жастағы ер адам, алкоголь немесе ащы тағамнан 30 минуттан соң пайда болатын асқазан асты аймағындағы басып тұратындай ауыру сезімі және сода қабылдағаннан кейін басылатын азапты күйдіру сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. Ауырғанына 3 жыл болған, емделмеген. Об-ті: тілі ақ тұтықпен жабылған, терең сипағанда эпигастрийде жайылмалы ауыру сезімі. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты қызарған, ісінген, антральды бөлігінде – бірлі-жарым қан құйылулар. Диагнозды анықтау үшін жүргізілетін тексеру:

/

24-сағаттық рН-метрия

/

гастросынама әдісімен асқазан секрециясын тексеру

/

копрология

/

+Helicobakter pilori-ге тексеру

/

нәжісті жасырын қанға тексеру

!

66 жастағы науқас, майлы тағамнан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы жүрек аймағына берілетін ауыру сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Об-ті: дене температурасы – 36,4ºС. Іші жұмсақ, сипағанда өт қапшығының тұсында ауыру сезіледі, Ортнер симптомы оң мәнді. Қанда – лейк. - 7,8 мың, ЭТЖ - 18 мм/сағ. Зәрді зерттеу: барлық үлестерінде шырыш пен лейкоциттер. Болжам диагноз:

/

жедел аппендицит

/

созылмалы дуодениттің өршуі

/

+созылмалы холециститтің өршуі, кардиальды синдромды

/

күштемелік стенокардия

/

миокард инфарктысы, гастралгиялық түрі

!

38 жастағы ер адам бөлімшеге аяқтарының, құрсақ қабырғасының, бетінің массивті ісіктерімен түсті. Зерттегенде: АҚ - 160/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1005, белок – 5,6 г/л, лейкоциттер - 6-7 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында. Нефротикалық синдромның себебін анықтаудағы ақпаратты зерттеу әдісі:

/

хромоцистография

/

+бүйрек биопсиясы

/

экскреторлы урография

/

бүйректердің компьютерлі томографиясы

/

бүйректерді ультра дыбыстық зерттеу

!

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің диагностикасында маңызды:

/

қанда мочевинаның жоғарылауы

/

+қанда креатининнің жоғарылауы

/

қанда индиканның жоғарылауы

/

зәрде мочевинаның жоғарылауы

/

қанда зәр қышқылының жоғарылауы

!

Жігіт 18 жаста, анамнезінде - бір аптадан бері ауырады. Ангинадан кейін ісіктер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1020, белок - 8,4 г/л, лейкоциттер - 4-6 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында. Болжам диагноз:

/

бүйрек амилоидозы

/

бүйрек туберкулезі

/

нефротикалық криз

/

созылмалы пиелонефрит

/

+жедел гломерулонефрит

!

Стационарда өкпе туберкулезі диагнозымен ем алған 45 жастағы ер адамның аутопсиясында бүйректерінің ұлғайғаны анықталды. Бүйректердің макроскопиялық көрінісі «үлкен ақ бүйрек» деп сипатталды. Дамыған асқынуды атаңыз:

/

+бүйрек амилоидозы

/

бүйрек туберкулезі

/

нефротикалық криз

/

созылмалы пиелонефрит

/

созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

!

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ерте белгісі:

/

+Никтурия

/

поллакиурия

/

анурия

/

олигоурия

/

дизурия

!

Жедел бүйрек жетіспеушілігінің ерте олигуриялық сатысында тиімді тағайындау:

/

жаңа мұздатылған плазма

/

антибиотиктер

/

+Диуретиктер

/

тұздық ерітінділер

/

плазма алмастырушылар

!

35 жастағы әйел, ревматоидты артритпен ауырады. 2 апта бұрын әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, бел аймағында ауру сезімі пайда болған. Басында беттің ісінуі, кейін денесінде ісіну байқалған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы-1030, белок-4,5 г/л, эрит-1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер-10-12 к/а. Болжам диагноз:

/

созылмалы пиелонефриттің өршуі

/

зәр тас ауруы

/

созылмалы гломерулонефриттің өршуі

/

жедел гломерулонефрит

/

+бүйрек амилоидозы

!

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен науқастың диетасында ең алдымен шектеледі:

/

ас тұзы

/

+Белок

/

сұйық

/

майлар

/

көмірсулар

!

35 жасар әйел бел тұсы аймағының ауырсынуына, жиі несеп бөлінуіне шағым айтады. 4 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауырғандық, қызба, дизурия, мазалаған. Объективті: Дене температурасы – 37,30С. Қағу симптомы екі жағынан да оң мәнді. Қанда: ЭТЖ – 25 мм/сағ, лейкоциттер - 7,0х109/л. Зәр анализі: мен. салм. – 1010, белок – 0,24 г/л, лейкоциттер – 50-70 к.а., эритроциттер – өзгермеген және өзгерген 3-5 к.а. Созылмалы пиелонефриттің өршуін дәлелдейтін зерттеу әдісі:

/

Реберг сынамасы

/

Зимницкий сынамасы

/

жалпы зәр анализі

/

+Нечипоренко сынамасы

/

тәуліктік протеинурияны анықтау

!

35 жасар науқас бел аймағының ауруына, дене температурасының 38,50С дейін көтерілуіне, жиі несеп бөлінуіне шағым айтады. Объективті: екі жақта да қағу симптомының оң мәнді болуы анықталады. Қанда: ЭТЖ – 40 мм/сағ. Зәрде: лейкоциттер – 20-25 к.а., эритроциттер – 1-2 к.а., белок – 1 г/л, бактериялар +++. Этиологиясы белгісіз созылмалы пиелонефриттің емдеу жоспарына мына препаратты қосқан тиімді:

/

линкозамин

/

+Пенициллин

/

тетрациклин

/

аминогликозид

/

нитрофуран қосылыстары

!

Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 37 жасар науқас ауқымды ісінуге, зәрдің тәулігіне 300 мл-ге дейін азаюына, басының ауруына, жүрек айну, әлсіздікке, тері қышуына, көру жітілігінің кенет төмендеуіне шағым айтып түсті. АҚҚ 160/100 мм.с.б., ЖСЖ – 125 рет/мин. Қағу симптомы екі жағында да оң мәнді. Қанда: мочевина – 35 ммоль/л, креатинин – 1450 ммоль/л, калий – 9,0 ммоль/л. Зәрде: м.с. – 1005, белок – 10 г/л, лейкоциттер – 1-2 к.а., эритроциттер – 1-2 к.а. Тиімді ем тактикасы:

/

антибиотиктер тағайындау

/

антикоагулянттар егу

/

+гемодиализ жүргізу

/

плазмаферез тағайындау

/

перитонеальды диализ өткізу

!

Жігіт 18 жаста, анамнезінде - бір аптадан бері ауырады. Ангинадан кейін ісіктер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1020, белок - 8,4 г/л, лейкоциттер - 4-6 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында.Болжам диагноз:

/

бүйрек амилоидозы

/

бүйрек туберкулезі

/

нефротикалық криз

/

созылмалы пиелонефрит

/

+жедел гломерулонефрит

!

Бүйректің функциональды жағдайы мен созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің сатысын көрсетеді:

/

протеинурия

/

зәрдегі креатинин

/

+шумақтық фильтрация

/

түтікшелік реабсорбция

/

зәрдің салыстырмалы тығыздығы

!

20 жаста қыз, клиникаға әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып түсті. Анамнезінде: балалық шағында жиі пневмониямен ауырған. Қанында: Нв-120 г/л, эр-3,4 х 1012/л, лейк-4,2 х 109\л, тромб – 186 х 109\л, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Зәp анализінде: белок – 3,1 г/л, лейк -6-7 көру алаңында, эр – 2-3 көру алаңында, гиалинді цилиндрлер - 10 көру алаңында. УДЗ: гепатоспленомегалия, бүйрек мөлшерінің ұлғаюы. Болжам диагноз:

/

+бүйрек амилоидозы

/

бүйрек поликистозы

/

бүйрек тас ауруы

/

жедел гломерулонефрит

/

созылмалы пиелонефрит

!

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастардағы анемияны емдеуге тағайындағантиімді:

/

сорбиферді

/

космоферді

/

феррум лекті

/

тардиферронды

/

+Эритропоэтинді

!

35 - жастағы ер адам, тыныштықта пайда болатын ентігу, бастың ауыруы, массивті ісіну, шөлдеуге шағымданып түсті. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: терісі бозғылт, бетінде, аяғында, бел аймағында айқын ісінулер. Жүрек тоны тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. Зәрінде: салыстырмалы тығыздығы – 1028, белок – 4,2 г/л, лейкоциттер – 10-15 к/а, жаңа және негізденіп өзгерген эритроциттер 1-3 к/а, гиалинді цилиндрлер - 3-4 к/а, тәуліктік диурез 300 мл. Дамыған асқыну:

/

мидың ісінуі

/

эклампсия

/

жедел өзекшелік ацидоз

/

+жедел бүйрек жетіспеушілігі

/

жедел жүрек жетіспеушілігі

!

34 жастағы науқас әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына, ентігуге шағымданады. Екі жыл бойы геморроймен ауырады. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозғылт, койлонихиялар. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-3,7 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,75, лейк-4,8 мың, тромб.-200 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Болжам диагноз:

/

апластикалық анемия

/

гемолитикалық анемия

/

B12- тапшылықты анемия

/

+темір тапшылықты анемия

/

талассемия

!

55 - жастағы ер адам, әлсіздік, ентігу, мұрын мен қызыл иегінен қан ағу, жүдегеніне шағымданады. Объективті: тері жабындысы бозғылт, дене қызуы 38,1°С. Жақ асты және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру сезімінсіз. Бауыр қабырға астынан 3 см, көкбауыр 4 см ұлғайған. Қанда: эритроциттер - 2,5 млн., Нв -76 г/л, ТК -0,9, лейкоциттер - 2,0 мың, тромбоциттер - 40 мың, ЭТЖ - 48 мм/сағ. Сүйек кемігінде өзгеріс:

/

лимфоидты метаплазия

/

қызыл өсіндінің тітіркенуі

/

мегалобласттық қан түзілуі

/

+майлы кеміктің сүйек кемігінен басым болуы

/

сүйек кемігінің майлы кеміктен басым болуы

!

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде анемия туындайды:

/

темір тапшылықтан

/

В12 витамин тапшылығынан

/

аутоиммунды гемолиздан

/

фолий қышқылы тапшылығынан

/

+эритропоэтин синтезінің төмендеуінен

!

Ер адам 72 жаста, қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуға, аяқтарын «мақта тәрізді» сезінуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғысы және сілемейлі қабығы бозарған, сарғыш реңкілі. Қанда: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3 х 109/л, түстік көрсеткіш – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/сағат, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 4%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 6%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 109/л. Миелограммада: мегалобласты тип бойынша қан өндіру. Болжам диагноз:

/

апластикалық анемия

/

гемолитикалық анемия

/

+B12- тапшылықты анемия

/

темір тапшылықты анемия

/

талассемия

/

42 Жастағы ер адамда, созылмалы бүйрек шамасыздығы, ақ - 200/120 мм. С.Б.Б, креатинин - 0,970 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Тиімді емдеу шарасы:

/

+Гемодиализ

/

бүйрек трансплантациясы

/

преднизолонның үлкен мөлшері

/

антибактериальды терапия

/

цитостатик терменпульс терапия

!

Темір препараттарымен емнің нәтижесінің алғашқы объективті критерийі:

/

жалпы әлсіздіктің азаюы

/

+терапияның 7 – күні дамыған ретикулоцитті криз

/

эритроциттердің жоғарылауы

/

сидеропениялық синдромның азаюы

/

гемоглобиннің жоғарылауы

!

60 жастағы науқас әйел әлсіздікке, эпигастрийдегі ауырсынуға шағымданады. Объективті: терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозғылт сарғыш реңмен, беті ісіңкіреген, тілі «жылтыр». Шамалы гепатоспленомегалия. Қанда: панцитопения, макроцитоз, нейтрофилдердің полисегментарлығы. Билирубин- 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобластық типті қан түзу. Болжам диагноз:

/

темір тапшылықты анемия

/

+В12-тапшылықты анемия

/

аутоиммунды гемолитикалық анемия

/

апластикалық анемия

/

талассемия

!

34 жастағы науқас әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына, ентігуге шағымданады. Екі жыл бойы геморроймен ауырады. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозғылт, койлонихиялар. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-3,7 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,75, лейк-4,8 мың, тромб.-200 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Қан сары суындағы темір-6,4 мкмоль/л. Тиімді емдеу тактикасы:

/

+сорбифер ішуге

/

преднизолон ішуге

/

феррум-лек көк тамырға

/

десферал бұлшық етке

/

эритроцитарлық масса көк тамырға

!

23 - жастағы пациентті зерттегенде, келесі қан көрінісі анықталды: эр – 2,6 млн., Нв – 89 г/л, ТК – 0,9, лек – 2,4 мың, бласттар – 45 %, т/я – 1 %, с/я – 21 %, лимф – 34 %, мон – 8 %, тромбоцит – 79 мың, ЭТЖ – 43 мм/сағ. Көрсетілген аурудың диагностикасында, мәліметті критерилерге жатады:

/

анемия

/

+Бластемия

/

лейкопения

/

ЭТЖ-ның жоғарылауы

/

тромбоцитопения

!

Урограмма мәліметтері бойынша асимметриялық зақымдану, бүйрек тостағанша мен үбекшесінің кеңеюі тән нозология:

/

+Пиелонефрит

/

бүйрек амилоидозы

/

бүйрек туберкулезі

/

гломерулонефрит

/

Бүйрек-тас ауруы

!

32 жастағы ер адам бел тұсындағы ауыру сезіміне, жиі ауыру сезімді зәр шығару, дене қызуының 39°С көтерілуі, қалтырауға шағымданып түсті. Салқындағаннан кейін 1 аптадан соң ауырған. Объективті: АҚҚ - 160/80 мм.с.б.б. ЖЖЖ - 90 рет мин. Ұрғылау белгісі оң жағында оң мәнді. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Зәр анализінде: мөлдір емес, салыстырмалы тығыздығы – 1018, белок – 0,036 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған. Тиімді дәрілік препарат:

/

цитостатиктер

/

+Антибиотиктер

/

антикоагулянттар

/

кортикостероидтар

/

Аминохинолин туындылары

!

Науқас әйел 35 жаста, ревматоидты артритпен ауырады. 2 апта бұрын әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, бел аймағында ауру сезімі пайда болған. Басында беттің ісінуі, кейін денесінде ісіну байқалған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы-1030, белок-4,5 г/л, эрит-1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер-10-12 к/а. Болжам диагноз:

/

созылмалы пиелонефриттің өршуі

/

зәр тас ауруы

/

созылмалы гломерулонефриттің өршуі

/

жедел гломерулонефрит

/

+бүйрек амилоидозы

!

Науқас ер адам 32 жаста, балтырдың ісінуіне, бас ауруына шағымданады. 3 апта бұрын тістің қызыл иегі іріңді қабынуына байланысты кесілген. Тексеруде: аяқтарында тізеге дейін ісінулер, өкпе мен жүректе өзгеріс жоқ. АҚ 140/100 мм с.б. Қандa: лейкоциттер - 7,8 мың, ЭТЖ-22 мм/сағ. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1028, белок 1,72 г/л, лейкоциттер - 5-7 к/a, эритциттер - 35-40 к/a, гиaлинді цилиндрлер - 6-7. Болжам диагноз:

/

бүйрек туберкулезі

/

жедел пиелонефрит

/

+жедел гломерулонефрит

/

зәр тас ауруы

/

бүйрек амилоидозы

!

Созылмалы бүйрек шамасыздығыныңы терминальді сатысында дамиды:

/

гипермагниемия

/

+Гиперкалиемия

/

гипокалиемия

/

гипернатриемия

/

гиперхлоремия

!

35 жастағы науқас ер адам ауыр халде, жедел жәрдеммен жеткiзiлдi. Бозғылт сары түсті, тежелген. Терiсiнде геморрагиялар, қасынған iздерi. Тiлi құрғақ, аузынан аммиак иiсi. Бетi iсiнген. АҚ 170-110мм. с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, перикардты үйкелiс шуы. Анамнезiнде гломерулонефрит. Сiздiң диагнозыңыз:

/

гипертониялық ауру

/

бүйрек амилоидозы

/

диабетикалық кома

/

жедел лейкоз

/

+созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгi

!

Бүйректің юкстагломерулалық аппаратында өндіріледі:

/

+Ренин

/

серотонин

/

простагландиндер

/

ангиотензин

/

алъдостерон

!

40 жастағы науқас әйел шап аймағына берілетін бел тұсындағы ауырсынуға; зәр шығарғанда ашуға, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Қанда: лейк-8,6 мың, ЭТЖ-24 мм/сағ, мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1018, лейкоциттер - 5-6 көру аймағында, эритроциттер - 20-25 көру аймағында, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Тиімді тағайындау:

/

уросептиктер

/

антибиотиктер

/

стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

/

+Спазмолитиктер

/

глюкокортикостероидтар

!

Жедел бүйрек жетіспеушілігінің ерте олигуриялық сатысында неғұрлым тиімді тағайындау:

/

Жаңа мұздатылған плазма

/

антибиотиктер

/

+Диуретиктер

/

Тұздық ерітінділер

/

плазма алмастырушылар

!

Стационарда өкпе туберкулезі диагнозымен ем алған 45 жастағы ер адамның аутопсиясында бүйректерінің ұлғайғаны анықталды. Бүйректердің макроскопиялық көрінісі «үлкен ақ бүйрек» деп сипатталды. Аталған туберкулездің асқынуы:

/

+бүйрек амилоидозы

/

бүйрек туберкулезі

/

нефротикалық криз

/

созылмалы пиелонефрит

/

созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

!

56 жастағы науқас ер адам бөлімшеге аяқтарының, құрсақ қабырғасының, бетінің массивті ісіктерімен түсті. Зерттегенде: АҚ - 160/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1005, белок – 5,6 г/л, лейкоциттер - 6-7 көру алаңында, эритроциттер - 5-6 көру алаңында. Нефротикалыққ синдромның себебін анықтау үшін ақпаратты зерттеу әдісі:

/

хромоцистография

/

+бүйрек биопсиясы

/

экскреторлы урография

/

бүйректердің компьютерлі томографиясы

/

бүйректерді ультрадыбыстық зерттеу

!

37 - жастағы ер адам, кенет пайда болған әлсіздікке, басының ауыруына, тәбетінің төмендеуіне, дене салмағының төмендеуіне, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Бүйрек ауруымен ауырғанына 5 жыл болған. Қарап тексергенде: дене салмағы төмендеген, терісі бозғылт - сарғыш түсті, беті ісінген, аяқтары мен табандары ісінген. Қан анализінде: Нв - 70 г/л, эритроциттер - 2,0 млн., лейкоциттер - 5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1012, белок - 1,5 г/л, лейкоциттер - 4-5 к/а, эритроциттер - 5-6 к./а. Мәліметті зерттеу әдісі:

/

хромоцистоскопия

/

+бүйректің пункциялық биопсиясы

/

бүйректің жалпы шолу рентгенографиясы

/

Бенс-Джонс белогын анықтау

/

зәрді бактериологиялық зерттеу

!

24 жастағы қыз нефрология бөлімшесіне бел тұсындағы ауырсынуға байланысты түсті. Анамнезінде: бір аптадан бері субфебрилитет бар, дизуриялық көріністер байқалған. Қанында: Нв-120 г/л, эр-3,5х 1012/л, лейк-10,2 х 109\л, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Зәр анализінде: белок – 0,5 г/л, лейк -10-12 көру алаңында, эр – 1-2 көру алаңында. Осы жағдайда зәрдегі өзгерістердің себебі қандай?

/

Интерстициалды нефрит

/

бүйрек туберкулезі

/

+Пиелонефрит

/

гломерулонефрит

/

люпус нефрит

!

32 жастағы науқас әйел бел тұсындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 5 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауырсыну, қызба, дизурия болған. Объективті: температура 370С, белден ұрғылау симптомы екі жақта оң. Қанда: лейк. – 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер көру аймағын толық жапқан, эритроциттер – сілтіленген және өзгермеген 3- 5 к/а. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда – Штернгеймер-Мальбин клеткалары. Болжам диагноз:

/

Бүйрек обыры

/

+Пиелонефрит

/

бүйрек амилоидозы

/

Бүйрек поликистозы

/

гломерулонефрит

!

Гемодиализді тағайындауға көрсеткіштердің бірі:

/

тұрақты артериялық гипертензия

/

+қанда калий деңгейінің 6,5 ммоль/л көп болуы

/

айқын ісіктер

/

көру өткірлігінің үдемелі төмендеуі

/

инфекциялық асқынулар

!

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминальді сатысына қандай ем тиімді:

/

+Гемодиализ

/

плазмаферез

/

гемосорбция

/

лимфосорбция

/

Қанды лазермен сәулелендіру

!

Нефротикалық синдромын анықтауда ақпаратты көрсеткіш:

/

қан сарысуындағы холестерин деңгейі

/

шумақ фильтрациясының мөлшері

/

қан сарысуындағы креатинин деңгейі

/

+тәуліктік протеинурия деңгейі

/

өзекшелік реабсорбция мөлшері

!

34 жастағы әйел белінің ауырсынуына, тез шаршағыштыққа, басының айналуына, жалпы әлсіздікке шағымданып аймақтық дәрігерге қаралды. Ауруын суықтаумен байланыстырады. Об-ті: терісі қуқыл, таза. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырмайды. Қағу симптомы оң мәнді екі жақты. Несеп анализінен: түсі сары, реакциясы сілтілі, тығыздығы 1004, белогі 0,066 г/л , лейкоциттері 16-18к/а, эрит. 1- 2 к/а, бактериялар +. Болжам диагноз:

/

жедел пиелонефрит

/

+созылмалы пиелонефрит

/

созылмалы гломерулонефрит

/

бүйрек амилоидозы

/

бүйректің шамасыздығы

!