Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.

Б.з.д. 1-ғасырдың аяғында Қазақстан далаларында сақтарды ығыстырған жаңа тарихи одақтар пайда болды. Олар: Үйсіндер, Қаңлылар т.б. Қытай деректерінде атауы «усун» деп аталады, б.з.б. 2-ғасырда кездеседі. Үйсіндердің негізігі орналасқан жері- Іле даласы. Шекарсы: Батысында Шу мен Талас өзендерінен Қаратауға дейінгі , шығысында Тянь-Шань тауы, солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлге дейінгі аймақ. Мемлекет 3-ке бөлінген: Шығыс, Батыс, Орталық. Астанасы: Чегучен қаласы. Халқы: 630 мың адам, тұрақты атты әскері 30 мың. Соғыс жағдайында 180 мың әскер жасақтаған. Үйсіндер билеушісінің титулы- күнбегі. Тайпа көсемдері мен рубасылары – бектер деп аталды. Басты байлығы деп- жер мен малды есептелді.Б.з.б. 1-ғасырда ежелгі үйсін қоғамында шұрайлы жерлерді жеке меншікке иелену басталды. Жеке меншіктің болғанының тағы бір дәлелі- жеке адамдарға тиесілі мүліктің ерекше таңбалармен белгіленуі. Таңбалар дүние-мүлікке, үй малдарына салынды. Әскер басылары мен жоғары лауазымды ақсүйектердің алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Лауазымы төмен үйсіндер тас және саздан жасалған мөр ұстаған. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туыстық қарым-қатынас орнатты. Олар Ұйғыр тайпалары , Енисей қырғыздары, Еділ бойы халықтарымен сауда байланысын жасады. Қаңлы туралы мәліметтер б.з.б. 2-ғасырда қытай деректерінде жазылған. Б.з.б. 3-ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылды. 138 жылы Қытай императоры У-Ди Батыс елдеріне Чжан-Цяньді бас етіп сауда елшілігін жібереді. 13 жылдан кейін көптеген қиыншылықтардан өтіп Чжан-Цянь қайта оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын қытайға беймәлім болып келген мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың арасында қаңлы мемлекеті де аталады. Астанасы- Битянь қаласы. Халқы-600 мың, 120 мың үй. Билеушісінің титулы- хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның 3уәзірі атқарған. Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі 5 бөлікке бөлінген. Әр бөліктің кіші хандары болған. Олар ұлы ханға бағынышты болды. Лауазымды қызмет мұрагерлік жолмен берілді. Қаңлы мемлекеті Қытай , Рим, Кушан, Парфия, Кавказ мемлекеттерімен жан-жақты байланыс жасады. Үйсін, Қаңлы елдерін мемлекет ретінде қарастырғанымызда, жалпы айтыр басты нышандарымыз осы.

7.Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.

Б.з.б. 3-ғасырдың аяғында қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі. Ал еуропалық жылнамашылар оларды «гунни» деп атаған. Б.з.б. 206 жылы ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте Саян Алтай тайпаларын бағындырып,оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Қытай билеушісі Мөде шаньюйге бас иіп «Тыныштық пен туыстық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрған. Осы кездегі ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэның орта ағысына дейінгі жерлер қосылды. Халқы-1,5 млн адам болды. Мөденің кезінде ғұн одағы нағыз әскери, мықты мемлекетке айналды.Б.з.б. 55 жылы ғұн одағы екіге бөлінді. Оңтүстік бөлігі Хань империясына тәуелді болды. Солтүстік ғұндар Моңғолияның солтүстік батысындағы Қырғыз-Нұр көлі маңында ордаларын орнатты. Оңтүстік және Солтүстік ғұндар арасындағы өзара тартыстан кейін, Чжи-Чжи басқарған солтүстік ғұндар Солтүстік Моңғолия,Шығыс Түркістанға қарай қоныс

аударды. Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан Б.з.б.1-ғасырдың соңы б.з. 1-ші ғасыры аралығында келді. Бұл халықтардың «Ұлы қоныс аударуы»- атанған тарихи оқиғамен тұспа тұс келді.Ғұндардың күшеюі Қытай империясын алаңдатып, жорыққа дайындалды.Екі жақтың соғысы нәтижесінде ғұн әскері талқандалады. Б.з 93 жылы – ғұндардың екінші рет Қазақстанға қоныс аударуы болды. Ғұндар Сырдарияға, Арал жағасына, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті. Билікке аты аңызға айналған үлкен ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясаткер, айлакер дипломат Аттиланың(Еділ) келуімен ғұндар күшейеді. Б.з 4- ғасырында оңтүстік Орал даласына, Дунайға жетіп, «ғұндар» деген атпен Венгрия жерінде қоныстанды. Ғұндар тарихы әсіресе жауынгерлік жорықтармен белгілі. Б.з 5- ғасырының ортасында Аттила әскері шығыс Рим империясын жеңеді. Оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бургундия билеушілері балаларын оқуға, тәрбиеленуге жіберіп отырған. Еділ патша тұсында Ғұн империясы дамудың жоғары шегіне жетті. Еділ патша Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті, құл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті. 451 жылы Аттила әскері Галиядағы Каталаун шайқасында жеңіліс табады. 453 жылы Еділ қайтыс болған соң ғұндар тағы да ыдырай бастады. Аттила туралы алғаш дерек жазып , ғылымға енгізген қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов. Ал пайғамбар деген өлеңінде «ғұн түркілердің арғы атасы» деп көрсетіп,ғұндардай атағы шыққан, жауынгер халықтың ұрпағымыз деп мақтанышпен айтқан Мағжан Жұмабаев болатын.Ғұн қоғамында соғыс ісінің дамуы шарықтау шегіне жетті. Әскердің негізін атты әскер құрады. Билеушінің титулы-шаньюй, яғни «тәңірқұты» болды.Ғұндар өмірінде мал шаруашылығы басты орынды алды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы- жазы тебіндеп бағылды.Сонымен қатар олар егішілікпен , аңшылықпен де айналысқан. Баспанасы киіз үй. Ошақ тастан қаланып, оның үстіне қола қазан қойылған. Ғұндар ошақты киелі санаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]