|
«Нұр
Отан» ХДП кезектен тыс XII съезіндегі
сөзінде, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан
Назарбаев: «2010 жылдың бірінші қаңтарынан
бастап «Қазақстан-2030» Стратегиясының
аясында біз индустриялық-инновациялық
үдетілген даму бесжылдығын бастаймыз.
Біз әлемнің барлық мемлекеттерінде
өткен ғасырдың басында болған
индустрияландыру туралы емес,
инновациялық индустрияландыру туралы
айтып отырмыз. Біздің индустрияландыру
әлемдік экономиканың қазіргі даму
ғұрпына сәйкес болуы тиіс...» деп айтып
өтті. Инновациялы индустрияландырудың
негiзгi мақсаттары: кәсiпкерлiк пен
мемлекеттiң күштерiн біріктіру және
елдiң резервтерін экономиканың басты
секторларын дамытуға шоғырландыру;
қолайлы кәсiпкерлiк орта мен инвестициялық
климатты қалыптастыру; ұлттық
экономиканың қарқындылығы мен
өнiмдiлiгiн арттыру.
Бас басымдылықтар
болып: өнiмдердiң әртараптандыруы мен
олардың терең өңделуiне дейiнгі
технологиялық тiркестiң жалғасы арқылы
дәстүрлi экспорттық секторларды
дамыту; жоғары қосылған құны бар
өнiмнiң және еңбек өнiмдiлiгiнiң биiк
деңгейi көмегімен инновациялық
өндiрiстерді дамыту болып табылады.
Партия
съезінде мемлекет басшысы үкiметке
аймақтардың ресурстық базасымен және
инфрақұрылымның дамуымен байланыстырылған
өндiрiстiк қуаттардың тиiмдi орналастыру
схемасы қосылатын жаңа бағдарламаның
iске асыруына қажеттi негiзгi құжатты
– 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның
индустрияландыру картасын әзірлеуді
тапсырды.
Президент үдетілген
индустриалды-инновациялық дамытудың
негiзгi бағыттарын белгiлеп берді.
Олар агроөнеркәсiптiк кешен және ауыл
шаруашылық өнiмдерді өңдеу; құрылыс
индустриясы және құрылыс материалдарының
өндiрiсiн дамыту; мұнай өңдеу және
мұнай-газ секторы инфрақұрылымын
дамыту; металлургия және дайын метал
өнiмдерінiң өндiрiсiн дамыту; химия,
фармацевтикалық және қорғаныс
өнеркәсiбін дамыту; көлiк және
телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды
дамыту.
Осы бағдарлама бойыншы көптеген
жоспарлар іске асты. Соланрдан мысал
келтіретін болса:2010-2014 жылдарға
арналған үдемелі индустриалды-инновациялық
даму бағдарламасы аясында Ақтөбе
облысының атқарған қызметі қыруар.
786 мыңдай халық тұратын аймақта
700 ірі және орта деңгейдегі кәсіпорын
жұмысын жандандырған. Индустрияландырукартасы
бойынша құны 632,8 млрд теңгені құрайтын
73 жоба іске асырылуда. Бұл өңірде
10 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға
мүмкіндік береді. Мәселен, 2010 жылыашылған
«Ақтөбе мыс» ЖШС 60 адамды
жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мыс
рудаларын өңдейтін мекеме жоғары
технологиямен жабдықталған.
Сондай-ақ мал сою комбинаты мен
өңір тұрғындарын көкөніспен қамтып
отырған жылыжайларын атап өткен
жөн.Ақтөбе-индустриясы дамыған өлке.
Болашақ жоспарларын да ауыз толтырып
айтуға болады. 2015 жылға дейін 2 және
3-кезектегі «3-Жаңажол» газ өңдеу зауытының
құрылысын бастау жоспарланды.
Күрделі минералды тыңайтқыш
өндіретін комбинат, алтын қоспасы
бар рудаларды өңдеу фабрикасы
салынады. Теміржол мен төсеніштер
шығаратын және қуаттылығы күніне
600 тонна болатын әйнек зауытының
құрылысы басталды. 2015 жылға дейін
Ақтөбеде 80 жоба жүзеге асатын
болады.
Ал
Атырау облысы индустриалды-инновациялық даму
бағыты бойынша атқарған жұмысы аз
емес. Атап айтқанда, Атыраудағы
макарон фабрикасы, Индер
ауданындағы
ас тұзын өндіретін зауыт (2 млрд
тонна тұз қоры бар көлден зауыт
жылына 50 мың тонна тұз өндіреді)
және құрғақ құрылыс қоспаларын
шығаратын
зауыт.
Бұл зауыт 2010 жылы іске қосылды.
Құрылыс тауарларының 10 түрін
шығарады. Ал Құлсарыда 80 адамды
жұмыспен қамтыған қазан зауыты жұмыс
істеуде.
Мекеме
мұнай компанияларына өз өнімдерін
жеткізуде. Жылыой ауданындағы құс
фабрикасының тәулігіне 150 мың
жұмыртқа өндіретін қуаты бар. Сонымен
қатар,
Атырау
облысындағы «ҚазТурбоРемонт» зауыты
газ турбиналық құрылғыларға жөндеу
жасап, қызмет көрсетеді және 157
адамға жұмыс тауып беріп отыр.
Өңірде
Индустрияландыру картасы аясында
2010-2012 жылдары жалпы құны 58 млрд теңгенің
21 инвестициялық жобасы іске асты.
1900 жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда
26 жоба іске асырылуда. Оның құны 1
трлн. 400 млрд теңге. Еліміздегі
«Фармация» компаниясы бір реттік
шп-
риц
үшін бөтенге алақан жаймайтын болды.
Барлық
медициналық
мекемелер шприцті үдемелі
индустрия-
лық-инновациялық
даму бағдарламасы бойынша Аты-
рау
облысында ашылған «Брандо» зауытынан
алуға
қол
жеткізді.
Мұнайлы
өлке - Маңғыстауға келер болсақ,
өңірдің
индустриалды-инновациялық
дамуы қарқынды. Осы
кезге
дейін аймақтық индустриаландыру
картасы бо-
йынша
облыста 229,4 млрд теңгені құрайтын
және
жаңадан
10,4 мың жаңа жұмыс орны ашылатын 31
жо-
ба
іске қосылды. Ал республикалық
индустрияланды-
ру
картасына жалпы құны 394,1 млрд теңге
болатын
және
20 мыңнан жұмыс орны ашылатын 3 жоба
енгізіл-
ді.
Дәлірек
айтқанда, Маңғыстауда 2010 жылы 8 ны-
сан,
2011 жылы 9 нысан іске қосылды. 2012 жылы
Маң-
ғыстау
облысында Индустрияландыру картасы
бо-
йынша
сметалық құны 11 млрд. теңге болатын
6 жаңа
кәсіпорын
іске қосылды. 1162 жаңа жұмыс орны
ашыл-
ды.
Өткен жылы аймақта «Эко - су тазарту»
ЖШС мұ-
най
қалдықтарын қайта өңдейтін «Шырын»
зауыты
іске
қосылған. Сүт өнімдерін шығаратын
«Гурман»
ЖШС
өндірісі қуаттылығын арттырды. Іске
асқан тағы
бір
жоба-аммиак, азот қышқылы, аммиак
селитрасын
шығаратын
«ҚазАзот» ЖШС өндірісі
жаңартылды.
АСКИ-Маңғыстау»
ЖШС мұнай мен мұнай өнімдерін
сақтайтын
терминал салып, су мен газ
құбырларын
шығаратын
«АрланGroup-Aktau» ЖШС зауыты ашыл-
ды.
Сонымен қатар, жақын күндері «Осетр
- Аралды»
тауарлы
бекіре фермасын құру жұмыстары
аяқталған.
2013
жылы 3 жоба жүзеге асады, оның құны
111, 4
млрд
теңге. Жобалар іске асқанда, 3862 жаңа
жұмыс
орны
ашылады. Олар: Шетпедегі цемент зауыты,
Ақ-
таудағы
сұйық дәрілер шығаратын
фармацевтикалық
кешен,
жол битумын шығаратын зауыт.
Сондай-ақ
телекөпірде маңғыстаулықтар орта
қуат-
ты
электр өнімдерін жинақтап шығарумен
айналы-
сатын
«Риг» ЖШС жұмысымен таныстырды.
Мекеме
электр
құрылғыларын жасайды және
энерготехника-
лық
өнімдерді тасымалдайды. Бұл облыста,
жалпы
батыс
өңірде баламасы жоқ мекеме. Онда 180
маман
жұмыс
істейді.
Мемлекеттік
бағдарламаларды іске асырудың
арқасында
Батыс Қазақстан облысының соңғы
үш
жылдағы
дамуы негізгі көрсеткіштердің қарқыны
өсіп
отыр.
Өнеркәсіп өндірісі соңғы үш жылда
1,6 есеге өсті.
Өңдеу
өнеркәсібінде өнім көлемінің 3 пайызға
артуы
қамтамасыз
етілді. Индустрияландыру картасы
аясын-
да
облыста 1700 жұмыс орнын ашу арқылы 256
млрд.
теңгеге
33 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Бұл
1700
жұмыс орнын құруға мүмкіндік
береді.
Облыстағы
ірі кәсіпорын «Агрореммаш» АҚ
өртке
қарсы
құралдар өндірісі мен коммуналдық
техникалар
шығарады.
Мұнда металл конструкциясының
бетіне
қорғаныш
жағу өндірісі де іске қосылған. Жылына
8,5
мың
тонна металды мырыштайтын цех үдемелі
индус-
триалды-инновациялық
бағдарлама аясында ашылды.
Жоба
құны 240 млн. теңгені құрады. Мырыштау
цехын-
да
55 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қазіргі
таңда Оралда «Қарашығанақ» газ құбыр
құ-
рылысы
Елбасының тікелей тапсырмасымен
жүзеге
асырылды.
Облысты 500 млн. текше метр
өндіріп,
қамтамасыз
етіп отыр. Соның арқасында, өңірдегі
тұр-
ғындардың
80 пайызы газға мұқтаж емес. Батыс
Қа-
зақстан
облысы бұдан бөлек көгілдір отынның
көмегі-
мен
электр қуатын, өндіретін газ турбиналық
электро-
стансасымен
және тәтті тағамдар, макарон
өнімдерін
шығаратын
зауытпен мақтана алады.
Міне,
еліміздің батысындағы облыстардың
әлеумет-
тік-экономикалық
әлеуеті осындай. Қазақстанның
қазы-
насын
байытып, экономикасын дамытуда
Маңғыстау,
Атырау,
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының
үлесі
зор
екенін айтқымыз келеді.
97.Қазақстан
Республикасындағы білім, ғылым,
мәдениет және денсаулық сақтау ісінің
даму ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Кеңестік
тоталитарлық жүйеден қалған осындай
этникалық мәселелер жағдайында
Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық
топтар саясатын екі түрлі бағытта
жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы
негізгі ұлт болып есептелетін
қазақтардың этникалық мәдениетін,
тілін, ділін қайта жандандыру болса,
екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп
жатқан басқа этностардың мәдени,
тілдік құқықтарын қамтамасыз
ету.
Қазақстандағы этникалық топтар
саясатын зерттеуші ғалымдар осы
бағыттағы мемлекеттік саясаттың
бүгінге дейінгі даму барысын екі
кезеңге бөледі. Бірінші кезең—1991—1995
жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді
этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп
атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті
құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ
этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне
біраз артықшылық берілді. Сондықтан
да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған
«Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі»
жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы
мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991
жылғы 16 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық
заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін
анықтауға құқы бар екені көрсетілді.
1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған
Қазақстан Республикасының
Конституциясында да Қазақстан
мемлекеттілігінің ұлттық сипатына
ерекше мән берілді. Ол бойынша да
Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын
өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті
деп танылды.Тәуелсіз еліміздің бұл
кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын
ұлттық деп жариялаудың объективті
қажеттілігі болды.
•
Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік
алған барлық мемлекеттер өздерін сол
мемлекеттердің негізін құрайтын
ұлттың мемлекеті деп жариялаған
болатын.
• Екіншіден,
ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін
жоғалтып, өз жерінде саны жағынан
азшылыққа айналған қазақ халқының
ұлттық рухын, көтеру, сол арқылы
дүниеге жаңа келген мемлекетті тез
арада аяғынан тік тұрғызу керек
болды.
• Үшіншіден,
тоталитарлық жүйе кезінде жойылып
кете жаздаған қазақ халқының ұлттық
дәстүрлі мәдениетін, тілін, ділін
қалпына келтіру үшін мұндай саясат
қажет болды.
Өткен ғасырдың
90-жылдарының ортасына қарай қазақ
халқы өзінің мемлекеттілігін сезіне
бастады, ұттық рухы оянды, өзінің
ұлттық құндылықтарын ақтап алды,
ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін
қалпына келтіре бастады, имандылыққа
мойнын бұрды. Осы кезеңді мемлекеттің
атауына негіз болып отырған қазақ
ұлтының ұлттық санасының ерекше ояну
кезеңі, ұлттық рухының ерекше көтерілу
кезеңі десе де болады.
Жалпы
осы кезеңде, бұдан соңғы жылдары да
басқа ұлт өкілдерінің Қазақстаннан
қоныс аударуын республикадағы
этноцентристік саясаттың нәтижесі
ғана деп түсінбеу керек. Егемендік
алған кездің алғашқы жылдарындағы
өзге ұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің
біздіңше мынадай себептері де бар.
•
Біріншіден, бұрынғы КСРО сияқты
үлкен мемлекеттің ыдырауы ұлттық
жаңа құрылған мемлекеттер жағдайында
ұлттардың арасында болашағына деген
белгілі бір сенімсіздік туғызды.
Сондықтан басқа ұлт өкілдері өз
мемлекеттілігі бар елге көшті.
•
Екіншіден, ұлттық мемлекеттіліктер
құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің
санасында этноцентристік пиғылдар
уақытша болса да күшейді.
•
Үшіншіден, сана бодандығынан
құтылған азаматтарда өз тарихи Отанына
қайту пиғылының күшеюі заңды құбылыс
еді. Әсіресе мұндай себеп кезінде
Қазақстан жеріне күшпен депортацияланған
неміс, т.б. халықтарға тән болды.Екінші
кезең,Қазақстанның ұлт саясатының
екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған
жаңа Конституциядан басталады. Бұл
Ата Заңда енді Қазақстан халқын
титулды және титулсыз ұлт деп бөлу
жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде
Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде
емес, жалпыазаматтық негізде
құрылатындығы баяндалды.Осы
конституциялық заңға негізделген
еліміздің ұлт саясаты азаматтық
қоғамның қағидаларына сүйене отырып,
Қазақстан ұлты деп аталатын
саяси-азаматтық қауымдастық құру
мақсатын көздейтін саясатқа айналды.
Бұл — Қазақстан Республикасының
азаматтығын қабылдаған адамдар
қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан
ұлты деп аталатын саяси-азаматтық
бірлестікке айналдыру. Бұл — этностық
мәдениеті, діні, тілдері түрлі
болғанымен, «Мен қазақстандықпын!»
деген елдік сананы қалыптастыру.1997
жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» Заң
қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі
болып — қазақ тілі бекітілді. Бұл тіл
мемлекеттік басқару органдарының,
заң шығару, сот ісінің, іс жүргізудің
тілі болып саналады және мемлекет
аумағындағы қоғамдық қатынастардың
барлық саласында қолданылады.«Қазақстан
халқының басын біріктіруші маңызды
қатынас туралы болып табылатын осы
мемлекеттік тілді білу— Қазақстан
Республикасының әрбір азаматының
қасиетті борышы болып табылады» —
делінген Тіл жөніндегі Заңның
4-бабында.Осы заңның 5-бабында мемлекеттік
ұжымдарда және жергілікті басқару
органдарында қазақ тілімен бірдей
дәрежеде ресми түрде орыс тілі де
пайдаланылатындығы жазылған. Сонымен
қатар бұл заң бойынша «Қазақстан
Республикасының әрбір азаматы өз ана
тілінде сөйлеуге, өзінің қалаған
тілінде тілдесуге, шығармашылықпен
айналысуына, тәрбие, оқу жұмыстарын
жургізуге құқылы» (6-бап).
Мемлекет
қазақ тілінің және өзге тілдердің
ұлтаралық қарым- қатынаста қолдану
аясын сақтауға және оның еркін дамуына
кепілдік береді. Сондай-ақ мемлекеттік
тілді немесе ұлтаралық қатынас тілін
білмегені үшін азаматтардың құқығы
мен бостандығын шектеуге тыйым
салынады. Қазақстан Конституциясының
тіл туралы баптары әлемнің өзге
елдерінде, сондай-ақ ТМД-да ерекше
демократиялы болып есептелінеді.
Қазақстан
— өз Отаным деп есептейтін әр азамат
қазақ тілін білуі міндетті. 2030 жылға
дейінгі стратегиялық даму
бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жеті
басым бағыттың ішінде ұлттық
қауіпсіздіктен дейінгі екінші орында
көрсетілген. Ұлттық бірлік, татулық,
теңдік қоғамның топтасуының кепілі.
Республикада жалпы ұлттық мүдделерді
жүзеге асыруда қазақ ұлты оларды
біріктіруші рөл атқаратындығы
айқын.
Ғылымның дамуы мен гүлденуі
табиғаттың шынайы заңдылықтарын
үйренуге және оған қоғам мүшелерін
тартуға тікелей байланысты. Кеңес
Одағы жүйесінің күйреуі барысында
республика ғылыми мекемелері дағдарыс
жағдайында болды. Мұның себебі
бірнешеу:
• Ғылыми
зерттеулердің негізгі көздері мен
бағыттарын белгілеу КСРО кезінде
орталықтан жүзеге асырылды. Одақтық
ведомстволар зерттеу институттарын
көбіне республикалардың қалауынсыз
жүргізіп келді;
• Республика
ғылыми-техникалық әлуетінің басым
бөлігі жалпы-одақтық ғылыми құрылымға
тартылғандықтан, олар Қазақстан
ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді;
•
Ғылым академиясы мен салалық ғылым
мекемелері (КСРО энергетика және
электрлендіру министрлігі 6 мұнай
және газ өндірісі министрлігінің
батыс қазақстандық институты, т.б.)
өзара және академиялармен тығыз
байланыста жұмыс істей алған жоқ;
•
Экономикалық дағдарыс салдарынан
ғылымды қаржыландыру едәуір
қысқартылды;
• коммунистік
қызметке арналған бағаны ырықтандыру
ғылыми мекемелерді ұстап отыру
мәселелерін одан сайын қиындата
түсті;
• 90-жылдары белең
алған құнсыздану ғалымдардың айлық
жалақысын төмендетті, көптеген жас
та дарынды мамандар бизнеске, шетелге
кетті;
• XX ғасырдың
90-жылдарындағы республика ғылымының
өрісі, оның жаңа технологиялармен
жабдықталуы бүгінгі күн талабына
жауап бере алмады.Аталған кемшіліктердің
орнын толтыру бағытында Қазақстан
Республикасының Ғылым және жаңа
технология министрлігі нақтылы
жұмыстарды қолға ала бастады.
Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992
жылы Қазақстан Республикасының
Президенті «Ғылымды жетілдіру және
республиканың ғылыми-техникалық
потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа
қол қойды.Жергілікті жерлердегі
бөлімшелері мен материалдық-техникалық
базаларының жоқтығына қарамастан,
аталған министрлік Солтүстік Қазақстан,
Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан
облыстарында үш аймақтық бөлім құрды.
1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге
байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар
дүниеге келді. Олар:
1.
электроника
мен байланыс жүйесі бойынша,
2.
ақпаратты
және есепті техника бойынша,
3.
биотехнология,
4.
экология,
5.
жаратылыс
ғылымдары бойынша,
6.
минералдық
шикізаттарды кешенді өңдеу,
7.
жаңа
ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық
ғылыми орталықтары.Бірақ бұл аталған
шаралар дер кезінде материалдық
ресурстармен қамтамасыз етілмеді.
Елдегі экономикалық ахуал мен
құнсыздану бұған кері әсерін тигізді.
Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған
ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология,
химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық
жүйенің күйреуі мен құрылымдық
құлдырауына қарамастан, өз тұрғыларын
сақтап қалды. Жалпы алғанда, 1992—1994
жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен
есте қалады.1994 жылы Ғылым және жаңа
технология министрлігі жанынан
ғылыми-техникалық бағдарламалар мен
жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі
құрылды. Аталған құрылым ғылымға
арналған бюджеттік ассигнадиялардан
қаржыландыруға қабылданған
ғылыми-техникалық бағдарламалар мен
жобалардың бөрін дерлік сараптаудан
өткізуге тиісті болды.1996 жылы Қазақстан
Республикасы Президентінің «Қазақстан
Республикасында ғылымды басқарудың
мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары
туралы» Жарлығы шықты.1996 жылы мемлекет
ғылыми саланы қайта жаңғыртуға,
академиялық ғылымның реформалық
жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы
мақсатта Ғылым және жаңа технология
министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл
шаруашылығы ғылыми академиясын
біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп,
жаңадан Қазақстан Республикасының
Ғылым Академиясы дүниеге келді.
•
жылы республикада ғылым мен
ғылыми-техникалық саланы дамыту
туралы заңдар базасын жетілдіруге
арналған жұмыстар атқарылды. Осыған
орай, «Қазақстан Республикасында
бірыңғай ақпарат кеңістігін құру
және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
туралы» Президент жарлығы және Үкімет
қаулысы шықты.
• жылы
Қазақстан Республикасы Жоғары білім
және ғылым министрлігі құрылды.
Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі деп
аталады.
2001 жылы министрлік
мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға
көшті. Ғылыми-зерттеу институттары
мұндай бағдарламаларды қорғап,
конкурстық негізде жеңіп алуы тиіс.
Зерттеу бағдарламалары республикадағы
ғылым дамуының басым бағытына сәйкес
келуі қажет. Бағдарлама зерттеушілері
істелген жұмыс жайлы жылда есеп беріп,
егер ол алдын ала белгіленген талаптарға
сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы
мүмкін. Ғылымды қаржыландыруға
байланысты мұндай жағдай 2001 жылы
қабылданған «Ғылым туралы» Заңда
анықталған.
Жаңа заң республика
дамуының соңғы он жылдығында болған
өзгерістерді ескере отырып даярланды.
Осылайша бюджеттік қаржыландырудан
басқа ғылыми мекемелер мен ғылыми
қызметкерлердің өзге де қаржы көздерін
тауып, қаражат тартуға мүмкіндіктері
бар. Мысалы, грант түрінде арнайы
ғылыми және қоғамдық қорлардан ала
алады. Сөйтіп, жаңа заң қазір біздің
мемлекетіміздегі ғылым мен
ғылыми-техникалық саясаттағы
өзгерістерге сәйкес келеді.Ғылымды
дамытудың мемлекеттік бағдарламасында
ғылым саласын одан әрі жаңартудың
2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы
белгіленді.Білім
беру жүйесі.Қазақстандық
ғылымның ертеңі республикадағы білім
жүйесіне де тікелей байланысты.
Қазақстанда басқарудың тікелей
негізгі қағидаларына сүйенген, әрі
қаржыландыру жағынан мемлекеттік
және мемлекеттік емес болып есептелетін
еуропалық типтегі білім беру жүйесі
қанат жайып келеді.
1995 жылғы
Конституция бойынша (30-бап) баршаға
бірдей міндетті болып есептелетін
толық орта білім алуды мемлекет тегін
жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген
жас жеткіншектің одан әрі қандай
оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке)
өз еркі мен қалауына байланысты.
Этностық ерекшеліктердің есепке
алынуына орай, республикада оқу, білім
алу 7 тілде жүргізіледі.1997—1998 оқу
жылынан бастап жалпы білім беретін
мекемелерде ақпараттандыру мен
компьютерлендіру бағдарламасын
орындау міидеттелінді. 2001жылы
мектептерді компьютерлендіру толығымен
аяқталды.Республика мектептерінде
аталған барлық тілдер бойынша керекті
оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді
басып шығару баяғысынша ең маңызды
мәселенің бірі ретінде күн төртібінде
тұрды.
Бүгінгі таңда республика
аумағында жеке меншік және мемлекеттік
көптеген оқу орындары білім беру
жүйесін сыбайлас жүргізуде. 1995—1998
жылдар аралығында жеке меншік оқу
орындары 41-ден 88-ге дейін өсті.2001 жылы
жеке меншік мектептер мен олардағы
оқушылар саны 1996 жылғымен салыстырғанда
үш есеге артты.Мектептер мен жоғары
оқу орнындағы жастардың білімін
жетілдіру мақсатында республика
көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі
оқу орындарын лицензиялау мен
аттестациялаудың нормативі
белгіленді.Мамандар даярлауды жаңарту
мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік
бағдарламасы іске асырылу үстінде.
Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен
жеткіншектерге тәрбие мен білім
берудегі білім органдарының негізгі
стратегиялық іс-шараларын белгілейтін
болады. Ерекше дарынды балаларды
шетел оқу орындарына жіберіп отыру
мақсатында 1993 жылдан бастап «Болашақ»
бағдарламасы жұмыс істеп келеді.Бүгінгі
таңда шетелге барып білім алу
мәселесімен басқа да мемлекеттік
емес білім ұйымдары, орталықтар,
қорлар айналысуда. Тәуелсіздік алған
жылдар ішінде білім берудің қыры мен
сыры, мазмұны айқындала түсіп, оларды
қаржыландыру мен басқару негізі
едәуір өзгерді. Бұл салада жаңаша
құқықтық-нормативтік база құрылып,
қалыптасты. Білім берудің қосымша
және баламалық мекемелері өмірге
келді. Осыған орай мемлекеттік оқу
орындарын қолдап-қуаттаудың мүлдем
жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім алу
мен білім берудің ықпалдастық
дәрежедегі әлемдік кеңістігі
ұлғайды.
XXI ғасырда білім адамзаттың
даңғыл даму жолын анықтайды, сондықтан
республикада білім беру жүйесін
дамытудың өзекті мәселелеріне баса
көңіл бөлінеді. Ең бастысы, білім
беруді ұлттық экономика мен қоғамның
әлеуметтік сұраныстары талаптарына
сай дамытуды қамтамасыз ету қажет.Бұл
талаптарға сай бүгінде Қазақстан
Республикасы білім беру саласында
халықаралық ақпарат кеңістігі жүйесіне
қосылу әрекеті жүзеге асырылуда.
Республиканың оқу орындары, қаржыландыру
формаларына қарамастан, бүгінде
халықаралық кәсіптік білім беру
саласының коммерциялық және инновациялық
қызметін қабылдауда.Дүниежүзілік
білім беру үдерісіне сәйкес Қазақстанда
үздіксіз білім беру жүйесі енгізілуде.
Бұл бүгінде кадрларды даярлау, қайта
даярлау және мамандығын жетілдіру
жүйесін құрудан көрініс табуда,
жекелеген жағдайларда бұл жүйе
тұрғындарды еңбекпен қамту қызметімен
бірлікте әрекет етеді. Нарықтық
экономика маман кадрлар даярлаудың
әр түрлі жүйесін талап етуде.Қазақстанның
дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде
білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет
саласына да үлкен өзгерістер әкелді.
Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім
мемлекеттің қосымша көмегін
пайдаланатын.Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарында бұл екі салаға көңіл аз
бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
адамдардың рухани сұранысымен
есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың
рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс
тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі,
оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар
психологиясын мәдени дамудан гөрі
материалдық байлыққа итермелей,
икемдей түсті.Қазақстанның әлемдік
кеңістікке бет алуы өзінің құнын
жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен
гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге
айқара есік ашып берді. Батыстық
мәдениетпен қосарланып түрліше діни
секталар мен ағымдар да ағылды.Бұл
келеңсіздік өз дәрежесінде республика
көлемінде мәдени-рухани саланы
басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға
мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде,
мыналар:
•
Қазақстан
халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің
жаңаруына ықпал ету;
•
этномәдени
және конфессионалдық шектеулікте
мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;
•
менеджменттіктің
мейлінше пайдалы моделін таңдау.
Қазақстан
Республикасы «Мәдениет
туралы»
(1996) Заңының
3-бабында мәдениет саласындағы
мемлекеттік саясат қағидалары былайша
көрініс тапқан:
•
азаматтардың
шығармашылық қызметінің еркіндігі;
•
мәдени
байлықты жасауда, оны пайдалану мен
таратуда барлық азаматтардың құқығы
бірдей;
•
тарихи-мәдени
мұраны қорғау;
•
ұлттық
және әлемдік мәдениет құндылықтарын
қатар игеру аясында тәрбие мен білім
беру жүйесін дамыту;
•
мәдениет
саласында монополиялық пиғыл-әрекетті
болдырмау;
•
мәдениетті
қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық
және қайырымдылық бастамаларды
қолдап-қуаттау;
•
мәдени
қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік
және қоғамдық бастамаларды бірдей
пайдалану.90-жылдары республика
мемлекеттік мәдениет мекемелерінің
жүйесі мәдени-демалыс орындарын,
кітапханаларды, мұражайларды,
театрларды, концерттік ұйымдарды,
кино өнері мекемелерін, мәдениет және
демалыс парктерін, т.б. қамтыды.
Бұлардың
бәрі дерлік мемлекеттік баланста
тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни
онжылдық кезеңде мәдени саланы
қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске
ұшырады:
•
ұлттық
маңызға ие мемлекеттік мәдениет
мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан
қаржыландыру сол күйінде сақталып
қалды;
•
нақты
мәдени жобалар мен бағдарламаларды
жүзеге асыру үшін түрліше қаржы
көздерін тарту мүмкіндігі ашыла
түсті;
•
меншік
формасының өзгеруіне байланысты
мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі,
атап айтқанда, кинематография, туризм,
спорт, шоу, теледидар, концерттік
ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға
көшірілді.
Мәдени саладағы жеке
меншіктің түрліше формалары өз
кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның
дербес шығармашылығына жол ашты.
Аталған мемлекеттік емес мәдени
мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп
отыру барысында қайсыбіреулердің
адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы
идеяларды насихаттап, таратуына жол
бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі
қатаң сақталуы тиіс болды.Бірыңғай
мәдени-ақпараттық кеңістік құру —
Қазақстанның
мәдениет саласындағы негізгі
стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен
ғана елдің рухани қуатын анықтап,
дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық
қатарынан орын алуға болады. Бұл
мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы
—
қазақ
халқының этномәдени тұрғыдан қайта
жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы
идеологиялық жүйенің күйреуі рухани
өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық
салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына
түрткі болды.Республиканың бүгінгі
өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX
ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз
мейрамы»
қайтадан
салтанат құрды. Ол республикада тұрып
жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ
мерекесіне айналды. Қазақ халқының
ең көне ауызекі өнерінің бірі —
айтыс
жаңа дәуірге лайық қайта
дамыды.
Этнопедагогика негіздерін
өмірге етене енгізу нәтижесінде білім
берудің барлық нүктелерінде жас
ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне
сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.
Әсіресе
соңғы жылдары республикада ұлттық
мәдениет пен өнердің озық үлгілерін
әлемдік айналымға шығару, сол арқылы
Дүние жүзі қауымдастығына танылу
жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150
жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы
М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы,
1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең
көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас
мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи
құтты қадамдары болса керек.
98.Қазақстан
–
әлемдік
қауымдастықта.
Халықаралық
коғамдастықтағы еліміздің позитивті
образының қалыптасуы және оның
халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы
саясатты жүргізудегі республика
басшылығының көрегендік шешімдерімен
мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық
қаруды таратпау, діни экстремизмге
қарсы тұру, әлем діндері арасында
толерантты қарым-қатынас құру
мәселелерін атап өтуге болады. Осының
негізінде еліміз аймақтык, және
ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында
халықаралық аренаға өз бастамаларымен
шығуға мүмкіндік алды. Мысал
ретінде Қазақстанның Еуропадағы
Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына
(ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі
елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық
етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын
атап өтуге болады. Соңғы жылдары
Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде
тиянақтылық пен қажырлық танытты.
Төрағалыққа ұсынылған біздің
мемлекетіміздің кандидатурасын
Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік
турасында сіңірген еңбегін бағалаған
көптеген мемлекеттер қолдады.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге
өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі
біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды
қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда
болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі
қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi
тиімді ұйым ету болып табылады.
Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге
ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың
қараша айында Мадрид қаласында өткен
ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы
icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған
шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде
Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда.
Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық
қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз
мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол
жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын
мойындағанының бірден бір дәлелі
болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның
аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы
ретінде халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге бағытталған өзекті
мәселелерді шешу турасында бірталай
ұсыныс жасай алатындығын айтып кету
керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз
етудегі Қазақстанның салмақты
тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен
қызығушылыққа ие болып келеді және
де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс
беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на
төрағалық ету —
бұл
Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі
аймақтық жүйесіне интеграциялануының,
ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық
өзекті мәселелерді шешу турасындағы
тең құқықты сұхбатты жалғастыру
мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан
дипломатиясының ipi жетістіктерінің
бipi Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара
Ықпалдастық және Сенім Шаралары
жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының
жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш
идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың
қазанында айтқан болатын. Бұл кезден
бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер
басшыларының саммитін 2002 және 2006
жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді.
Бұл басқосулар халықаралық деңгейде
үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17
маусымында Алматы қаласында өткен
АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық
пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін
форум қатысушылары біріге шешетіндігі
сипатталған декларация және де аталмыш
ұйымның хатшылығы жайлы келісімге
қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не
азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет
және 3 халықаралық ұйым бақылаушы
дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы
Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті
нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт
сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі
геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына
айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен
400-ден астам делегат қатысқан Алматы
қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты
мемлекеттерінің Экономикалық және
әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО)
63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық
Азия үшін маңызды шараға айналды.
Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда
тұңғыш рет өткенін атап өту қажет.
Қалыптасып келе жатқан халықаралық
жағдайда халықаралық және аймактық
ұйымдармен қарым-қатынасты орнату
ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың
басты қызметі қауіпсіздік саласымен
байланысты. Осындай ұйымдардың бipi
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып
табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап
Қазақстан Республикасы Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру
бастамасына ат салысты және де дәл
осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы
саясаттағы негізгі бағыттардың біріне
айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан,
Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және
Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл
ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге
Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан
кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында
Қазақстан саяси, сауда-экономикалық
және гуманитарлық салалар бойынша
көптеген мәселелерді шешуге бағытталған
сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне
ие және де бұл ұйым аясында
терроризм,экстремизм, сепаратизммен
күресуде күш жұмылдыру мәселелері
талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық
және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі
маңызды рөлі оны халықаралық деңгейдегі
беделді ұйымға айналуына септік етті.
|
|